Тимурдан Инфо | it&tech
3.46K subscribers
1.31K photos
110 videos
28 files
726 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Ресейде интернетке «трафик салығын» міндеттеуді ұсынды.

Ресей цифрлық даму министрлігінің бастамасы шетелдік қызметтерден, атап айтқанда: Google, YouTube және WhatsApp мессенджерінен трафик үшін салық алуға бағытталған.

Сонымен қатар, ақпараттың ресейлік дистрибьюторлары, мәселен: Rutube видеохостингі, Яндекс, Одноклассники, ВКонтакте және Зен төлемдерден босатылады деп жоспарлануда.

Бұл жаңалықты теріскей көршінің заңдарын көшіргіш біздің билік ести көрмесін ;))
😁13👎4🤔1
🌎 💸 Cohere | Cohere builds general-purpose language models and provides access to them via an API. With Cohere, companies can infuse NLP into applications without spending lavishly on training models or hiring. Read more about Cohere in Contrary Research’s report here. Series B | Backed by Tiger Global
• Product Manager, Code Interfaces - Toronto, SF, NYC (Hybrid)
• Strategic Account Executive - Remote
• Senior Site Reliability Engineer - Toronto, Palo Alto, SF (Hybrid)
• Senior Software Engineer - APIs and SDKs - Toronto, London (Hybrid)

Headway | Headway has created a platform that connects patients, therapists, and insurance companies in the mental health ecosystem. Read more about Headway in Contrary Research’s report here. Series B| Backed by a16z
• Associate, Strategy & Operations - Remote
• Operations Analyst - Remote
• Business Operations & Strategy Lead - Remote
• Infrastructure Engineer - Remote
• Senior Security Engineer - Remote
• Senior Product Manager - Remote

🌍 ClickUp | ClickUp is an all-in-one productivity platform that aims to bring teams, tasks, and tools together in one place. Read more about ClickUp in Contrary Research’s report here. Series C | Backed by a16z
• Senior Frontend Engineer - US (Remote)
• Principal Product Manager, Core Views - US (Remote)
• Account Executive, Select (Middle East) - Ireland, UK (Remote)
• Performance Marketing Manager, YouTube & Display - US (Remote)

⭐ Tropic | Tropic is a software platform that aims to give tech-forward teams spend management software, data, and services. Series B | Backed by Insight Partners
• Account Manager - US (Remote)
• Senior Engineer - US (Remote)
• Product Design Manager - US (Remote)
• Staff Product Designer - US (Remote)
• Sales Development Representative - US (Remote)
• Senior Manager, Product Marketing - US (Remote)

👉👉👉 @timurdaninfo
🔥2
Білем, жасанды интеллект дей бастасам, құсқыларыңыз келеді. Енді тіпті Ж деген әріп те ұнамсыз. Алайда...

Мета (бұрынғы Фейсбук) компаниясының бас жасанды интеллект эксперті Ян Лекун деген гений 1100+ тіл үшін сөзді мәтінге, мәтінді сөйлемге және т.б. түрлендіру жасайтын модельді таныстырды.

Машиналарды (яғни компьютерлерді, смартфондарды, бағдарламаларды, боттарды, колонкаларды, т.с.с.) сөйлеуді тану мүмкіндігімен жабдықтау - өте көптеген жаңа мүмкіндіктер береді. Әлем тілдері әлдеқашан талай мүмкіндігін қолданып тастағанмен, қазақтар үшін ең қарапайым - аудионы текстке айналдыру мүмкін бола түседі.

Осыған дейін сапалы машиналық үйрету үшін, датакорпс үлгілерін жасау үшін таңбаланған деректердің үлкен көлемі қажет болған еді. Транскрипциямен бірге мыңдаған сағаттық аудио жазбаларды қажет еттік.

Енді міне, Meta зерттеушілері wav2vec 2.0 технологиясында 1100-ден астам тіл үшін таңбаланған деректер мен 4000-ға жуық тіл үшін таңбаланбаған деректерді ұсынатын жаңа деректер жинағын біріктіру арқылы MMS атты жасанды интеллект жобасын ұсынды. Татуйода бірнеше жүз ғана адам сөйлейтін артта қалған тілмен бірге 10-даған миллион адам сөйлейтін қазақ тілі де осы мүмкіндікке қол жеткізіп отыр.

Қызық болғанда, қазақ тілін қазақ өкіметі емес, қазақтар емес, америкалықтар дамытатын өте бір қызық заманда өмір сүріп жатырмыз:)))

Код пен модель мына жақта: https://lnkd.in/eQx45594
Ғылым мақала мына жақта:
https://lnkd.in/e_ziyMVU
Бұл туралы блог пост мына жақта: https://lnkd.in/eTpXy6gy
👍34🔥2
Жігіттер мен қыздар,

Біз DevOps үйренеміз деп жүргенде MLOps деген шығып кетіп ед, артынан DevSecOps деген пайда болды. Енді LLMOps деген пайда бопты... Ал саған керек болса. Мақсаты: компанияның инфраструктурасына, пайплайнға үлкен тілдік модельдерді енгізу екен. Обшым, біле жүрерсіздер...
👍19🤔4
Құй, сеніңіздер.
Құй, сенбеңіздер…

Бірақ осындай жағдай боп жатыр екен…🧐

Вакансия: PromptDevOps 😳
👍8🤔4
Microsoft корпорациясы Windows Copilot – Windows 11 жүйесіне арналған жеке көмекшісін жариялады.

Иә, естеріңізде болса, Снапчаттан стори форматты ұрлаған Цукерберг Инстаграмға да, Уатсапқа да, Мессенджерге де, Фейсбукке де, барлығына стори жариялайтын енгізіп шығып еді ғой. Одан кейін Ютуб қосылды, ВК қосылды ол патиге. Тіпті ТикТокқа дейін қосылды. Сол сияқты, енді айналамыз түгел копайлот болады.

Windows Copilot - бұл Windows жүйесімен өзара әрекеттесу жолыңызды өзгертуге уәде беретін жаңа жүйемен біріктірілген көмекші. Ол бүйірлік тақтада көрсетіледі және жүйе параметрлеріне және жеке көмекші ретінде әрекет ететін барлық қолданбаларға дереу қол жеткізе алады.

Сонымен қатар, ол мәтінді қайта жаза (қазақша түсінбеуге айналған адамдар үшін - рерайт) алады, қорытындылайды (саммари) немесе түсіндіре алады. Майкрософт ол сұрақтарға жауап беріп, тіпті сапарларды жоспарлай алатынына уәде береді. Bing және ChatGPT плагиндеріне қолдау да жарияланды

@timurdaninfo
👍7🔥4
Forwarded from TECHOZIMIZ
🔴Эксклюзив!
Бүгін біз әйгілі IT ағартушы Тимур Бектұрмен әңгіме айтып, Отандық IT саласының өзекті мәселелерін талқыладық. Арнайы Tech Ozimiz коммюнитиіне берген сұхбатында Тимур IT саласындағы 15 жылдық тәжірибесімен бөлісті.

Міндетті түрде оқып шығыңдар🤗Өмірлік тәжірибеге сүйене айтылған кеңестер сендерге өте пайдалы боларына сенеміз❤️

Келесі кезекте кімнен сұхбат алғанымызды қалайсың? Чатқа жазуды ұмытпа)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥20👍10
Илон Масктың Neuralink компаниясы адам миына чип имплантациясын жасауға клиникалық сынақтар жүргізу үшін FDA рұқсатын алды.

Компанияның құрылғысы сал ауруына шалдыққан немесе бас-ми жарақатына шалдыққан адамдарға тек өз ойларын пайдалана отырып, компьютерді басқаруға көмектесу үшін жасалған.
🤯22👍12😱3
#техноөсек бойынша, iPhone 16 Pro Max экраны 6,9 дюйм болады деп күтілуде. Яғни, Не айпад емес, не айфон емес, пересмартфон, недопланшет боп шығады:))

Айтпақшы, иә. Әңгіме биыл қыркүйекте шығатын iPhone 15 емес, келесі жылы 2024-те iPhone 16 туралы.
🔥17👍7🤔2😁1
📢 📢 Accepting applications for the PhD position "Deep Reinforcement Learning for Combinatorial Optimization" 💡💡 Please share with anyone looking for a position!

Be a part of the newly-funded DFG project "Automatically learning to solve optimization problems with deep reinforcement learning: The quest for feasibility" with André Hottung and me at Bielefeld University.

What we offer
- A 3 year, 100% "E13" PhD position (extremely well funded, and includes travel money for conferences, PhD schools, etc.)

- Access to two different GPU clusters with 128 Nvidia A100 and 224 Nvidia V100 GPUs, respectively. (not to mention over 126,000 CPU cores...)

- Years of experience applying DRL to CO problems

- Structured PhD program (BiGSEM) providing interaction with a large group of PhD students researching topics in operations research, management, economics and data science.

- My research group's "default" language is English, no German language knowledge is required for the position and you will feel right at home here.

Why Bielefeld?
- Live right next to the famed Teutoburger forest

- Low living cost relative to other German cities (use your salary for something fun, rather than paying for a closet-sized apartment in Munich)

- Has a castle right in the middle of the city

- It actually exists. (if this makes no sense to you... well don't worry, the "joke" will be explained to you a hundred times by non-Bielefelders)

How to apply

See: https://lnkd.in/gb2YrJhp
👍4
Forwarded from TECHOZIMIZ
🔤🔤🔤🔤🔤 🔤🔤🔤🔤🔤🔤
🗣9 маусым күні Tech Ozimiz коммюнитиінің ұйымдастыруымен Ulken Meetup нетворкиң кеші өтеді. Мұнда IT саласындағы ең, ең мықты деген 4 спикері сөз сөйлейді.

Кеш спикерлерімен таныстырып өтейік🗣️

▪️ Мейір Әділжанов, 1Fit құрылтайшысы - "Жаңа нарықта кәсіпті әлемдік масштабта қалай кеңейте аламыз? 1Fit тәжірибесі негізінде".
▪️ Алмас Тұяқбаев, Dizainger, Uxstone, nFactorial, Zero to One Labs - "Әсерлі дизайн жасаудың
қыр-сыры".
▪️ Далида Еркулиева, Орталық Азия IT буткемпінің операциялар менеджері - "IT саласындағы инфобизнес: неге онлайн курс саны артып келеді?"
▪️ Айдын Тойбаев, DAR TECH операциялық директоры - "IT-дегі мансап: кодиңнен басқаруға дейін".

Арнайы митап қатысушылары үшін кофе-брейк, Quiz ойыны және өзге де қызықты іс-шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Бізді білесіңдер ғой 💥

📆Өтетін күні: 9 маусым;
📍Өтетін орны: Алматы қаласы, Бәйсейітова көшесі, 3. Aurora Space;
⏰ Уақыты: 17:00 (қонақтар 16:30-дан бастап жиналады) мен 21:00 арасында.

➕Митап серіктестері: DAR University мен ForteBank

🎫 Билетті мына жерден ала аласыңдар:

SXODIM ➡️ https://sxodim.com/almaty/event/ulken-meetup

TICKETON ➡️ https://m.ticketon.kz/event/ulken-meetup

🔴Тек 70 орын бар! Баға жетпес білімді игеріп, керемет көңіл-күйді бірге бөлісуге асық!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥2
Қызғаншақ инженерлер

Жалпы технологияның даму тарихына қарайтын болсақ, “Болмасын. Дамымасын. Менен басқа ешкім білмесін!” деген көзқараспен жүретін кімдер екенін білесіздер ме?

Олар - инженерлер. Инженер - бағдарламашы, компьютерщик (есіңде болсын, программист дегеніміз компьютерщик емес), электронщик, авиация маманы, желілік архитектор, тағысын-тағылар.

Мәселен, әлемдегі ең алғашқы компьютер деуге болатын Чарльз Бэбидждің арифметикалық машинасына әлемдегі ең алғашқы программист деп атауға болатын Ада Лавлейс атты жас келіншек оны әрбір қарапайым адам қолдануға бір табан жақындатқысы келді.

Ал жеке компьютерлер дәуірі басталған 70-ші жылдары Стив Возняк сияқты инженерлер әлемдегі ең алғашқы дербес компьютерді жасап шығарса да оны қарапайым адамдар қолдануға лайықтамаған. Оған Стив Джобс сияқты жылпос-іскер кезікпегенде, Құдай біледі, әлі күнге дейін процессорды бөлек, клавиатураны бөлек сатып алып, оны үйдегі теледидарға қосып жүрер ме едік…

Инженерлер кастасы сондай каста, олар - қатыгез! “Біз сонда математика оқимыз. Физика заңдылықтарын жаттаумен таңды атырамыз. Емтиханға кітап оқып дайындаламыз. Әлдебір теоремаларды дәлелдейміз. Үйленбейміз. Қызға бармаймыз. Ырду-дырду кештерде көңіл көтермейміз. Ал жұрт қаңғып-қыдырып алып, біздің маңдай тер, жетістігімізді оңай пайдалана салғысы келеді, ә?” дегендей, елдің барлығы олар ойлап тапқан дүниені қиындықпен меңгергенін қалайды.

Сіздер білесіздер ме, ассемблер сияқты ең төменгі, машиналық деңгейдегі бағдарламалық тіл шыққанда барлық перфокарташылар ду көтерілген. “Ойбай, сонда перфокартасыз қалай болады? Адамдар машинамен тілдесе алмай қалады ғой? Бұйрықта (Ол кезде тесілген лента арқылы бұйрық беретін болған, компьютерлік бағдарламалық код деген сөз әлі ене қоймаған кез) қате кетсе, қолмен лентаны жөндей салуды адамдар білмейтін бола ма сонда?” деп қарсыласқан.

Кейін ассемблер адырам қалып, Фортран, Си тілдері келе бастағанда енді ассемблершілер қарсы шыққан. “Өздеріңді программистпіз деп ұялмай қалай айтасыңдар, төменгі регистр, жоғары регистр дегенді ұқпайсыңдар. Қалай программа жазасыңдар сонда?” деп артын ашып күлген. Солай осы күнге дейін жалғаса береді.

Байқаймын, осы күнгі біраз true програмер (Java, C# білетін деген сияқты) біртіндеп No Code программистерді мойындап келе жатқан сияқты. Алайда, тарихқа көз салсақ, кітапханалармен жан сақтайтын қазіргі прогерлерді кезіндегі прогерлер көзіне де ілмес еді.

Айтпағым не?

Айтпағым, Стив Джобс қалай алғашында компьютер әлемін, артынан смартфон әлемін ештеңеден хабарсыз қара халық пайдасы үшін дамыта білсе, Илон Маск та әлемнің бүкіл ракета жасаушы инженерлері күліп тұрған жерден енді бұдан былай ғарыш нарығын тек мемлекеттер ғана емес, қарапайым жекелеген компаниялар да игере алатынын көрсетті.

Ал енді… Инженерлер қарсы болсын-болмасын, үлкен тілдік модельдер архитектурасын адамзат пайдасына жарата білген Open AI компаниясының негізін қалаушылар Сэм Олтман мен Илья Сутскевичтер әлемдегі кез-келген адамның программист болуына жол ашып жатыр. Яғни, өзіңнің қазақ тіліңде қарапайым бұйрық беру арқылы боттардан бастап аз-кем қарапайым статикалық (егер дұрыс сұрақ қоя алсаң, тіпті динамикалық) сайттар жасап алуға болады. Локально. Ешбір ноукод сервис пен маманға ақша төлеместен.

Иә, білем. Осы жерде әдетте инженерлер тағы қарсы шығады. “ГПТ-мен хайлоад жүйені жасай алмайсың, бірнеше сатылы архитектураны құрай алмайсың, пәлен-түген…” деп. Иә. Бірақ…

1) Хайлоад, ентерпрайз деңгейдегі программаны ГПТ түгіл әрбір 3-4-ші тру программист жасай алады деп те ойламаймын.

2) Ол кемшілік уақыт еншісінде. Тарих көрсеткендей, программистерге яғни адамдарға қарағанда жасанды интеллект тезірек дамиды екен. Қазірдің өзінде Гуглдың Вертексі мен Амазонның Кодсыбырлағышы кез-келген клауд программисті алмастыруға таяу келе жатыр.

Содан?

Содан сол…

“Жасанды интеллект туралы айта бермеші, жалығып кеттік!” демеңіздер. Оның қаншалықты деңгейде жаңа мүмкіндіктер әкелетінін ұғуға тырысыңыздар. Пайдаға асыруға тырысыңыздар. Керісінше, “Бізге жасанды интеллект туралы айта түсіңізші?” деңіздер.
👍25🔥12
Өйткені, мына АҚШ-та күн тәртібінде дәл қазір жалғыз ғана тақырып бар: Жасанды Интеллект!

Әлем дүрлігіп жатқанда, “Өй…” демеңіздер!

ЕСКЕРТУ: Алайда, осының барлығын жасайтын инженерлер. Өте қызық парадокс, ә?;))

ЕСКЕРТУ 2: Шама келсе, инженер болыңыздар. Себебі, жұрттың барлығы жасанды интеллект арқылы жасай салатын дүниеге аз жалақы төлейді. Кәсіби инженер жасайтын жұмысқа өте көп айлық береді.
👍13
Кез-келген тақырыпта әдемі қылып тарихи таймлайн жасап беретін сайт тауып алдым.

https://historytimelines.co/
👍20