Хабиб пен Ислам Махачев спорласады ғой. Сол кезде маған Исламның позициясы жақынырақ. Хабиб та өзінше дұрыс нәрсе айтып жатыр, тек пайдалы нәрсе оқу керек деген.
Алайда Ислам оған өз позициясынан қарағанда, ол да пайдалы нәрсе оқып жатыр, содан ой түйіп, байланыстырып, интеллектуалды, рухани және моральды пайда алуда.
Біз вакуум ішінде өмір сүрмейміз, әлем жаһандық, глобалды. Сол себепті дұрыс жүзе білу үшін, кеңістікті игере алу үшін жан-жақты білім алып, түрлі әдебиеттер оқығанды қолдаймын.
#ой_түймекке

❤97👍48🔥11✍3💯3
Forwarded from Тіспен терілген ✨
Кеше сағат 11-лерде үйге қайту үшін такси шақырдық. Күн ыстық. Аялдамаға барып, көлеңкеде яндекс күтіп тұрғанбыз. Сол кезде аялдамаға мас адам келіп, жұрттың мазасын ала бастады.
Бір уақытта қолында кішкентай бөпесі бар келіншек келіп, автобус күтіп тұрды. Іштей ыңғайсызданып тұрғаны байқалды. Дәл сол сәтте таксиіміз де келіп қалды. Сосын келіншекке “баратын жеріңізге тегін апарып тастайық” деп ұсыныс айттық. Ол кісі қуанып, алғысын айтып, таксиге бірге мініп кеттік. Клиникаға бара жатыр екен…
Біреуге қауіпсіздік сезімін сыйлау, жолын жеңілдету, көңілін тыныштандыру – жақсылық деген осы емес пе?
Жұма күні осындай ізгі амал жасауға мүмкіндік берген Аллаға шүкір 🤲

❤235👍53👏12🥰11🔥8
Кітап оқу арқылы демалу ең жоғары деңгейдегі интеллектуалды демалыс деп ойлаймын. Алайда кітапты дұрыс таңдай білу маңызды. Ғылыми күрделі еңбектер емес, шабыттандыратын, қызықты көркем әдебиеттер мен мотивациялық кітаптар миды тынықтыруға жақсы.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
❤128👍41
Академиялық дәреже алған кейбір адамдарда менмендік мінез байқалады. Шын мәнінде, бұл – үлкен сын.
Соңғы жылдары мұндай адамдарға ренжімеуді үйрендім. Себебі ғылыми атақ пен шынайы білім – екі түрлі дүние.
Адам білімі артқан сайын тәкаппар бола түссе, онда ол білімнің шынайы мәнін терең түсіне алмаған деген сөз.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
Соңғы жылдары мұндай адамдарға ренжімеуді үйрендім. Себебі ғылыми атақ пен шынайы білім – екі түрлі дүние.
Адам білімі артқан сайын тәкаппар бола түссе, онда ол білімнің шынайы мәнін терең түсіне алмаған деген сөз.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
❤130👍37💯14💔7✍6🔥1
Қай күннің таңын қалай қарсы алсаң, сол күннің кеші де солай батады. Ұйқыдан тұрған бойда бірден телефонға үңілу – үлкен қателік. Егер тек сағатты көру үшін ғана ашсаңыз жарайды, алайда одан әрі әлеуметтік желімен жалғасып кетпеу керек. Телефоннан бұрын өзіңізге көңіл бөліңіз.
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
(c) «Студентке кеңес» кітабынан
❤141👍34💯18❤🔥13
Таңғы кофе ішіп отырмын. Келесі үстелде отқан адамға бір жас бала келеді де “Бата айтып берейін бе” дейді. Әлгі кісі ұялғаннан “Ну давай” деп келісті.
Қазақтың баласы. Бата айтып берді. Артынан каспиін айтты да, ақша аудартып алды.
Сосын маған келді “Бата айтып берейін бе?” деп. Келіспедім.
Кәсіптің түрі көп, алайда бата (қазақтың дұғасы) сатып кәсіп қылмаған дұрыс. Соған итермелеп отқан ата-анада мәселе бар.
Иә, бала ширасын, піссін деп түрлі іс жасатып көруге болады-ау, бірақ шекараларды білген дұрыс-ақ.
Далада жүгері сатсын, паркте балмұздақ ұсынсын… Тек қайыр тілемесін.

❤194👏54👍34🔥18💯15
04.05.2026 — 10.05.2026 арасы тек 140 бет кітап оқи алдым.
Алдыңғы апта 323 бет кітап оқыдым.
Сәуір айында 541 бет ғана оқуға мүмкіндік болды.
“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.
Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.

🔥64❤48👍18🫡1
Кітап оқуды үйретті Алла Тағала. Қазір, шүкір, кітап шығаруды үйрендік.
Алланың қалауымен, Bolashaq баспа үйіміздің атынан + 4 жаңа кітабымыз басылып, дайын болып, қолымызға жетті. Енді хабарлап, контент жасап бастаймыз.
1. Студентке кеңес
2. Кәсіпкерлік пен сауда әдебі: әрбір кәсіпкер білуі тиіс 40 хадис
3. Бәрі нөлден басталады: табысты 101 бизнес-хикая
4. Өміріңді нұрландырар 50 шамшырақ
5. Аманат. Сунан әт-Тирмизидің аудармасы мен түсініктемесі. I кітап “Тазалық” пен “Намаз” тараулары
Не де болса "ғалымның хаты өлмейді". Осы салаға кіргеніме, қызмет етіп жатқаныма еш өкінбеймін.
Сан ғасыр өтсе де, кітап деген нәрсе қалады, маңызын жоғалтпайды.
Профессор, доктор Абдулкарим Баккар айтады, бала тәрбиесінде әрбір адамның үйінде кітапхана болуы шарт деп. Сол арқылы біз ұрпақ тәрбиелей аламыз. Яғни, болашаққа үлкен мақсат, жоспар қойған адам міндетті түрде кітапқа көңіл бөледі.
#ой_түймекке #BolashaqBooks

❤126👍23🔥7👏5⚡2🤝1
Хоть ребенок и живет сегодняшней жизнью, однако он больше принадлежит будущему.
(c) Bolashaq баспа үйінен шығатын кітаптан үзінді
#ой_түймекке #BolashaqBooks_rus

👍76❤61👏9
Бүгінгі таңда жігіттермен бас қосып жолыққан кезде, егер олар үшінші жігітті жамандамаса (ол жерде жоқ), соның өзі үлкен олжа болып тұр.
Өзге досты н/е өзге адамды сөз етпейтін дос — құнды дос.
Ондай доссыз өмір бос.
Ой түймекке түрткенім ғой. Осылай жазатынымыз бар еді…

❤200👍32🔥23💯7
Бір айға жуық ештеңе жазбасам да оқырманым боп қалған жандарға алғыс білдіремін.
Жалпы есепте осы жыл басталғалы түрлі кезеңдерден өттім, трансформацияландым.
20 — 25 жас аралығы көзді ашып-жұмғанша өте шықты.
25-ке келген кезде "пай-пай" деген шақтың өтіп жатқанын түсіне бастадым. Неге көп қаламгерлер "ай-хай 25" деп жазған, жырлаған, толғаған?
Оны тек сол жасқа жеткенде ұқсаң керек...
26-ға толғанда қатты қуанбадым, 27-ге толғанда мұңайдым...
Орда бұзар шаққа 3 жыл қалды, ал.
Шүкір, Алла деп "Bolashaq" деген баспа үйін аштық, 27-ге кеп жеткен жетістігім осы болды. Өмірімнің соңына дейін 100 кітап шығарсақ деген арман болған, жасалып жатқан жұмыс көлеміне қарасақ, 6 айдың ішінде 100-ден асып кетіппіз. Енді ол мақсатты 1000 кітап деп көтердік. 1000-ға жеткенде 10мың кітап деп көтерерміз, оған дейін жан нәсіп.
Жалпы бар ғой, құлатып барып көтереді өмір, көтеріп тұрып жылатады, кейде жылытады. (Сәл-пәл қиыннан қиыстырып, ұйқас кеп қалатыны бар, сол кезде жыламасаң да жыладым деп жазуға тура келеді 😂)
Жазудан қол үзбедік, айтпағым сол. Бос нәрсе жазғанша, жазбаған абзал ғой. Мейлінше ой түймекке сеп болар дүниелер толғаймын.

❤189👍69🔥11⚡8🤩4🐳2🕊1🤝1
Telegram арнамыз аздап шаң басып қалыпты. Шілде айының 3-не бір төбе көрсетіп, қайта ғайып болыппыз.
Жазу — ол да шығармашылық қой, асылы. Шығармашылықта тоқырау болып тұрады. Адам дәйім жаза да бере алмайды. Жазбаққа ой көп, алайда сөз жетпей жатады, кейде сезінуді ғана қанағат тұтамыз. Бұрында алып ұшып сезгеніміздің бәрін төгетінбіз пернетақтаны теріп...
Сонымен қоса жазу — сен жиған білім комплексінің айнасы. Біліміңді толықтырып отырмасаң, жазарың таусылады.
3 ай бұрын жасым 27-де болыпты, әлі 27-демін. 😄
Бұл арна 2019 жылы ашылған, сол кездегі алғашқы жазбаны оқып көрсеңіз болады. (үстін басыңыз)
Бір кірсең тоқтай алмайсың, төменге сырғытып кете бересің. Бір адамның ғұмыры, шынымен. Қарап отырып арасында өшіріп тастау қажет, жойып жіберуге тұрарлық нәрселер бар екен, алайда өшірмедім, солай қалсын дедім. Трансформация, ойлардың өзгеруі, 20 жастағы максимализм, бойдақтық тентектік, үйленген кездегі эйфория, отбасылық өмір мектебінің тәжірибесі, балалы болғаннан кейінгі түрлену — бәрін-бәрін қамтып тұрғандай онлайн қойын дәптер хәліне келіп қалыпты.

❤89👍26🔥4
Негізі бөліскім келетін нәрсе бар.
2023 жылы ұлды болдым. Сол кездегі естеліктер, баламен бірге есейгендегі түйген ойлар, перзенттеріме үйретсем деген нәрселер, әкелік кеңестер, отбасылық жоспарлар... Соның бәрін жазып алғым келетін. Оған не түрткі болды? 2022 жылы жазда елге ұштық. Ұшақта Имам Ғазалидің "أيها الولد" (Ей, балам) деген кітабын тыңдап келдім (иә, Turkish Airlines әуе бортында бар-тын).
Алайда тек қалау болып қалды. Әне-міне жасаймын деп жүргенде 3,5 жыл өтіп кеткен ғой.
Бір қызығы, отырып жаза салатын дүние болғанын қаламадым. Тұңғышым бірінші мүшелінен шыққанға дейін жазылатын кітап болса деп едім (13 жас), 13 жасына толғанда өзіне табыстайтындай.
Соған енді кірісіп жатырмын. Ал сіздерге жеткізгім келген ой: уақыт тез өтіп кетеді екен. Жасағыңыз келген ой, жоспар болса жазып алыңыз да, бісміллә деп кіріспесін бастай беріңіз.
Бұрындағы ұстанымым да солай болатын. Алланың қалауымен, екі кітап жазып үлгердік: 1) TilBil Polyglot; 2) Студентке кеңес.
Супер-пупер дегенге таласым жоқ. Сол жазылған кездегі деңгейімізге сай, әйтеуір. Ондағы мораль басқа (ақша табудың тысында)... Яғни, ертең ұрпақтарым менің ой-пікірімді іздесе кітап бетінен таба алады. Төмпешік боп жатқан кезде де ұрпақпен тілдесудің бір жолы деп білемін.
Анадолы түріктері балаға anneli babalı büyütsün дейді (ата-анасы бар болған хәлде өсіп жетілуін жазсын). Аман-есен болуымызды тілейміз Алладан, ұрпақ үшін де, ел үшін де. Өліп кеткеннен тірі болып беру маңызды қазір. Cол, түпкі ойды түсіндіре алдым деп ойлаймын.

❤120👍28🔥16
Мынау тегін, курстарымыздың пробный сабақтары. Тіл үйренуді ойлап жүрген жандарға танысу үшін өте жақсы. Әр курстың бірінші сабақтарын тегін көре аласыз сайттан:
https://shadi-courses.kz/courses/proba-sabaq/

❤38👍9
Әрдайым айтатын қағида бар ғой Connect all dots (бүкіл нүктелерді біріктір) деген. Сол нәрсе өмірлік. Әрдайым жаңа қабілет, жаңа білім үйренуден тосылмау қажет.
Қосымша: айтылған қағида жайлы видео-рилс инстаграмда, көру үшін көк сілтеме үстін басыңыз.
Бүгін үйренген қандай да бір қабілетің — ертеңгі наның болып қалуы мүмкін. Қызық қой, адам бір мамандықты оқиды, алайда ризығы басқа қабілеті себепті кеп жатады. Өмірде ондай да мысалдар жетерлік.
Заңгер мамандығын алып көрейік. Қазақстан жылына 14 мың заңгерге дейін оқытып даярлайды екен. Ал енді сол 14 мыңның бәрі бірдей өз саласында қызмет етіп жатыр ма? Ол жалпы мүмкін емес нәрсе. 50% сол салада жұмыс істесін делік. Қалған жартысы бәрібір түрлі салаға кетеді.
Әрдайым оқудың, үйренудің мәнін жеткізгім келеді. Қазіргі таңда білім талап етушінің бойында болуы қажет маңызды қабілеттердің бірі — бейімділе алу.

❤72👍28
Биыл бөле қарындасым бірінші курсқа түсті. Астанаға келгенінде құжаттарымен, жатақхана алу шараларымен көмектесіп, жандарында жүрдім.
Қазіргі жаңа толқын көш ілгері, оқымыстылар көп, ҰБТ нәтижелері өте жоғары студенттер жетерлік, бәсекелестік мықты.
Қосымша: бұл жерде плюстарын жазуды мақсат еттім, кез келген буында кемшіліктер болады.
Енді, перзент тәрбиелеп отқан ата-ана ретінде одан сайын көп еңбектенуіміз қажет екенін түсіндім. Өзімізді дамыту, балаларымызға инвестиция жасау, бәсекеге жарамды болатындай білім беру, қабілет игеруге мүмкіндіктер жасау, процессте болу, тәрбиелеу.
"Маған бәрібір" десең, сондай келешек аласың.
Мұсылман ретінде ақидамызға берікпіз. Ризық — Алла Тағаладан. Біз тек әрекет-амалымызбен көрсете білуіміз қажет.

❤115👍30🔥11⚡4
Кедейлік ер жігітке намыс емес,
Жоқшылықта туысың таныс емес.
Суық үй, арық соғым, жаман әйел,
Үшеуі кедейліктен алыс емес.
(с) Шал ақын Құлекеұлы
Осы жазбаның астындағы пікірлер:
Бәрін әйелдерге тіреп қоя береді екенсіңдер…
Еркектер өздерінің еріншектігін ақтап әлек…
Барлығын әйелге ысырып қоя салады…
Really? Біздің қоғамға не болған? Ер азаматтарға да, қыздарға да…? Терең таным, критикалық ойлау, сөздің байыбына бару дегеннен жұрдай болғанбыз, себебі кітап оқымаймыз. Құдай-ау, қарапайым ғана сөзді түсіне алмайтындай жағдайға жеткенбіз бе?
Соңындағы бір ғана сөз, оның өзінде реттілік бар. “Әйел” деген нәзік-нәзік деп, тым ессіздікке де түспеу қажет қой.
Суық үй қайда қалды? Арық соғым қайда қалды? Шал ақын оны еркекке қаратып айтып отыр емес пе?!
Алған әйелің жаман болса, міне, соның өзі кедейлікке жетеді деп жатыр. Материалды кедейлік емес, рухани кедейлік.
Бұл бір шумақтан жауапкершілікті әйелге ысырып қойған ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Шыны керек, достар, наданданып барамыз.

❤132🔥23👍18✍7😢4❤🔥2💯2💔2😭2
Жоқ, сонша сөздің ішінен “әйел” дегенді ғана көре қалып бірден түрпідей қабылдайтыны қалай? Оның өзінде тікелей әйелді кемсітетін контекст жоқ.
#ой_түймекке
#ой_түймекке
❤83💯20👏7🔥4⚡2❤🔥1👍1🕊1🐳1
Әйеліне аманат деп қарап, аялап, құрметтеп, бағалап жүрген қазақтың ер-азаматтары жетерлік.
Соларды да тілге тиек етіп, жігіттердің де еңсесін көтеріп тұрған жөн.
Әйтпесе әлжелідегі нарратив тек бір бағытта өрбіп барады. Ондай үрдістің арты жақсы емес.

👍87❤71💯13⚡2🔥2🤝2
Ақтөбелік Ihsan орталығының подкастында қонақта болдым, 1 күн бұрын YouTube-та сол шығарылым жарияланыпты. Қысқа формат, 50 минут жобасында. Көрем деушілерге сілтеме төменде. Бірқатар сұрақтарға ашылып жауап бере алдым, бірқатарына аздап ашыла алмадым. Қалай болғанда да, алатын пайдалы тұстары бар деп сенемін.
https://youtu.be/jRpAQVQqFVI?si=4JIx7h3mWZRqXhjk

YouTube
Шәди Арсен
Enjoy the videos and music you love, upload original content, and share it all with friends, family, and the world on YouTube.
❤45👍16🔥6😍3⚡1🤝1