Қазақ неге Патшалық Ресей тұсында жаппай шоқынып кетпеді?
Себебі орысты кәпір деп таныды. Бұл кәдімгі діни фактор. Ислам дінінің қуаты, халықтың бойына сінген нанымы.
Ибраһим атамыз (Алла рақымына алсын) өз баласы Әбдірахман жайлы бүй деп жазады:
Түзу жолдан қайтпаған
Жақсылық қылар орында
Аянып бойын тартпаған.
Ортасында кәпірдің
Арамынан татпаған.
Кәпір деп кімді айтқаны белгілі ғой. Осындай діни таным біздің халықтың болмысын, ұлттық кодын сақтап қалды.
Түбіміз бір түркі ағайынның Исламды қабылдамағандарының ішінде шоқынғаны, өз негізінен ұзақтап қалғаны жетерлік.
Студент кезімде университетімізге Жақұтиядан бір бала келді. Түрі, өзі, көзі қазақ дерсің (түркі). Аты бірақ Владимир, тілі де сондай.
Өзге халықтарды күстәналау жоғынан. Жай ғана Ислам факторын түсіндіргім келді.
#ой_түймекке #запискиВостоковеда

❤64👍55🤝2✍1
Алла сәтін салса, бүгін жақсы бір жаңалықпен бөліспекпін.
Көп дайындалдық, жұмыс жасадық, Алладан берекесін тіледік.
Бұған қатысты ілгеріде 1-2 ауыз жазғаным бар, тұрақты оқырмандар аңғарған болуы да мүмкін.
Не де болса қолдай отырыңыздар! 🤲🏻

❤115👍17🫡4🐳3🤯1
Алдыңғы апта 72 бет ғана кітап оқыдым.
Мейрамдар + сапар себепті көрсеткіш түсіп кетті. Алайда соған қарамастан кітап ашылмаған күн, оқылмаған күн болмасыншы деп ниет еттім.
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке #тұрақтылық_әдет

❤99👏16👍6💯5❤🔥3💔1
Алланың қалауымен, осыдан бір жыл бұрын «Bolashaq» баспа үйін ресми тіркеп, барлық заңнамалық рәсімдерін аяқтаған едік.
2 жыл бұрын мынандай жазба қалдырыппын осы арнада (үстін бассаңыз өтесіз). Адам ниетіне жетеді деген осы ғой…
Кітап саласына кіріп, айбынды еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етеміз деп бел будық.
Бүгінге дейін 10млн₸-ден астам қаржы жұмсалды. Бұл жұмсартылып жазылғаны:)
Аударма, сараптама, редакция, корректура ж/е т.б. жауапты істердің бәріне елімізге белгілі, өз ісінің нағыз майталмандарын жұмылдырдық.
Бұйырса, жақында кітаптарымыз шығады, дүкен сөрелерінен көре аласыздар.
Білім, руханият, әлеуметтік, экономикалық, тәрбие, ой-пікір маңызы тақырыптарын қамти отырып қазақ және орыс тілінде кітаптар шығарамыз.
Алу керек, оқу керек, тарату қажет. Кітап оқитын ұлттың болашағы баянды, ин ша Алла.
Ресми инста-парақшамызға тіркеліп алыңыздар, бүкіл жаңалық сонда болмақ.
#BolashaqBooks

❤84🔥23👏14😱4👍3
Осы өткен апта 54 бет ғана кітап оқу бұйырды.
Керісінше, шабыттанып, ағымдағы аптада көбірек оқу қажет деп ниет етіп жатырмын.
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
“Bolashaq” деген баспа үйін аштық, енді баспагер ретінде 10х оқуымыз қажет.

❤123👍29❤🔥11🔥5
Бүгін Дәжжал туралы біраз нәрсе жазамын осында. Соңғы уақыттағы геополитиканы қоса отырып, бір мәселеге анализ жасап көреміз.
Кеше әйеліме айтып, талдап, тестить еттім.
Адамды қатты ойландырады…
Өте аумалы-төкпелі кезеңдеміз. Қайта-қайта иманды жаңартып, Құдайдан тура жол сұраудан шаршамау керек, ұмтылу қажет.
#ой_түймекке

❤283👍68🔥25😭16🤝12💯6🤯5🫡4👏3
Бір жұма бұрын Дәжжал жайлы жазба уәде етіп, жоқ боп кеттім бе?! 🥲
Ренжімеңіздер, жұмыс көп боп кетті.
Кәдімгідей бірнеше адам сұрап жазған екен.
Бүгін, үлгермесем ертең жазамын деп ниетт еттім.

❤119👍61😭26✍19🤗12🤝8🔥4
Мұхтар Шаханов 💔
Алла рақымына алсын, күнә-қателері болса, Раббымыз Өз мейірімімен жарылқасын!

❤191💔57😢9👍6🥰4😭2🤝2
Алдыңғы апта 231 бет кітап оқыдым. Оған дейінгі апта 179 бет кітап оқылды. Сәуір айында инстаграмға контент жасап, телеграмға пост жазуға босай алмай қалдық. Сәйкесінше, көп уақыт ештеңе жарияламаған соң, қызығушылық құрып кетеді екен.
Алайда жазбай да жүре алмайды екенсің. Себебі ой түйіп, оқығаныңды пікірлеп, сана қозғап отыру үшін де жазу маңызды деп таптым.

❤88👍20💯11⚡2
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке
❤135👍16⚡2
"Bolashaq" баспа үйін ашып едік қой, естеріңізде ме?!
Алла жазса жақында жаңа кітаптар шығады. Өте таңдаулы, халыққа пайдалы болады деген туындылар. Осы апта үзінділерін жариялап, қандай кітаптар екені жайында хабардар етемін.

🔥68❤55👍35✍1
Балаға инвестиция жасау дегеннің ләззаты тым бөлек.
Ол нәрсені кейде біз шығын н/е қалтадан ұратын нәрсе деп қарауымыз мүмкін ғой. Алайда жоқ, бұл олардың келешегі үшін қажет, пайдасын беретін дүние деп сенсек, онда мәселе басқа болады екен.
Ертеректе Брюс Ли палуанның бір сөзімен бөлісіп едік:
“Саған ешқашан әпермеген затты балаңа әпергенше, саған ешқашан үйретпеген нәрсені балаңа үйрет. Зат тозады, білім озады”.

❤181🔥43❤🔥9💯7👍6🥰6✍5🫡2
Алдыңғы апта (20.04.26 — 26.04.26) 88 бет кітап оқыппын. Күніне 10 беттен оқып отқанмен тең екен. 😃
Аз, бірақ осы апта көбірек оқылды (түнгі 00:00-ден соң жазамын). Баспа үйінің редакциясы мен корректурасындағы кітаптардан бірнешеуін бастан-аяқ оқыдым. Өзге тілден аударылғандықтан, оригинал тілдегі мен аудармасын бірге оқып, салыстырып шықтым.
Бүгін жаңа кітаптар бойынша жаңалық болады. 😍🥳
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке
Аз, бірақ осы апта көбірек оқылды (түнгі 00:00-ден соң жазамын). Баспа үйінің редакциясы мен корректурасындағы кітаптардан бірнешеуін бастан-аяқ оқыдым. Өзге тілден аударылғандықтан, оригинал тілдегі мен аудармасын бірге оқып, салыстырып шықтым.
Бүгін жаңа кітаптар бойынша жаңалық болады. 😍🥳
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке
🔥53❤41👍13🫡3😍2
Біздің баспа үйінен орыс тілінде де кітаптар шығады, Алла жазса. Бірқатары дайын.
Әлеуметтік, тәрбиелік, қоғамға маңызды деген кітаптарды таңдаудамыз, күні-түні сол жолда жұмыс істеп жатырмыз.
Қазір бір кітапты фикс оқудан өткізіп отырғам (қорытынды оқу), сол жерде Пайғамбарымыздың отбасыға қатысты хадисін келтірген.
Шынында, бүгінде сыртқы араласудан көп проблема келеді. Ондай сыртқы араласу тікелей болмауы да мүмкін. Жанама түрде, тіпті айдаладағы "блогер" н/е "коуч" себепті де өршуі ғажап емес.

Семья должна оставаться крепкой. Общество, состоящее из крепких семей, само становится крепким. Словами: «Кто настраивает жену против ее мужа, тот не из нас», Пророк указал на опасность вмешательства в семейные дела извне.
Шынында, бүгінде сыртқы араласудан көп проблема келеді. Ондай сыртқы араласу тікелей болмауы да мүмкін. Жанама түрде, тіпті айдаладағы "блогер" н/е "коуч" себепті де өршуі ғажап емес.
#BolashaqBooks
❤75👍15💯15⚡3
Алдыңғы апта (27.04.2026 — 03.04.2026) 127 бет кітап оқи алдым. Кейде жұмыс көп боп кетіп, алаңсыз кітап оқи алатын кездерді сағынамын.
Студент кез, шетелде оқуда жүрген шақтар қайталанбас қымбат кезеңдер екен, шынында. Мейлінше оқи беру қажет екен. Өмір додасында алдыңыздан шығады, пайдаға асады оқыған нәрселеріңіз.
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке
Студент кез, шетелде оқуда жүрген шақтар қайталанбас қымбат кезеңдер екен, шынында. Мейлінше оқи беру қажет екен. Өмір додасында алдыңыздан шығады, пайдаға асады оқыған нәрселеріңіз.
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.
#ой_түймекке
❤89👍16🔥11
Хабиб пен Ислам Махачев спорласады ғой. Сол кезде маған Исламның позициясы жақынырақ. Хабиб та өзінше дұрыс нәрсе айтып жатыр, тек пайдалы нәрсе оқу керек деген.
Алайда Ислам оған өз позициясынан қарағанда, ол да пайдалы нәрсе оқып жатыр, содан ой түйіп, байланыстырып, интеллектуалды, рухани және моральды пайда алуда.
Біз вакуум ішінде өмір сүрмейміз, әлем жаһандық, глобалды. Сол себепті дұрыс жүзе білу үшін, кеңістікті игере алу үшін жан-жақты білім алып, түрлі әдебиеттер оқығанды қолдаймын.

❤97👍48🔥11✍3💯3
Forwarded from Тіспен терілген ✨
Кеше сағат 11-лерде үйге қайту үшін такси шақырдық. Күн ыстық. Аялдамаға барып, көлеңкеде яндекс күтіп тұрғанбыз. Сол кезде аялдамаға мас адам келіп, жұрттың мазасын ала бастады.
Бір уақытта қолында кішкентай бөпесі бар келіншек келіп, автобус күтіп тұрды. Іштей ыңғайсызданып тұрғаны байқалды. Дәл сол сәтте таксиіміз де келіп қалды. Сосын келіншекке “баратын жеріңізге тегін апарып тастайық” деп ұсыныс айттық. Ол кісі қуанып, алғысын айтып, таксиге бірге мініп кеттік. Клиникаға бара жатыр екен…
Біреуге қауіпсіздік сезімін сыйлау, жолын жеңілдету, көңілін тыныштандыру – жақсылық деген осы емес пе?
Жұма күні осындай ізгі амал жасауға мүмкіндік берген Аллаға шүкір 🤲

❤235👍53👏12🥰11🔥8
Кітап оқу арқылы демалу ең жоғары деңгейдегі интеллектуалды демалыс деп ойлаймын. Алайда кітапты дұрыс таңдай білу маңызды. Ғылыми күрделі еңбектер емес, шабыттандыратын, қызықты көркем әдебиеттер мен мотивациялық кітаптар миды тынықтыруға жақсы.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
❤128👍41
Академиялық дәреже алған кейбір адамдарда менмендік мінез байқалады. Шын мәнінде, бұл – үлкен сын.
Соңғы жылдары мұндай адамдарға ренжімеуді үйрендім. Себебі ғылыми атақ пен шынайы білім – екі түрлі дүние.
Адам білімі артқан сайын тәкаппар бола түссе, онда ол білімнің шынайы мәнін терең түсіне алмаған деген сөз.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
Соңғы жылдары мұндай адамдарға ренжімеуді үйрендім. Себебі ғылыми атақ пен шынайы білім – екі түрлі дүние.
Адам білімі артқан сайын тәкаппар бола түссе, онда ол білімнің шынайы мәнін терең түсіне алмаған деген сөз.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
❤130👍37💯14💔7✍6🔥1
Қай күннің таңын қалай қарсы алсаң, сол күннің кеші де солай батады. Ұйқыдан тұрған бойда бірден телефонға үңілу – үлкен қателік. Егер тек сағатты көру үшін ғана ашсаңыз жарайды, алайда одан әрі әлеуметтік желімен жалғасып кетпеу керек. Телефоннан бұрын өзіңізге көңіл бөліңіз.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
❤141👍34💯18❤🔥13