Orientalist's Notes
10.7K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Жақсы қызметте істейтін бір ағам “Студентке кеңес” кітабын оқып шығыпты. Кеше кездескем, содан кітаптағы сөйлемдер, құрылымдары сауатты шығыпты деп жатыр.

Кітаппен редактор жұмыс жасады. Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры редакциялады.

Елге белгілі журналист ағам — Рахат Жақсыбай мырза корректурасын жасады. Жалпы есепте кітапты 6 мәрте бастан-аяқ оқып шықты.

Алғашқы кітабым — TilBil Polyglot-ты екінші басылымға дайындап бастадым. Айтарлықтай қателерді көріп жатырмын. Алла жазса, ол да жақсы сапада ұсынылады.

#ой_түймекке #кітап_жазу
❤80👍27🔥7👏1
Бірақ ұмытпау керек нәрсе бар. Құран ғана мінсіз. Ішінде бір күмән, бір қате жоқ жалғыз кітап.

Қалған адам баласы жазған кітаптың бәрінде дерлік қате болады, табылады, шығады. Бүгін болмаса ертең.

#ой_түймекке #кітап_жазу
❤126👍31💯14🔥4⚡1
Сен аңсап жүрген жетістік – сен жасаудан қашып жүрген амалға жасырынған.

©️Фәнуун.
❤185👍31⚡10🔥9😍2💔2
Еңбек еткен, ақша тапқан жақсы нәрсе ғой. Адал ақша табуға ұмтылып жүрген, отбасы, бала-шағасын адал асырауды мақсат еткен әрбір адамға Алла разы болсын, жолын жеңіл етсін.

#ой_түймекке
❤205👍37🔥12✍2⚡1
Күніңді қандай ниетпен, қандай көңіл-күймен бастайсың, жалғасы солай өрбиді.

“Өмір — керемет” деп қойыңыз да, баса берсеңізші.

Кейде осындай қарапайым сөздердің өзі жетпей жатады адамға.

#ой_түймекке
❤210👏26👍17🔥5✍2
Түркістандық оқырмандар ❕

📌 13.12.25 (сенбі) күні сағат 14:00-де оқырмандармен кездесу.

📍 Алатау кампус, Қарадауов 7

Кіру тегін!

Уақыт жағы тығыз, себебі кешке Шымкентте кездесу бар. Сондықтан уақытылы келіңіздер, біраз пайда алып, пайда беріп, Құдай берген мүмкіндіктерді пайдаланайық.
😍28❤20👍7🔥3🤩3
Шымкенттік оқырмандар, аздаған өзгеріс ❕

📌13.12.25 (сенбі), сағат 17:30-да

📍Абай кітапханасы, Б. Момышұлы 20

Ашық есік, кіру тегін!

Сапар тек 1 күндік, сол себепті барынша пайдалы болуымызды жазсын. Сіздер де шынайы пайда аламыз деген ниетте келсеңіздер. Әр кездесулердің арасында үздіксіз дамып, білімімді жаңартып отыруға тырысам. Сондықтан айтарым бар деп сенемін. Білімге аш жандарды күтеміз!
❤53❤‍🔥9👍7👏4😱2
Алдыңғы апта бойынша кітап оқу көрсеткішім:

Жалпы есепте 71 бет кітап оқыдым. Әр күнге шаққанда 10 беттен. Алайда мүлдем оқылмаған күндер бар. Апта соңы сапарда болдым.

Әр апта көрсеткішті көтерем деп, түсіп бара жатқаны ше?! 😂

Алайда адалдықты, тұрақтылықты бұзбаймын деп шештім. Аптасына 1-ақ бет оқысам да жазам.

Кітап көп оқымады деп, білімнен мақрұм қалды деп ойламаңыздар.

Сапар кезінде көбірек лекция, подкаст тыңдаймын. Ұзақ, жүйелі контент тұтыну мүмкіндігі.

Алдыңғы апта бойы 357мин. (= 6сағ.) лекция, семинар, подкаст тыңдадым. Көпшілігі ұшақта, көлікте болған кезде тыңдалды.

Білім алуға әрдайым мүмкіндігіміз бар. Жыл, ай, апта, күн, сағат, минут текке кетпестен, өз пайдамызға жарата білуіміз маңызды.

Кітап оқуға мүмкіндік болмай қалды ма, онда тыңда. YouTube-та арнайы тізімдерің болсын. Соларды тыңдап шыққан соң шағын талдау ойыңды жазып отыр.

Миды дәйім азықтандырудың жолы көп.

#ой_түймекке
❤85👍33👏8💯3🔥2
Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿

"Маңдай терімді телегей қылып төгермін,
Бостандық таңы болмауы үшін бозамық
", - деп Жадырасын Дәулет есімді ақын бауырымның жазғаны бар еді.

Ертеден осы ұранмен жетілдік, өстік, есейдік. Алайда өскен сайын оған амал ету формасы түрлене береді екен. Бұрында рухты сөз айтып, мінберден сөйлеу деп білген нәрселердің қазір ақиқатын басқаша түсінетін болдық.

Ағартушылық ізін жалғасақ деген мақсат-мұрат бар. Құдай осы жолдың есігін ашты. Бүкіл құралдар сол бағытты нұсқауда.

Өзімізді іздейміз ғой. Міне, сол іздеулер бір құндылықтардың үстіне құралса игі.

Мерекет құтты болсын! Алла Тағала елімізге жар болсын! 🇰🇿

#ой_түймекке
❤84❤‍🔥14👍11🤝2
Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап,
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап,
Қара бауыр қасқалдақ кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға қамықпа деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз, айдын үшін сол қайғы…
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды!

Бұл өлеңнің әнін Ілесбек Аманов Желтоқсан оқиғасынан 1 жыл өткен соң жазған.

“Жұлдыз журналына ақын Есенғали Раушановтың 5-6 өлеңі жарияланған екен. Арасында “Қара бауыр қасқалдақ” деген өлеңі маған қатты әсер етті. Астарын ұққандай болдым. Бірден ән шығардым.”

Ақын астарлы түрде Қонаевты қасқалдаққа, Колбинді шүрегейге теңеген.

Қазақта қасқалдақ - адалдықтың нышаны. Қақаған қыста да айдынын тастап кетпейтін, жеріне адал құс.

Қолы жетпеген бағалы дүниенің өзін қазақ “қасқалдақтың қанындай” деп әспеттеген.

Шүрегей де үйрек тұқымдас құс, алайда қасқалдақтай бағалы емес.

Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды деп жазады өлеңде.

Бұл өлең үшін де ақын талай тергеліп, қыспаққа алынған екен.

Осындай құрбандықпен келген Тәуелсіздіктің қадірін айта беруден, жеткізуден шаршамауымыз қажет-ақ. ❤️🇰🇿
❤144💔21🕊10👍7💯4🔥1
Құран аяты бар ғой:

“Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббысы — Алла үшін”.

Намаз, құлшылық, умра, қажылық — блог үшін боп кетпесе екен. Шыны керек, қасиетті нәрсенің қасиеті қалмай баратыр адамдардың көзінше…

“Ойбай, ниетін білмейсің ғой, одан да қабыл болсын десейші…”

Қабыл болсын, әумин! Ниеттімін. Алла үшін дегенін ұмытпасақ болғаны. Сол ғана ғой.

#ой_түймекке
❤140👍28💯11🔥2
Тіл курстарына сатылым ресми жабылды. Алдыңғы сабақтар енді қайта сатылымда болмайды.

Ізденуді, білім алуды тоқтатпау қажет екенін жеткізгім келеді.

Иә, курс көп, ақпарат толқыны сұмдық, соның ішінде тұншықпай, батып кетпей, сапалысын ұстай білу керек.

Сапа — тек видеоның, жарықтың сапасы емес. Контент сапасы — негізгі оның мазмұны маңызды.

#ой_түймекке
❤58👍22😢2
Өткенде Түркістан және Шымкентте студенттермен кездестім. Білімге құштар, жанып тұран жалынды жастар көп.

Сондай кездесулерде тыңдарманның өзі ұялып отырады басында. Кімде қандай сұрақ бар дейсің, ешкім қол көтермейді. Өзге біреудің бірінші бастағанын тосады.

Сосын кездесу аяқталуға таяғанда сұрақтар көбейе түседі.

Тілек жазып, қол қойып отырасың, параллельді түрде келіп сұрақтар қоя бастайды. Ал ол уақытта мен де кетуге асығамын, келесі жоспарларға кірісуім керек болады.

Өзім студент болған кезде де байқағам. Мейлінше, кездесудің басында көзге түсіп, сұрақ қойып үлгерген жақсы. Соңына қарай сауал берушілер көбейеді, спикердің де уақыты тақалған соң, қысқаша жауап беруге икемделеді.

#ой_түймекке #студентке_кеңес
❤84👍26🔥5⚡3💯3
Шымкент пен Түркістанға ұшып бара жатсам бір оқырман жазыпты:

"Осылай Алматыны аттап кете бересіз бе?" деп... 😅

Тағы басқа бауырымыз "Өскеменге қашан?" деген.

Түркістан ұйымдастырып, қаламақысын төлеп, жолақысын беріп, студенттерін жинап қойды. Жұмыс күніне еш кедергі келтірмеді, тек демалысты пайдаланып барып-келдік.

Ұйымдастырса, шақырса, біздің құндылыққа сай келсе, уақыт үйлессе, барамыз.

Ал жалпы өзіміз де Қазақстан университеттерін аралағымыз келеді. Жыл соңы уақыт тапшы болуда.

Осы арнадағы оқырмандарымыз, оның ішінде студенттер төмендегі батырманы басып, қай қалада оқитынын таңдап кетсе деп едік. Сол арқылы белгілі бір дәрежеде статистика жасап алсақ, алдағы сапарларды жоспарлауға көмек болады. Қай қалада университет бар, соларды жазуға тырыстық. Егер де қалып кетсе, ең астында өзіңіз қолмен жаза аласыз.
❤75👍14👏5
Өмірдің әр кезеңі – мүмкіндік. Егер бакалаврда мамандығыңыз ұнамай қалса, бұл сіздің болашағыңызға қойылған нүкте емес.

Қаласаңыз, екінші жоғары білім алып, бағытыңызды өзгерте аласыз. Егер академиялық жол қызықтырмаса, оқуды бітіріп, дипломыңызды алып әрі қарай дамуды жалғастыра беріңіз.

Қайталап айта кетейін, университет тек білім мен диплом ғана бермейді, көптеген қабілетіңізді ашады. Тіпті ұнатпай оқып жүрген мамандығыңыздан да өз керегіңізді алуға болады.

(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді

Егер де кітапты автор тілегімен алғыңыз келсе, төмендегі батырманы басыңыз
❤83👍16🔥7💯4
Әуелі, адам болсаң өзіңді біл,
Адамға сөйлейтұғын сөзіңді біл.
Әр жаста әрбір түрлі міндетің бар,
Қай жаста не істейтін кезіңді біл.

(c) Шәкәрім Құдайбердіұлы (Алла рақымына бөлесін)

Шәкәрім атамыздың осы бір жолдары біздің "Студентке кеңес" кітабымыздың миссиясын ашып баяндап тұрғандай. Өмірдің түрлі сатылары болады. Сол әр кезеңде адамның жасайтын міндеттері бар. Уақытын жіберместен, әр істі өз сәтінде істеуге тырысқан жөн.

Кім қалай ниет етеді, сол ниетіне Құдай жеткізеді.

#ой_түймекке
❤120👍27⚡8👏1🤯1
Алдыңғы апта жалпы есепте 178 бет кітап оқыппын.

Оған дейінгі апта 71 бет болған, естеріңізде ғой, иә?!

Жыл соңы, шаруа көп. Бірақ сылтау жоқ. Оқу керек. Тек санға емес, сапаға. Сан да керек, сапа да керек қазір.

Алладан береке сұраймыз. Процесстен ләззат алудамын. Сіздермен бөлісуде де пайда бар деп ойлаймын.

Біреу-міреудің есіне кітап оқу қажетін түсіріп қалармыз.

#ой_түймекке
❤119👍26🔥10👏10
20 жасыңда оқып білген, түсінген нәрсең бір бөлек, 26 жасыңда ой жүгіртіп, түйсінген нәрсең бір бөлек екен.

20 жасымда өте максималист болдым, бәрін білем деп ойладым.

Өмірді сүрместен біле алмайтын нәрселердің барын ұқтым.

Кез келген оқу-білімге қызығып, сонымен айналысқан адамның алғашқы этапта жасайтын классикалық қателігі ғой. Өзіңді бәрінен артық білем деп есептеу.

Өмір мектебі осымен де қызық.

Қазір енді одан сайын түсінем, әрдайым оқуда, ізденісте болу керек. Уақытты тоқтата алмайсың. Шынымен, Достоевский жазғандай, "серьезный-серьезный" нәрселер оқу қажет.

Миды дәйім қозғап отыру маңызды.

Ойлысың, ойлана аласың, демек, тірісің.

#ой_түймекке
❤91👍25👏8🔥6💯4❤‍🔥1😢1
- Келесі қандай кітап жазасыз?

- Алла сәтін салса, Шығыстануға қатысты кітап шығару арманым. Шыны керек, мамандығымды жақсы көремін. Тек осы сала мамандары емес, Юджин Роган секілді көпшілік те оқи алатын кітап жазғым келеді. Бұрыннан бері қолданатын #запискиВостоковеда деген хештегім бар. Осы атаумен шықса деген ниет.

#сұрақ_жауап
❤66👍18🔥10👏3