Orientalist's Notes
10.7K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Кітап оқымайтын адамға әр коучтың сөзі - “миым жарылды” дейтіндей жаңалық.

(с) Бекжан Базарбек

Жәмән өтті ше осы сөз 😁

#ой_түймекке
💯82❤71👍14🔥13😢4
"Студентке кеңес" кітабын көтерме бағада алам деуші жандар менеджерге байланыса алады (WhatsApp).

Ең кемі 10 данадан бастап жұмыс жасаймыз.

Бұл ұсыныс оқырмандар клубы, группа студенттерге де қатысты.

Мысалы, бір группада 10 студент болса, бәрі бірге қосылып көтерме бағада ала алады. Сонда нарықтағы бағадан арзанға шығады. 5-6 адам емес, кемі 10 адамнан бірігу қажет болады.

Кәсіпкерлер де алып, кітапты нарықтағы бағада өз аумағында, қаласында сата алады.

Бағасы және басқа да сұрақтар бойынша менеджерге жазыңыздар ⤵️
❤39👍7🔥5⚡2
Тек жарнама шығып жатыр ма арнадан? 😅

Телеграм-бот жұмыс жасайды. 1-1.5 айға алдын-ала салынып қойған посттар еді, уақытымен жүйелі түрде шығып отырады.

Бұл арнада сол, екі нәрсенің жарнамасы шығады: 1) курс; 2) кітап.

Пайдалы болсын, бастысы.
❤82👍25🔥8🤯2
Қазіргі таңда айтылып жүрген “дайындықсыз үйленбе” деген сынды сөздердің жаны бар.

Үлкен жауапкершілік.

Бір ұстаз аға-бауырым айтып еді, үйленбес бұрын бір жерде жұмыс жасап, қоғаммен, коллективпен араласып көру керек деп. Сонда түрлі мінезді адамдарды кездестіресің, кейде біреудің сөзін басыңнан асырып жібересің ж/е т.б. қарым-қатынастың түрлерін көресің.

Қоғам боп мұздың үстінде кетіп баратқандаймыз. Сәл оқыс бассақ тайып кетердей…

Соңғы уақыттағы қазнет жаңалықтары соның дәлелі.

#ой_түймекке
❤119👍29💯8🤝4🔥3💔2🫡2👏1
Осы телеграм арна 2020 жылдың басында ашылған болатын. Негізі өзімнің күнделігім секілді жүргізетінмін, кейіннен оқырман саны көбеюмен, жалпы арнаға айналып кетті.

Басындағы жазбалар орыс тілінде еді. Себебі тек қазақтілді аудиториямен емес, ТМД кеңістігінде жұмыс істесек пе деген де ой бар-тын.

Сол 2020 жылдар - қатты принциптер ұстанған шақтар. "Қазақтілді қауымға біз қызмет етпесек, кім етеді?" деген секілді пікірлермен дерттендік.

2018-2019 жылдары тек латын әліпбиін пайдаландым. 2020-да да соның аз-маз ізі қалған. Кейіннен мемлекеттік деңгейдің өзінде латын әліпбиінің нақты бір нұсқасы бекітілмей кетті, біз де жалпыға түсінікті, оқылатын кирилл әріптеріне қайта көштік.

Мынау (көк сөздің үстін басыңыз, жазбаға өтесіз) осы арнадағы ең алғашқы жазба екен. Сәл парақтап қарасаңыздар, арасында латын әліпбиін белсенді пайдаланғанымызды көре аласыздар.

Негізі тарих қой өзіміз үшін. 5-6 жыл өтті ме?! Осы уақыт ішінде жазылған бүкіл жазбаларды қарай отырып қай кезде қандай күйде, нендей ұстанымда болғаныңды аңғара аласың.

#ой_түймекке
❤65👍19❤‍🔥4👏2💯2
Өмірдегі ең үлкен өкінішті нәрселердің бірі - өз кемшіліктерің мен қате кетіп жатқан тұстарыңды білу, алайда ол нәрсе үшін қам жемеу.

(c) Абдулла ибн Мубарак

#ғалымдар_өсиеті
😢65❤57💔19👍8💯3✍1🤯1
Бір кісі келіп Имам Шафиғиге "Пәленше сіз жайында жаман сөз айтып жүр" дейді.

Ол кісіге ғалым былай жауап берді:

"Егер сен шындықты айтсаң, онда сен өсекшісің. Егер алдаған болсаң, онда сен күнәһарсың!"

#ғалымдар_өсиеті
❤111👍22🔥6💯5🤝2
Каспи-жұма аяқталып, "Студентке кеңес" кітабымыз қайта сатылымға шықты.

Пайдалы білім болсын деп тілейміз!

Студент емес адамдардың өзінен көптеген игі пікірлер келіп жатыр.

Берілген мүмкіндіктер кезеңін жіберіп алмайық. Ертең өкініп қалмайтындай әрекеттер жасайық.
❤61👍7👏5
Бүгін таңертең отырып күндік және апталық жоспарларды бір саралап шықтым. Алдыңғы апта жоспарлаған істердің 30.8% орындалды. Ішінде маңыздысы және кейінге қалдыруға болатындары бар еді.

Жалпы алғанда көңілім тоқ. Осы апта 50-60%-ға дейін көтеру қажет.

Ниет. Амал-әрекет. Нәтиже. Берекет.

#ой_түймекке
❤102🔥19👍9❤‍🔥3✍3👏1🐳1
Ертеде бір шығыстанушының жазбасын оқып едім, сол жерде араб тіліне не үшін және қалай қызыққаны жайында жазады.

Дубайға барған ғой. Қонақ үйде теледидарды қосқан. Дикторды тыңдап отырып астындағы арабша жазуларға мән беріп қарап қалған. Ою-өрнек секілді көрінген көзіне. Қызық дейді, өмірде осы жазуларды түсінетін, миы осыны қабылдай алатын адамдар бар ғой деп пікірлеген.

Содан араб тіліне деген қызығушылығы басталып, оқи бастаған.

Менің өзім араб тілімен танысқаныма 10 жыл болайын деп жатыр. Кейде ойланып кетсем, әлі күнге дейін сене алмаймын...

Сөзсіз, Алланың нығметі.

Марқұм Олжас Ханафин ұстаз (Алла рақымына алсын) айтушы еді, шейхтардың видеоларын қарап отқанда миым тікелей қабылдайды ғой, мен түсініп отырам ғой кәдімгідей деп. Ал былайша қаншама еңбек, оқыған жылдар бар ғой артында. Жемісі тәтті.

Сол, аз-маз ой түймекке жазғаным. Мүмкіндігіңіз болса, білім алыңыз, оқыңыз. Кейде бар мүмкіндіктерді көрмей жатамыз, өзімізді шектеп қоямыз...

#ой_түймекке
❤146👍21💔8🔥5❤‍🔥3👏2✍1🕊1
Жоспар құру туралы жаздым ғой. Сол туралы "Студентке кеңес" кітабында өте кеңінен талдап жазғаным бар еді.

Осы жылдар ішінде түсінгенім, үлкен мақсатқа жету үшін оны майда қадамдарға бөле білу қажет.

Арман-мақсат биік болсын. Ондай арман-мақсаттың болуы маңызды. Алайда шындықтан алыстамай, нақтылы әрекет ете алу үшін, оны кіші мақсаттарға бөлу керек.

Жылдық жоспар құрылғанда барып айлық жоспарды реттей аламыз. Айлық жоспарды құрған соң оны апталарға бөлеміз. Апталық жоспардан соң күндік жоспарлар пайда болады.

Негізі "Студентке кеңес" кітабын алып оқып көріңіз, өмірлік студент ретінде кез келген адамға пайда береді деген сенімдеміз.
❤83👍16🔥9🤯3
Ертеде Мұқағали атамыз бүй деп жазған ғой (Алла рақымына алсын):

Сынауға құмар бүгін кім көрінген,
Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен.
Бірақ та біліп қой, ей, "кім көрінген"
Ақиқатты айтсын деп тіл берілген
.

#ой_түймекке
❤155👍37👏10💔10🔥7❤‍🔥1
Өзі ғана пікір айтып, өзгенің ойымен санаспайтын адамдар болады. Санаспайтындығы сол, тыңдауға жоқ.

Байқағаным, көп жағдайда ондай адамдардың сөзінде салмақ болмайды. Өзгені тыңдай білмейтін адамның өзі бір күні сол нәрсемен жазаланады.

#ой_түймекке
❤138🔥33👍22💯9👏7⚡2✍1🤯1🕊1
"Студентке кеңес" кітабының форзацында көрсетілген белгілердің бәрі кітаптың ішіндегі тақырыптардан алынған.

- Қаржы басқару;
- Ұйқы реттілігі;
- Жоспар құра білу ж/е т.б.

Бүгін әлемнің кейіпі өте күрделі өзгерістерден өтіп жатыр.

"Алма піс, аузыма түс" деген заман емес.

Әрекет ет, білім ал, өзіңді шыңда!

Өзімізді де, балаларымызды да өмірдің сан кезеңіне дайындай білуіміз керек.

Осы кітап сол жолда көмекші болады деп сенеміз.
❤54👍13🔥5⚡3✍2🐳2
Балалы болғалы бері өте көп ойланамын. Бара тәрбиесі турасында. Қалай дұрыс, не дұрыс емес, қайтсек мықты тұлға тәрбиелейміз деген сынды ойлар…

Сол нәрсеге мүдделіміз. Көзі ашық, оқыған, білім алған азаматтар ретінде мықты тұлға тәрбиелей білуіміз қажет. Елге жасаған ең үлкен қызметтердің бірегейі де сол болмақ.

Қазіргі таңда мүмкіндік кең. Алайда осындай кеңшілік заман екен деп, баланы бетімен жіберуге қарсымын.

Қазіргі таңда ұсынып жүрген “білгірлердің” көптеген құралдарымен келісе алмаймын. Басында әдемі естіледі. Бірақ бала тәрбиелеп отқан адам ол нәрсенің шынайы практикалық жағын біледі.

Әлсіз, енжар, керенау, бойкүйез, сүлесоқтарды шығармауымыз керек. Өмірдің, қоғамның қатыгездігіне де дайындай білу қажет деген ойға қалдым соңғы уақыттағы көріп-білген, оқып-түйгендерімнен.

#ой_түймекке
❤100👍25🔥10💯5👏2
Балаларымның тағдырын 15 жасымнан бері ойлаймын. Өмір туралы шынайы қашан ойланып бастадым, үлкен дайындық жолында екенімді сол кезден қабылдадым.

Менің өмірім - тек менің өмірім емес.

Денсаулығымды күткенім — болашақ баламның да денсаулығын ойлағаным.

Параллель группаның студенттері кальян шегуге шақырғанда бармағаным — болашақ баламның тағдырын ойлағаным.

Кітап оқуға әдеттенгенім — болашақта балаларыма дұрыс мұра қалдырғым келгені.

Сабағымды жақсы оқығаным — кәсіби өмірімді сапалы қалыптастырып, балаларыма дұрыс жағдай жасай алу мүмкіндігіне жеткім келгені.

Осылай тізе берсек әкете беруге болады…

Яғни айтпағым, “в моменте”, тек үйленетін кезде н/е тек балалы болған шақта емес, алдын-ала ойлануға үндеу.

Өміріміз бастан-аяқ байланысты. Қазіргі жасаған қандай да бір таңдаудың жай кетпейтінін білсек дегенім.

#ой_түймекке
👍109❤85🔥15💯11👏5
"МЫ ВАМ ГОРОДА СТРОИЛИ" синдромы

Көше, село атауын өзгертпек болсаң, жиі еститін аргументің осы: "- Сендерге қала салып бердік. А вы неблагодарные, біздің аталарымыз соғып берген, өздеріңе бір тиын қатыстарың жоқ қалаларды қазақша атағыларың келеді. Не имеете право!"

Хе-хе! Арнайы қазақ үшін, - деп кім қала соғып беріпті? Совет Одағы ма? Иә, комунистердің кезінде 40 кент салынған. Дені әскери, өндірістік жабық қалашықтар. Ол қалаларда кім тұрды, - деп статистикасына қарасаң: "Мы вам города строили" деген сөз анық артық болады.

Ары кетпей Шымкенттің өзіне қазақтар 2000-жылдары кіре бастады. Қалада бір туыс табылса, 5–6 студент соның үйінде жатып оқитын. Аяққа тұрған соң, олар келесі толқынды қабылдайтын. Осылай ғана қалалық болдық.

СССР кезінде қазақ 10 жылдап пәтер кезегінде тұрғанда, Пермь, Туладан келгендер бірден үйлі болатын, - деп әкем талай айтқан. Бертінге дейін, бір басында 2-3 үйі бар, аренда ақшасын Ресейдегі қыз-ұлына жіберіп отыратын тетя Галя, тетя Зиналар баршаның есінде шығар?!

ҚАЛАЛАР КІМНІҢ АҚШАСЫНА САЛЫНДЫ?

Мысалы, Рудный 1957 жылы кенішке жұмысшы керек болғандықтан салынды. Сөйтіп, қазақ жерінен қазылған миллиондаған тонна кен 40 жыл Магнитогорск пен Челябинскіге тасылды. Совет Өкіметі жыл сайын пәленбай миллиард пайда көрді. Ең бастысы, Рудный қаласын соғу үшін Мәскеуден біреу арнайы ақша әкелген жоқ. Қала сол кеніштен түскен қаржыға салынды. Тағы бір факт: Рудныйды салуға Шымкенттің «СМУ-4», «ССТМО ЮКО» бригадалары да қатысқан. Сондықтан "мои деды строили вам города" – түбірімен қате.

ДЕКОМУНИЗАЦИЯ ПРОЦЕССІ

Коммунистік атаулардан арылуды біздегі кейбір азаматтар «орысқа қарсы қадам»,-деп шу көтереді. Бұл ісі қып-қызыл қате әрі қылмыс!
Әйтпесе Ресей 1991 жылы-ақ жүзден астам қаланың, миллионнан астам көшенің атауынан Советтік сарқыншақты алып тастаған.

Мысалға:

Сталинград – Волгоградқа ауыстырылды.
Ленинград - Санкт-Петербург деген тарихи атауын қайтарып алды.
Куйбышев қайтадан Самара болды,
Свердловск - Екатеринбург атын қайтарып алды.

Яғни Ресейдің өзінде «советтік» атаулардан бас тарту – тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, - деп түсіндірілді.

Ал, Қазақстандағы дәл осындай процесс неге «орысқа қарсы» акция боп шыға келуі керек?

(c) Нұрбек Бекбау ағамның жазбасынан

#ой_түймекке
❤136🔥27👍19💯9👏7✍2
Ғабит Мүсіреп атамыздың айтқан, қазақтың оқуда кеткен есесі жайлы сөзі бар еді ғой, сол өте қажетті ұстаным болып тұр бүгінгі таңда.

"Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!" - демейді ме?!

Шыны керек, Рудныйдағы жаңалықтарды көріп отырып біраз шатыр қайнап, ызаға бой алдырғаным бар. Есі дұрыс, жүрегінде еліне деген махаббаты бар кез келген азаматта солай болды деп ойлаймын.

Барып біреуді төңкеріп, ұрып-соғып қажет емес. Біліммен қарулану керек. Бүгінгі таңдағы ең маңызды құрал сол болмақ.

Есеміз әбден кеткен...

Өз заманыңда қолыңнан келгенді жасап, кейінгі ұрпаққа сол руханият мұрасын сіңдіріп, құндылық ретінде дарыта алмасаң, отансүйгіштігімізге үлкен сын болады деп білемін.

#ой_түймекке
❤110👍18🔥15💯10
Менің инстаграм парақшамдағы "Қазақша акцент" деген кешегі видео-рилсты қарап көрсеңіздер болады. Астында пікірлерде айқай-шу, төбелес болып жатыр. Көпшілігі өзіміздің қазақтар...

ТМД кеңістігінен де көптеген пікірлер және оқырмандар келіп жатыр. Қырғыз біртуғандар қолдау сөздерін айрықша білдіруде. Біздің халықпен тағдырлас ұлыстар көбірек түсінеді, жалпы.

Бізде қазақтардың ішінде орыс тілін акцентсіз сөйлейтіндер жетерлік. Ол кемшілік емес, керісінше, артықшылық. Алайда автордың ол жердегі сөзінің түпкі мағынасы тек акцентте емес. Көпшілік тек сол акцент деген жеріне ғана қадалып қалуда.

Мен де басқа шеттілдерін үйренген адаммын, соларды қазақ баласына үйретіп, ақша тауып жүргендердің бірімін. Native Speaker сынды сөйлеу деңгейіне жете білу - өте мақтарлық іс, артында үлкен еңбек барын көрсетеді.

Енді осы орайда біздің кей орыстілділерге де айтам ғой, өзге шеттілін акцентсіз үйренуге күш салғаныңдай, қазақшаңды акцентсіз үйренуге неге күш сала алмайсың?!

Көпшілік қазақ тіліне келгенде "окунуш орай" деп жүре береді, ал бірақ басқа тілге келгенде "Ол деген үлкен еңбек қой" дейді.

#ой_түймекке
❤94👍30👏14⚡8💯4🔥3😱1
Студенттік шақ — адамның қалыптасатын кезеңі деп білемін.

Негізі бар ғой, ғажап нәрсе. Қоғам боп саған қалыптасуға бір кезең беретін секілді.

Ертең тап сондай кезең қайта келмеуі мүмкін, ондай уақыт қеңдігі болмауы мүмкін.

“Студентке кеңес” деп кітап жазғанымыздың да бірден-бір себебі осы-тын.

Мен өзім студенттік шақтан көп пайда алдым, осы кезеңде қалыптастым, бүгініме әсер еткен көптеген нәрсе кештім.

Адам өзі бірнәрсеге жеткен соң, өзгеге де соны жеткізгісі кеп тұрады.

#студентке_кеңес
❤75👍13🔥4🤯3👏2💯1