aruzhanymsol
967 subscribers
1.07K photos
61 videos
27 files
78 links
Егер әйел дүние құлдығынан бас тартып, Алланың алдында өз әлсіздігін мойындаса, оның өмірінің басты мақсаты Раббысын іздеуге айналады🍃

психолог / жеке терапиялар өтемін🌷
Download Telegram
Расында жүректің соқыр болуы бәрінен де қорқынышты…

Соқыр жүрек - Раббани ақиқаттар мен жүрек мәндерінің жолын бөгейді..
Forwarded from yasina
Алла тағала біздің қыздарымызға, әйелдерімізге тазалықты қалайды. Ешбір еркектің көзін түсіргісі келмейді оның денесіне, тәніне. Оның абыройлы болуын қалайды. Ол көрінгеннің көзіне көрінетін арзан нәрсе емес.

Ерлан Ақатаев Ұстаз
Таза жүрек - Алладан басқа барлық тәуелділіктерден арылған жүрек.
Кімде-кім Алланың шынайы құлына айналса - Одан өзгенің бәрінен де еркін болады.
Кімнің мерзімі қанша екенін білмейміз ғой..
ілім мен Құран жолында түсінеді екенсің тұрақтылық пен ақырын бір мақсатқа жетуге қадамдар жасаудың маңыздылығын.

Мақсат әртүрлі болуы мүмкін, ал формула 1.

Сабыр: құлшылыққа, қиыншылыққа, күнәға деп 3-ке бөлінеді екен..
🔘Ризықтың ең төменгі дәрежесі ол – мал-мүлік.

🔘Ризықтың ең жоғарғы дәрежесі ол – денсаулық.

🔘Ризықтың ең абзалы ол – ұрпағыңның салихалы болуы.

🔘Ризықтың ең кемелі ол – Әлемдердің Раббысының разылығы.

Имам Шағрауи ▫
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
бүгінге ұнаған сөз:

“өзін ашқан тұлға - өзгені де ашады”
Оның себебімен күллі қауым исламды қабылдады…

Мединаға қарсы тайпалардың ішінде “бәну мусталиқ” атты тайпа бар еді. Бірақ Алла Елшісі оларды басып озып, бірінші болып шабуыл жасап, нәтижесінде 100-ге жуық отбасы тұтқынға түсті.

100-ге жуық отбасының ішінде сол тайпаның басшысының да отбасы бар еді. Бірақ ол кісі қашып үлгерген болатын. Қашып кеткеннен кейін өзінің отбасы тұтқынға түскенін біліп, қайта оларды босатып алып кету үшін қаражат жинай бастады.

Осы уақытта тайпа басшысының қызы Барра - Сәбит ибн Қайс аш-Шаммастың р.а қолына тұтқынға түсіп еді.

Барра осы кезде
“Йа Сәбит, сен бірден өзімді бостандыққа шығарып алуым үшін төлеуім керек құнымды белгілеп, маған айт” деді.

Сәбит ибн Қайс аш-Шаммас р.а: “100 алтын динар” деген бағаны айтты.

Ол өзі тұтқындағы әйел, мұндай ақша қайдан болсын!? Біраз уақыт ойланды да, Алла Елшісінің ﷺ алдына барамын деген шешімге келді.

Барра Пайғамбарымыздың ﷺ алдына келіп, ол кісімен сөйлескісі келетіндігін білдірді.

(Барра есімінің мағынасы «өте тақуа,
өте игілікті, пәк әйел» болғандықтан: адамға өзін-өзі мақтағандай реңк беріп кетуі мүмкін есім деп Алла Елшісі ﷺ Джуайрия деп өзгертеді)

Алла Елшісі ﷺ ол кісіні қабылдап, әңгімесін тыңдап, бақылап тұрып түсінді:

Бұл әйел қарапайым әйелдерге ұқсамайды, сондай ақылды, сауатты әйел болып көрінді.

Содан сұрақ қойды: “Сен кімсің? Әкең кім?” дегенде, “Мен Харис атты көсемнің қызымын” деп жауап берді.

Алла Елшісі ﷺ сол тайпаның басшысының қызы екенін білгенде ол әйелді дінге шақырып бастады, ал оған бұл дағуат қатты ұнады. Исламға жүрегі ашыла бастады, сүйтті де тілін кәлимға келтіріп, Алланың дінін қабылдады.

Сол жерде тұрып былай деді: “Йа Расулалла, мен исламға біраздан бері қызығып жүр едім. Мен бұл туралы ізденгім келетін, әрі дінді сіздің алдыңызда қабылдағаныма өте қуаныштымын. Бірақ бір мәселе бар, мен құнымды төлеп өзімді босатып алуым керек.”

Алла Елшісі ﷺ ол әйелдің қарызға ақша сұрап тұрғанын түсінді де, “Саған ең жақсы бір шешім ұсынғанымды қалайсың ба? Мен саған үйленемін, ал сенің мәһрің Сәбит ибн Қайс аш-Шаммас сұраған 100 алтын динар болады. Сен сол ақша арқылы өзіңді бостандыққа шығарып аласың” деген ұсынысты айтты.

Содан Джуайрия анамыз: “Алла Елшісінің жары болғаннан артық нендей жақсылық болсын?!” деп бұл ұсынысты бірден қабылдайды.

Алла Елшісі ﷺ Сәбит ибн Қайс аш-Шаммасқа р.а 100 алтын динарды төлеп, толығымен тұтқыннан босатып алды.

Ал осы кезде соғыстан түскен олжа ретінде 100-ге жуық отбасыны тұтқында ұстап отырған басқа сахабалар Алла Елшісінің ﷺ “бәну мусталиқ” тайпасының көсеміне үйленгенін естіп, Алла Елшісінің ﷺ жарының туыстарының барлығын босатамыз деген шешім қабылдады.

Бұл олардың Алла Елшісіне ﷺ деген жоғары құрметінен жасалған амал еді.

Бұл әрекетке тәнті болған Джуайрия анамыздың туыстарының барлығы бірден ислам дінін қабылдады.

Сол үшін де Айша анамызға р.а Джуайрия анамыздың осы оқиғасын баяндағанда: «Алланың атымен ант етейін, мен өз қауымына осындай үлкен жақсылық жасап, пайдасын тигізген Джуайрия сияқты бірде-бір әйелді білмеймін» деп айтады.

1. Джуайрия анамыздың дана шешімінің себебімен 100-ге жуық отбасы бостандыққа ие болды.
2. Джуайрия анамыздың исламға келуі себебімен олар түгелдей исламды қабылдады.

Ал енді әкесі Харис бұл уақытта қызын тұтқыннан шығарудың амалын жасап, жан-жақтан мал іздеп, 100 дана құны қымбат түйе жинақтады.

Мединаға бет алды да, қалаға кірмес бұрын қызым екеуміз қайтуымызға қажет болар деген оймен 2 түйені тығып қойды да, қалған 98 түйені алып қалаға кірді.

Мединаға келгенде Харис өзінің тайпасының адамдары түгелдей исламды қабылдағанын көреді.

Ол бұл жайтқа таң қалып, Алла Елшісің ﷺ алдына барып, “мен өз қызымды және тайпамның адамдарын босатып алу үшін түйелер алып келдім” дейді.
Ал Пайғамбарымыз ﷺ: “олардың барлығы қазір бостандықта, әрі сенің қызың исламды қабылдады” дейді. Сол кезде Алла Елшісі ﷺ сұрақ қойды: “сен қанша түйе алып келдің?”, Харис: “98” деп жауап берді. Алла Елшісі ﷺ:
“100 болуы керек емес пе?” дегенде, “иә, 100 болды, бірақ мен екі түйені жасырып қойдым.
” Содан Алла Елшісі ﷺ : “Қайда жасырып қойғаныңды айтқанымды қалайсың ба?” деп, сол түйелердің тұрған жерін айтады.

Харис: “Уаллахи, Алланың Елшісінен ﷺ басқа мұны ешкім де білуі мүмкін емес!” деп, ол кісі де Алланың Кеңшілігімен исламды қабылдайды. Осылайша Харис ибн Аби Зирар р.а Алланың Елшісінің ﷺ
сахабаларының қатарына қосылды!
Құранмен үнемі байланыстағы адам уақыт өте жүрегінің жұмсарғанын байқайды. Ол жұмсару - күнәлардан тазару деп аталады.

Дәл осылай сіз өміріңіздегі қараңғылықтан жарық нұр таба бастайсыз.

Бұл нұр - сізді тура жолмен алып жүретін болады.
Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді:

«Әр күні таң атқанда адамның бүкіл дене мүшелері тілге жалбарынып үн қатады:
“Біз үшін Алладан қорық!
Өйткені біз тағдырымызбен саған байланып тұрмыз.
Сен түзу болсаң – біз де түзелеміз.
Ал егер сен бұзылсаң – біз де бірге бұзыламыз.”»
Әлемнің кеңдігінен не пайда, жүрегің кең болмаса?!)
Ислам ғалымдары Құрандағы барлық аяттардың күнделікті
біз көріп жүрген реттілікпен орналасуының «тәуқифи» екендігіне
бір ауыздан келіседі. «Тәуқифи» дегеніміз – аяттарды белгілі
бір жүйеге немесе көзқарасқа жүгіне отырып орналастыру
емес, керісінше, Аллаһ тағала тарапынан белгіленуі. Мысалы,
Жәбірейіл (а.с.) Мәдинада түсірілген бір аятты Аллаһ елшісіне
әкелгенде: «Мұны Меккеде түскен сүренің ортасындағы пәлен
аяттан кейін қой»,– деген. Оған имам Ахмед жеткізген хадистегі
Осман ибн Әбу әл-Астың: «Аллаһ елшісінің жанында отырған
едім, ол (с.а.с.) көзін жоғары көтерді де бір жүгіртіп: «Маған
Жәбірейл келіп, мына аятты мына сүренің
«Негізінде Аллаһ әділетті, игілікті бұйырады...» мына жеріне қоюуымды бұйырды .(«Нәміл» сүресі, 90)

“Құран ілімдеріне кіріспе” кітабынан
Айша анамыздан келген риуаятта: «Құранды мәнерлеп
оқыған адам сафара (қадірлі) періштелермен бірге болады.
Құранды жаңа үйреніп, қиналып оқыған адамға екі сауап бар.
Ибн Аббастан жеткен хади-
сте: «Жәбірейіл (а.с.) пайғамбарымызбен (с.а.с.) Рамазанның
әр кешінде жолығып, Құранды қайталаған»
,– деп келеді. Де-
мек, пайғамбарымыз (с.а.с.) сол уақытқа дейін түскен аят-
тар мен сүрелерді рет-ретімен Жәбірейілге (а.с.) оқып, оны
Жәбірейілден тыңдайтын.