Программистер таң қала қоймас....
Программисерге бірдеңе айтсаң, "Өй, оны мен де істей аламын" деп шығады.
Бірақ, әңгіме, программистердің не істей алатындығында емес, мәселе программист еместердің өз ана тілінде бір ауыз сөзбен, бір минутта мынадай бағдарлама жасап ала алатын күнге жеткенімізде боп тұр.
Ойлап қараңыздаршы,
- хостинг қажет емес
- домен қажет емес
- контент жасау қажет емес
- бағдарламалық тіл үйрену қажет емес
Бар болғаны идеяң болса, болғаны... Не деген заман бұл?🤯
ПыСы: Жай ерігіп отырып, Gemini-ға жаза салғам.

👍23🔥1😁1
Ақыл-кеңес керек:
“Ассалаумагалейкум агай, мен 1 курс енды бытырып жатыр едым алы айти багытына кыре алмай журмын неден бастасам деп ЯП окиынба или бырден проекттен бастап жаймендеп кунде уйрену керек жалпы проект ыстеуды неден бастау керек кай тылден бастау керек, маган жалпы проект ыстеген кызык секылды”.
Мына жігіт маған жекеге ақыл сұрап жазды.
Ақыл берейін десем, бұрын өзім ақылды Гуглдан алатынмын, қазір ЧатГПТ-дан аламын. Неге басқа адамдар да қасыңда тұрған ЧатГПТ-дан ақыл сұрамайды, өз басым таң қаламын.
Ойлап қарашы, сенің қалтаңда тегін, 24/7 дайын, Харвард, Стэнфорд университетінің профессоры, Илон Маск, Стив Джобс, Билл Гейтс, Марк Цукерберг жүр. Суырып ал да сұрай бер. Неге қолданбайды?🤔
Өткенде Ақтауға барып жастармен кездестім. ІТ мамандығында оқып жатқан 3-курс студенті ақыл сұрайды. Ананы айтсам да “Білем-білем” дейді. Мынаны айтсам да “Білем-білем” дейді. “Жарайды, онда бүйт-сөйт” десем “Толк жоқ!” дейді. Шыдамай кеттім. “Бүкіл елді иіріп қойып, саған жарты сағат болды ақыл айтып отырғаныма. Тыңдамасаң, барлығын білетін болсаң, енді не басымды қатырып отырсың? Бар да білетін болсаң, айналыссайшы енді! Маған не дейсің?” деп ұрсып тастадым.
Біздің кезімізде Интернет жоқ дедік, ақпарат жоқ дедік, мүмкіндік жоқ дедік, қазіргі жастарда барлығы бар ғой, не айту керек енді? Шынымды айтсам, білмеймін енді.
Ақыл қосыңыздар мына жігітке, оқысын да ой түйсін.
Хотя… ChatGPT-дан артық не ақыл айтуымыз мүмкін? Барлығы сол бір әңгіме емес пе?
Оқы, үйрен, жаса, тәжірибе жинақта. Ерінбесең сат. Бұдан басқа әлде мен білмейтін ІТ әлемінің бір құпиясы бар ма?

👍19🔥6😁2
📱 Маңғыстау жастарына арналған жаңа мобильді қосымша жасауды қолға алдық!
Android және iOS жүйелеріне арналған, жастарға бағытталған заманауи қосымша. Бұл қосымша арқылы СІЗ:
✅ Мемлекеттік қолдау бағдарламалары жайлы біле аласыз
✅ Жаңа білім беру курстарын таба аласыз
✅ Бос жұмыс орындарына қол жеткізесіз
✅ Әлеуметтік нысандар мен цифрлық ресурстар туралы ақпарат аласыз
💡 Қосымшаны МО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен тәжірибелі әзірлеушілер командасы заманауи құралдар арқылы жасап жатыр.
Бұл тек бастамасы.
Маңғыстау жастары – сіздер үшін барлық мүмкіндік осы жерден басталады!
📲 Жақында жүктеп алуға дайын болыңыз!

GPT-5 ресми түрде шықты.
OpenAI басшысы Сэм Олтман көптен күткен gpt-5 моделін таныстырды. Ол қазір барлық ChatGPT қолданушыларына, соның ішінде тегін және ақылы жазылушыларға да қолжетімді (осы бір сөзді-ай…).
“Бұл модель – алдыңғы нұсқалармен салыстырғанда жасанды интеллект қабілеттеріндегі үлкен серпіліс” дейді енді өздері. Әсіресе код жазу, логикалық ойлау, мультимодальды түсіну және денсаулыққа байланысты тапсырмаларда анағұрлым ақылды, жылдам әрі пайдалы нәтижелер ұсынады-мыс.
GPT-5 ерекшеліктері:
• Тапсырманың күрделілігіне қарай тез жауап беру режимі мен терең ойлау режимі арасында динамикалық түрде таңдау жасайтын біріктірілген жүйе түрінде жасалған. Дәл кеше өзімнің ақылы ChatGPT тарифімнің уақыты бітіп, ары қарай жалғастырмадым. 2 жыл үздіксіз қолданыстан кейін. Сондықтан, бұл сөздің мағынасын логикалық жағынан ғана түсініп тұрмын. Яғни, енді “Терең зерттеу”, “Терең ойлану” деген сияқты батырмаларды басып қажет емес болса керек. Жасанды интеллект сұрақ түріне қарап өзі шешеді-ау деймін. Нәтижесінде сарапшы деңгейіндегі жауаптар мен дәлдік артады.
• Бірнеше нұсқалары бар: тиімділік пен жылдамдыққа оңтайландырылған GPT-5-mini және GPT-5-nano, ал күрделі диалогтарға GPT-5-chat дегені жауап бермек.
• Модель логикалық ойлау, код жазу (SWE-bench Verified нәтижесі – 74.9%), математика және мультимодальды тапсырмаларда озық нәтижелер көрсетіп, бұрынғы нұсқаларға қарағанда алжу (hallucination дегенге менің қазақша баламам) деңгейін азайтты.
• GPT-5 жаңа “қауіпсіз аяқтау” (safe completions) қауіпсіздік әдісін енгізген. Ол не деген сөз? Ол - күмәнді не қауіпті сұрақтарға жауап беруде бұрынғы “бас тарту” тәсілінен гөрі тиімдірек әрі пайдалы жауаптар ұсынады.
• OpenAI бұл модельді шығарар алдында 5000 сағаттық қауіпсіздік тестілеу жүргізген. Жалпы бұл туралы Сэм Олтман бірнеше мәрте ескерткен де болатын. Сұқбатқа келген сәттерінде “Негізі gpt-5 дайын тұр. Бірақ ішкі қауіпсіздік тестерінен кейін шығарамыз” деген еді.
• GPT-5 аз ғана нұсқаумен (яғни промптпен) жоғары сапалы код пен интерфейс элементтерін құрастыра алады және қолданушының стилі мен ниетіне икемделу қабілеті жақсарған.
GPT-5 - OpenAI шығарған ең ақылды әрі ең қабілетті модель ретінде сипатталады (как всегда. Әпіл компаниясы да әрбір жаңа Айфон шығарған сайын солай дейді).
Ал сіз ше? Жалпы ChatGPT қолданып жүрсіздер ме өзі?
@timurdaninfo

🔥13👍10
Жасанды интеллект һәм жылдамдық иллюзиясы
ЖИ чаттардың келуімен қатар адам баласының санасы, ойы, психологиясы қатты өзгеріске ұшырап жатыр.
Негізі, ол психологиялық өзгеріс компьютер пайда болғанда, одан кейін интернет келгенде, кейін әлеуметтік желілердің қарқын алуымен-ақ басталған болатын. Дегенмен, ЖИ чаттар сол психологиялық диссонансты одан сайын ушықтандырып жіберді.
Оны мен жаңа ғана өзімнің тәжірибемде байқап көріп, күліп жібердім. "Қалайша жұртқа айтып жүріп, өзім осы ментал қақпанға түсіп қалдым?" деп.
Бұл қандай психологиялық өзгеріс? Бұл - технологияның жылдамдығының әсерінен адам еңбегінің құнсыздануы.
Иә, иә. Тура мағынада адам еңбегінің құнсыздануы. Қызық болғанда, енді ЖИ еңбегінің де құнсыздануы басталыпты.
Еңбектің құнсыздануы деген не?
Мұны ІТ мамандар, программистер, бухгалтерлер, заңгерлер, қаржыгерлер, басқа да ой-санамен жұмыс істейтін адамдар жақсы түсінеді.
Мәселен, адамдар көзбен көріп, қолмен ұстайтын жұмыс түріне "Оның істейтін несі бар? Бүйте салмайсың ба, сөйте салмайсың ба?" деп айта алмайды. Ал оймен, мимене жұмыс істейтін адамдарға солай оп-оңай айта салады. Айталық, аулада әжетханаға 2мx2мx3м шұңқыр қазу керек болса, оған ешкім "Сол да сөз боп па?" демейді. Өйткені, басқа жақта білмедім, біздің жақта (Маңғыстау) 2 метр тереңдікте жер қазу былай тұрсын, 20 см жер қазу мүмкін емес. Себебі, жеріміздің 5 сантиметрден кейінгі қабаты тастан басталады. Иә, астымыз тас. Кәдімгі К700 трактормен дарылдатып, қинап тұрып қазылатындай тас. Сол үшін біздің жақта адам қайтыс болса, оның қабірін трактормен қазатыны ешкімді таң қалдырмайды. Қысқасы, оңай жұмыс емес.
Тиісінше, адамдар сондай жұмысты жасау туралы өтініш айтқанда, ол жұмыс туралы аса көп білмесе де оның қиындығын логикалық тұрғыда екшеп, "3-4 күн уақыт алады, осынша адам керек, осындай құрал керек, осындай жағдай керек" деген сөзді түсінеді.
Ал саусақтың ұшын басып қалғанда хабарламаның мұхиттың арғы жағындағы адамға топ ете түсуі, бір батырманы басып қалғанда, миллиондаған теңгенің мың километр алыстағы адамға бара қалуы - адамдардың осыдан 20-30 жыл бұрын ғана оның айлап-апталап алынатын қызмет екенін ұмытуына, психологиялық өзгеріске ұшырауына ап келді. Айталық, Ақтауда отырып, Алматыдағы онлайн дүкенге тапсырыс беріп, 3-4 күн күткенге ашуланған кезіңізді еске түсіріңіз. Сосын әке-шешеңізден "Бұрын Алматыдан зат алдырғанда неше айда келуші еді?" деп сұраңыз.
Айтайын дегенім, соны біле тұра өзім сол ментал қақпанға түсіп қалғаным:))
Мысалы, мен "Абай жолын" қатты жақсы көремін. Туынды ретінде де, зерттеу нысаны ретінде де, сөздік қор ретінде де, барлық-барлық жағынан. Үнемі "Абай жолын" зерттеймін. Инфографика жасаймын. Сөйлесемін. Қызық мәлімет іздеймін, т.с.с.
Сол "Абай жолында" "300-ден астам кейіпкер" дегенді естіп алып, дата анализ жасағым кеп кетті. Барлық адам аттары, олар кімдер, олар Абайға кім, дос па, қас па дегендей. Содан жасанды интеллекті қинамаймын ба?
Әдетте, бұл жұмыс оңай жұмыс емес. Парсиң жасау керек, сұрыптау керек, датасетпен жұмыс істеу керек, т.с.с. Кәдімгідей бір адамның кемі бір күндік уақытын алады-ау. Ал мен "Сен ЖИ-сың ғой, қане, дереу жасап бер қой!" деп әп-сәтте романның астан-кестеңін шығарып анализ жасауды талап етпесім бар ма?:)))
Ұят болды бұным... Өйткені, ЖИ маған өз тілінде ұрсып тастады:)))

😁14🔥4
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
IOAI 2025 нәтижесі
Қазақстан 🇰🇿 - жалпы есепте 4-ші ел болып тұр!
Тіпті Қытай🇨🇳, Корея🇰🇷 елдерінде алтын жоқ, ал бізде бірден 3-алтын!!!🥇🥇🥇
@cpfed өз жемісін көрсетіп жатыр🔥

🔥38
16 000 000
Өткенде “16 млн қазақстандықтың мәліметі қолды бопты” деп бүкіл ел шулады ғой?
Содан бүкіл журналист комментарий жасауымды сұрап Уатсапқа шығып, сұқбатқа шақырды. Ешқайсысына жауап бермедім.
1) Жалпы сұқбат беруден, көпшілікке шығудан жалығып, шаршап, энергиям таусылып жүр.
2) 5 минутта киберқауіпсіздік туралы ештеңе айтып үлгермейсің. Оны түсінетін журналист жоқ. Айқайға сүрең қосып комментарий алып алса, ол да хайп тақырыпқа қосылса болғаны. Терең зерттеу жасаған ешқайсысы жоқ. Терең зерттеу жасаймын. “1 сағат сұқбат тек осы тақырыпқа арналады” десе, келісуге болар еді.
3) Біздің қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздік бойынша сауаттың жоқтығы. Менің ойым, әңгіме 16 млн мәлімет қолды болумен аяқталмайды. Мәселе, тым тереңде жатыр.
Біз барлық ақпаратты өз қолымызбен беріп жатырмыз. Жеке деректің таралуына өзіміз де кінәләміз. Өйткені, мәлімет ұрлаудың жолы өте көп! Қарапайым пентест жасаудың өзі жеткілікті.
Суретті қараңыздар… Cyber Security осы үшін керек!

👍11
Ақпараттық қауіпсіздік, хакерлік, құрылғыларды бұзып кіру, компьютерлік техникалық сауат, және жалпы киберқауіпсіздік туралы мықты маман және оның ютуб арнасы: https://www.youtube.com/@davidbombal
Егер Инстаграм немесе ТикТок арқылы қысқа да нұсқа қарағанды ұнататын клиповое мышлениедегі адам болсаңыз, бұл кісінің ол жақтарда да акаунты бар.

👍15
Айтпақшы...
Сөзден сөз шығады, ойды ой түртеді ғой. "Клиповое мышление" дегенді жазған кезде бір мәселе туралы айтқым кеп кетті.
Жалпы ұққаным, қазіргі жастарда, тек жастарда емес, қазіргі заманның барлық адамдарында өздері қаласа да, қаламаса да, мойындаса да, мойындамаса да "клиптік ойлау жүйесі" қалыптасқан. Ол не? Ол: әлеуметтік желідегі қысқа да нұсқа, басы жоқ, аяғы жоқ контентке миларының үйреніп қалғаны.
Өздеріңіз білесіздер, әдет деген дүние ұзақ жылдар бойы там-тұмдап қалыптасады. Адам оны сезбейді. Сезбеген соң, мойындамайды. "Мен ондай емеспін" дейді. Бірақ, ми да, адам да өзін алдай береді. Өйткені, 10-даған жылдар бойы, Құдайдың құтты күні, жылына 365 күн, айына 30 күн, аптасына 7 күн, күніне 24 сағат ютуб, инстаграм, тикток, уатсапта отырған адамдарда клип түсінік өздігінен қалыптасады.
Нәтижесінде?
Нәтижесінде, осы күнгі адамдар қандай да бір салада маман болу деген ол 30 секундта біліп алу, 30 минутта сертификат алу, 30 мың теңгеге эксперт болатын курс сатып алу деген сияқты жалған түсінікті қалыптастырып алған. Бұл - шыдамсыздыққа, сабырсыздыққа, дәл қазір, осы жерде, бүгін меңгеріп алып, ертең бастап кетуім керек деген түсінікке жетелейді. [Шағын ғана ескерту, олай болады. Егер сіз монстр болсаңыз. Бір сағатта 500 беттік бір кітапты жұтатын, кез-келген саланы тез меңгеретін ерекше адам болсаңыз. Ал қатардағы Мырқымбай үшін, бұл - мүмкін емес].
Сонымен не істеу керек?
1) Оқудың инемен құдық қазғандай екенін қайтадан еске түсіру керек. Оқисың, оқисың, тағы да оқисың. Тоқтамай оқисың. Өлесің, сол кезде оқуды тоқтатасың.
2) Көз алдыңызға 110 қабаттық Нью-Йорктің Манхэттеніндегі бір алып үйді елестетіңіз. Сіз университет бітірдіңіз деген сөз, сол көп қабатты үйдің тек сыртқы есігін ашып, баспалдағын аттадыңыз деген сөз. Бірнәрсені үйренгенде, уақыт керек. Сіз 110 қабаттың төбесіне ұшып баратын өрмекші адам емессіз. Уақыт керек.
3) Тәжірибе керек. Сіз Манхэттенге алғаш барғанда басыңыз айналады. Бұл не, ол қайда, кіретін есігі қайда, шығатын есігі қайда, пракингі қайда, миың шыр айналады. Әркімге бір жалтақтап қарайсың. Барлығы өзіне сенімді, жолын біледі, шауып барады, тек сіз ғана адасып жүресіз. Бірақ 4-ші, 5-ші барғанда өзіңді еркін сезіне бастайсың. Тәжірибе деген осы. Сондықтан, бірнәрсені білмеу норма, алайда соны білмекке ұмтылуды тоқтатпау керек.
4) Осы жерде қызық басталады. Егер сіз Қазақстанда жүрсеңіз, 110 қабатқа баспалдақпен көтерілгендей боласыз. Шаршайсыз, ерінесіз, қиын. Өйткені, ментор жоқ, дені дұрыс орта жоқ, тәжірибесіз де қабылдай салатын ІТ компаниялар жоқ. Барлығы дереу экспертті жұмысқа алғысы келеді, қазақша жеткілікті ақпарат жоқ, анау жоқ, мынау жоқ. Ал АҚШ сияқты дамыған елдерде оқысаңыз, онда 110-шы қабатқа лифтпен көтерілгендей боласыз. Бұл - баспалдақпен көтерілген адамның ақымақтығын, топастығын білдірмейді. Ол лифтпен кетіп бара жатқан адамнан мың есе ақылды болуы да мүмкін. Алайда, ақылды адамдар ақылды құралдарды қолданады. Сол ақылы құрал-лифт - ағылшын тілін үйрену, жасанды интеллекті меңгеру, тез оқуды, көп оқуды, тоқтамауды, жылдамдықты үйрену.
Неге?
Өйткені, лифт сені 110-шы қабатқа тек қана тез көтеріп қоймайды. Сонымен бірге, барған жерің қате болса, тез кері қайтуға және дұрыс жерге қайта тез баруға көмектеседі. Ал баспалдақпен өліп-талып 110-шы қабатқа жеткен адам, барған жері қате болса, кері қайтудың азабы мен басқа дұрыс баратын жеріне тағы баспалдақпен көтеріліп жүрудің машақатына шыдамай күйіп кетеді.
Қысқасы, "бірдеңе үйренемін" деген адам өзіне кемінде 1 жыл, ал жалпы 3 жыл уақыт беру керек. Тоқтамастан 1 жыл, айына 30 күн, аптасына 7 күн, күніне 24 сағат бір нәрсемен шұғылданбаған, айналыспаған, оқымаған адамға "Бүйт-сөйт" деп ақыл айту қиын. Өйткені, ұқпайды. Себебі, дәл солай жасаған адамда, әдетте, сұрақ болмайды. Өзі түсіне бастайды. Жолдар көріне бастайды. Тұман сейіле бастайды. Бұлт ашыла бастайды. Миына бірдеңе кіре бастайды. "Аха" моменттер басталады.

🔥29👍11🤯1
Сондықтан да 4 жыл университетте оқып, түк ұқпай шыққан адамды, мен ұқпаймын. Университет жүз жерден жаман, оқытушылар сауатсыз, оқу бағдарламасы нашар болса да ол студенттің 4 жыл уақыты, қолындағы соткасы, тегін интернеті, дәл қазіргі әлем ұсынып тұрған мың-миллион мүмкіндікті одан ешкім алып кетпеді. Бірақ, ол адам 4 жыл ТикТок тоқтамастан қарады...
Сосын, жұмыс жоқ дейді...
Сосын, жұмыс жоқ дейді...
🔥34
10 жыл бұрын деп қояд😀
Қате мынау мэм;))
10 жыл бұрын емайл жоқ, қағаз хаттар болса, қазір 1045 емайл, 1045 қағаз хат қой. Біздің елде пошта қызметі өліп қалғандықтан білмейміз. АҚШ-та тұрып көрсеңіз…
Күн сайын кешке пошта жәшігін қарау және үйге 20-30 хат әкелу қалай әдет боп кеткенін байқамай қаласыз. Өйткені, жәшігіңді қарамасаң, тез толып қалады. Ал толған жәшікке өте маңызды хаттар сыймай қалады. Сыймаса, салмай кетеді немесе лақтырып кетеді.
Ал ол маңызды хат: салық, айыппұл, шұғыл жауап беру керек, сотқа шақырған құжаттар болады.
Америка деген қызық ел;))

👍25🤔1
Бәсеке деген жақсы ғой.
Олар үшін емес (яғни, Claude, Grok дегендер үшін де бәсекелесінің күн сайын мықты, жедел модель жасап, оны тегін оңды-солды тарата бергені оларға да ұнамайды;)), өзің бірдеңе жасағанда, сенімен жағаласып, сенен де жақсы қызмет көрсетіп кеткен бәсекелесің болғанда емес, қарапайым қолданушы болғанда:)))
Осы уақытқа дейін Grok-тың 4-ші моделін ең болмаса лимит арқылы болса да бермей, құйрығының астына басып келген Илон Маск gpt-5 шыққаннан кейін Grok 4-ке тегін доступ ашты:)))

😁27🔥5