Orientalist's Notes
10.8K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Білім алудың мезгілі жоқ. Суыққа да, ыстыққа да қарамай білім талап ету міндетіміз. Алайда күздің өзіндік ерекшелігі бар.

Неліктен жаңа оқу жылы күзден басталады? Неліктен көптеген қаламгерлер күзді жақсы көрген? Себебі күзде адам ерекше шабыттанады, шығармашылығы оянады.

Иә, оқу жылының басталуын тарихи фактормен де түсіндіре аламыз. Аграрлық қоғамда жаз мезгілі әдетте егіншілікпен айналысатын маусым, балалар оқу-білімге ден қоя алмайды, ал күзде шаруашылық жұмыстары бәсеңдейді.

Жалпы жаздың қарбаласынан кейін көңіл орнығып, ой тереңдейтін де уақыт — күз. Жапырақтар сарғаяды, жерге түседі, өз негізінен ажырайды. Философиясы көп, ә?! Жаңа кезеңге өту үшін байланған жерінен ажырауы қажет.

Оқуға түскен студент те сондай ғой, шамасы. Әр күздің қысы, артынан көктемі бар.

#ой_түймекке
❤102👍18💯13⚡4🕊1🐳1
Кеше Мәдениет министрлігінен қоңырау түсті. "Болашақ" баспасының "Ертегілер" деген бір кітабына шағым түскен екен. Кітап ішіндегі қазақша әріптер орысша жазылған... "Қайрат" дегені "Кайрат" болып кеткен ғой, демек.

Экспертиза бөлімінің төрағасымен байланыстық. Бізде "Ертегілер" деген кітаптың жоқ екенін айттық, шағым құжатын сұраттық.

Содан анықталды, шағымның бізге ешқандай қатысы жоқ. "Болашақ" баспасы біздікі емес, себебі.

Бүкіл біздің құжаттарымызда Bolashaq баспа үйі деп рәсімделеді, осылай тіркелген. 😄

— баспасы
— баспаханасы
— баспа үйі

Әртүрлі тіркеспен әртүрлі ұйымдар тіркелген. Алматының өзінде бірнеше "Болашақ" деген типография сынды мекемелер бар екен. Кириллмен, латынмен жазылғанына дейін рөл ойнайды.

Инстаграм аккаунт ашқан сияқты нәрсе екен бұл да. Енді ресми галочка сұратамыз ау деп жатырмыз ТОО-мызға. 😂

#BolashaqBooks
❤60👍21🐳5🔥4🤩4🤝1
TilBil Academy атты жабық телеграм арнамыз бар. Ол жерде ағылшын тілі, араб тілі, түрік тілі, орыс тілі бойынша видео-дәрістер жинақталған. Видео-сабақтардың бәрінде өзім. 10 жылдық тіл білімі саласындағы тәжірибе десек болады.

Алдыңғы жылдары ол арнаға ешқандай өзгеріс енгізілмейді, тек бір реттік доступ сатылады деп ойладық. ЖИ-ді жұмыс процесіне қарқынды түрде араластырып бастағанда, керемет талдау ұсынды.

Ол арнаны тек бір реттік емес, әрдайым дамып отыратын білім платформасына айналдыру.

Қазір ол жерде 4 тіл бойынша сабақтар 0-ден бастап B1 деңгейіне дейін жетуге көмектеседі. Бұйырса, сабақтардың жалғасы, келесі деңгейлері түсіріліп, арнаға жүктеледі.

Мысалы, арнаға 1 жылдық доступ алған адам сол уақыт ішінде жаңа қосылған сабақтарды да еш кедергісіз көре алады.

Арна әрдайым дамып отырады, тіл үйренбеуге мүмкіндік қалдырмайды, бұйырса.

Ең қызығы, қазір қолжетімді бағада шексіз доступ ұсынып жатырмыз. 5290тг, егер студент болсаңыз, студенттік билетіңізді көрсету арқылы -50% жеңілдікпен (2645тг) шексіз доступ аласыз.✨

Бұл ұсыныс 31-не дейін жалғасады. Бірінші қарашадан бастап шексіз доступ құны 10мың тг, студенттерге 5мың тг болмақ. ❗️

Қазірше 1 айлық, 1 жылдық деген секілді мерзімдік тіркелімдерге сатылым болмайды. Жыл соңына қарай оларды да қарастырамыз.

Қызық болған жағдайда менеджерге (көктің үстін басыңыз) тікелей жаза берсеңіз болады.
❤21👍5🥰2🔥1
Бұл арна да жаңа бір тарихтың бастауы. Қанша жылдан бері армандап жүрген ісіміздің ақырындап орындалып келе жатқанының көрінісі.

Өмірде ештеңе оңайлықпен бола салмайды, сол себепті еңбектенуді тоқтатпаймыз. Ресми түрде баспа үйімізді тіркеп, жұмысты бастағанымызға бір жылдың жүзі болды.

Кітапқа қызығатын, елдің ертеңіне алаңдайтын, Отанымыздың сауатты, интеллегентті, рухани бай келешегін бірге қалыптастырғысы келетін барлық замандасты арнамызда күтеміз.

Қазір әлі де қалыптасу жолындамыз. Алла сәтін салса, биік белестерді бағындырып, асқақ армандарымызға жетеміз деген сенім бір сәтке болсын кеудеде сөнбеген.

Ендеше, жаңа кезеңнің ақ парағын аша отырып, Bolashaq баспа үйінің ресми телеграм арнасына қош келдіңіздер дейміз! 📚️️️️️️✨️️️️️️️

#BolashaqBooks
❤30👍6🔥4❤‍🔥2👏1
“Күніне 99 бәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Алладан” деген қазақтың ұрпағымыз.

Рас, кейде басымызға түскен 1 қиындық себепті, Құдайдың берген 1000 жақсылығын ұмытып жатамыз.

Нанкөрлік — ең жаман сипаттардың бірі.

Осыған ұқсас нәшкүр деген де сөз бар. Қазақ тілінің диалекті сөздерінде түктің мәнісін білмейтін адамға қарата айтылады.

Бұл сөздің шығу төркіні арабша мен парсышаның қосындысына оралады: ношукур.

Парсы тілі — индо-еуропалық тіл, асылы ағылшын тіліне жақын.

Ағылшынның “No” сөзі мен парсының “Но” дегені бір.

Шукур — шүкір.

No шүкір — шүкірі жоқ, шүкірсіз адам.

#ШығыстанушыныңЖазбалары #ой_түймекке
❤54👍21⚡1🔥1💯1
Рамазан айының басталуына 113 күн қалды.

Ол шамамен 3,5 ай. Мен де аздап таңданып қалдым. Кеше ғана ауыз бекітіп, тарауықтарда тұрған сияқты едік... Зымырап өтіп жатқан ғұмыр. Өтеді де шығады екен ғой. Күнделікті нанымызды табамыз деп жүргенде...

Мәнсіз кету жаман-ақ, иә?!

Жыл бойы басымызды тау-тасқа соғамыз ғой, осы бір қасиетті айда қалыпқа келіп, өмірдің шынайы мән-мазмұнын ұғып, Жаратқанға жақындап қалсақ тамаша емес пе?!

Ертең санаулы күндер қалғанда дайындалып үлгермей қалмайық деп, бір хабарлап қойып жатқаным ғой.

#ой_түймекке
❤64🥰4