Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
💥 Керемет құрал! Просто бомба!

Жігіттер мен қыздар, пайтондар мен джавалар, дельфилер мен паскальдар, мен бүгін сіздерге тамаша бір құралды ұсынғым кеп отыр.

Өзімнің жеке жобаларымның бірін ағылшын тілінен қазақша аударуым керек еді. Алайда, стриң бай стриң яғни біртіндеп уэб интерфейс арқылы аударуға мойын жар бермей жүрген. "Күнде ертең" дегеннің мен үшін интервалы 2-3-4 ай боп кете береді екен.

Содан бүгін отырдым да "Неужели осыны автоматтауға болмайды? JSON файл ғой?" деп іздеп кеп қалсам... Программист көп қой бұл жалғанда. Бірақ, қолындағы құралын тегін бөлісе салатын жігіттерден қалай айналып қана кетпейсің?

Сөйтіп, 2 мың 300-ден асатын жолды 23 секундта ағылшын тілінен қазақша және орысша аударып алдым.

Қалай дейсің ғой?

Былай:

Терминалды ашасың да:

npm i -g @parvineyvazov/json-translator

деген бір-ақ түйір жолды жазасың.

Сосын: jsontt path/to/your/file.json деп json файл орналасқан буманы көрсетесің. Мен сияқты кержалқаулар болса, ана жолды жазып шыққанша қай заман десең, папкадағы файлды желкесінен сүйреп әкеліп, Терминалға лақтыра саласың.

Бум!🤯

Тізімнен Гугл немесе Майкрософт сияқты аудармашы қозғалтқышты таңдайсың да қай тілге аудару қажеттігін фук-фук еткізсең...

👀👀👀

Әлгі en.json дегеннің қасынан өзің таңдаған екі тілдегі аударма қонжиып жайғасып алады...

@timurdaninfo
🔥42👍13
MBZUAI деген Біріккен Араб Әмірліктерінің тамаша университеті бар. Әлемнің ЖИ саласындағы ең үздіктері мен мықтылары сабақ береді. Соған қазір магистратура мен докторантураға қабылдау жүріп жатыр. Оқу - 100% тегін. Әрі стипендия береді. Отбасылы азаматқа тегін үй береді.

Құжат тапсырған кезде мынадай емтихандардан өту керек. Соны біле жүрсін деп бөлісіп жатырмын:

Math: Calculus, probability theory, linear algebra, trigonometry and optimization
 
Machine learning: Machine learning algorithms and concepts such as linear regression, decision trees, loss functions, support vector machines, classification, regression, clustering, convolutional neural networks, dimensionality reduction, neural networks and unsupervised learning
 
Programming: Knowledge surrounding specific programming concepts and principles such as algorithms, data structures, logic, OOP, and recursion as well as language–specific knowledge of Python
 
To enhance the preparedness for the entry exam, applicants are strongly advised to successfully complete the following online courses on Coursera and upload the corresponding completion certificates to their MBZUAI online application:
 
• https://www.coursera.org/learn/python?specialization=python
• https://www.coursera.org/learn/python-data?specialization=python
• https://www.coursera.org/learn/linear-algebra-machine-learning?specialization=mathematics-machine-learning
• https://www.coursera.org/learn/introductiontoprobability
👍10
Сіздерді DevOpsDays Almaty 2023 - бағдарлама әзірлеу, тестілеу, қауіпсіздік және пайдалану жөніндегі дүниежүзілік конференцияға шақырамыз!

DevOpsDays форумнан мамандардың дүниежүзілік нетворкингіне айналып, индустрияға жаңа кадрлар тартуды жалғастыруда.

Биылғы DevOpsDays Алматы қаласымен шектелген жоқ. Astana Hub және Террикон алқабының комьюнитиі онлайн Open Spaces аясында өзекті мәселелерді талқылай алады.

Жобаның мақсаты - бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, тестілеу және пайдалануда тәжірибе алмасу мен сараптаманы дамыту үшін Орталық Азияның IT-мамандарына арналған алаң ұйымдастыру.

Ауқымды шараны өткізіп алмаңыз, сілтеме бойынша тіркеліңіз.

https://devopsdays.kz/#registration
👍12
ЖИ және генератив ЖИ жарысына Apple компаниясы да қосылды.

Адами-инженерлік ресурсы мен экспертизасын айтпағанда, тек қаржылай күніне, қайталаймын күніне миллиондаған ақшасын құйып жатыр.

Алайда, Стив Джобс салып кеткен ереже бойынша, бұлар Мета немесе өзге компаниялар секілді ашық саясат ұстанбайды. (Әзірге, белгілі болғандай). Қоғамға, зерттеушілерге ашық модельдер ұсынбайды. Тек өзінің экожүйесін дамыту, қазіргі бар қолданушыларына қызмет көрсету бағытында дамып жатыр. Мәселен, Siri секілді технологиясын, Apple Maps секілді, басқа да өнімдерін жетілдіру мақсатында жұмыс істеуде.

Өздеріңіз білесіздер, Apple Стив Джобс бастағаннан технологиясын бұқараға дайын өнім ретінде ұсынуға ден қойған. Тіпті, Стив Джобстың “Сауатсыз, топас жөндеушілер менің компьютерлерімді ашып-шашып жөндеп отырмасын” деп, смартфондары мен компьютер/ноутбуктарының бұрандаларын ашық стандарт - крест тәрізді не бір сызық түрінде емес, жұлдызша ма, адам ұқпайтын, кез-келген үйден табылмайтын, тек арнайы құралдар арқылы ашатын қылып тастады.

Енді жасанды интеллекті де сондай жабық күйінде болмақ.

Алайда, бұл жердегі мәселе онда емес. Бұл жердегі мәселе: үлкен техкомпаниялардың қай-қайсысы болса да ЖИ бағытында дами түсу үшін, көштен қалмау үшін сұмдық қаражаттар мен ресурстарды бөліп жатыр. Сондықтан, “Біздің ІТ мамандар не істеп отыр? Қазақша неге анадай жоқ, мынадай жоқ?” деген сұрақ қою дәл қазір біз үшін жаңсақ болады. Егер біз де осылай күш салмасақ, онда қандай да даму туралы, көшке ілесу туралы айту - тым артық.

Бар баққан-қаққанымыз, бұлар өздерін дамытып болып, қалдық ретінде, итке сүйек лақтырған режимде бізді қашан ескеретіні боп тұр. Диджитал құлдық, технологиялық құлдық дегеніміз осы.

Қалдық принципі дегенімізді нақтыласақ, естеріңізде болса, Мета компаниясы тілдік аударма жасауда қазақ тілін өзге де жұтылып, жоғалып кетудің алдында тұрған, санаулы адам сөйлейтін африкалық тілдермен бірге қолға алса, Apple компаниясы қазақ клавиатурасы мен iOS жүйесіндегі қазақ интерфейсін ең соңғы тілдердің қатарында бірге іске қосты.

Бодандықтан құтылу - цифрлық болсын, технологиялық болсын, саяси болсын, еңбек сіңіру арқылы ғана келеді. “Алма піс, аузыма түс” деп отыра берген ұлтты келіп ешкім бодандықтан құтқармайды.
👍26
Hi, DataArt Kazakhstan is looking for Golang Developer.
The salaries are pegged to the US dollar + Social package.
Projects from USA, Europe and Southeast Asia.

Required Skills and Experience
3+ years of development experience with Go
Experience with back-end platform development
Understanding Go's concurrency mechanisms
Experience with microservices
Experience developing and implementing data-driven applications based on PostgreSQL
Experience with performance optimization in SQL databases
Experience with GIT, CI/CD tools (TeamCity, GitHub Actions, Octopus Deploy etc.)
Experience writing RESTful APIs
Experience with SCRUM/Agile development methodologies
Experience writing unit and integration tests
Good communication skills in oral and written English
Client:
Our client is a global music and entertainment industry conglomerate headquartered in the US with offices in over 60 countries.
Project Overview:
Currently, the company runs a huge infrastructure modernization and optimization program. The project includes multiple integrations with other departments and systems and there is a roadmap to build new features and develop this solution.

Please send your CV to Telegram: Maral_lik
👍6
iPhone 15 туралы қысқаша:

— 48 мп негізгі модуль;
— Артқы панельінде қисық жиектері болады дейді;
— Алгоритм арқасында енді арнайы портреттік режимге қолмен (батырмамен) ауысудың қажеті жоқ;
- 14 Pro-да болған A16 чиппен келеді.

Жалпы, Әпіл компаниясын да, өнімдерін де жақсы көремін ғой. Алайда, бұлар басты акцентті жиек-миек, алқызыл жасыл деген сияқты табиғатта жоқ түстермен косметикалық бағытта неге сипалай беретінін ұқпаймын. Бәрібір долбардай қып қорғаныш қабын кигізіп тастайтын болған соң, қырлы бол не, асфальт түстес бол не, маңызы қанша? Бәрібір жұрт та көрмейді, өзің де сезінбейсің. Қызық…
😁44👍12
Жігіттер, солай ма? Ал қане, техножинақтарыңыздың бағасын санап шығыңыздар:)))
🔥21😁6👍5
Болашақ бағдарламашыларға кеңес.

Журналистикада пирамиданы төңкеріп жазу деген тәсіл бар. Ол қалай?

Ол дегеніміз оқиғаның маңыздылығын, соңғы жағынан бірінші бастайды. Сосын барып ол қалай басталды, неге олай болды, оқиғаның қатысушылары туралы ақпаратты кейін береді.

Тиісінше, біз көп жағдайда пирамиданы теріс емес, дұрыс қойып оқиғаны айтамыз. Кино туралы, оқыған кітабымыз туралы, басқа да жағдайды басынан бастап айтамыз. “Абай жолының” “Қайиқандасынан” көп жұрттың қайтпай қалатыны сондықтан. Өйткені, ол пирамиданың дұрыс формасы бойынша оқиғаны сипаттау тәсілі. Бұл - шыдамды адам болмаса, көп адамды жалықтырып жібереді.

Қазір, клип бойынша ойлау жүйесіне үйренген бізге, әсіресе, ютуб, тикток, инстаграмға тойған жастарға оқиғаны жедел бастап кеп жібермесе, әу басынан қозғап отырған әңгіме көп ұнамайды. Шыдамы мен тағаты жетпейді.

Сондықтан да, жаңа айтқанымдай, бағдарламалауды үйренгіңіз келсе, журналистикадағы пирамиданы теріс төңкеріп оқу жүйесін қолданып көріңіздер.

Ескерту, бұл - дұрыс, осылай болу керек деген сөз емес. Бұл - жай ғана үйрену әдісін, методикасын ауыстырып көріңіз, бәлкім сізге көмектесер деген ұсынысым.

Сонда қалай?

Сонда былай. Әдетте, бағдарламалау саласы бит-байт деген не, екілік жүйесі, компиляторлар, алгоритм түрлері, мәліметтер құрылымы жөнінде басталады.

Қайда барсаңыз да сол. Қалаңыз-қаламаңыз, фундамент сол. Яғни, пирамиданың табаны, негізі сол. Сосын барып, оны үйренген соң, пирамиданың басына шыға бастайсыз. Алғашқы есептер, алғашқы Хеллу Уорлд, алғашқы калькулятор, тағысын-тағы.

Менің айтып отырғаным, пирамиданы алып, сіз түк білмейтін, бірақ оқығыңыз келетін тілдің (Айталық, Python) дайын бағдарлама жасау жағына, кітаптың, курстың соңына қойып кетіңіз. Төңкеру деген осы.

Иә, қиын. Иә, түк түсінбейсіз. Бірақ, шатып-бұтып бірдеңе жасап көріңіз. Логикаға үңіліп көріңіз. Кейде, қолыңыздан жартылай келіп жатады. Сосын барып, түсінбейтін тұстары, “Мәссаған, мынау қалай былай боп кетті? Логикаға келмейді ғой?” деген жерге келгенде, кері қайтасыз. Сөйтіп-сөйтіп, әлгі алгоритм, мәліметтер құрылымы дегенге қайта ораласыз.

Алайда, бұл жолы мәліметтер құрылымы мен алгоритмдер не үшін керек екенін түсініп, біліп, оның маңыздылығын ұғынып оқисыз. Себебі, әлгінде ғана соны білмегеннен бір бағдарламада шатасқаныңыз жадыңызда тұрады.

Мәселен, мен өмір бойы статистика мен сызықтық алгебра секілді дүниелерден қаштым. Алайда, дата, бизнес аналитика жасау маған қызық болған соң, алдым да ең қиынына, бірден жоба жасау жағына қойып кеттім. Сөйтіп, “Ал енді бұл қалай шықты? Неліктен олай болды?” дегенге келгенде, Курсера, Ютуб, кітаптағы ақпараттар арқылы біртіндеп, керегінше кері қайттым. Қазір де келістіріп біле қоймаймын, алайда, түсінік бар, не үшін екенін айта аламын, анау-мынау тұстарын жеткізе аламын. Қажет болса, керек кезде тағы да кері қайтып, басынан оқи беремін.

Оның пайдасы, өзіндік оқуға жақсы. Мәселен, мен статистика мен сызықтық алгебраны басынан бастап оқысам, сол батпақта мәңгілікке қалар едім. Шыға алмай.

Ал осы әдіс бойынша, келесі этаптарға тез өтіп кеттім де, жетпей тұрған базамды біртіндеп толықтырып алдым. Абай атамыздың “Білмесең де ұқсап бақ…” дегені осы.

Білмесеңіз де тырысыңыз. Аударып-төңкеріңіз. Мен сол “Абай жолының” “Қайтқандасынан” қайтпай қалғандардың бірі едім. Алайда, ақыры игере алмаған соң, кітаптың ортасынан ашып бастап оқыдым да, қызығына кірген соң, “Бұл өзі қалай басталып еді?” деп, ең басынан бастап оқып қарағанда, “Қайтқандасы” маған өте қызық болды. Сөйтіп, “Абай жолын оқысайшы” деп ұялмай айтатын, өзім оқыған адамдардың біріне айналдым.

Неліктен ол әдіс тиімді? Әдетте, солай жылдамырақ. Әрі түсініктірек.
👍34🔥11😁1
Сосын, бағдарлама жазғысы келетін, жабаса да жалпы түсінгісі келетін, басқаша үйренгісі келетіндер үшін Head First деген кітаптар сериясын аса қатты ұсынамын.

Басқа кітаптардай емес, сторителлиң арқылы, әзіл-қалжыңмен, жеңіл, оқиға арқылы үйретеді. Орысша да бар, қателеспесем. Бірақ, ағылшыншасы да оп-оңай. Қарапайым тілмен жазылған.

Сәттілік👍
👍42🔥6
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Президент:

«Бүгінгі шараның тақырыбы – өте өзекті. Жасанды интеллект бұдан былай ғылыми фантастика емес, өмірдің ақиқатына айналды.

Жаңа дәуірдің басталғанына куә болып отырмыз. Кезінде электр жарығы мен интернетті ойлап табу тіршілігімізді қалай түбегейлі өзгертсе, жасанды интеллекті технологиясының ықпалы да дәл сондай орасан зор.

Ол адамзаттың тұрмыс салтын мүлдем басқа арнаға бұрып, жұмыс процестерін автоматтандырады және ауқымды экономикалық құндылық қалыптастыра алады.

Кейбір сарапшылардың бағалауынша, жасанды интеллектінің жаһандық экономикаға қосатын елеулі үлесі – дүниежүзілік ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігіне парапар

Аталған технологияның кең қолданысқа ие болуы Қазақстанның қарқынды дамуында маңызды рөл атқара алады. Сондықтан қысқа мерзім ішінде жасанды интеллектіні дамыту үшін барлық жағдайды жасау қажет»

t.me/aqorda_resmi
👍16
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Мемлекет басшысы:

«БІРІНШІ. Жасанды интеллектіні қолдану аясын және оны дамытудың міндеттері мен құралдарын айқындайтын стратегиялық құжат қабылдау керек.

Бұл – халықаралық озық тәжірибе. Мұндай қадам елімізді технологиялық тұрғыда дамытудың орнықты бағытын айқындауға мүмкіндік береді.

Ең алдымен, жасанды интеллект технологиясын экономикамыздың мұнай-газ секторы, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика секілді маңызды салаларына енгізуге мән беруіміз қажет деп санаймын.

Жасанды интеллект қалаларымызды өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы әрі толыққанды ақылды қалаға (smart city) айналдыру процесін айтарлықтай дәрежеде оңтайландыра алады»

t.me/aqorda_resmi
👍11
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың да маңызы зор. Бұл орайда біз елеулі нәтижеге қол жеткіздік.

Атап айтқанда, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және оларға проактивті мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін «Отбасының цифрлық картасы» іске қосылды.

Мұндай өнімді «Бәйтерек» холдингі базасында бизнес үшін де енгізу керек. Менің тапсырмам бойынша бұл бағытта ауқымды цифрлық трансформациялау жұмыстары басталып кетті»

t.me/aqorda_resmi
👍9
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Президент:

«ЕКІНШІ. Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет.

Бүгінде 120-дан астам ел бұл мәселені шешу үшін әртүрлі заңнамалық акті қабылдады. Біз озық әлемдік тәжірибеге сай келетін, нарықтың қажеттілігі мен азаматтардың мүддесін ескеретін, құқықтық тұрғыдан реттейтін заманауи база әзірлеу ісін жеделдетуіміз керек.

Құқықтық шарттар халықаралық компаниялардың біздің нарыққа келуін ынталандыруы қажет. Ол үшін мүдделер тепе-теңдігін сақтап, ашық және әділ «ойын ережелерін» қалыптастырған жөн.

Жалпы, жасанды интеллект құралдарын адамдардың күнделікті өміріне кіріктіру оңай міндет емес. Бұл ретте олардың құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс.

Форумға қатысушылар осы саланы реттейтін негізгі құжаттарды, соның ішінде Цифрлық кодекс жобасын әзірлеуге үлес қоса алады деп үміттенемін»

t.me/aqorda_resmi
👍7
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Мемлекет басшысы:

«ҮШІНШІ. Цифрлық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту маңызды.

Озық IT-инфрақұрылым цифрлық индустриядағы келешек прогреске, атап айтқанда жасанды интеллектінің дамуына негіз қалайды. Сондықтан инфрақұрылымды дамытқан кезде IT-өнім әзірлеушілердің қажеттілігі әрдайым алдын ала ескерілуге тиіс.

Ең алдымен, біз есептеуіш орталықтардың қуатын арттыруымыз қажет. Үкіметке екі жыл ішінде жасанды интеллектіге маманданған дата-орталықтардың құрылысын жүргізуді тапсырамын.

Бұл іске Amazon, Google, Mastercard және Citigroup сияқты әлемге танымал компанияларды тартуға болады. Жақында Нью-Йорк қаласына жасаған сапарымда аталған компаниялардың басшыларымен кездестім. Тиісті уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сонымен қатар жасанды интеллектіге арналған деректер экожүйесін дамыту маңызды. Шын мәнінде, жасанды интеллектінің «қорегі», қозғаушы күші – үлкен деректер қоры. Қазақстанда осы салада түрлі шешімдер жүзеге асырылды»

t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Алайда мемлекеттік органдарда жинақталған ұшы-қиырсыз деректер қорына қолжетімділік шектеулі болуына байланысты оның әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр.

Бұл жерде ақпараттың «ашықтық презумпциясын» басшылыққа алу керек. Smart Data Ukimet арқылы анонимді деректерге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Мен бұл жерде барлық ақпараттың анонимді болғаны әрі сенімді қорғалғаны жөн екенін айтып отырмын.

Жеке деректердің таралып кетуіне қатысты барлық қауіпті жою керек. Сонымен қатар келесі жылы Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосқан дұрыс. Бұл бастама мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіріп, олардың өзектілігі мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге тиіс»

t.me/aqorda_resmi
👍6
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Президент:

«Бұл шаралардың бәрі жасанды интеллект элементтерін пайдаланатын стартаптарымыздың Қазақстанда және әлемде сұранысқа ие, мүлде жаңа IT шешімдер жасауына мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика бюросын нағыз цифрлық ведомствоға айналдыратын маңызды реформаны жүзеге асыру керек. Статистикалық және басқа да деректерді ретке келтіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Оның ішінде басқару саясатын әзірлеу, деректердің мақсатты архитектурасын анықтау мәселесін назардан тыс қалдырмаған жөн.

Бұл мемлекеттің тиімді шешімдер қабылдауының негізгі шарты болады. 5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді. Бұл процесс Қазақстанда қазірдің өзінде жүріп жатыр»

t.me/aqorda_resmi
👍6
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Мемлекет басшысы:

«2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек.

Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс.

Бұдан бөлек, бұл мақсатқа жету үшін төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызды.

Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы керек. Қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуге болады»

t.me/aqorda_resmi
👍6