Orientalist's Notes
10.7K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Өзіңді өсірмейтін, бірге өркендемейтін ортадан қашу керек.

Ол орта тек физикалық болмайды.

Әл.желідегі тіркелген адамдарыңыз, арналарыңыз, YouTube-та тұтынатын контентіңіз — бәрі соған жатады.

Адам не тұтынса, соған айналады.

#ой_түймекке
❤144👍25🔥10💯8🤝3
“Бітпейтін тірлік” деп налымаған жөн-ақ. Тірлік берген, айналысатын іс берген Аллаға шүкір етпек қажет.

Өмірдің бір қозғалтқышы да сол ғой.

Қазақ өлген адамды содан да “шаруасы бітті” десе керек. Болды, басқа істейтін шаруасы жоқ енді. Алды сұрақ-жауап, есеп-қисап.

#ой_түймекке
❤117👍23🔥7💯5🤝4
“Бітпейтін сабақ”, “бітпейтін тапсырма” деп те налымаған жөн-ақ. Бір күні ол да бітеді ғой.

Бітпей тұрғанда бағалап қалған игі емес пе?!

#ой_түймекке
❤139👍29💯7👏6
Алдыңғы апта 201 бет кітап оқыппын. Оған дейінгі аптаға қарағанда жақсы.

Осы кезде түсінесің, студент кездегідей басып оқи беретін уақыт кеңдігі жоқ екен. Отбасы, жұмыс, жеке жобалар арасында міндетті түрде кітап оқуға арналған уақыт болуы қажет деп бекіткем.

Алдыңғы жылы бір студент сұрақ қойып еді. Оқуды бітірген, содан мамандықпен жұмысқа тұра алмаған, ары қарай жалғастырып магистратураға түспеген, үйде жатып қалған. Айналаның бәрі бірнәрсе жасап жатқанда, ол үйде боп, бәрінен артта қалып кеткендей күй кешкен.

Бірақ мен айттым, бұл кезеңді мүмкіндік деп қабылда. Уақыт мүмкіндігі. Универде жүргенде жеткізе алмаған уақытты қазір Құдай беріп тұр. Ертең жұмысқа кірсең де, отбасылы болсаң да уақыт қысқарып кете береді. Өзіңе арнай алатын уақыт. Оқығың келген тілді оқы, игергің келген қабілетті үйрен, сөреде оқылмай тұрған кітаптарыңды оқып бітір. Өзіңді құрайсың солай.

Айналамен салыстырма. Өз темпіңді ұстап ал да "вдох-выдох"-пен ақырындап жүгіре бер.

Өмір сүрген қызық. Өмірді сүру керек.

#ой_түймекке
❤93🔥10👍9🏆4💔4💯2👏1
Детское шампанское болушы еді ғой. Бүгін сауда дүкенінде жүрсек, бір қыз анасына "Мама, можно нам детское шампанское?" дейді. Сәл-сәл ойланып кеттім...

Бала күннен баулу ғой ол да. Қазір детский түрін ішер, ертең өзіне де жетеді. "Безобидный" боп көрінген нәрселердің астарынан түрлі дүние шыға береді емес пе?!

#ой_түймекке
❤114😢30👏21👍11💯6🔥1
Forwarded from Дастан Құрманбаев (Дастан Құрманбаев)
“Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің”.

Абай Құнанбайұлы
❤146🔥8👍6💯5
Бала күнімізде ата-анамыз “Мынаны қайдан алдың?” деп сұрайтын әлдебір бөтен зат ұстап жүргенімізді көрсе.

Яғни әрбір нәрсенің сұрауы барын көрсететін. Тектен тек ештеңе келе салмайды.

Еңбектеніп аласың, біреу сыйлайды н/е ұрлап аласың.

Үлкен өмірде де солай.

Ақыретте де қайдан алғанымыз, қалай алғанымыз жайында есеп береміз.

#ой_түймекке
❤161👍41👏8💯7🔥2
Алдыңғы апта жалпы есепте 150 бет кітап оқыппын.

Желтоқсан айында жалпы есепте 853 бет кітап оқыдым.

Сан да, сапа да керек боп тұр. Екеуіне де жұмыс жасаймыз.

“Иқро” (Оқы!) деген әмір келген үмметтенбіз. Сол үшін де оқимыз.

#ой_түймекке
❤116👍32👏5💯4🔥2
Қазір TilBil Polyglot атты курсымыз жүріп жатыр (қабылдау жабық).

Қатысушылар бүгін 2-сабақтың тапсырмасын тапсырып жатыр.

Тапсырмалар көбіне шығармашылық сарында. Бірінші сабақта, мысалы, өзі білмейтін, алайда үйренгісі келетін тіл жайында эссе жазу қажет болды.

Оны кешкі сағат 21:30-ға дейін қолмен дәптерге жазып тапсыру керек.

Бұл білім жарысында финалға шығу үшін басты фактор — тұрақтылық және тиянақтылық.

Ал финалда болатын қорытынды тест сұрақтары — сабақтарда айтылған деректерден құралады.

Миды жан-жақты қозғап, төңкеру қажет. Тіл үйрену — ол да шығармашылық. Сол себепті осы 10 күндік курсты өтіп шыққан жан міндетті түрде пайдасын көреді деп сенеміз.

#ой_түймекке
❤59🔥7👍3🥰3👏1🤯1
Білім алуда қолмен жазудың маңызы жоғары деп білем. Сол себепті оқушыларымызға, курс қатысушыларына жазбаша тапсырмалар береміз.

Инстаграмда сториске белгілеп жатқан қатысушылардың тарихшаларынан соны аңғара аласыздар.

#ой_түймекке
❤112👏17💯8👍7🔥1
Инстаграмдағы осы видеоның форматы көп адамға ұнап жатыр.

Сіздер көрдіңіздер ме?

Әлі көрмесеңіз, жоғарыдағы сілтемемен өтесіз. 🤝
👍47🔥20❤11🥰1👏1
Forwarded from Beisenali Olzhas
Демалысты бос өткізбей, сарф дәрістерін өтіп шығыңыз

Бастауыштарға арналған дәрістер:

https://youtube.com/playlist?list=PLHNOpWWfIX4duf8o3MPM67EXZS41S_bmd&si=pRAhswwUWz__EeCH

Жалғастырушыларға:

https://youtube.com/playlist?list=PLHNOpWWfIX4fcwiffp4dnJEc3SxqA6y7s&si=0bs-HR3TmEKlF9U2

П.с. әр дәрістің астында тапсырмалар мен керекті кестелер бар
❤46🔥8😍3👍1
Бұл үмметтің берекесі таңда.

(Хадис)
❤166👍25💔6
Мен 25-ке толғанша жасым туралы көп ойламайтынмын. 26-ға толған кезден қатты толғандыратын болды осы сұрақ.

Студенттерге айтып жүрген “Тұлға болам десеңіз, таудан да биік талап қой” деген қағиданы өзіме де қолданам.

25-тен асқан соң ол талап күшейе түсті.

Өткенде бір ағам айтады, өмір 25-тен соң зыр ете қалады, жылды жыл қуып, тез өте береді…

1 жылының өзінде сезілді.

Қаламгердің көпшілігі “Айхай 25” деп ой тербеген екен, қарап тұрсам.

Сағым қуған, үміт берген, сағындырған, батыл қадам — 25.

1 ширек ғасыр, не де болса. “Серьезный” тірліктер істеп, үлкен із қалдыру керек.

Мұқағали жазғандай (Алла рақымына алсын), өмір деген — өлемін деп қарамау.

#ой_түймекке
❤153🔥16👍8💯7
Алдыңғы апта 106 бет ғана кітап оқыппын.

Кітап оқуға отқан кездер — бақытты сәттер.

#ой_түймекке
❤101👍22🔥5🥰4
Бұрында тұлғалар білім ізденсе, бүгінгілерді білім өзі іздеп, алдынан жарнама боп шығып “на блюдечке” кеп жатыр екен…

15.12.2024 жазбасы

#ой_түймекке
❤89👍13🔥5
Тіл үйренудегі басты 5 қағида

1. Мақсатты түрде үйрену
2. Көп тыңдау
3. Тыңдағанды қайталау
4. Сөйлеуге ұялмау
5. Сол тілге қатыстының бәрін білуге тырысу.

#TilBil_Polyglot
❤123👍28✍10
Ирандағы шиғалық режимге қатысты болып жатқан көтерілістер жалғасып жатыр.

Шиғалар — идеологиялық тұрғыдан бізбен бір болмаса да, мешіттерді өртеуге, шиғалардың қасиет тұтқан жерлерін тас-талқан етуге қарсымын.

Тура осы принцип бойынша біз христиандық болсын, өзге діндердің ғибадат орындарына құрмет танытамыз.

Сол себепті қол шапалақтайтындай әрекет боп жатқан жоқ Иранда.

#запискиВостоковеда
❤108👍21💯13🤯5🔥2
Алдыңғы аптада 128 бет кітап оқыппын. Күнделікті қарбалас, күйбең тіршілікте жүріп те кітап оқуға мүмкіндік табуымыз қажет.

Үйде өсіп келе жатқан бала-шаға да ата-анасының кітап оқып отқан бейнесін көрсе деймін. Баланың көз алдында нормаға айналу қажет. Сонда ертең оған таңсық дүние болмайды.

Өзің кітап оқымай, балаңа “оқы” дегенің жарамас…

#ой_түймекке
❤122👍25⚡7
Алдыңғы апта 220 бет кітап оқыппын. Кітап оқылмаған күн жоқ. Жұмыс күндері төмендеу, бірақ демалысты жақсы пайдаланған екем.

Кітап оқу — сіз білмейтін, әлі атауын түсінбейтін қабілеттеріңізді шыңдай береді. Сіз жай ғана оқи беріңіз. Бірден гений боп кетпейсіз. Тұрақты оқи беру арқылы өзгерісті кейін байқайсыз.

#ой_түймекке
❤108👍20🔥6🐳6