Orientalist's Notes
10.8K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Мұсылман адам ретінде бұл дүние тіршілігінің өткінші екенін білеміз. Тағдырға иман келтіру - көп проблеманы шешеді.

Бір кем дүние дейді ғой қазақта. Сол рас екен. Рас екенін көре бересің, біле бересің, ұға бересің...

Осы күнге дейін өмірінде барлық нәрсе идеалды болған адамды кездестірмедім. Ұстазым шейх Холид Харса (حفظه الله) айтатын, абсолютті түрде кез-келген адамның сен білмейтін проблемасы бар деп.

#ой_түймекке
❤86👍30💯15🔥6
❤26🔥11👍2🥰2🏆2😭2🤯1
Өткенде бір қари бауырыммен тарауықтан соң шай ішіп отырмыз. Содан мынандай түйін шығардық: Құранды жүргізіп оқи алудың өзі Алланың тауфиғы. Яғни, Алла сәтін салса ғана жүретін іс.

Оны әсіресе осы Рамазан айында қатты сеземіз, себебі Құран көп оқылады ғой.

Құранды тұрақты оқып жүрген жандар да түсінсе керек. Бірде тілің сүрінбей, аятқа аятты іліп оңай оқисың, ал бірде тілің көп сүрінеді, шатасып, демің жетпей, оқи алмай қиналасың. Жоқ, жай, ежелеп оқи бересің, бірақ жүргізе алмай кетесің.

Құранда қиын аяттар да келеді. Ыстанбұлда Құран жаттап жүргенде әйелдерге қатысты үкім аяттарында көп қиналатынмын. Содан бір қарекеңмен сөйлессем, ода да тура сондай бопты. Жалпы әйелге қатыстының бәрі қиын екен деп әзілдегенбіз. 😁

Бір қызығы, Алланың тауфиғы болса, сәтін салса сондай қиын аяттардың өзін жеңіл жүргізіп оқып кетесің.

#ой_түймекке
❤188🔥29👍24😍12🥰3👏3🫡3❤‍🔥2🕊2🤝1
Алдыңғы апта 157 ғана бет кітап оқи алыппын.

Бүгінгі таңда шығып жатқан кітаптардың өлшемімен айтсақ бір кітап оқып тауысқанмен бірдей екен. 😁

“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.

Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.

#ой_түймекке #тұрақтылық_әдет
❤86👍23🔥9
Еврей раввиндер, иудейлер және солардан шыққан атақты тұлғалардың сұқбаттарын көптеп көріп жүрмін.

Украиналық журналист Дмитрий Гордон, раввин Шмуэль Каминецкийге берген сұқбатында мен тұжырымдап жүрген нәрсені айтады.

Еврей — ерекше халық емес. Ішінде ақылдысы да бар, қараңғысы да бар. Яғни кез келген халықтағыдай.

Алайда еврейлер өздерін ерекше халық ретінде танытады, өзгелерді соған сендіреді.

ХХ ғасырдағы Холокосттың өзін тақырып ретінде қатты дамытып, бүкіл әлемді өзіне борыштардай етіп, бөлек позиция беріп қойған. Иә, ол үлкен трагедия. Алайда ХХ ғасырда геноцидке ұшыраған халықтар көп болды, оның ішінде қазақ қырғыны да бар.

Қазіргі Нетаньяху үкіметі де тура осы бағытта жұмыс жасайды.

“Әлемді біз басқарамыз”, “Президенттерді біз тағайындаймыз”, “Әрбіріңнің үйіңдеміз” деген риторикалар арқылы массаға үрей салады.

Олар шабатта Құдайды алдауға тырысқан халық қой, әлемді алдау түкке тұрмайды.

#запискиВостоковеда
❤123👍51💯20🔥10⚡6🤯5✍2👏1🐳1🤝1
«Байлармен көп отырмаңыздар! Өйткені, Алланың сізге берген нығметтерін қор көріп, наразылыққа берілмеу үшін – дұрысы сол».

Хадис, әл-Хаким, әл-Мустәдрәк, IV, 347; әл-Мунәуи, Фәйдул-Қадир, ІІ

Хадисті тікелей байлардан алыстау деп түсіну дұрыс емес. Әйгілі хадис ғалымы әл-Мунәуидің түсіндірмесі бойынша, «байлармен көп отырмаңыздар!» деген бұйрықтың хикметтерінің бірі – болмысынан қызғаншақ әрі мінезі әлсіз кісілердің өзінен бақ-дәрежесі жоғары кісінің байлығын көре алмай, өзіне берілген нығметтерді қор көруінің алдын алу.

Әрине, мұсылман үшін ең дұрысы – байлардан қашқаннан көрі, бойындағы жаман қасиеттерден арылу.

(c) «Кәсіпкерлік пен сауда әдебі. Әрбір кәсіпкер білуі тиіс 40 хадис» кітабынан

#ғалымдар_өсиеті
❤105👍32💯7👏4🔥1
Илбер Ортайлы деген атақты түрік тарихшысы бақилық болды бүгін, Алла рақымына алсын.

Сол кісінің "Орта Азияның даласынан Еуропаның қақпасына дейін" деген кітабы бар. Атаудың өзін ерекше таңдаған, кітап мазмұнын сыйғызған.

Айтпағым, Илбер хожаның өзі түрікшеден бөлек неміс, француз, ағылшын, итальян, орыс, парсы тілдерін жақсы білген. Сонымен қоса латын, османлы түрікшесі, ибрани (иврит) тілдерінен хабары болған.

78 жасында ақыл-есі сау күйде қайтты. Өмірінің соңғы кезеңдеріндегі сұқбаттарын көргенде де сүйсінесің. Бәрібір білім адамының деңгейі бөлек, Алла берген мақамы бар.

Ернар Абзал ұстаз айтатын, осы Илбер хожадай болуымызды жазсын деп. Себебі қоғам шын мойындаған, 70-тен асқан шағында да алдында аудитория толып отыратын. Ол жай массовка емес, шынайы тыңдармандары.

YouTube-қа İlber Ortaylı деп жазсаңыздар, көре аласыздар.

Жаназасы да Фатих мешітінде шығарылады екен. Мен өзім Ыстанбұлдағы Фатих мешітіне тұрақты баратынмын, сол ауданда тұрдым. Ол ғалымдардың жаназасы шығарылатын берекелі мешіт қой. Ол жерден жаназаның шығуы үлкен шарапат.

#ой_түймекке
❤124👏13💯9👍4
Мектепті енді бітіре салып, енді үйлене салып бірден жиһаз дүкендерін аралағанша, әлем аралаңдар дегім келеді. Бұл дұрыс. Үйленіңіз, оған еш қарсылығым жоқ. Бірақ неге бірден жиһаз дүкенін аралайсың? Жиһаз қашпайды.

Бірінші жас отбасы ретінде әлемді кезіңдер, шарлаңдар. Сосын ақырын-ақырын, өздеріңе ұнаған, сапалы деп тапқан материалдардан түрлі жиһаз алып, Алла не нәсіп етсе, сомен үйлеріңді толтырарсыңдар.

(c) Илбер Ортайлы

#ғалымдар_өсиеті
❤138👍33🔥8🤝5👏3🤯1
Рамазанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Бұл айдың берекесі тым бөлек. Оны тірі жүрген адамның бәрі сезеді. Тірі болу — терең мағынасында, шынайы тірі болу дегенді меңзейді.

Ғапылдықта болсақ, әлі де кеш емес. Финиш шешеді ғой бәрін.

#ой_түймекке
❤113👏24👍2
Батыс пен Шығыс дихотомиясы бар ғой, шынында, бекер емес.

Батыс дүниетанымы басқа, Шығыс дүниетанымы басқа.

10 жылдан бері Шығыстанумен айналысам, 10 жасымнан ағылшын тілін оқыдым. Тіпті тілдің өзінде, сөздің өзінде екі арадағы айырмашылықтар сезіледі.

Батыс адамы нақты-нақты, тіке мағына қамтитын сөздермен сөйлегенді дұрыс көреді.

Шығыс адамы сөзіне терең мағына жасырып, тыңдарманға түрлі интерпретация жасай алатындай мүмкіндік қалдырады.

#ой_түймекке #запискиВостоковеда
❤108🔥23👍21💯3
Ескерту бөлек, біреуді айыптап айту бөлек. Кімді не нәрсемен көп айыптайсың, сол нәрсені өзің де көресің.

Бұл — әділдік. Құдай әділдігі.

Жанашырлықпен ескерту жасай білу бүгінде көп адамның қолынан келе бермейді. Ол да бір иманның көрінісі.

#ой_түймекке
❤141👍36❤‍🔥14💯2💔2
Мені құнсыз сезіндіретін жерде бір сәтке де қала алмаймын. Дәл осы жерде отқанда да мені құнсыздандырып жатқанын байқасам, орнымнан тұрып кетемін, екінші мәрте келмейтіндей.

(с) Demet Akdoğan

#ой_түймекке
❤129👍40❤‍🔥10💔5
Алдыңғы апта 186 бет кітап оқыппын.

Алланың қалауымен, кітап оқылмаған бір күн қалмаса екен деп ниет етіп, тұрақты әрекетімізді жалғаудамыз.

“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.

Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.

#ой_түймекке #тұрақтылық_әдет
❤97👍22🔥16😭6
🇰🇿 Айт мейрамы құтты болсын!

🇸🇦 Араб тілінде айтпен құттықтаудың бірнеше түрі бар:

عيد سعيد (бақытты айт тіледім)؛

عيدكم مبارك (айтыңыз мүбарак болсын)؛

كل عام وأنتم بخير (жылдан-жылға аман-есен жете беріңіз)؛

كل عام وأنتم إلى الله أقرب (жылдан-жылға Аллаға жақындай түсіңіз).

🇹🇷 Ramazan bayramınız mübarek olsun!

🇮🇷 Парсы тіліндегі кең таралған құттықтау түрі арабшадағыға ұқсайды:

عيد فطر سعيد ومباركـ باد؛

#айт_құтты_болсын
❤63🔥8👏3👍2😱1
Наурыз мейрамы құтты болсын!

Бұл мереке емес, мейрам. Халықтың дәстүріне сіңген, тамырымен сабақтасқан, тарихы тереңде жатқан салтанат.

Ал мереке деген нәрсе күнтізбеде бекітілген, заңмен қуатталған айтулы күндер.

Шыны керек, кей топтар бар, тіпті Наурыздың өзін тойлауды дұрыс емес деп жатады. Кейде ұлттық-тарихи сананың да болуы маңызды.

Қазақ - көшпелі халық. Қалың қыстан аман шығып, жан-жақта жатқан ағайынмен көрісіп, амандығын біліп ұлыстың басы жиналатын мезгіл болған. Сол себепті де "Ұлыс мейрамы" деп айтады.

Ата-баба даналығы, Ислам шариғатындағы білімі біз ойлағандай примитивті болмаған. Наурызды зәрдүштікпен байлап, Ахура-маздаға бас соқпаған. Жалпы діни мейрам деп қабылдамаған біздің халық.

Қазақ үшін мұсылман баласы ретінде екі ғана діни мейрам бар: Ораза айт & Құрбай айт.

Ислам діні ешқашан халықтарды өз негізінен, ұлттық болмысынан айырмаған, керісінше, ұлттық сипатын қуаттай түскен. Тарихтағы кез-келген Ислам дінін қабылдаған халықты алып қарасаңыз, осы сөзімізге дәлел табасыз.

#ой_түймекке #запискиВостоковеда
❤90👏18👍15❤‍🔥5💯3🔥1