Айтпақшы, осы ред тимде жұмыс істейтіндер, этикал хакерлер бар ма арамызда?
🔥6
Қазақ тілінің жанашырларына!
Мына жақта жігіттер қыруар шаруа жасапты.
“Қазақ тілінің тасымал сөздігі, бастапқы нұсқа, қате жетеді, сын керек” дейді.

🔥11
Оқырман сұрағы:
“ЖИ дамыған заманда ML үйренудің не пайдасы бар?”
Менің жауабым:
1) ML деген де ЖИ саласына жатады.
2) “ЖИ дамыған заманда” деп қара халық айтса болады. Бірақ ІТ мамандар олай айтпауы керек. ІТ “LLM дамыған заманда” деп нақты айту керек.
3) LLM, ол - шоқпар. Сіз шыбын өлтіру үшін шоқпар қолданбайсыз. Сапалақ қолданасыз. Шоқпар - ауыр. Қымбат.
4) ML - сапалақ. Ол - жеңіл. Арзан.
5) Бизнестің көп мәселесін, адамдардың мәселесін шешу үшін үнемі LLM қолдану міндет емес.
6) Бұл өмірдегі ең көп шаруаны ML оңай шеше алады. Мысалы, үй бағасын болжау, көлік бағасын болжау, сегментация жасау, классификация жасау, адами тілді өңдеу, үлкен деректермен жұмыс, өндірістік ақаулардың алдын алу, сырқат жандарға диагноз қою, рентген түсірілімдерін жедел сараптау, т.с.с. шешімдерді ML арқылы жасайды.
7) Сондықтан, ІТ мамандар ML саласын білу керек.

👍33
Қыздар-жігіттер, өтінемін!
Осындай бизнес жасаңыздар.
Қараңыздаршы, жұрт қандай пысық! Шикі мәліметтерді llm түсінетін форматқа ауыстырып беретін сервис жасап қойыпты. Сіздер де дәл осылай жасаңыздаршы. Бүгін бастасаңыздар, 5 жылдан кейін миллионер (доллар) боласыздар. Маған алғыс айтасыздар.
Github-қа барыңыз немесе Microsoft сияқты компаниялар ұсынған PDF 2 Markdown құралдарды Vercel сияқты тегін сервиске деплой жасай салыңыздар. Болды!
Бұл - қазір әрбір компанияға, әрбір адамға керек сервис!

🔥17👍4🤯4😁1🤔1
KazLLM туралы
Nazarbayev University аясында құрылған ISSAI деген ЖИ зерттеу орталығы бар. KazLLM соның базасында жасалды. Кейін ISSAI орталығы KazLLM-ді одан әрі өздері жетілдіріп, Oylan деген мультимодаль ЖИ чатботын жасады.
Енді, өткендегі Президенттің ЖИ Министріне KazLLM туралы сұрағынан кейін ISSAI қызметкерлеріне сын келмесе екен деп уайымдаймын. Негізінде, Президент KazLLM мен ChatGPT-ді тікелей салыстырмауы қажет еді. Оның аузына ол сөзді кім салып бергенін білмеймін, алайда, салыстырмайтын затты салыстырғаны дұрыс болмады. LLM деген ол ядро, ЖИ чатбот деген соңғы өнім.
Неліктен?
Өйткені, KazLLM-ді модель күйінде бір реттік үйретуден кейін ол жоба тапсырылған. Оның иелігі ЖИ министрлігінде. Оны чатбот қып жасау, барша халыққа ұсыну, тіпті тегін ұсыну да ЖИ министрлігінің міндеті еді. Ол үшін суперкомпьютер бар. Мүмкіндік бар. Бірақ, маған белгісіз себептермен, олай жасалмады. Модель Huggingface-те шикізат күйінде ғана тұр. Оған ISSAI қызметкерлері жауап бермейді деген ойдамын.
Алайда, қазір Тредс әлеуметтік желісінде ISSAY-дың өз күшімен жасаған, ЖИ Министрлігінің қатысы жоқ Oylan деген чатботына брутфорс жасап, сынап, скриншот шығарып жатқандарды көріп жүрмін. Соған жүрегім ауырады.
Неліктен жүрегім ауырады?
Өйткені, мейлі жақсы болсын, мейлі жаман болсын, ЖИ модельге файнтьюниң жасау, файнтьюниң жасауды былай қойғанда, тіпті даталейк жасау, оны тазарту, құрылымдау, сұрыптау, яғни толықтай пайплайн жасаудың өзі қыруар жұмыс. Маған сенбесеңіз, өзіңіз қарапайым ғана бір RAG чатбот жасап көріңіз. Инпут 10.000 pdf файл, 20.000 word файл деп есептеңіз. Шақшадай басыңыз шарадай болатынына кепілдік беремін.
Осындай әрекеттер арқылы бізде AI/ML, RAG, LLM мамандар қалыптасады. Беларустың сүтін ішіп, Ресейдің сгущенкасын, Украинаның балмұздағын жеп, Швейцарияның шоколадын, Қытайдың мандаринін, Иранның алмасын, Әзірбайжанның гранатын жей берсек, өзімізде ауылшаруашылық дами ма? Әрине, жоқ!
Дәл сол сияқты, миллиард доллар қаражат құйылған, жүз мыңдаған GPU арқылы, әлемнің мәліметін ұрлап үйретілген ChatGPT-ді қолдансаңыздар қолдана беріңіздер. Бірақ күндердің күні келеді.
"Өзіміздің ЖИ чатбот қайда?" деп жылайтын уақыт келеді. Ол уақыт әртүрлі себеппен келеді. Не саяси, не санкция, не қымбатшылық арқылы. Сол кезде өзіңді қор санап, өзгені зор санағанның көкесін көреміз.
ЖИ Министрлігіне жаным ашып отырған жоқ. Оны тікелей жасауға атсалысқан ғалымдар мен мамандарға сын келмесе екен, олардың энтузиазмы өшпесе екен деп тілеймін.
Өзіңді өзің қолда, қазағым! Кекесін мен мұқасын - бізге қажет емес.

👍48🔥14🤔1
iPhone жақсы ма, Samsung жақсы ма?
Негізі, Samsung дегенде Андройд дегенді білдіреді ғой.
Екеуі де жақсы. Өмірдегі қолданысына қарай әркім өзі шешеді ең соңында. Біреудің айтқаны ешқашан өтпейді. Адам түсініп болмайтын, ауызбен жеткізе алмайтын, тек өзіңе ғана белгілі болатын бір жағдайлармен ең соңында не Самсунг Галакси, не Айфон ұстап кетесің.
Қазір ЖИ саласында солай боп жатыр. Басты қарсыластар:
OpenAI Codex VS Claude Code
Бірдеңе деу өте қиын. Біреуге gpt5.2 ракета, екінші адамға opus4.6 зымыран.
Осы кезде “Қайсысы?” деп сұрамаңыздар. Айту қиын. Дұрысы, екеуін де қолданып көріңіздер. Сонда айтып болмайтын, өзіңізге ғана белгілі себеппен біреуіне тоқтайсыз.
Иииии все-таки: кімге қайсысы ұнайды?;))

👍19
Хигсфильдке қатысты жағдайдан ұққаным…
Бұл генератив ЖИ деген өте тың сала ғой. Қазіргі алтын - алтын емес, қазіргі алтын - токен! (Менің осы сөзімді принтерден шығарып, іліп қойыңыздар, әрбір ІТ маман).
Бұл жігіттердің басы қатып жатқан мәселе - токен оптимизация. Ал түсіп жатқан, негізгі шағым - unlim деп сатқан тарифтердің тез таусылуы. Яғни, токеннің тез құртылуы.
Жалпы, токен оптимизация деген бұрын-соңды ІТ салада болмаған әңгіме. Оны ешкім басынан өткізбеді. Оның плейбугы еш жерде жазылмаған.
Мысалы, кім Cursor қолданып жүр? Олар да токен жеп жатыр. Бірақ неге ешкім оған шағымданбайды? Америкалық болғандықтан ба? Токен мәселесіне неліктен тек қана қазақстандық компания жауап беру керек? Бұл - жаһандық проблема. Тек қана Хигсфильдтегі жігіттерді кінәлауға болмайды.
Сондай-ақ, көпшілікке ЖИ платформа жасап жүрген жігіттер, біз де енді осы токен экономикасына қатты мән беруіміз керек. Әйтпесе, желініп қаламыз.

Claude Sonnet 4.6 шықты.
1 млн контекст.
Тек ақылы нұсқада.
Менде тегін нұсқада шықпай тұр.
1 млн контекст.
Тек ақылы нұсқада.
Менде тегін нұсқада шықпай тұр.
🔥14
Ораза айы құтты болсын. Ауыз бекіткен жандар, қабыл болсын!
👍48🔥16🤯2
Ееее…
Сіздер әлемде не боп жатқанын білсеңіздер ғой…
“Қазақстан ЖИ бойынша дамып жатыр” деген сөзге күлер едіңіздер.
Иә, “бүйтіп жатырмыз, сөйтіп жатырмыз”.
Бірақ біздің бүйтіп жатқанымыз бен сөйтіп жатқанымыз, “Автоваз арқылы автоиндустрияны дамытып жатырмыз” дегенмен бірдей. Ешкім сенбейді, бірақ бас шұлғуға мәжбүр.
Бүгінгі таңды әлем революциялық жаңалықпен атырды. Канадалық бір шағын компания NVIDIA-ның өзін тізерлетіп қоятын ЖИ технологиясын ойлап шығарды. Олардың тікелей чипке тігіп жіберген үлкен тілдік моделі секундына 17.000 токен өңдей алады.
Ол не деген сөз?
Ол - сіз көзіңізді жыпылықтатып үлгергенше ЖИ моделі Толстойдың “Соғыс пен бейбітшілігін” оқып тастайды! 🤯🤯🤯
Сіз, көзіңізді, ашып, жұмғанша!

🔥41🤯14😱5
Обшым…
Жаңа Макбук шығады. Тачскрин болады. Динамик арал болады.
Қалай сіздерге?

👍7
ЖИ және Иран
Осыдан 2-3 күн бұрын Claude деген жасанды интеллект моделін жасаушы Anthropic компаниясы мен Pentagon арасында келіспеушілік боп қалды.
Басты мәселе: Антропик компаниясы өзінің жасанды интеллект құралын Пентагон тарапынан азаматтарды қудалау, аңдау, ізіне түсу және тағы басқа конституциялық құқықтарды бұзатын әрекеттер үшін қолданғанына наразы.
2-3 күн болған жаға жыртыстан соң Трамп әскери Антропикті қолдануға тыйым салды.
Бірақ бүгін жария болған мәліметке қарасақ, кешегі Иранға жасалған соққылар мен әскери операциялар кезінде АҚШ Соғыс министрлігінің Anthropic компаниясының Claude жасанды интеллектісін қолданғаны белгілі болды.
Қалай қолданған?
Келіп түскен құпия мәліметті (интел) анализ жасау үшін, мақсатты субъекті (таргет) яғни Иранның дереу көзін құрту керек адамдарын анықтау, шабуылдың шындыққа жақын симуляциялық жоспарын құру және ақпарат көп түсіп, шешімді дереу қабылдау кезде нақты қай шешімге тоқтауды анықтау үшін қолданылған.
ЖИ деген осы. Ол жай ғана мұғалімдер әдемі видео жасап, мультфильм жасаумен шектелмейді.
Менің бұрыннан айтып жүргенім осы. Біздің елде “ЖИ дамытып жатырмыз” деп форумдар мен конференцияларда үлкен ЛЕД экранда роботты қазақша сөйлетіп қойғанына мәз.
Ал шындығында, ЖИ-ды батыл қолданысқа енгізетін кез жетті.
Әйтпесе… Не жоясың, не жойыласың.

👍48🔥8🤯6
Apple жаңа өнімдерін шығарып жатыр.
Маған бүгінгі ұнағаны - MacBook Neo 🔥
Арзан! 8/256ГБ үшін 🤯 $599 тұрады.
Неліктен арзан? Өйткені, М емес A18 Pro чипін қолданғандықтан.
Меніңше, студенттер мен оқушылар, офис қызметкерлері, жалпы бұқара үшін әбден жеткілікті құрал.
Өйткені, тәжірибе көрсеткендей, 2020 жылы шыққан М1 процессорының өзі күнделікті шаруалар үшін айтарлықтай қуатты, overkill екені байқалды.
Алар ма едіңіз?

👍37