Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
5 жыл бұрын алған Макбук Про 16” еді ғой.

Әпілдің М процессоры шығып жатқанда, олаоға Уиндоус қондырылмайтын болған соң, Интел ала салғам. Яғни, Макбук Пролардың ішіндегі ең мықты сериясының ең соңғы сериясы. Жедел жадысы да осал емес, 16 гектар. Қатты дискісі 1 Тб. Бағасы да аз болмады. 1 500 000 болған сияқты.

Процессоры і9 болған соң деседі білгіштер, әйтеуір, тоққа тоймайтын жалмауыз. Жалғыз ғана кемшілігі сол боп тұр. Оның үстіне мен бұл бейшараны 10 браузерде 1045 бет ашып қойып, оның үстіне әртүрлі бағдарламалармен қатар жұмыс істеп қинаймын ғой. 2-3 сағаттан аспай өледі де жатады.

Жан-жақтан анталаған қоңырау, Уатсап, Телеграм хабарламалардан құтылып, енді жұмыстың қызығына кіре бергенде қуаты бітеді де қалады. Отыоасың сосын омалып.

Сөйтсем, “Жап-жаңа, күні кеше алған Макбук қой” деп жүрген машинамның көзді ашып-жұмғанша 5 жыл ескіріп қалғанына мән бермеппін.

Содан жанталасып жаңа ноутбук іздедім. Шыны керек, Уиндоус жүйесін сағыныңқырап қаппын. Ал кеп ізде…

Бақсам бақа екен демекші, бұл әлем ЖИ деп жүріп, дені дұрыс ноутбук шығарудан қапты. Асус-масустарды місе тұтпадым. Ал Хуауей, Шаоми ноутбуктер ұялмай Макбуктың бағасын сұрап тұр. Жұрт мақтаған Майкрософт Сөрфейске көзім түсті. Керемет құрылғы. Алайда, тестен өткізушілер “бәрібір Макбук сияқты емес” дейді.

Қайтадан Макбукке келсем, ұзақ салыстырулардан соң ұққаным, қазіргі таңдағы ең үздік ноутбук биыл шыққан, М4 процессоры бар Макбук Эйрдің 15-тік түрі екен. 32GB жедел жады, 1 Тб түрін алсам, кемінде 5 жыл тағы алаңсыз ноутбук мәселесін ұмыта берсем болатын сияқты.

Обшым…
👍29🔥11
AI Summer School 2025

халықаралық жазғы мектебінің ресми ашылуына арналған баспасөз конференциясына шақырамыз.

2025 жылғы 23 маусым күні сағат 09:00-де Astana IT University-де өтеді.

Бұл іс-шара жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшылардың басын қосатын, Орталық Азия кеңістігіндегі маңызды білім беру платформаларының бірі болып табылады.

Аккредитация үшін:
Сандуғаш Сүндетбай
📞 +7 707 575 1089
👍2🔥2
Қызық айтайын ба?

Біздің кезімізде, 2000 жылдары, “Айтишник” дегенде бағдарламашыларды мүлдем есепке алмайтын. Ал қазір маған ақыл-кеңес сұрап жазатын жастар мен ата-аналарға қарасам, бүгінгі қоғам “айтишник деген - тек қана программист” деп түсінеді екен.

Бәлкім, соңғы 10-15 жылда программалаудың қарқын алғанынан болар. Немесе, темір-терсек (хардуар) айналасындағы айти мамандардың сөзге сараң, пиарға жоқ, өзін көпшілікке көрсете алмауынан да болар.

ІТ саласы жалпы хардуардан басталады ғой. Өзегі де, негізі де сол. Софтуар - бәлкім ІТ-дің соңғы инстанциясы шығар. Егер OSI моделіне қарайтын болсақ.

Сондықтан, бізге жүйелік админ, желілік архитектура, серверлер мен телеком һәм киберқауіпсіздік, ІТ инфраструктура, ІТ менеджмент жағына да қатты уағыз-насихат керек-ақ.

Мынау - дата центрде немесе кейбір компаниялардың өзінің арнайы сервер бөлмесінде тұратын сервер шкафы, server ruck дейді.

Менің осы жолдарды жазып отырғаным да, сіздің оны оқып отырғаныңыз да, барлығы осындай сервер қондырғысының арқасы.
👍25🔥4
Оқырман сұрағы:

менде осындай сұрақ бар,осы қазақша ИТ контент дамыту жайлы айтылады ғой, бірақ неге қазақша контент өте аз көрілім жинайды немесе мен қатты қателесемін бе? Кімде осы жайлы аналитика, деректер бар? Мен көбіне ютубты меңзеп отырмын және жеке бір арнаға қатысты емес

Менің жауабым:

Бұл феномен. Қазақи феномен. Қазақтар бірдеңе іздегенде ешқашан қазақша іздемейді. ЕШҚАШАН! Мысалы, "ІТ мамандықтар" деген запрос олардың миында жоқ. ІТ профессий, ІТ специалист деп іздейді. Біздің қазақтың бағы да, соры да, оның мультитілді екендігінде. Яғни, ақпаратты екі тілде де түсінеді, бірақ орысша іздейді. Бұл тек ІТ саласына қатысты емес. Тенгриньюс деген сияқты қарапайым күнделікті жаңалықтар парақшалары мен сайттарын қараңыз. Қазақ журналистерінде оқырман да, көрілім де аз. (өсек, төсек туралы емес, маңызды нәрселерді айтатын). Өйткені, қазақтар қарапайым жаңалыққа дейін орысша оқиды. Себебі, 70 жыл Кеңес өкіметі мен соңғы 30 жылдағы орыс тіліне басымдық бізді орыс тілінің тұтынушысына айналдырған. Яғни, біз орысша ақпарат тұтынғанды ар-намыс санамаймыз. Керісінше, тек қана қазақша ақпарат тұтынғаннан намыстанамыз. Артта қалған сезінеміз. Содан келіп контент жасаушылардың барлығы орысша контент жасауға көшеді.
🔥43👍14🤔6
Windsurf қолданатындарға

Тек менде ме әлде барлығыңызда солай ма?

Gemini Pro - бір айтқанын, бір ойын жүз рет айтып қуады.

Ал BYOT арқылы қосылатын Sonnet 4 Time Limit Token Error боп тежеліп қала береді.
🔥7
Қазақ тілін жетік білетін ЖИ

Менің ойымша, қазақ тілін ең жақсы білетін онлайн һәм тегін LLM-дер:

1) Gemini
2) Claude
3) ChatGPT
4) Copilot
5) Grok
6) Deepseek

Meta Llama да жақсы біледі. Әсіресе, біздің файнтьюниң жасаған Til-Qazyna Llama 3.1 8B Instruct. Бірақ Meta Llama өнімдерін қолдану үшін не АРІ сатып алу керек, не өз GPU серверіңе (локал не бұлт) қондыру машақаты бар. Сондықтан тізімге қоспадым.

Кімнің қандай ойы бар?
👍15🔥5
Фулстак жігіттер мен қыздар, қалайсыздар?;))
👍34😁14🔥2😱2
Өлгенше күлдім-ау, хехехе;)))
😁24
🔥🔥🔥
🔥29👍8🤯1
$30.000.000.000

немесе АҚШ-та жүрудің маңызды тұстары.

Бостон университетінде оқып жүрген кезіміз. 2022 жылдың желтоқсаны. Аяқ астынан ChatGPT деген әлемдік революция пайда болып, академиялық орта төңкеріліп кеткен сәт. Бәріміз де аң-таңбыз. “Мынадай да керемет дүние болады екен ғой?” деп. Келесі семестрде ЖИ бойынша Neural Networks for Business Applications деген сабақ алып, содан дәріс оқыған профессорыма “Неге бізге 2017 жылға дейінгі жасанды интеллектіні емес, 2017-ден бері қарайғы жаңа, заманауи, ChatGPT сияқты трансформер технологияларды оқытпайсыз?” деп жүрген кезім.

Мына жігіттің аты Дхармеш Шах. 1967 жылғы. Сол АҚШ-та оқып жүргенімде, МІТ университетінде жасанды интеллектіге қатысты бір шара болып, әлгі жерде кездесіп, таныстық. Құны $30 млрд тұратын HubSpot деген компанияның негізін қалаушы. Қарапайым миллиардер екен.

Бұл кісінің қызық әңгімесі жетерлік. Соның ішіндегі біреуін айта кетейін.

“ChatGPT шығуға әлі 2 жыл бар, 2020 жылдың жазында Сэм Олтман маған OpenAI API берді. Сенбі күні кешкісін болатын. Дереу үйге барып сол АРІ арқылы чатбот жасап алдым да… Ал кеп сөйлес. Стратегиялық сұрақтарға жауап алдым, әр түрлі тақырып бойынша сөйлестім. Бұл - әлемдік технология екенін сол кезде бірден ұқтым” дейді. Ол ол ма… кейін бұл жігіт OpenAI компаниясына chat .com доменін ешкім білмейтін сомаға сатып жібереді. Жобамен $15.500.000 (иә, 15 млн жарымнан) асатын сомаға.

Ойлап қараңыздаршы, дүние жүзі ЧатГПТ дегеннің Ч әрпін де білмейтін кез. Ал бұлар сол кезден қолдануды бастап кеткен.

Бұл жерде ойға келер түйінім:

“Интернет Қазақстанда да бар. ЧатГПТ Қазақстанда да бар. ІТ маман үшін Қазақстанда жүр не, АҚШ-та жүр не бәрібір” деп ойламаңыздар.

АҚШ-та жүрсең, технологияның қазанында, қайнаған ортасында жүресің. Ол жерде кемінде 2 жылдан, ал жалпы 10 жылдан кейін дүниежүзі жаппай қолданатын технологиялар талқыланып жатады. Бір-біріне әні-міне келе жатқан мүмкіндіктерді айтады. Көп дүниені біз жасамақ түгіл, оны елестете де алмаймыз.

Сондықтан, шама келсе, ретін тауып Кремний Алқабы жақта жүру керек. Бұлардың әңгімесінің қасында біздің әңгімеміз тілі шықпаған баланың былдырындай…
🔥60👍22
Мынаң қараңыздар👇👇👇

Фейсбуктің негізін қалаушы Марк Цукерберг Жалпы Жасанды Интеллект (AGI - artificial general intelligence) құру үшін әлемдік деңгейдегі мамандарға “аңшылық” жасай бастағанын барлығы жарыса жазған болатын.

Жақында рас-өтірігі анықталмаған, бірақ осы шаруаның айналасында жүрмін деген бәреуден аноним түрде тараған қызық ақпарат жарияланды.

Ол жерде Meta-ның Суперинтеллект командасының құрамы туралы сыбыс бар. Ондағы мәлімет бойынша, Meta-ның AGI бағытындағы жұмысын жүргізіп жатқан 44 зерттеуші бар, олардың ішінде:

🇨🇳 50%-ы - Қытай азаматы

🎓 75%-ында PhD ғылыми дәрежесі бар, 70%-ы негізгі зерттеушілер

🤖 40%-ы - OpenAI-дан, 20% - DeepMind, 15% - Scale AI компаниясынан

💼 20%-ы L8+ деңгейінде (Big Tech-тегі Staff+ деңгейіне тең)

🌍 75%-ы - бірінші буын иммигранттар

Әрөайсысының жалақысы шамамен $10–100 млн АҚШ теңгесі. (Әрине, жылына. Жалпы америкалықтардың жалақысы туралы айтылғанда әрдайым жылына деп есептеу керек).

Егер бұл мәлімет рас болса, Meta тарихтағы ең элиталы (және ең қымбат) AI командасын құрып жатқанын көрсетеді. Ол үшін Марк Цукерберг таланттар нарығына өзі тікелей шығып, AGI жарысындағы ең мықты мамандардың кейбірін тартып алу арқылы қол жеткізген.

Бұл жерде айтпағым не? Айтпағым, бәлкім сіз “Жасанды интеллект” деген сөзден шаршаған боларсыз, алайда, бұл әлі басы… Әлі басы…

@timurdaninfo
👍35🔥11😁3
Мен кейде ІТ технологиядағы сөздерді қазақшалап айтамын. Біреулер ренжиді.

“Қазақтың тілін мазақ қылдың” дейді бірі.
“Қазақша аудармасы бар ғой” дейді екіншісі.

Менің ойымша, аудармалар әрдайым керемет болмайды. Ал қазақтың тілін мазақ қылу - терминологияны адаптациялаудан емес, не калька аударғаннан, не мүлдем жаңсақ, не мүлдем издевательский аудармадан болады. Мысалы, “Еркек қорқақтар” деген секілді. Сол мазаққа төзіп жүр ғой барша қазақ.

Ал менің адаптацияларым байырғы ата-бабамыздың тіліндегідей:

- Кәмпүтір
- Быраграмист
- Әупінсорс
- Ыскрипт
- Аутомейшн
- Роутыр
- Пайырбол

деген сияқты.

Не айтасыздар? Әлде, Файервол, Роутер, Автоматизациялау, Скрипт дей бересіздер ме?

Тілдің адаптациялануы жайлы айтқан екен Nurlan Qabdılhaq. Суретті содан алдым.
👍42
Жасанды интеллектіге кешірім сұратып, өзімше боп отырмын. Ал сіз не бітірдіңіз? :-)
😁20
Обшым...

Жігіттер мен қыздар, аққулар мен қаздар. Қарап жатпай, Kiro-ның кезегіне тұра салыңыздар. Керек тастың ауырлығы болмас...
🔥22👍8
Шығармайтындары жоқ.

Дәл солай ғой расында 😃
😁14
ІТ және технология туралы тереңдетіп оқығалы ұққаным…

..егер сен әлемдік деңгейдегі бір дүние, әрекет, алапат секіріс жасағың келсе, онда ережесіз ойынға көшуің керек. Онсыз даму да жоқ, үстемдік те жоқ, ештеңе де жоқ.

Ол ережесіз ойын жүрісін Product Management және технология әлемінде Unfair Advantage деп атайды. Қазақшасы: әділетсіз үстемдік.

Мәселен, Huawei компаниясы 2000 жылдардың басында қара жаяу қытайлықтың бастаған компаниясы болатын. Ол айналдырған 3/4 жылдың ішінде әлемдік техногигантқа айналып үлгереді. Қалай? Технологиялық шпионаж арқылы. Мәселен, Cisco сияқты компаниялардың технологиясын сол күйі, тіпті кодындағы қателерімен бірге көшіріп алған да қытайлық арзан жұмыс күшін іске қоса салған. Нәтижесінде, америкалық компаниялардың 40 жылдық зерттеуі, 50 жылдық тәжірибесін белден басып, дереу қарқын ала бастаған. Қазіргі таңда бұл компанияның технологиясын біз сияқты елдер ғана алады. АҚШ, Батыс елдері түгелдей бас тартқан.

Тағы бір мысал - DeepSeek. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, OpenAI компаниясы 2017 жылдан 2022 жылға дейін 5 жыл бойы млндаған қаражат, жүздеген әлемдік ең мықты ғалымдарды жұмылдырып ChatGPT жасап шығарады. Ал Қытай келеді де айналдырған 5 айда ChatGPT-мен теңесетін жасанды интеллект жасап шығарады.

Қалай?

Оп-оңай.

ChatGPT-ге дистиллиң жасайды. Яғни, көшіріп алады.

Келесі мысал. 2013 жылдары Facebook Onavo деген VPN ұсынады. Оны қуана-қуана қондырып алып қолданушылардың ішінде мен де бармын. Өйткені, тегін, жылдам, қолайлы.

Сөйтсем…

Бұйрабас құрдастың қулығына құрық бойламайды ғой. Барлық трафикті Фейсбуктың сервері арқылы жіберіп, желіні толықтай скан жасаған. Әлемдік қолданушылардың қандай сайтқа кіретіндігі, қандай бағдарлама қолданатындығы, қаншалықты жиі қолданатындығы, қай уақытта қолданатындығына жосықсыз зерттеу жүргізген.

Нәтижесінде… Snapchat-тың күш алып келе жатқандығын, WhatsApp-тың қарқынды дамып келе жатқанын көреді де… екеуін бірдей сатып алуға шешім қабылдайды. Өйткені, Snapchat-тың дамуы Instagram-ға зиян, WhatsApp-тың дамуы Facebook-тің Messenger қолданбасына зиян.

Соңында, WhatsApp-ты солайымен сатып алады. Ал Snapchat Фейсбукке сатылудан бас тартады. Есесіне, оның ең мықты функционалы - Stories деген форматты тікелей көшіріп алып, Фейсбукке, Уатсапқа, Мессенджерге, барлық жерге қайталай салады.

Күштінің арты диірмен тартады демекші… Әрине, бұл елдер мен компаниялар ресми түрде ешқашан мойындамаған және мойындамайды да. Алайда, результат на лицо.

Айтайын дегенім… біз артта қалған елміз ғой. Әділ, ереже бойынша дамуға ақшамыз да жоқ, уақытымыз да жоқ. Оның үстіне ұрлық-қарлық жасауға қауқарымыз да жоқ, артымыз да шыдамайды. Ал Қытай сияқты елдер 4-5 жылдың ішінде 40-50 жылдық тарихы бар еуропалық автоиндустрияның астан-кестеңін шығарып, әлемдік көлік саудасында алдыңғы қатардан бір шықты…

Ойланып қараңыздар… Біз не істейміз?
🔥39😁5😱1
Oleve!

1 жылға жетпейтін уақытта $6.000.000 ARR жасаған.

Әлем бойынша 5.000.000 астам қолданушыға қызмет көрсетеді.

9 айда табысқа шыққан.

Және…

Бұл компанияда 4-ақ адам жұмыс істейді🤯🤯🤯

Жігіттер мен қыздар, біз анық бірдеңені дұрыс істемей жүрміз. Ол бірдеңенің код жазуға, мықты программист болуға түк қатысы жоқ сияқты…

https://youtu.be/pQz-PgA1eJw?si=nwuX5OyCS-d8mlMt
🔥18