Мухаммад Али (Алла рақымына алсын) кезінде Эрнимен шыққан кезде "Менің атымды айт" деп төбелеген еді ғой. Себебі Эрни Террелл Алиді Кассиус Клей деп бұрынғы атымен атайды.
Ал Али ол есімді ақтардың құлдарға қойып берген есімі деп қабылдайды. Сондықтан үзілді-кесілді өзін Мухаммад Али деп атауын талап етеді бәрінен. Өз есімімен сондай дәрежеде мақтанған, құрмет тұтқан.
Желі қолданушыларының бірі осыған қатысты мынандай пікір қалдырыпты:
Meanwhile the Mohammads of today want to be called "Mo"...
Ал бүгінгі Мұхаммедтер (өз атынан ұялып) "Мо" деп аталғысы келеді...
#ой_түймекке

👏78❤52👍20😢12💯8🔥3
Forwarded from dapterone
«Бездельник считает, что наслаждается жизнью, но рано или поздно ему придется столкнуться с разочарованием».
©️Фаусто Черчиньяни
©️Фаусто Черчиньяни
❤108👍22😢18💯4
dapterone
«Бездельник считает, что наслаждается жизнью, но рано или поздно ему придется столкнуться с разочарованием». ©️Фаусто Черчиньяни
Жандос бауырымның арнасын тұрақты оқып тұрамын.
Сыни пікірі бар, терең ойлана алатын азаматтардың қатарынан деп танимын.
Сыни пікірі бар, терең ойлана алатын азаматтардың қатарынан деп танимын.
❤80👍15🤝11🫡1
«Руханият» сөзіне назар салсақ, түбірі – «рух», яғни адамның жаны. Бұл – адамның ең шынайы болмысы. Тән бар, жан бар. Адамның шынайы болмысы – оның жаны.
Тән топырақтан жаратылған, ал жан Жаратушының ұлы сыры ретінде биіктен берілген. Сондықтан адамның рухы да биік, асқақ. Ол әрдайым ұлы істерге ұмтылады, биік мақсаттарды аңсайды.
Лас жерде немесе төмен ортада жүрсек, жанымыз қиналып, оған дақ түсіреміз. Ал үлкен мақсаттар қойып, сол армандарға ұмтылсақ, жанымыз шаттанып, шынайы болмысымыз азықтанады.
Әлсіздік, жалқаулық, еріншектік басқан кезде, бірден жан азығын беруді азайтып қойғанымызды түсінуіміз керек.
Адамның рухани жан-дүниесі тазарғанда ғана ойы да, ісі де
түзеледі. Тіпті көптеген аурулар да рухани әлсіздіктің салдарынан болады. Сондықтан жанымызды үнемі тәрбиелеп, биік ойларға, ізгі ниетке бағыттай білейік.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес

❤91🔥18👍10⚡5
Бүгінгі заман – көпқабілеттілікті талап етеді. Жасанды интеллектінің дамуы көптеген салаларға орасан зор өзгерістер алып келуде. Кейбір мамандықтар жойылып, жаңа мамандықтар пайда болуда. Осындай аласапыран кезеңге бейімделе білу – табыстың басты кілтіне айналды.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤98👍11🔥7💯3
Стив Джобс колледжде оқып жүрген кезінде қатысқан каллиграфия сабақтары кейін Apple өнімдерінде әдемі шрифтердің пайда болуына себеп болды. Яғни оның жастайынан үйренген қабілеті текке кеткен жоқ, сол уақытта үйренгені пайдасына жарап, мол табыс әкелді.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤90🔥15👍13
Өмірде кейбір нәрселер қандай берекесімен білмейміз. Мысалы, менің өмірімде үйренген әр тілімнің жеке-жеке оқиғасы бар. Бала күнде оқыған ағылшын тілі АҚШ-қа баруыма себеп болды. Араб тілін білгендігімнің арқасында көптеген араб елдеріне сапар шектім, гранттар ұтып алдым. Түрік тілін білгендіктен, оқуымды аяқтамай жатып лауазымды қызметке
шақырту алдым.
Нәтижесінде сол жұмыста жүріп бүгінгі бажаммен таныстым. Ол өзінің балдызымен таныстырып, қазір үйлі-отбасылы болып отырмын.
Жаратушы өмірде бүкіл нәрсенің себебін жаратып қойған, біз тек амал-әрекет етуді тоқтатпауымыз керек.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
шақырту алдым.
Нәтижесінде сол жұмыста жүріп бүгінгі бажаммен таныстым. Ол өзінің балдызымен таныстырып, қазір үйлі-отбасылы болып отырмын.
Жаратушы өмірде бүкіл нәрсенің себебін жаратып қойған, біз тек амал-әрекет етуді тоқтатпауымыз керек.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤117👍29🔥12❤🔥5👏2✍1
Біреуге түсіндірген кезде, өзіңіз де тақырыпты тереңірек меңгересіз. Бірінші курста Құран жаттап тапсыратын ұстазым: «Білім алушы әрдайым – «алушы» және «беруші» болуы тиіс», – дейтін. Яғни бір жағынан білім алып, екінші жағынан оны өзгеге жеткізген кезде есте сақтау қабілетің артады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤101👍23🔥10💯6
Кітап бойы тек қана «оқы-оқы» деп кеңес беріп жатыр деп ойламаңыз. Оқудың да тиімді тәсілі, жолы болады. Алдыңызға келгеннің бәрін оқып, қажеті де, қажетсізі де жатталса, көп ұзамай ми шаршап, шатыса бастайды. Себебі, тек жаттау – білім емес. Көп нәрсені жатқа білетін адам – міндетті түрде данышпан деген сөз емес.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤85👍13🔥12
Университетте әр пәннің оқытушысы саған қалың кітаптар мен ұзақ тізім бере салуы мүмкін. Оқулықты ашып, кейде 3-4 бет оқыған соң-ақ шаршап қаласың. Шынында, ондай кітаптарды бірден меңгеру қиынға соғады. Сол себепті бір пән бойынша бірнеше кітап пен дереккөзді пайдалан. Кейбір авторлар бір тақырыпта мықты болады да, келесі бір тақырыпта әлсіз боп жатады. Сондай жағдайда бір кітаптан таба алмағаныңызды, келесі бір кітаптан таба аласыз.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤90👍12💯8🐳6🫡4
«Мен жаттай алмаймын» деп айтпа! Әр оқыған нәрсеңнің саған пайда беріп, жадыңды дамытып жатқанын біл. Адамның ішкі бағдарламасы да сабақ түсінуде үлкен көмек береді. Бірден бәрін жаттауға тырыспа, ол – ең соңғы қадам. Әуелі сабақты түсініп ал.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤124👍19🔥8🫡5
Студенттік өмірде адам сабақтардан қатты шаршағаннан стреске түсіп кетуі мүмкін. Жанында демейтін, қолдау білдіретін жанашыр табылмаса, уайымы көбейіп, одан сайын күйзеліске ұшырап қалу қаупі бар.
Иә, сабақты жақсы оқы, алайда ол нәрсені қуанышпен, жарқын көңілмен жасай біл. Ол үшін ойыңды түзе. Қазір алып жатқан білім мен төзімділік, ертеңгі жарқын келешек үшін екенін жете түсін. Өмірде біз әсер ете алатын және әсер ете алмайтын нәрселер бар.
Кей мұғалімнің тәсілін, оның саған деген қарым-қатынасын өзгерте алмауың мүмкін. Егер ол төмен баға қойса, қатты уайымдама, керісінше, өз денсаулығыңды ойла.
Шынайы өз бағаңды біл! Мұғалімнің қойған бағасы 100%-дық көрсеткіш емес. Кей кезде өмірде аса маңызды болмаған нәрселерге қатты маңыз беріп жібереміз де, нәтижесінде стреске түсіп жатамыз. Аздап ойланып көр, қазір стреске түсіп, денсаулығыңды құртуың, осы уайымдаған нәрсеңе тұрады ма?!

❤91👍18🔥11👏1
Стресс сәттерінде ішімдік, шылым, есірткі сынды нәрселерге жолама. Дұрыс, тиімді шығу жолдарын қарастырып көр. Жаман әдет – өмір бойы жаныңнан қалмайтын, өнімділігіңді азайтатын, келешегіңе кері әсерін тигізетін құбылысқа айналуы мүмкін.
Басыңа қандай қиындық туса да, оның шешімі бар екенін біл. Бірде ұстазым былай деп айтып еді: «Адамдар биік тауды асу үшін де жол табады, тіршіліктегі қиындықтар да тура сол секілді, міндетті түрде айналма немесе кесіп өтер жолы болады».
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
Басыңа қандай қиындық туса да, оның шешімі бар екенін біл. Бірде ұстазым былай деп айтып еді: «Адамдар биік тауды асу үшін де жол табады, тіршіліктегі қиындықтар да тура сол секілді, міндетті түрде айналма немесе кесіп өтер жолы болады».
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤96👍15🔥8👏6
Бір адам сүрінді екен деп таң атуын, күн батуын тоқтатпайды. Әлем тіршілігі тоқтамайды, өмір жалғасады. Сен бар болсаң да, жоқ болсаң да ештеңе өзгермейді. Сондықтан өзіңді құрдымға жіберме, сүрінсең қайта тұр! Өміріңді қараңғылық басса, терезенің перделерін аш! Күн сәулесін сезін.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤119👍12🔥11🕊9👏1
Оқудағы стрестен бөлек біреудің ата-анасы ажырасайын деп жатады, біреудің жақыны қайтыс болады, біреу сәтсіз махаббаттан күйзеледі, біреудің денсаулығында қиындықтар кездеседі. Сол әр адамның көзімен қарағанда қаншалықты қиын жағдайда екенін түсінуге болады.
Бірақ осы бөлімді жазудағы басты мақсат – өмірдің әлі аяқталмағанын түсіндіру. Өзгелердің таңдауына, өмірлік ұстанымына, қабылдаған шешіміне, тағдыр ісіне араласа алмаймыз. Кей нәрселерді қабылдауымыз қажет, ары қарай жүруіміз керек.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
Бірақ осы бөлімді жазудағы басты мақсат – өмірдің әлі аяқталмағанын түсіндіру. Өзгелердің таңдауына, өмірлік ұстанымына, қабылдаған шешіміне, тағдыр ісіне араласа алмаймыз. Кей нәрселерді қабылдауымыз қажет, ары қарай жүруіміз керек.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤92👍16🔥7💔7🕊3
Өзіңмен өзің жабылып, қиындықтарыңды ішіңде сақтай берме! «Ауруын жасырған өледі» деп бекер айтылмаған. Стреске түсіп қалсаң, соны мойында. Мойындаған кезде қалыпқа келу картасын сызуға болады. Арнайы психолог секілді маманның қызметіне жүгінуге ұялма. Ет пен сүйектен жаралған адамбыз, сол себепті басымызда түрлі жағдайлар орын алып отырады. Өмірлік сынақтар қыспаққа алған кезде солардан шыға білудің өзі – өнер. Өзін-өзі жеңген адам – нағыз жетістікке жететін адам.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤111👍18😢7💯6
Уақыт – қайта оралмайтын қымбат қазына. Мысалы, 2025 жылдың 8 шілдесі енді қайтып оралмайды, келмеске кетті. Осылай әрбір сәтіміз келмеске кетеді.
Сол себепті уақытты дұрыс басқарып үйренсек, оқу кезінде стреске түсіп қалудың да алдын алуға болады. Уақытты басқару – демалыс уақытыңның бәрін білім жолына беру деген сөз емес. Керісінше, демалыс пен оқуды дұрыс үйлестіріп үйренуді айтады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
Сол себепті уақытты дұрыс басқарып үйренсек, оқу кезінде стреске түсіп қалудың да алдын алуға болады. Уақытты басқару – демалыс уақытыңның бәрін білім жолына беру деген сөз емес. Керісінше, демалыс пен оқуды дұрыс үйлестіріп үйренуді айтады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤98👍16🔥15👏3
Ұйқыдан оянған соң міндетті түрде жарты сағаттай уақытыңды күніңді жоспарлауға арна. Демалыс күні әдеттегі уақыттан кештеу тұруың мүмкін. Ештеңе етпейді, сол тұрған кезіңде келесі күнді құрдымға жібермей, толық өз пайдаңа жарата алу үшін жарты сағат арнап, жоспар құрып ал. Әр минутты қалай пайдаландың, сол бүкіл күніңнің нәтижесін анықтайды.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤114👍16🔥14
Қандай да бір іске аз да болса тұрақты көңіл бөлсең, айлар немесе жылдар өткен соң едәуір алдыға жылжығаныңды байқайсың. Мысалы, күніне екі бет қана кітап оқысаң, бір жылда 730 бет оқисың. Күніне 15 минуттан бір нәрсеге тұрақты көңіл бөлу арқылы, 4 жылда соның шеберіне айналасың. Бұл да уақыттың құндылығын білу арқылы жүзеге асады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤94👍24🔥15⚡3
Өмірде ел аузында жүретін екі түрлі мысалдың бірі болуға болады: жетістікке жеткен адамның мысалы ретінде көрсетеді немесе дұрыс жолдан тайып, нәтижесінде құрдымға кеткен адамның мысалы ретінде көрсетуі мүмкін. Екіншісі болып қалудан Құдай сақтасын!
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤103👍20🔥7👏4