Orientalist's Notes
10.7K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Ыңғайлы күнді күтіп қажет емес.

Достоевский жазады ғой: “Бүгін міне, ертең жасаймын дегенімнің он жылдығы”.

Ол ыңғайлы күн ешқашан келмейді. Сол бойы келмей кетеді.

Ыңғайлы күнді күтіп жүргенде ақырындап өлімге де ыңғайланып қаласың…

Өзіңді жақсы қылатын, өсіретін істі созбастан, “оп” деп тұрып бастап кеткен жөн-ақ.

#ой_түймекке
👍91❤77🔥14💯10
Forwarded from Beisenali Olzhas
Ең бай адам

Хадисте: «Үйінде аман, дені сау, бір күнге жететін азығы бар халде таң аттырған адам – бүкіл дүниеге ие болған адам секілді».

Тирмизи, Ибн Мәжа
❤228👍25🥰10💯10❤‍🔥5👏2
Бір саланың маманы деп аталу бөлек, шын маманы болу бір бөлек.

Көрінуге емес, болуға ұмтылсақ игі. Бүгінгі таңда өте маңызды деп білем, себебі көрінетіндер көп…

#ой_түймекке
❤133👍29💯9🔥7✍3🤝3⚡2
Блог жүргізу. Кез келген адам жасай алады, иә?!

Блогерден көп адам жоқ қой әл.желіде…

Бірақ қызық бір нәрсе байқадым.

Білімді блогерді қараған қызық, танымды, пайдады.

Білімсіз блогердің де видеолары атып кете береді, алайда оқырманға дұрыс берері болмаса, пайдасыз контентпен жиналған контингент көсегеңді көгертпейді деп пайымдаймын.

Сапалы блогер болу — ұзақ жол, еңбекпен келеді.

Блогер болсаңыз да, сапалы, жақсы, терең болу қажет-ақ.

Дәйім білім алудың маңызы.

#ой_түймекке
❤138💯25👍22🥰6❤‍🔥3
Рамазан айының қарсаңында Құран оқып үйрену баршаға қолжетімді болсын деп, кереметтей ұсыныс жасамақпыз.

Достар, білесіздер, біздің жаңа пакет курсымыз шықты, "Араб тілі 0-ден + Тәжуид" деп аталады.

Ол жерде 15 сабақ, сабақтар сайтта автоматты түрде 2 күнде 1 рет ашылып отырады. Өткен сабақтарды қайталап көре аласыз. Бірнеше жұп әріптерді өткен соң сайттан тест тапсырып, біліміңізді бекітіп отырасыз.

Бірінші сабақтан-ақ оригинал Құранмен байланыс басталады, себебі практикалық тапсырмалар орындайсыз.

Біз бергендей өтіп шықсаңыз, 1 айдан кейін Құранды еркін оқи алатын деңгейге жетесіз.

Бәріне бірдей көз тастағанда қиын боп көрінеді. Алайда қадам-қадаммен әрекет етсеңіз, алынбайтын қамалдың жоғын түсінесіз.

Құран оқу - руханиятымыздың тірегі. Өзгеріс кеше емес, ертең емес, ол - дәл бүгін басталады.

Енді, біздің беретін, жасай алатын жеңілдігіміз мынандай:

2.500₸ төлем жасайсыз, 1 айлық подписка аласыз. Сізді арнайы Telegram-ға қосамыз, сол жерде сұрақтарыңызға жауап беріп отырамыз. Әр Telegram арнада 50 адамнан ғана болады. Ал сабақтар сайт арқылы болады, сайтта өзіңіздің жеке аккаунтыңызды ашасыз.

Сабақтың өзі 1 айға жоспарланған, егер уақытылы өтіп отсаңыз, сол бір айдың ішінде-ақ толық игеріп шығасыз.

Ал енді кейбірде адамдар түрлі себептермен сабақтарды уақытылы қарай алмай жатады, ондай жағдайда келесі ай үшін тағы төлем жасау қажет болады.

Біз табыс табуымыз қажет, алайда ол нәрсе үшін оқырмандарымызға да салмақ салғымыз келмейді.

Шын ниетті болсаңыз, осы бір 2.500₸-мен-ақ үйреніп алсаңыз болады. Бір жағынан жақсы, өзіңізге де мотивация, уақытылы оқуға тырысасыз.

Қаншалықты ертерек бастайсыз, соншалықты деңгейде өзіңізге жақсы болмақ. Себебі бұл ұсыныс көпке созылмайды.

Төменде курсымыздың бірінші сабағын көріп шығыңыз, алуды ұйғарсаңыз төлем жасап, чекті менеджерге жібере аласыз.⤵️
❤42👍13💔7🔥2😭2
Тұңғыш ұлым бір жұма бұрын үшке толды. Бұрыннан жоспарлап, ойланып жүретінмін, үшке келгенінше жасап қалу керек, үйрету керек нәрселерім бар-тын.

Жапондардың "Үштен кейін кеш" деген қағидасы, Ибука Масарудың аттас кітабы тұздық болған.

Жалпы балалы болған соң ғана ойланатын нәрсе емес. Дейін де өзіңді толтыруды, дамытуды қолға алып бастауың маңызды.

Қазір үйде біз не айтамыз, соны қағып алады, ұл ретінде әкесі не жасайды, соны қайталайды.

Осындайда түсінесің, баланы тәрбиелеу = өзіңді тәрбиелеу.

#ой_түймекке
❤108👍29💯20
Былай ғой, туған күнін атап өттік. Алайда өзінше бір рәсім жасадық. Ағайын-туысты жинап, дастарқан жайдық. Сыйлықтар, игі тілектер.

Игі тілектердің көп айтылғаны жақсы. Баланың келешегі үшін, өмірі үшін жасалатын дұға ғой.

Ал енді сол дұға қабыл болатын сәтті келтіруге болады.

Құран хатым еттім. Бірнеше айдан бері күн сайын аз-аздан оқып жүргем. Тура туған күніне, қонақтар жиналатын кезге туралап, соңғы бетін қалдырдым.

Арнайы Зәм-зәм су әкеп, бүкіл қонақтарға құйып, соңғы аяттарды оқып, Құранның басына өтіп, Бақара сүресінен бастап қойдық та, хатым дұғасын жасадық.

Құранды оқып аяқтаған соң басындағы сүреге не үшін өтеді? Өмірімізде Құран үзілмесін, дәйім оқылсын, амал етілсін деген ишарат. Біз де перзентіміздің өмірінде Құран үзілмесін, дәйім жолбасшысы болсын, бойына дарысын деп ниет қылдық.

Құран хатымның нендей маңызы бар?

Алланың қасиетті кәләмін бастан-аяқ оқып, хатым етіп, артынан дұға тілейсің. Хатым кезіндегі дұға қайтарылмайды, қабыл болады.

Алған тәліміміз, оқып-білгеніміз, жақсы көрген нәрселеріміз осындай. Соны ептеп-ептеп ұрпаққа да сіңіргіміз келеді. Раббымыз нәсіп етсін.

#ой_түймекке
❤184👍34🤩11⚡4
Аллаһым, бізге Өзіңнің рақым есіктеріңді аш;

Өзіңнен келетін ризық табу есіктерін аш;

Мені қуылған шайтаннан сақта!

#дұға_қару
❤114👍26✍6❤‍🔥5
Қандай дұға етсем болады деп толғанып жүрген жандар үшін осы арнаға салып жүрген дұғалар тізімін қоямыз (үстін бассаңыз болды):

1. Байлық, рақым, жәннат, білім, ризық, амал сұрау;

2. Қу достан пана сұрау;

3. Пайғамбарға салауат жолдау;

4. Кедейліктен пана сұрау;

5. Әлсіздіктен, төмендіктен пана сұрау;

6. Екіжүзділіктен, риядан, өтіріктен, қиянаттан пана сұрау;

7. Арсыз, жаман адамның ақысынан пана сұрау;

8. Жаман көршіден, аштықтан, сатқындықтан пана сұрау;

9. Қажетіңді сұрау;

10. Әйел фитнасынан пана сұрау;

11. Жаман әйелден, жаман перзенттен, жаман табыстан пана сұрау;

12. Алладан жеңілдік сұрау;

13. Алладан абзалдық сұра;

14. Өлім сәтіне береке сұрау;

15. Білетін ж/е білмейтін нәрсенің хайырын сұрау;


Бұл дұғалардың бәрі Мулла Әли Қаридің (رحمه الله) “Хизб әл-Ағзам уа Уирд әл-Әфхәм” кітабынан алынған. Кітаптың ерекшелігі сол, ғалым дұғаларды Құраннан және сахих хадистер мен сенімді кітаптардан жинақтаған.

#дұға_қару
❤112👍21🔥11⚡3🐳1
Алдыңғы апта 141 бет кітап оқыппын. Оған дейінгі аптамен салыстырғанда көрсеткіш төмен, алайда соған қарамастан кітап оқуды тоқтатпаймыз.

Қаңтар айындағы көрсеткіш — 745 бет кітап.

Бір әрекетте тұрақты болу — дамудың негізі.

#ой_түймекке
👍47❤32🔥6👏6🕊3⚡1
Шынында, мүмін-мұсылман адамның есебі басқаша жүреді. Кейде пендеде ой болуы мүмкін, намаз оқымаса да, қылмыс жасаса да адамдар бар, ақшадан қиналып жүргенін көрмейсің солардың дегендей...

Олардың өз есеп-қисабы бар, Аллаға иман келтірген мүмін-мұсылманның өз есебі бар.

Бұл жолға түскен соң, болды, бұрынғы соқпаққа ұрынбау қажет. Адал жүріп адал тұрасың. Рызықтың адал жолын іздейсің.

Берекесін көресің.

Отбасыма адал ас беріп жатырмын деген бір ойдың өзі жеткілікті.

Харамнан мал тауып, сол дүниемен бала-шағаңды бақсаң... Ертең сорыңа айналса, кімнен көресің, кімге кінә тағасың?!

Күнделікті оқып жүрген Мулла Әли Қори (Алла рақымына алсын) жинаған Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғаларының бірінде келесідей сөздер келеді:

"Я, Алла! Басыма сынақ болатын перзенттен, азабыма айналатын мал-дүниеден пана сұраймын".

#ой_түймекке
❤95👍18🔥11👏6⚡3🤯2🐳1
Қазір көп жерге барсаңыз намазхана көруге болады. Оның себебін былай түсіндіріп көрейін…

Шамамен 10 жыл алдын делік, намаз оқитын діндар қауымға қарсы белгілі бір дәрежеде қысым болды, олардың көпшілігі мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасай алмады, секуляристік көзқарас басым сипатқа ие еді қоғамда.

Содан намаз оқитын діндар қауымның көпшілігі орта және шағын кәсіпке кетті. Күн көру керек қой, иә?!

Содан көп уақыт өтпей намазхандардың әлеуеті жақсарды, қолдарында капитал пайда болды, кәсіп құрушылардың біршама бөлігін солар құрады.

Осындай кезде енді мемлекет те бұл топпен санасуға мәжбүр болады. Шектен тыс қысым оң нәтиже әкелмейтінін, патриоттықты арттырмайтынын есепке алады.

Қысымның орнына белгілі бір дәреже ынтымақтасуға жол ашылады.

Социологиялық тұрғыдан алғанда өте табиғи процесс.

Қазақ тілінің мәртебесіне қатысты талас-тартыс тууда ғой қазір. Төбелеспен шешкенше, бейбіт бітіммен, саяси дұрыс есеппен әрекет етуді құп көремін.

Алайда олай айқай салатын, сол дертті жеткізетін де топтың болуы құп. Тым үнсіз болса да жарамас.

Жеткізгім келген ой сол, қазақ тілін қолданайық. Әл.желі парақшаны қазақша жүргізейік, трендте болсын, қосымшаларды қазақ тілінде пайдаланайық.

Өзің құрмет қылмаған тілің өзгеге де қажет емес.

#ой_түймекке
❤161🔥34💯21👏12👍7🤝3⚡1🤯1
Құранды тұрақты оқып жүру адамның ризығына да әсер етеді. Күн сайын тұрақты амалға айнала білсе, көп нәрседе озар едік.

Оның өзі тәртіп, жүйені талап етеді.

Құран оқуды бір үйреніп алсаңыз, өмір бойы азық болады. Азық деген — руханиятты меңзейміз.

Рухани бай адамды сындыру қиын. Өмірлік жағдаяттар оңайлықпен сындыра алмайды сонда. Ондай адам әрдайым қайтатын жолды біліп тұрады.

#ой_түймекке
❤165👍31✍7👏4🕊2🤯1
Ағыспен жүзбе. Өзің ағыс бол.

(с) Шамс Тебризи

#ой_түймекке
❤118👍21🔥16⚡4
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
Біздің осы телеграмда бөліскен нәрсемізбен инстада айтқан уағыздарымыздың ақыретте пайдасы тиеді ме екен? Яғни бір адам болсын осы телеграмдағы жазба арқылы есімді жиып, өзімді дұрыс жолға бағыттауға тырыстым деп, мен үшін Алла Тағаланың алдында болысады ма екен?

Алла Тағала бізді танитын тақуа жандарды бізге шапағатшы етсін. Әмин🤲

✍️Олжас Ханафин ұстаз(рахимаһулла)
❤169😭28⚡8🤝5👍4
Алдыңғы апта 209 бет кітап оқыппын.

Әр аптаның есебін осылай дүйсенбі жазып отыратынмын.

Нәтижелеріңді қадағалап отыру стимул береді. Шамаңды анықтап, одан да ары қарай жақсаруға әрекеттенесің.

Осы бір кішігірім тұрақтылығымыз себепті мен нақты білетін бірнеше адам әсерленді, кітапты тұрақты оқуға кірісті.

Пайдасы бар.

#ой_түймекке
❤77👍30👏1
Бірінші үйренген шеттілім қандай болды?

Мен әрдайым орыс тілі деп айтам, себебі, шынында, бөтен тіл ғой. Орыс мектебінде оқып, кейін қазақ мектебіне ауысқан кезде өз ана тілімді қайтадан оқу процесінен өткем.

6 жасымда бірінші сыныпқа бардым, орысша екі ауыз ғана сөз білдім. Яғни, жаңа бір тілді 0-ден бастап үйрену жолынан өттім. Бір қызық детальдар есімде. Сенесіздер ме, сол кезде Олеся Павловна (сынып жетекшім) Адам и Еваның оқиғаларын айтып берген бүкіл сыныпқа. Библия нұсқасында, әрине. Сана тап-таза кездер ғой. Айқын-айқын бірнеше фрагменттер есімде.

Руслан, Шыңғыс, Берік, Серік деген достарым болған. Бірақ ғасыр өтті, кімнің кім екенін, қайда екенін қазір білмеймін де.

Ол жекеменшік мектеп болатын.

9 жасымда туған ағам мен әпкем оқитын қазақ мектебіне ауыстырды. Қазақша отбасыммен сөйлесіп жүрсем де, кітап тілі бөтен еді. 9 жасымда ана тілім жаңа тілдей ашылып, қайта оқу процесінен өттім.

Бэкграунд, халфия ғой. Кейінгі жылдары да жаңа тілдер үйрену оңай соқты, себебі негіз бар еді. Тіл үйрену процесінен бір мәрте өткен адам, кейін де қадамдай алады. Яғни, қазіргі басымыздан өтіп жатқан қандай да бір жайттар текке емес, ертеңімізге әсері бар, ізін қалдырады.

#ой_түймекке
❤90👍26🥰1
Шейх Мұхаммед Аууама (حفظه الله) айтып еді:

Әр таңда осы дұғаны қалдырмай айтып жүріңдер, әсіресе, білім жолындағы жандар!

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْمًا نَافِعًا، وَرِزْقًا طَيِّبًا، وَعَمَلًا مُتَقَبَّلًا

Мағынасы:

Аллаһым! Мен, шынында, Сенен пайдалы білім, жақсы ризық, қабыл болатын амал сұраймын!

#дұға_қару
❤180🔥27👍24🤯1
Автобан. Трассада кетіп барам. Жолда жанармай бекетіне тоқтадым.

Көліктен түспей, маңызды шаруаларды телефон арқылы шешіп жаттым. Бір мезетте жаныма үлкен жүк көлігінің жүргізушісі кеп, тереземді қақты. Не болды екен деп есікті аштым. Қанша күн жолда жүргенін айтты, қалтасында ақша қалмаған, бір тамақ алатын қаражат сұрады.

Тас боп кеткенбіз ғой мына қоғамда, қолма-қол ақша жоқ еді деп ары қарай жұмысымды жасай бердім…

Терезеден көрініп тұр, жаңағы кісі басқа бір көлікке барып тура осындай өтініш білдірді. Ол көліктегі ер азамат түсіп, қолынан жетектеп, жанармай бекетінің тамақтанатын жеріне кіргізіп, бір сендвич пен шай әперді.

Мен тек сол сәтте ғана түсіндім, сол кезде ғана жетті, сол кезде барып оянғандай болдым.

Ақпарат толқынының көптігінен шын мұқтаж бен “кәсіпкерді” айыру қиын боп қапты… Оңайы — ешкімге сенбеу дегенге бекініппін... Алайда соның әсерінен бірте-бірте бізді адам қып тұрған нәрседен айырылып баратқандай күйге ендім…

Жанармайымды құйып болған соң жаңағы кісіге өз атымнан тамақ әперіп, арқасын қағып, сәтті сапар тіледім де, ары қарай жолымды жалғадым. Сол кезде тағы да бір есейгендей болдым.

Бірінші келген кезіндегідей сауап болмаған шығар, бірақ сабақ болды.

#ой_түймекке
❤229👍64💔36🔥14😭11🕊4⚡3🤯2💯2
Жағдайым белгілі. Денем иықтан төмен қимылдамайды. Сезбейді. Оңай емес, әрине.

Кейде мынадай ой келеді: ақыры осылай жату тағдырыма жазылған болса, неге ес білмейтін бала күнімде құламадым екен?

Тағдырға наразылығым емес. Бұлай қалау, тіпті ойлаудың өзі қате екенін білем. Бірақ сол ойдың түбінде не жатқанын осы жазбамда түсіндіргім келеді.

Адам қартайғанда өткенін көп еске алса, жастық шағын жиі ойласа, баяғы күш-қайратын сағынса – қартаюы ауырлау өтеді дейді. Өйткені ол бұрынғыдай жүре алмайтынын іштей мойындағысы келмейді. Кейде өзін-өзі жейді. Бірақ айналасына қарайды: өзі қатарлы адамдар да әлсіреген, бәрі де қартаяды. Өмір заңы сол екенін көреді. Сабыр етеді. Шүкір айтады.

Менің жағдайым ше?

Мен уақытпен бірге баяулаған жоқпын. Қиыны – осы. Он сегіз жасымда бір күннің ішінде тоқтадым да, қимылсыз қалдым.

Оған дейін денсаулық мәселе болмаған. Футбол ойнағанда ішкен асымызды жерге қоя салатынбыз. Ештеңеден қорықпайтынбыз. Дене мықты, сынбайтын нәрсе сияқты көрінетін. Гол соққан сәттер… Доп торға тигендегі дыбыс, балалардың айқайы, иықтан қағып, құшақтап жатқан достар… Кеудеге сыймай кететін қуаныш болатын.

Қызбен танысқанда да ешқайсысы “сізді тек аға ретінде көрем” деп сырғытып жібермейтін)) Жассың, еркінсің, алдыңда тұтас өмір тұрғандай сезілетін. Кез келген қызды қаратып алуға қауқарың жететіндей
…

Ал таңғы жүгірістер – бөлек әңгіме.

Жүгіру мейнстрим болмай тұрған кезде, 16-17 жыл бұрын таңғы бесте оянып жүгіруге шығатынмын. Ешқандай орта жоқ. Ешқандай қолдау жоқ. Жалғыз өзім.

Үй футболкасы мен спортивка. 1500 теңгелік әмбебап көк кеды. Арнайы жолақ емес, көлік жүретін трасса. Шагомер де жоқ, пульс өлшегіш те жоқ. Интернет жоқ, әлеуметтік желіге салатын мүмкіндік те жоқ.

ШымКТЛ-ден төмен түсіп, Фиркан арқылы өтіп, Көктемді айналып, Востокқа түсіп, Северден асып, Евразияға қарай бұрылып, қаланы бір айналып келетінмін. Шымкенттің таңғы салқын ауасын кеудем толтыра жұтып, жалғыз жүгіретінмін. Ешкім көрмейді. Ешкім бағаламайды. Өзің үшін жасалған таза еңбек болатын.

Жатқханаға қайтып кіргендегі сезімді айтып жеткізу қиын. Денең шаршап тұрса да, ішіңде бір жарық жанады. Күнің жақсы өтетінін алдын ала сезесің. Жай ғана жүгіріп келгенің үшін өзіңе деген сенім артады.

Сол сезімдер жадымда сақталған ғой.

Айтпағым, мен қозғалыстың өзін емес, сол сәттердегі күйді, сезімдерді сағынамын. Гол соққандағы жеңіс дәмін, жанында жүрген сүйген қыздың жылы тынысын, жүгірістен кейінгі бойды кернеген сергектік пен энергияны аңсаймын.

Қайталағым келеді. Бірақ қолымнан келмейді.

Сосын еріксіз 30–35 жастағы жігіттерге қарайсың.. Олар жүріп барады, жүгіріп барады, әдемі өмір сүруде. Өзіңді солармен салыстырасың. Сағыныш оянады. Көңіл бір сәтке түсіп кетеді.

Сондағы ой:
егер бала кезде жарақат алсам, бәлкім бұл сезімдердің бәрін білмес едім. Сағынбас едім.
Жүгірудің ләззатын, футболдың қуанышын да сезбес едім.

Бірақ бұл ойдың өзі уақытша ғана. Өйткені дәл осы естеліктер – байлығым. Мен өмірді сезініп үлгердім. Жүгіріп те көрдім. Жеңіп те көрдім. Сүйіп те көрдім. Әлі де сезінудемін.

Қазір разылықпен өмір сүруге тырысамын. Бұл хәлдің де өз сабақтары бар. Денсаулықтың қадірін түсіндім.

Бір күні Жәннатта өз аяғыммен жүрем деген үміт бар. Со күні әр қадам мен үшін шексіз қуаныш болады. Сол кезде, бәлкім, ең бақытты адамдардың қатарында болармыз.

Әмин.
❤156😭68💔31👍13🔥5❤‍🔥3