Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:
«ТӨРТІНШІ. Білім беру жүйесін еңбек нарығының келешектегі сұранысына бейімдеуіміз қажет.
Автоматтандыру мен жасанды интеллектінің одан әрі дамуы жаһандағы еңбек нарығын түбегейлі өзгертетіні қазірдің өзінде белгілі.
Goldman Sachs келешекте жүздеген мамандық пен үш миллионға жуық жұмыс орны жойылуы ықтимал деп болжам жасап отыр.
Алайда әрбір технологиялық революция кезінде адамзат баласы осыған ұқсас дүрбелеңдерді бастан кешкені тарихтан мәлім. Біздің міндетіміз – жаңа жағдайға алдын ала дайындалу»
t.me/aqorda_resmi

👍7
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Президент:
«Жасанды интеллектіні қолданысқа енгізу адамдарға арналған жұмыс орындарының жаппай жойылуына алып келмейді.
Керісінше, адам еңбегі трансформацияға ұшырап, мүлдем жаңа кәсіби дағдыларға сұраныс пайда болады. Сондықтан қызметкерлерді жаңа дағдыларға мектептен бастап баулу қажет. Осыған орай, ең алдымен, цифрлық сауаттылық пен информатиканы оқыту сапасын арттырған жөн. Ол үшін білікті ұстаз тапшылығын шешу қажет.
«Astana Hub» халықаралық технопаркінде білім беру платформасы табысты жұмыс істеп жатыр. Сол арқылы жоғары оқу орнының студенттері бағдарлама жасауды үйренеді.
Үкімет барлық мәселені пысықтап, мектеп оқушылары үшін осындай онлайн платформаны пилоттық режимде іске қосады деп ойлаймын»

👍6
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Мемлекет басшысы:
«Университеттерде пәндерді оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер және салалық мамандар жасанды интеллект бойынша базалық білімді міндетті түрде меңгеруі керек.
Мен жуырдағы Жолдауымда кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект бағытына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек деген міндет жүктедім.
Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтын толыққанды ғылыми-зерттеу институтына айналдыру тағы бір маңызды қадам болмақ.
Ол үздік мамандар мен сарапшылардың орталығына айналып, біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Институт құрамына IT индустриясының әлемдік және отандық көшбасшыларымен тығыз байланыста жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталығы кіреді.
Осы ретте Институт әзірлемелерін коммерцияландыру және кеңейту маңызды»

👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:
«БЕСІНШІ. Инновацияның және технологиялық прогрестің ең маңызды қозғаушы күші ретінде венчурлық капитал нарығын дамытуымыз керек.
Қазақстан стартаптарға инвестиция салуды ынталандыру үшін институттық және заңнамалық базаны дәйекті түрде жетілдіріп келеді.
Былтыр венчурлық келісімдердің орташа мөлшері екі есе артты. Бұл – қуантарлық жайт.
Осы орайда аталған саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілер базасын АҚШ, Сингапур және Гонконг елдерінде қолданылатын үздік тәжірибемен сәйкестендіру қажет. Сонымен қатар венчурлық капитал нарығына халықаралық ойыншыларды тартудың маңызы зор»

«Қазір жасанды интеллект өте қарқынды дамып жатыр. Соның арқасында инклюзивті және тұрақты дамуға арналған тың мүмкіндіктер пайда болуда.
Бұл салада жаһандық бәсеке өте жоғары. Қазақстан осы үрдістен тыс қалмауы керек. Бұл – заман талабы.
Сондықтан біз қазір озық технологияны дамытуға айрықша назар аударып отырмыз.
Қазіргі міндет – еліміздегі ІТ-мамандардың, сарапшылардың, ғалымдардың басын қосып, олардың күш-жігерін тиімді пайдалану. Сондай-ақ халықаралық серіктестердің зор мүмкіндіктерін еліміздің кәдесіне жарату»

👍8
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Мемлекет басшысы:
«Тағы бір маңызды мәселеге назар аударған жөн. Бүгінде адамның ақыл-ойынан машина, яғни технология үстем болатын заман орнығуда.
Басқаша айтқанда, жасанды интеллект технологиясы адамзатқа қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Мұның арты неге әкеп соқтыратыны белгісіз. Ғалымдар арасында бұған қатысты ортақ пайым жоқ.
Яғни, жасанды интеллект адамзатқа игілік әкеле ме әлде құрдымға кетіре ме деген сұрақ әлі де өзекті болып тұр. Сондықтан осы мәселеге саналы түрде қарап, жасанды интеллектінің дамуын жіті назарда ұстау – аса маңызды міндет.
Мысалы, кезінде атом энергетикасымен қатар атом қаруы пайда болды. Сол кезде жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін жаңа қағидаттар қалыптасты. Бұл – технологиялық даму заманында ұжымдық қауіпсіздік мәселесі бақылауда болуы керек деген сөз»

«Қазір біз саяси жүйені түбегейлі жаңғыртып жатырмыз.
Білім мен жаңа технологияны негізге алатын экономика құра бастадық. Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болады. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса мән береміз.
Біз цифрлық номадтардың, яғни мықты ІТ-мамандардың Қазақстанға келіп, жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасаймыз.
Инновациялық кәсіпкерлікті және креативті индустрияны дамытамыз. Жалпы, жаһандық технологиялық революция барлық елдің өркендеуіне, адамдардың дамыған және әділетті әлемде өмір сүруіне септігін тигізуі керек»

👍15👎3
Forwarded from NU ACM-W Student Chapter
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
[ҚАЗ]: NU ACM-Women ұйымдастыратын қазан айының басты іс-шарасы - ✨Women’s Hack Day✨ топтық сайысына тіркелу БАСТАЛДЫ! Біздің басты демеушілеріміз UMAG және ZAPIS.KZ-ке және серіктестеріміз EPAM Kazakhstan-ға алғыс білдіреміз!
💖Women's Hack Day - жыл сайын өткізілетін бұл 3 раундтан тұратын топтық сайыс. Бағдарламашылар, дизайнерлер және менеджерлер сынды әртүрлі салаларда қызығушылық танытатын студенттер бірге:
- өнім дизайны🖌
- математика📚
- бәсекелік бағдарламалаулық есептер шығаратын болады💻.
📌Қатысу және дайындалу үшін сіз өз командаңызды құруды бастауыңызға болады.
📆Күні: 28 қазан, 10:00 - 19:30.
📍Өтетін орны: Назарбаев университетінің, Астана, Қазақстан
❗️Тіркелу мезгілі: 20 қазан, 23:59-ге дейін
💖3-4 қыз достарыңды жинап, NU ACM-Women SC сыйлары сияқты керемет сыйлықтарды ұтып ал!
💗ОСЫНДА ТІРКЕЛ💗

🔥3
Forwarded from IT bilim
🖥 Спорттық бағдарламалау федерациясы спорттық бағдарламалау бойынша Қазақстандағы екінші чемпионаты туралы жариялайды
1 тур 29 қазан ОНЛАЙН өтеді.
Жүлде қоры: 3 МИЛЛИОН теңге
✅Чемпионатқа қатысу критерийлері: 14 жастан жоғары. Қатысу тегін.
🤝Чемпионаттың бас серіктесі: Freedom Broker
📲Тіркелу (қатысу ережелері және регламент сайтта көрсетілген):
https://contest.cpfed.kz/
Бізбен хабарда болыңыздар:
- Instagram: https://instagram.com/cpfed.kz
- Telegram: https://t.me/cpfed
- Федерация: https://cpfed.kz

👍5
Forwarded from TECHOZIMIZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Миға азық болар подкаст📺
Жұма — барлық тапсырмаларды өткізіп, уф деп арқаны кеңге жаятын күн. Алда екі күн демалыс күтіп тұрғанын біліп, әрбіріміз жоспар құра бастаймыз. Уақытты тиімді өткізу, пайдалы дүниемен айналысу, қосымша білім алу қажеттілігін айтып, ескертпесек те мейнстримге айналуда💡
🆙 Ендеше, алдағы уақытта біз сендермен қызықты әрі пайдалы контент ұсынушы YouTube арналарды, әсіресе подкасттарды бөлісіп отырамыз деп шештік.
Осы ниетте ғаламторды ақтарып отырып, тамаша подкастты көзіміз шалды. Біздің айтып отырғанымыз — 7010 PODCAST арнасында жарыққа шыққан IT ағартушы Тимур Бектұрмен әңгіме. Қазақ тілді, онымен қоймай IT жайлы подкаст! Сенесіңдер ме?😍
Мұнда тек ақпараттық технологиялар жайлы ғана емес, заман талабы, цифрлы әлемдегі өзгерістер, Америкада білім алу және өзге де мықты тақырыптар қозғалған екен. Бір демде көріп шығып, біршама ой түйдік.
✅️
Подкастты Apple Podcasts-тан да тыңдау мүмкіндігі бар.
Ендеше, подкастқа сілтемені бөлісейік:👇
🔗 YouTube
🔗 Apple Podcasts
#tech_selection
Жұма — барлық тапсырмаларды өткізіп, уф деп арқаны кеңге жаятын күн. Алда екі күн демалыс күтіп тұрғанын біліп, әрбіріміз жоспар құра бастаймыз. Уақытты тиімді өткізу, пайдалы дүниемен айналысу, қосымша білім алу қажеттілігін айтып, ескертпесек те мейнстримге айналуда
Осы ниетте ғаламторды ақтарып отырып, тамаша подкастты көзіміз шалды. Біздің айтып отырғанымыз — 7010 PODCAST арнасында жарыққа шыққан IT ағартушы Тимур Бектұрмен әңгіме. Қазақ тілді, онымен қоймай IT жайлы подкаст! Сенесіңдер ме?😍
Мұнда тек ақпараттық технологиялар жайлы ғана емес, заман талабы, цифрлы әлемдегі өзгерістер, Америкада білім алу және өзге де мықты тақырыптар қозғалған екен. Бір демде көріп шығып, біршама ой түйдік.
Біздің рекомендасьонПодкастты Apple Podcasts-тан да тыңдау мүмкіндігі бар.
Ендеше, подкастқа сілтемені бөлісейік:
#tech_selection
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥19👍8
Бүгін апақ-сапақта Apple компаниясы кезектен тыс жаңалық жасады.
Scary Fast яғни "Жаман жылдам" деп аталатын бұл шарада ең соңғы үлгідегі процессорлары мен жаңа iMac, MB Pro өнімдерін таныстырды.
Көп жазуға ерініп отырмын, сондықтан, суреттерін жариялай саламын. Басты жаңалық: MB Pro енді қап-қара боп шығатын болды. M3, M3 Pro және M3 Max атты су жаңа процессорлар шықты. Дәл қазіргі таңда әлемдегі ең қымбат ноутбук - MacBook Pro 8TB қатты дискі, 128GB жедел жадымен $7200 тұрады. Жарайды, шошып кеткен боларсыздар. Бар болғаны $7199 тұрады.
Енді 14"-дік iMac линиясы да болады және M3 процессорымен келеді деп айтып қалғандай болды. Ал 14-тік Макбук Пролар M3 Pro процессорымен жарақтанады.
Әдеттегідей, M3 отбасы алдыңғыларға қарағанда жылдамырақ. M1-ге қарағанда 2,5, M2-ге қарағанда 1,8 есе жылдам жұмыс істейді. Бірақ, оған бола "M3 Мак алу керек" деп шапқыламай-ақ қойыңыз. Өйткені, M1-дің өзін 70-80% қолданып жүрсіз бе, жоқ па, күмәнді:)) Алайда, ақшаңыз көп болса, әрине, өзіңіз білесіз.
@timurdaninfo

👍24🔥6😁2
👇👇👇Жасанды интеллект дәуірі
Қазақстан құрамасының ең белді ойыншысы Асхат Тағыбергеннің Данияға соққан голы бар ойын үзігін секундтап суретке айналдырдым да ChatGPT-ге салып, "Қазақстан-Дания, 3:2" деп, комментарий жасауды сұрадым.
Нәтижесін қараңыздар🤯🤯🤯
ChatGPT, әзірге, тек суретті ғана көре (оқи) алады. Көп ұзамай видеоны да оқитын болады. Ең қызығы, басқа-басқа, жасанды интеллект спорткомментаторлардың нанына ортақтасу мүмкіндігі ойыма кіріп те шықпапты.
Әрине, олар тікелей эфирде отырады. Бірақ, уақыт дәлелдегендей, адамдарға қарағанда технология жылдам дамитынын байқадық. Сондықтан, күндердің күнінде жасанды интеллект тікелей ойынды қарап отырып та сүйемелдейтін күнге әні-міне кеп қалуымыз әбден кәдік. Менің ойымша, енді ФИФА болсын, бокс, гольф, теннис сияқты барлық спорттық ойындарда екі дауыс ұсынылатын болады. Адам комментатор және ЖИ комментатор. Әгәрәки, сізге адамның даусы мен сөзі ұнамаса, онда ЖИ-ге ауыса алатын функция болады. Ал одан да кішкене уақыт өткен соң, яғни, жасанды интеллект моделінде эмоция пайда болғанда, адамды толық алмастыруы әбден кәдік.
Таңғажайып заман...

👍14