Тимурдан Инфо | it&tech
3.46K subscribers
1.31K photos
110 videos
28 files
726 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Мы ищем умных, красивых, талантливых....да не, просто нужны разработчики!! В разные локации и страны, на разные проекты:

▪ Front-end Developer (Prague) https://bit.ly/3oFvm4d
▪ UI Developer (Unannounced Project) (Vilnius, Belgrade) https://bit.ly/43Q65Ei
▪ Render Developer (Vilnius, Nicosia, Berlin, Belgrade) https://bit.ly/3N8VMFl
▪ Senior Gameplay Engineer (Guildford) https://bit.ly/3V1fRzn
▪ C++ Developer (Unannounced Project) (Vilnius, Belgrade) https://bit.ly/3AppqyB
▪ Automation Engineer (Vilnius) https://bit.ly/3AoqeUv
▪ Lead Engineer (Vilnius, Belgrade, Nicosia) https://bit.ly/3mXAujs
▪ Tools Developer (Vilnius, Belgrade) https://bit.ly/40ypF5c
▪ Senior UI Engineer (Guildford) https://bit.ly/3N7yFes
▪ HTML Developer (Belgrade) https://bit.ly/3mSsIYl

You can find the full list of our open vacancies here - https://lnkd.in/gPn-mKh
👍11😁1
Бесплатный* летний лагерь по искусственному интеллекту в Алматы!

На сегодняшний день nFactorial School - это 1100+ выпускников (плюс 150+ студентов, которые учатся на данный момент). Несколько сотен из них уже работают в ведущих мировых технологических компаниях за рубежом. Наша миссия - сделать софтверные продукты “MADE IN KAZAKHSTAN” символом высокого качества и смелого воображения по всему миру. В течение календарного года мы готовим разработчиков, дата саентистов и аналитиков данных по самым различным направлениям в формате интенсивных онлайн-потоков длительностью 8-16 недель. Каждое лето мы проводим nFactorial Incubator - оффлайновый летний лагерь, когда 150-200 разработчиков с разных уголков республики и мира собираются на 10 недель в Алматы, чтобы научиться веб- или мобильной разработке и запустить собственный продукт с 10,000 пользователями.

Тема этого лета - это создание веб- и мобильных продуктов с использованием возможностей генеративного искусственного интеллекта. Сейчас мир переживает новый тектонический сдвиг в технологиях, который по своему масштабу и эффекту можно сравнить с появлением Интернета. И мы в самом начале этой волны. Это лучшее время, чтобы взяться за дело.

Вот только несколько “приземленных” идей, которые можно реализовать этим летом: 1) ChatGPT для связи компаний и их текущих и потенциальных клиентов; 2) авто-скоринг качества звонков в отделе продаж без необходимости прослушивания РОП’ом; 3) генерация киносценариев в разных жанрах с последующей раскадровкой; 4) конструктор простых сайтов, мобильных приложений или игр без помощи разработчиков; 5) ИИ-ассистент для копирайтеров/архитекторов/дизайнеров/юристов/подкастеров и пр; 6) программирование смарт-контрактов без кода; 7) генератор логотипов для компаний; Eight) персональный поисковик всей вашей цифровой жизни + бот, который говорит в вашем стиле; 9) ИИ-генератор ответов для ваших соцсетей; 10) ИИ-тренажер для обучения иностранным языкам или программированию; 11) ChatGPT + iPhone-данные о вашем здоровье.

Формат лагеря остается прежним: 10 интенсивных недель в одном физическом пространстве (5 июня - 11 августа), 40+ часов в неделю, первые 2 недели - обучение основам веб- или iOS-разработки, дальнейшие 8 недель - создание и запуск собственного продукта. Жизнь в бесплатных общежитиях для приезжих студентов. Настольные игры, командные соревнования, походы в горы на выходных, совместные ужины и многое другое. Кроме того, будут лекции по последним веяниям в ИИ: LLaMA vs Alpaca, Auto-GPT, BabyAGI, SimsGPT, Chroma, StableLM, Gen-2 с разбором последних популярных научных статей. Непередаваемая творческая атмосфера, когда 150+ заряженных студентов и 15+ “включенных” менторов создают собственные приложения. Задача - как и ранее, ни много ни мало провести лето, которое изменит жизнь всех участников лагеря.

Огромное спасибо всей команде #ChevronKazakhstan за партнерство, Satbayev University в лице ректора Бегентаева М.М. за предоставленную площадку и безмерную поддержку.

Даты: 5 июня - 11 августа 2023г
Место: Satbayev University, г. Алматы
Подать заявку для участия в nFactorial Incubator 2023: https://form.typeform.com/to/sRoghdWH

Всем продуктивного лета и спасибо за репост!

(*) Топовые 75 аппликантов получат гранты на обучение от компании «Шеврон». Остальные участники в случае прохождения нашего отбора получат возможность обучаться на платной основе.
👍6🔥3
Бұрын мен өзімді ешқашан программиспін деп айтпаушы едім.

Енді айта беретін болдым, муахаха ;))
😁24👍3🔥3
Дата майниң сабағынан препроцессиң өтіп жатырмыз. Датасетті классификациялау, корпсты тазарту, tf idf, токенизация, қыртым-шыртым…

Осыны оқып отырып, Open AI командасы реально ми ашу және нағыз мыжыңбай жұмысын атқарғанын түсінеді екенсің.

Үлкен компанияда дата аналитик боп жасайтындар жұмыста датасет тазартуға біраз уақыт жұмсайтындарын немесе $30.000-40.000 сияқты сомаға дайын датасет сатып алатындарын айтады.

Осы аптадан бастап файналдар басталады. Семестр аяқталып жатыр. Шынымды айтсам, миым біраз шаршады;))

Обшым, сіздердің жасанды интеллект деп жүргендеріңіз статистика мен ықтималдық қана;))

P.S. Айтпақшы, аноу профессорымыз түрік қызы. Бұған дейін МІТ-де зерттеу жұмысын жасаған екен.
🔥26👍3
Google Cloud Platform-мен жұмыс істеуді үйреніп алыңыздар.

Фрилансер болсаңыздар да, ірі компанияда жұмыс істесеңіздер де, біреуге оутсорс жоба істесеңіздер де немесе өзіңізге продукт жасап жатсаңыз да көмекке келетін мықты құрал!

Ешқашан аш қалдырмайды!
👍34🔥2
Жасанды интеллек трансорфмер қолданып жасаған бір жобамды Хирокуге жүктей қояйын деп едім, сіздерге өтірік маған шын, он сағат болды, әлі отырм:((

Енді міне, Хирокуге 500MB ғана жүктей аласың, сенің деплойың 2гектардан асып кетті, сығып жүкте дейді. Вроде бы уеб-скейлиң жасадым. Болмай жатыр сонда да.
👍7
Фейсбуктен хат келді.

Қызық…

“Егер сен Фейсбуктың АҚШ-тағы қолданушысы болсаң, онда саған компенсация берілуі мүмкін. Өйткені, Фейсбук қолданушылар мәліметін үшінші тарапқа сатқан кезде, оның ары қарай қалай қолданылатынына салғырт қараған. Соған байланысты сот ісіне қарай, сіздің зардап шегу мүмкіндігіңіз анықталса, өтемақы беріледі” дейді.

Аспаннан түскен ақша ғой деп, өтініш формасын толтыра салдым, муахаха…
😁28👍6🔥1
Муахаха
😁31😱7
“Жасанды интеллект мені жұмыссыз қалдыра ма?” деген 1-ші сұраққа жауап.

“Жасанды интеллект контент мейкердің жұмысын тартып алса, тартып алар. Алайда, программистердің жұмысын тартып ала алмайды” деген софт саласының қызметкерлеріне екінші жауап!

Бірақ, бұған қарап, “Болашақта ІТ мамандар қажет болмайды” деген тұжырымға келуге болмайды. Бар болғаны, ІТ нарығына кіріп үлгеру бүгінгідей оңай болмайды деген сөз.

Қазір, мысалы, 0-ден бастап тура 6 ай таңнан-кешке дейін маңдай терді төгіп, мұрыннан қан аққанша оқып, тоқып, жоба жасап, нәтиже шығарсаңыз, жұмысқа алуға даяр компаниялар табыла бастайды.

6 ай еңбек ету деген не ол? Түк те емес! Ең оңай дүние. Қазіргі жолда жалғыз ғана кедергі бар - еріншектік, жалқаулық, сауатсыздық деген.

Ал ертеңгі жолда “Жасанды Интеллект” деген “жалмауыз” алдыңызда кесе көлденең тұратын болады. Ал одан аттап өту…

Оңай болмасы анық.
👍22🔥4
Бүгін керемет сөз естідім:

Confidence is the willingness to try! If you try you are not going to die. You will learn something!

Өздеріңізге деген сенімділіктен айрылмаңыздар. Ал өзіңе сену деген сөз - бірнәрсені қарап көрмекке ЕШТЕҢЕГЕ және ЕШКІМГЕ қарамай ұмтылу. Яғни, өзіне сенбейтін адам ешқашан жаңа бір нәрсені бастамайды, ойға алған идеясын жүзеге асырмайды, әрдайым біреулерге жалтақтап жүре береді
🔥55👍12
Пять минут позора и ты уже сдал файнал 🫣🫣🫣
😁34🔥18👍7
Өте мықты, жо 🔥🔥🔥 ақпарат!

Үйде отырып, ChatGPT арқылы немесе ютуб арқылы үйрену мен академиялық және ірі компанияларда үйренудің басты айырмашылығы осы.

Өзің апп жасап оны айналаңдағы 5 адам қолданған кез бен миллион адам қолданған кездегі архитектура мүлдем басқа болады.

“Неге Яндекс Такси жасамайсыңдар?” деген сұрақ та осыған жатады, негізі. 4 адам мінетін такси приложениені барлығы жасай алады. Алайда, Күніне жүздеген мың адам жарты секундта нәтиже алуы керек Яндекс Таксиді жасай алатын команда, инфраструктура жасақтау оңай шаруа емес…
👍20🔥6🤔2
ChatGPT және жасанды интеллект әлемі

Егер сіз технология әлеміне жақын жүрген адам болсаңыз немесе жасанды интеллект жаңалықтарынан (Өтінемін, “Оның маған түк қатысы жоқ!” демеңіз. Сіз ойлағаннан бетер қатысы бар. Тікелей. Бәлкім бүгін. Бәлкім ертең. Бәлкім арғы күні. Бірақ анық қатысы бар) хабардар болсаңыз, онда әлемді өзгертетін жаңалықтарсыз бір апта да өткне емес. Әсіресе, соңғы жарты жыл зымыран жылдамдығымен қарқынды дамып жатьырмыз.

Бұл жаңалықтардың жартысына жуығы "Ойбай, енді әлем бұрынғыдай болмайды" тақырыбынан болса, ал жартысы "Құдай-ау, ақырзаман жақындап қалды ма? Адам баласы жұмыссыз қалатын болды ғой?" дегенге саяды.

Бұл апта да тыныш өтпеді. Меніңше, жақсы мағынада. Оптимистік көңіл сыйлайтын жаңалықтардың бірсыпырасы:

- OpenAI компаниясы іріктеп алған кейбір қолданушылар тобы ChatGPT-дің жаңадан шыққан “код аудармашысын” қолдана бастады. Бұл енді ChatGPT-ді қолданып жүрген адамдар үшін сондай бір сенсациялық жаңалық бола қоймағанмен, әрбір нәрсені қарапайым қолданушы деңгейіне түсіруге арналған нарық ретінд таңдай қақтырарлық деп айтуға келеді. Мәселен, сіз Excel кестеңізді оған жіберіп, "Әй, жүгермек, маған осы деректерді талдап берші" деп айта аласыз және нәтижесінде ол сізге графиктерді шығарып, олардың корреляциялық талдауын шығарып береді. Бұл енді аналитикадан алыс жатқан адамдардың мүмкіндіктерін қаншалықты кеңейтетінін, ал аналитиктердің жұмыс аясын қаншалықты тарылтатынын елестетіп көріңіз.

- "Дәрігерлер vs ChatGPT" атты жаңа зерттеу жарияланды. Дәрігерлерге Reddit-те жарияланған пациенттің сұрағы, дәрігердің жауабы және chatgpt-тен жауап берілді. Зерттеу көрсеткендей, дәрігерлердің өздері ChatGPT жауаптарын жақсы немесе өте сапалы деп 3,6 есе, ал эмпатия немесе өте эмпатикалық көзқарас 9,8 есе жоғары деп бағалады. Бұл қымбат медқызметке қолы жетпейтін адамдарға қаншалықты көмектесе алатыны туралы ойлай беріңіз.

-ChatGPT Италияға қайтып кепті. “мен италиялық емеспін ғой, маған не қатысы бар?” дейсіз бе? Демеңіз! Бұл OpenAI компаниясының өз өнімін қауіпсіз етуде және құпиялылықты сақтау үшін нақты шараларды қабылдауда тез қимылдайтынын, бір елде болса да прецедент болғанын қаламайтынын байқатады. Яғни, “Ұнатпасаң, ұнатпа. Барымыз осы енді. Есесіне, әлемдегі басқа жүздеген миллион адам қолданып отыр. Сол маған жеткілікті” деген тоғышар ұстанымда еместігін байқатады.

"Ойбай, өлдік. Құрыдық. Ақырзаман!" сценарийінің кейбір мысалдары:

- Meta (бұрынғы Facebook) қауіпсіздік тобының зерттеуі бойынша, қара пиғылды адамдар зиянды бағдарламаларды тарату, алаяқтық және браузердің зиянды қосымшалары арқылы спам жасау үшін ChatGPT сияқты жасанды интеллект құралдарын көбірек қолданатынын еске салды.

- IBM жасанды интеллект жасай алатын жұмысқа вакансия жариялауды тоқтатты. Бұл 7800 жұмыс орнына әсер етуі мүмкін, өйткені генератив AI миллиондаған "ақ жағалы"жұмыс орындарын алмастыра алады.

- Palantir бұлтта жұмыс істемейтін (Иә, клауд емес. Локал.) жасанды интеллект платформасын көрсетті. Сондықтан ол құпиялылық тұрғысынан қауіпсіз. Дейді. Олар көрсеткен мысал бойынша, бұл құрал армияға әскери шабуылдарды басқаруға көмектес алады екен…

- Осы аптаның ең бір шок ақпараты: "жасанды интеллектің әкесі" аталатын Джеффри Хинтон жасанды интеллекттің қауіптілігі туралы әлемге еркін, шектеусіз айту үшін Google-дағы жұмысынан өз еркімен бас тартуға шешім қабылдады. Ол өзін атом бомбасын жетілдіріп жатқан ғалымдармен салыстыруға дейін барып, сол үшін өкінетінін айтты.

Енді сіз менің осындай ақпарат таратудағы жұмысымның қаншалықты маңызды екенін түсіндіңіз бе? (Сарказм аралас юмор, мән бермеңіз)

Мен жасанды интеллект біздің қоғамды айтарлықтай жақсарта алады деп сенемін. Мен сондай-ақ бұл өте көп нәрсені жылдамдатады деп ойлаймын.

Сондықтан да мен жақсы адамдарға жақсы нәрселер жасауға көмектескім, олардың мүмкіндігінің одан сайын артқанын, әрбір әрекетінің терең әрі мағыналы болғанына мән беретін адаммын. Яғни, мен таратып жатқан білім әлемді жақсы жаққа өзгерте алады деп сенемін.

@timurdaninfo
👍19🔥1
Мақсатым мені оқитын және менің курстарыма қатысатын барлық адамдар жасанды интеллект әлемінен өз еншісін алса, мына әлемге оң үлес қоса бастаса деймін. Егер біз бәріміз өз жұмысымызды дұрыс істесек, біраз уақыттан кейін біз жасанды интеллект ұсынып жатқан барлық артықшылықтарға ғана назар аударамыз деп үміттенемін.

@timurdaninfo
🔥16👍13😁2
Бұрын үнемі клаудта бірдеңе былықтырып отыратынмын. Анаған ақша төлеп, мынаған ақша төлеп шаршап кеткен соң, локалкаға ауысқам. Енді отырғаның сол. Не анау қондырылмаған, не мынау қондырылмаған. Бітпейтін бір депенденсилер мен лайбрарилер, пакадждер ;((
👍8😁3😢1
​Yandex Cloud өзінің Terraform модульдерін жалпыға қолжетімді етті

Yandex Cloud бұлт платформасы Terraform инфрақұрылымды басқарудың әупінсорс-құралына арнап өз модульдерін әзірледі. Бұл – DevOps-инженерлердң жұмысын жеңілдететін, бұлт сервистеріне арналған баптаулары бар дайын файлдар жиынтығы. Сондай-ақ, модульдер кодтың қайталануын болдырмауға көмектеседі. Terraform Modules for Yandex Cloud модульдерін GitHub-тан алуға болады.

DevOps-инженер Terraform-ды қолданған кезде модульдерді жиі жазады. Yandex Cloud-тың дайын кітапханасы оған уақытты ысырап етпеуге және бүкіл зейінің мен уақытыңды инфрақұрылымды автоматтандыру міндеттеріне бағыттауға мүмкіндік береді.

Мысалы, Kubernetes кластерін құру керек болған кезде сервистік аккаунттарды, рөлдерді, қауіпсіздік топтар мен өзге ресурстарды бөлек сипаттаудың қажеті болмайды. Модульдік, сонымен қатар, кодты басқаруды жеңілдетуге көмектеседі.

Егер сізге 10 Kubernetes кластерін әр түрлі жобаларда құру керек болса, бір модульді ғана қолданып, оны 10 рет шақыру жеткілікті, яғни сізге жүздеген код тармағын жазудың қажеті жоқ.

Yandex Cloud бұлтты платформасы Terraform-ды 2018 жылдан бастап қолдап келе жатыр. Модульдер құралмен жұмыс істеу тиімділігін арттырады. Мұнда бұлтты платформа мамандарының басқарылатын сервистерін орналастырудың барлық тәжірибесі біріктірілген.

Енді модульдер Kubernetes, PostgreSQL, MySQL мен ALB, VPC және Security Group кластерлерін құруға мүмкіндік береді. Олардың GitHub-тағы саны артады. Terraform модульдері әлемдегі барлық ірі бұлт провайдерлерінде, соның ішінде AWS, Microsoft Azure және Google Cloud-та бар. Сондай-ақ, модульдерді пайдалануды Terraform әзірлеуші-компаниясы HashiCorp та ұсынады.
👎4🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Пароль деген болмайды енді

Осы аптаның басты жаңалығы.

Енді сіз Google есептік жазбаңызға құпия сөзсіз кіре аласыз.

Енді пайдаланушылар кәдімгі құпия сөз немесе екі сатылы растаудың орнына Google есептік жазбасына кіру үшін шифрлау кілттерін (рұқсат кілті) жасап, пайдалана алады.

Бұл әдіс енді барлық негізгі платформалар мен браузерлерде жұмыс істейді және саусақ ізі, бетті тану немесе құрылғыңның PIN коды арқылы компьютер немесе смартфонға кіруге және құлпын ашуға мүмкіндік береді.

Функция сонымен қатар бір реттік кілтті жасау арқылы басқа біреудің құрылғысында тіркелгіңізге кіруге мүмкіндік береді.
👍15
🧐🧐🧐

Солай ма?
😁12🤔5👍3🤯2😱2
Meta компаниясы (экс Фейсбук) жасанды интеллект бойынша зерттеуші іздеп жатыр.

Вакансияны қарап шығыңыздар өте қызық.

Жұмысқа тұру үшін қарау міндет емес, Мета немен айналысып жатқанын көру үшін қараңыздар.

Бұлар генератив жи дегенді келесі бір деңгейге шығарып жатыр екен. 3D ештеңе емес, мәтіннен 4D шығарайын деп жатыр😳

Meta is seeking AI Research Scientists to join fundamental and applied research teams, which are focused on making significant progress in AI. Advances in AI are key to our mission, spanning some of the most pressing research challenges of our generation across such areas as artificial intelligence, machine learning, computational statistics, and applied mathematics, particularly including areas such as deep learning, generative models, reinforcement learning, computer perception, natural language processing and speech. The ideal candidate will have a keen interest in producing new science to understand intelligence and technology to make computers more intelligent, or to work on more applied problems across the company.

https://www.metacareers.com/jobs/188306774003870/
👍9🔥2