Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
ЖИ қызық…
АҚШ үшін шыжық.

Nvidia корпорациясы бір күнде 600 млрд доллар нарықтық капиталдандыруын жоғалтып, кері абсолют рекорд орнатты.

Бұл қытайлық Deepseek AI боты шыққаннан болды. Оны жасаушылардың айтуынша, жұмыс істеу және үйрету үшін NVIDIA қуатты чиптері қажет емес.

Ал бүкіл америкалық қор нарығы триллион доллардан астам шығынға ұшырады. 🤯
👍26😱10🔥2
Бізде программалауды үйрететін қазақша кітаптар аз ғой.

Оның қасында қазіргі генератив ЖИ туралы, ЖИ параллель программалауды үйрететін кітаптар мүлдем жоқ. Тек ағылшынша ғана бар.

Бірақ ең қызығы…

Бұл кітаптар ағылшынша және өте тез шыққанның өзінде сол күйі ескіріп жатыр.

Олар бізге жетеді, біреу әуелі орысша аударады, одан кейін біреу қазақша аударады (автормен немесе баспа үйімен байланысқа шығып, келісімге келіп, аудару лицензиясын сатып алып, түпнұсқасын өзінен алып, оны аударып, корректура жасап, редактілеп, баспадан шығарам) дегенше, мүлдем тас ғасырындағы кітапқа айналайын деп тұр🧐

Өйткені, біз үшін таң қаларлық нәтиже көрсеткен GPT4 осы күні өткен жылда қап қойды. Bolt, Cursor, Lovable сияқты IDE-лер қазір параллель программалауды түбірімен өзгертіп жатыр.

Deepseek дегеннің қарқыны сұмдық. Ол қар көшкіні сияқты. Өзі өзгеріс әкелсе, әкеледі. Әкелмесе, оның бәсекелестері бұл дүрбелең аясында келесі бір таң қаларлық дүниені әкелетіні сөзсіз.

Қызық обшым…
👍26🤯6
RPA

Генератив ЖИ дамымай тұрып, RPA деген кең көлемде тарады. Ол - робот (яғни код) арқылы компьютерді автомат басқару тәсілі. Біреулер Python арқылы, біреулер Selenium арқылы жасады.

Енді мына генератив ЖИ келіп, оны API арқылы жасап жатыр. Бар болғаны, компьютеріңді, браузеріңді басқаруға рұқсат берсең болғаны.

Бұлардың озып кеткен себебі, GTP Operator сияқты функциялары шықса да оларға пайда. Неліктен? Өйткені, ресторанға букиң жасауға openable сияқты, ұшақ билетін букиң жасауға Expedia, Kayak сияқты сервистері бар. Рахат.

Ал бізде ше? Operator-ға ақша төлесең де америкалықтар, еуропалықтар сияқты барлығын автоматтандыра алмайсың.

Неліктен?

Өйткені, не Магнумның, не ЭйрАстананың, не ресторандардың ашық API шлюзі жоқ. Барлығы да “айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау” - жұмыртқа сияқты.

Ең қызығы, олар генератив ЖИ арқылы клиентін 1000х көбейтетін жолы бола тұра, қолдан кедергі жасап отыр.

Айналғанда, қонақ үйге Booking арқылы, ұшаққа Aviasales арқылы ғана аутоматтандыра аласың.

Нәтижесінде?

Нәтижесінде тағы да сол шетелдік стартаптар мен компаниялар дамиды. Транзакция АҚШ доллары арқылы жүреді. Қазақтың ақшасы тағы шетелге кетеді.
👍19🔥8
ChatGPT o1 мүмкіндігі

Мен неліктен өзге генератив ЖИ түрлері бола тұра, үнемі ChatGPT-ді мақтаймын? Әсіресе, ақылы нұсқасын. Өйткені, мен тек қазақ тілінде жұмыс істейтін болғандықтан, оның қазақша жақсы жетілгенін үнемі байқаймын.

Мәселен, жақында 7-8 класта (30 жыл бұрынғы дәптерім) оқып жүргенде оқыған кітаптарымды тізіп жазған дәптерімді тауып алдым.

Соны Deepseek, Copilot, Gemini, gpt4o, Claude барлығына салып шықтым. Барлығы қазақша қолжабзаны танымады. Тек GPTо1 моделі ғана 80% дұрыс тәпсірлеп шықты.
👍37🔥11
ChatGPT > Deepseek

Иә, Дипсик - молодец!

Бірақ, сіздер жұртқа еріп, OpenAI-ды жерлей бермеңіздер. Қытайлықтарды мақтап, америкалықтарды жамандай бермеңіздер.

Қытайлықтар бар болғаны біреу қиын жүріп өткен жолды қайталады.

Соның өзінде, код жазу, ағылшынша бірдеңе сұрау деген сияқты шаруаны әрбір қазақ жасамайды.

Ал OpenAI ше?

Ол шыққан бойдан және шыққан соң көп ұзамай:

1) қазақша сұраққа сауатты жауап бере бастады (text)
2) қазақша суретті таниды (vision)
3) қазақша аудионы түсінеді (audio)
4) қазақша жауап бере алады (speech)

Дәл қазақ халқы үшін мұндай бай функционалды ешбір LLM беріп отырған жоқ.

Сондықтан, өзіміз қайырын көріп отырған ағаштың бұтағын кеспелік;))
🔥85👍35😁2
Deepseek r1 және қазақ тілі:

Салом! Батыр батыр жоғалтты, батыр батыр тағы батыр еміс жасасады.

Дипсикті жасаған қытайлықтар әжетхана қағазын "батыр" дейді екен 🤦‍♂️🤦‍♂️🤦‍♂️
🤯21😱11😢4👍2
Jack Dorsey’s Block just launched Goose, an open-source AI agent. It runs locally and you can customize it with any LLM or API.
👍15🔥1
o3-mini: 93% cheaper than o1, faster, and better at coding

o1: Heavyweight for broad knowledge + complex reasoning

200K-token context + 100K outputs

Streaming, Batch, Assistants API support
👍10🔥2
IT-қалжың
😁12
Firebase - открыт набор на программу Google developer expert для людей с опытом в Firebase. В случае если вы заинтересованы свяжитесь со мной в личке. Подробнее о программе: https://developers.google.com/community/experts/directory

👉 @AskarAi
Forwarded from Denis Sexy IT 🤖
ChatGPT Deep research после дня тестов:

— Отчеты действительно качественные и 100 запросов для Pro в месяц могут даже закончится — я уже потратил 15

— Deep research сам понимает когда ссылка имеет мало ценности и может ее не включить в отчет, даже если нашел

— Мгновенная ценность для бизнеса: за 10 минут получил полный отчет конкурентов, сильной и слабой стороны neural.love, рекомендации как поступить — и он правда угадал почти по всем пунктам, процитировав те направления развития которые мы и так уже развиваем; я теперь туда буду носить все что требует проработки на уровне бизнеса

— Статьи правда большие: ради интереса заказал на английском про общество и рабочие места после AGI — вышло примерно 30 минут если перегнать в аудио

— По наполнению сгенерированная статья полностью покрывает заданную тему: перед началом подготовки отчета, Deep research уточнит детали которые считает нужными – при этом вы можете давать сложные инструкции, оно будет следовать

— Это все еще нейронка и она может ошибиться, поэтому сложные темы за ней нужно проверять; я пока не встречал такую ошибку в сферах в которых разбираюсь, но мне кажется важно про это упомянуть

— Уверен, люди будут очень много использовать Deep research в медицинских целях — будут искать решения на основе доказательной медицины конкретно под себя и историю болезни

В общем, скоро это добавят в Plus план где будет 10 запросов в месяц — мой совет не тратить их сразу на глупости, а подумать, есть ли в жизни что-то важное настолько, что хотелось бы качественно решить — Deep research правда ценный продукт, и может помочь и вам, и близким

P.S. Я пользовался всеми возможными популярными и отрытыми агентскими системами которые были до Deep research для поиска данных в интернете, какие-то делал сам ради экспериментов – у OpenAI получился очень качественный инструмент уровень которого я пока не встречал
🔥8👍5
AIT 2025 – Иммерсивті технологиялар бойынша семинар

📅 Күні: 5 наурыз 2025
📍 Өтетін орны: Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы
📝 Мақалаларды қабылдау мерзімі: 9 ақпан 2025

🚀 AIT 2025 – зерттеушілер, әзірлеушілер мен XR саласындағы мамандардың басын қосатын алаң. Семинарда AR, VR, MR мен олардың білім, ғылым, медицина, өндіріс және ойын-сауық салаларындағы қолданылуы талқыланады. Қатысушылар зерттеулерін ұсына алады, тәжірибе алмасып, иммерсивті технологиялардың болашағын бірге талқылайды.

📩 Қатысуға шақырамыз! Баяндама, демонстрация немесе кейстік зерттеу өтінімін жіберіп, XR болашағының бір бөлігі болыңыз!

🔗 Толық ақпарат: https://ait.iitu.edu.kz/
👍7🔥3
2024 жыл бойынша айтидағы айлық туралы статистика. Толығырақ көру үшін сайтына тіркелу қажет. Мобилка, frontend, backend әр қайсын бөлек-бөлек қарауға да болады

https://techinterview.space/salaries
👍8
Айтишник емес жазылмандарыма үндеу.

Мына 3,5 сағаттық видеоны бірдеңе ғып қарап шығыңыз. Егер Жасанды Интеллект (ЖИ) туралы көріп білуіңіз керек бір ғана видео бар болса, онда сол осы. Арнайы жалпы халыққа түсінікті қылып жасалған өте қызық лекция. Андрей Карпаты әлемдегі ең беделді ЖИ оқытушысы. Зейін салып қараңыз. Кейін маған рахмет айтасыз.

Ал айтишник жазылмандар онсыз да қарайды 🙂

https://www.youtube.com/watch?v=7xTGNNLPyMI
👍19🔥3