Тимурдан Инфо | it&tech
3.46K subscribers
1.31K photos
110 videos
28 files
726 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Жынды адам құсап жасанды интеллектке рахмет айтып отыратын күнге жетеміз деп кім ойлаған?🧐🧐🧐

Айтыңыздаршы, чатгптмен сөйлесіп отырғанда оған алғыс айту неліктен қажет? Ол адам емес қой, сенен алғыс күтетін?
😁15👍3🤔1
AI Developer Toolkit & (Funding):

GitHub - Copilot (Microsoft Owned)
OpenAI - ($11.3B)
Anthropic - ($1.3B)
Scale AI - ($602.6M)
Replit - ($202M)
Cohere - ($164.9M)
Hugging Face - ($160.2M)
OctoML - ($131.9M)
Deepgram - ($85.9M)
Gretel - ($68.4M)
AssemblyAI - ($63.1M)
MOSTLY AI - ($31.1M)
Tabnine - ($32.1M)
Replicate (17.8M)
Hume - ($17.7M)
👍11
Mojo - ML үшін жаңа бағдарламалау тілі

LLVM және Swift секілді бағдарламалау тіліне тікелей қатысы бар Крис Латнер 3-4 күндей бұрын ЖИ үшін өнімділігі жоғары және Python-мен кері үйлесімді (Python кітапханаларымен жұмыс істейді) жаңа бағдарламалау тілін жариялады.

ІТ қауымдастық демін ішіне тартып, бұл бәлкім жаңа Котлин шығар деп жатыр.

Айтқан сөздеріне сенсек, Питонға қарағанда 35х жылдам істейді деді ме, сондай бірдеңе…
👍18
Тимурдан Инфо | it&tech
Meta компаниясы (экс Фейсбук) жасанды интеллект бойынша зерттеуші іздеп жатыр. Вакансияны қарап шығыңыздар өте қызық. Жұмысқа тұру үшін қарау міндет емес, Мета немен айналысып жатқанын көру үшін қараңыздар. Бұлар генератив жи дегенді келесі бір деңгейге…
Осыған дейін Мета компаниясы (экс Фейсбук) ЖИ зерттеушіні жұмысқа алайын деп вакансия жариялағанын айтқан болатынмын.

Сол вакансияның ішінде ол зерттеуші 4D генератив ЖИ жасаумен айналысатыны туралы жазылған еді.

Менің каналымның чатында “4-ші өлшем не екен сонда?” деп сұраған болатын. Әлбетте, оған менде жауап жоқ.

Алайда, Метаның ЖИ бойынша випиі (VP) һәм ЖИ шефі (Chief AI), жасанды интеллект әлемінің ең озық ойлы тұлғасы Ян Лекун бүгін ғана Imagebind жобасы туралы жарыққа шығарды.

Ол аудиодан - сурет, видео, мәтін және тереңдік шығара алады. Яғни кешегі ақпарат пен бүгінгі жаңалықты анализ жасай отырып байланыстырсам, 4D дегеніміз осы сияқты.

Әрине, қателесуім мүмкін.

Техно және жасанды интеллект әлеміндегі жаңалықтар - @timurdaninfo
🔥17👍2
Hello from the Google Cloud AI Trusted Tester program!
 
Today at Google I/O we announced big generative AI news: Model Garden and Generative AI Studio are now in public preview on Vertex AI, including access to PaLM for Text and Chat and Embeddings API for Text. 🎉 Additional pre-release models and services on Vertex AI will continue to be available via the Trusted Tester program. Get started.
We also announced Duet AI for Google Cloud and for AppSheet, both of which are available now to select trusted testers. Add them to your waitlist entry. And there’s a whole lot more: check out all of the Google I/O announcements.
 
Below are some resources to help you get started with AI on Google Cloud. They’ll help build foundational knowledge that’ll be useful when you are able to try these new AI technologies yourself.
👍1
Муахаха 🤣🤣🤣
😁33😱1
🔥🔥🔥

Қыздар-жігітер!!!

Неден хабарларыңыз бар?

Google компаниясы Colab-ты жаңартты ғой. Өрт! Сұмдық. Әдемі. Керемет!

Bard-ты да қосты. Көп ұзамай релиз жетіп қалады. Кәдімгі гитхаб копилот, бірақ су тегін болады.

(Иә, ЧатГПТ да код шығара алатынын білемін. Мына жерде әңгіме натив ЖИ туралы боп жатыр;)
👍27🔥4
Қандай заманда өмір сүріп жатырмыз, а?

Мұхтар Ниязов деген ақын досым бар. Үш дүркін “Алтын домбыра” жүлдегері. Соның бір айтқаны есте қапты.

Үйде, есіктің алдында дәу бөшкесі бар ауылдағы бір кісінің әжесі туралы әңгімесі дейді. Ішіне ұн сақтайтын сол бөшкеден 2-3 табақ ұн алынып, төбеден сәл төмен түссе әлгі әжеміз “Ойбай, үйде ұн қалмапты ғой. Таусылып қапты” деп қайтадан дүкенге қояр да қоймай адам жұмсап, әлгі бөшкені дереу толтырып қояды екен. “Дүкен жанымызда. Одан да басқа дүкендер де толып тұр. Ақшаң болса, қалаған затыңды аласың” деп қанша айтса да “Бөшке толып тұрсыншы” деді екен.

Неліктен?

Аштық көрген ұрпақ. Қанға сіңіп кеткен. Қорқады. Астық тапшылығының зарын әбден көрген адамдар ғой. Ас та төк тоқшылық заман болса да бұрынғы жоқшылық алқымнан қыса береді екен ғой, өзі…

Сол сияқты, маған ақпараттық аштық өтіп кеткен. Алдымнан курс шықса, кітап шықса, тағы бір ақпарат шықса, керек пе, жоқ па, оқи берем. Әлгі әжеміздің “Ұн бітіп қалд” деп қорыққаны сияқты, “Мынаны оқымасам, көштен қалам” деген бір санамда қорқыныш қалған сияқты. Соңына дейін жететінім де бар, жетпейтінім де бар, бірақ сонда да оқи берем. Оқим, көрем де таң қалам. “Мынау сонда интернетте тегін тұр ма?” деп.

Бірде Рахат Қосбармақ деген маңғыстаулық ақын ағам, журналистикадағы ұстазымнан естіген естелігім бар еді. Әбіш Кекілбаевтың оқу-білімге құштарлығы соншалық, студент боп Алматыға келгенде, көшеде кетіп бара жатып ауада қалқып жүрген газеттің қиындысына дейін қақшып алып оқиды екен. Сондай білімге ынтық тұлға болған ғой. Абсолют энциклопедист. Жазушылығы мен ақындығы өз алдына.

Осындай оқиғаларға қарап отырып, аштық тәни һәм рухани боп бөлінсе де, санада бірдей сақталады-ау деп топшылаймын.

Мына қараңыздаршы, Мета (экс Фейсбук) компаниясының инженерлері бақандай 20 сағаттық “Мәліметтер қоры” туралы курс жасап, ол Ютубте тегіннен-тегін тұр. Иә, Ютубте тегін курс жетед, білем. Бірақ айтпағым, не деген тегіншілік деп әлі күнге таң қаламын-дағы. Тегіншілігі өз алдына, бұл курстардың барлығын пәлен-пәштуан емес, Құдай-оу, МІТ, Харвард, Стэнфорд университетінің профессорлары оқытатыны бар, Мета, Гугл, Майкрософт, Амазон сияқты компаниялардың инженерлері үйрететіні бар, сүттің бетіне шыққан қаймақтар ғой. Ендеше, осы ас та төк білім мен ақпаратты, тәжірибе мен ақыл-кеңесті неғып үйренбей жатырмыз деген уайым менде…

“Артық білім кітапта” деп өскен едік. Оқитын адамға кітап та жетед. Кітапты менсінбейтін адамға видеосабақ та жетіп артылад. Пайдамызға асырайықшы осыны?..

https://youtu.be/iwRneX7GIGI
🔥41👍19
Сарапшы Мин-Чи Кио Apple компаниясының 5 маусымда WWDC-те өтетін жаңа құрылғының тұсаукесеріне мұқият дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратты.

Оның айтуынша, компания соңғы бірнеше жылда көп айтылып жүрген, көптен күткен аралас шындық (Mixed Reality - MR) дулығасын (шлем) таныстыруды жоспарлап отыр.

Apple компаниясының өзінен басқа, компанияның серіктестері де дулығаның тұсаукесерінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн, олардың көпшілігі эксклюзивті келісім-шарттар жасасқан:

- Құрылғыны құрастыруды Luxshare-ICT компаниясы жүргізеді.
- Micro OLED дисплейлерін Sony компаниясы жеткізеді.
- Екі процессорды TSMC әзірлейді.
- Құрылғының корпусын Everwin Precision жасайды.
— Коуэлл 12 камера модуліне жауапты.
- Сыртқы қуат көзін Goretek компаниясы қамтамасыз етеді.

Мин-Чи Кио Apple дулығасын енгізу арқылы, егер жаңа өнім нарық көңілінен шықса, тұрмыстық электроника нарығындағы ең маңызды оқиға болуы мүмкін деп санайды.

#техноөсек
👍18🤔1
GPT жасанды интеллекті арқылы МРТ сканын оқып, адамның не ойлап тұрғанын 82 пайыз дәлдікпен білуге болады екен.

Йеп, енді AI біздің ойымызды оқи алады. Бұл жаңалық та көп күттірген жоқ

Толығырақ https://www.artisana.ai/articles/gpt-ai-enables-scientists-to-passively-decode-thoughts-in-groundbreaking
👍11😱4😁2🤔2
Машинаны үйрету бойынша гипер-супер вижуал!
👍13
;))
😁34👍5
Қайырлы кеш, Қазақстан!

Қалайсыздар жалпы?

Сұрайын дегенім: біздің елдегі ІТ саласының дамуына қандай баға бересіздер? Мейлі қысқа да нұсқа, мейлі ұзақ жауап болсын, бәрібір.

Мейлі біржақты көзқарас, мейлі аналитикалық көзқарас, бәрібір.

Мейлі ІТ маман ретінде, мейлі журналист, мейлі қатардағы өзге мамандық иесі, тіпті жұмыссыз, фрилансер, студент ретінде.

Қазақстандағы ІТ саласы дегенде не сезінесіз жалпы?
👍2
Өз қолыңнан шыққан дүние өзің ойлағаннан бетер ақылды боп шыққандағы сенің түрің.

Ал енді қалжыңсыз айтар болсақ, ChatGPT-ді жасаған Open AI компаниясының кофаундері Сәм Олтмән АҚШ Сенатында сөйлеп, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдар бірлесе отырып, ЖИ бойынша регулятор құрмаса, болмайтындын мәлімдеді.

Жапония өзінің ЖИ бойынша ұлттық стратегиясын жариялады.

Біз әзірге ештеңе демедік. Алайда, қыру-жою, айыппұл салу мен соттау және бұғаттаудан басқа сауатты қадам жасағаны дұрыс болар еді…
👍6
Сырым Абдрахманов деген бір адам болып еді Фейсбукте. Қазір де бар шығар, білмедім. Өзім көрмей кеткен соң…

Сол Сырым деген жігіт алғашында “Молния⚡️⚡️⚡️” деп пост жазғанда “Ойбай, не боп қалд?” деп оқитын едік. Кейін молниясы таусылмай қойды. Әрбір пост молния делінгесін, молния емес пост қандай болатынын білмей қалдық.

Мен сіздерге айтайын, соңғы жарты жыл жасанды интеллект әлемі дәл сондай найзағай жаңалықтар кезеңін бастан кешіріп жатыр.

Құдайдың құтты күні (әсіре, гипербола емес, кәдімгідей, шынымен күн сайын) ЖИ әлемінде таң қаларлық жаңалықтар шығып жатыр. Оларды сіздерге аударып жетуізу былай тұрсын, өзіміз оқып үлгерудің өзі мұң боп кетті.

Бүгінгі жаңалық енді айтпасқа болмайтын молния!

Мета компаниясы (экс Фейсбук) ЖИ-ге қатысты бірнеше жаңалық жасап, соның ішінде өзіме қатты әсер еткен екеуін айтып өткім кеп тұр.

Біріншіден, GitHub Copilot сияқты кодты автомат жазатын сервис жасап шығарды.

Ол ендігі қызық емес десеңіздер, екінші, ЖИ жұмысын қолдайтын микросхема - чип жасап шығарды. Бұл не үшін маңызды?

Көзіқарақты оқырман білуі мүмкін. Жасанды интеллект нейронды желілер арқылы есеп шығарған кезде күнделікті CPU емес, GPU-ге арқа сүйейді. Алайда, ол чиптің механизмі әу баста ЖИ үшін емес, графика үшін жасалғандықтан, enterprise деңгейдегі масштабтағы есептеулер кезінде оның да шектеулері байқалады дейді.

Сол үшін ЖИ жұмысын жеделдету, энергия тұтынуды азайту һәм еңбек өнімділігін еселету мақсатында енді Мета компаниясы чипмейкерлер қатарына қосылды!

Ал саған керек болса…

“If you want to build your own software you must build your own Hardware” деп еді Steve Jobs көкеміз. Не деген сұңғыла кісі деймін… Қайта-қайта айналып келіп сол кісінің сөздері қырық жылдан кейін алдымыздан шыға береді…

Көріңіздер, енді LLM мен трансформерлер жарысын бір шегіне жеткізген соң мына бигтех компанияларлың барлығы өзінің чипін жасауға көшеді. Өйткені, processing power өте қымбат! Ендігі мәселе - соны (1) арзандату, (2) жеделдету және (3) тәуелсіз қылу. Өйткені, мына заманда ешкім (бигтехті айтамын) біреудің процына тәуелді боп отырғысы келмейді. Мәселен, Apple компаниясы осыдан 3 жыл бұрын бұл процесті бастап кеткен болатын.

Өте-мөте тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз, ағайын. Тарихи кезең!

@timurdaninfo
👍31🔥14
Kaspi Lab «UX зерттеулер» бағыты бойынша тегін қарқынды оқыту өткізеді!

Оқу 12 – 16 маусым аралығында өтеді. Оқуға түлектер мен қызмет саласын өзгерткісі келетін мамандар қатыса алады. Сізді Kaspi.kz зерттеушілерінің нақты кейстері бойынша оқыту күтеді.

Курс бағдарламасында:
• зерттеулер: сандық, сапалық, тереңдетілген, usability-тест;
• зерттеу қорытындысының таныстырылымы;
• материалды бекіту бойынша практикалық сабақтар.

Оқуға қалай қатысады:
• 2 маусымға дейін https://hr.kaspi.kz/ux-researcher сайтында өтінім беру
• іріктеу тапсырмасын орындау;
• әңгімелесуден өту.

Үздік бітірген түлектерді Kaspi.kz-ке жұмысқа шақырамыз!
No code, low code дегенге қабақ шытып, жақтырмай, “Мынау не пәле?” деп жүргендер енді мүлдем шөл далаға безіп, өмірден баз кешіп кететін болар 😁
👍14😁8