Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
712 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
ИК-порт естеріңізде ме?:))
Әпіл жаңа ғана iOS17 аясында NameDrop деп аталатын AirDrop-тың брәтішкәсін таныстырды. Яғни, баяғыда, осыдан 20 жыл бұрын полифания музыканы сотканы түйістіріп отырып жіберетін едік қой? Соған ұқсайтын технология ұсынды.
Ол арқылы адамдар тек Айфон мен Айфонды түйістіру арқылы ақпарат жіберіп қоймай, Әпіл Сағатқа да жібере алады.
Ал бағдарлама жасаушылар үшін SharePlay API ұсынды. Өте қызық.
Сондай-ақ, трансформер жасанды интеллект мүмкіндігін қолданатын клавиатурада мәтін жазғанда сөзді һәм сөйлемді автомат жалғастыратын/аяқтайтын мүмкіндік ұсынды. Бұған дейінгі автокоррект функциясымен шатастырмаңыздар. Ол тек бір сөзді жөндесе, бұл жолы тұтас айтқың келген сөйлемді "осылай жазғың келе ме?" деп ұсынады. Яғни, ChatGPT-ге Әпілдің жауабы.
Journal деп аталатын тағы бір қызық бағдарлама биыл жыл соңында жарыққа шығады. Ол арқылы фото, видео естеліктерді автомат түрде джорналиң жасауға болады.
Ал iPadOS жаңа жүйесінде PDF қолданушыға өте көп жаңалықтар енгізілді. Алайда, оны жазып отырсам, ұсақ-түйек көрінеді. Дегенмен, PDF құжаттармен жиі жұмыс істейтін адамдар үшін өте қажет функциялар.

Сондай-ақ, Айфонды енді өшіп тұрғанда да сағат ретінде қолдануға болады. Яғни, горизонталь кейіпке айналады. Түнде тұрғанда көз қиығыңмен-ақ сағат неше болғанын, ауа райын көре аласыз. Ал намаз оқитындар Sajde сияқты бағдарлама көмегімен, таң намазына қанша қалғанын тез көре алады. Өйткені, виджеттерді де енді экран сыртына шығарып, белсенді түрде қолдануға болады.
👍11🔥7
Woooow! 🤯🤯🤯

Әпіл компаниясы осы уақытқа дейін #техноөсек боп келген басты жаңалығын ұсынды. Ол - AR/VR технологиясымен немесе қазіргі тілмен айтсақ, MR яғни миксед реалити технологиясын қолданатын шлемін ұсынды!

Ол арқылы адам тек басына киіп алған, көзіне көрінетін, құрылғы ішіндегі дүниелерді ғана емес, сонымен бірге көзіңді, құлағыңды және даусыңды да қолдана аласың.

Видеосын сосын жариялаймын. Бірақ, мына фотолардың өзінен-ақ "Уау!" деуге болады.

Әпіл күшінде. Әдетінен жаңылмапты. "Асықпаған арбамен қоян алады" деген осы. Осы уақытқа дейін қанша Oculus шығарса да Мета (бұрынғы Facebook) компаниясы мұндай жасай алмап еді.

Танысып қойыңыздар, бұл құрылғының аты Vision Pro деп аталады!

@timurdaninfo
🔥19👍1🤔1🤯1
Apple және оның нарықтағы құндылығы

Акционерлерге ештеңе ұнамай жатыр.

Әпілдің бүгінгі WWDC шарасы басталғаннан-ақ $184 тұратын оның акциясы құлдырағаннан құлдырап, тура Vision pro деген AR/VR дулығасы жариялағанша $180 АҚШ теңгесіне дейін құлады. Сөйтіп, One More Thing... деп стивджобсшылап сол шлемді таныстырғанша төмендеген бағам енді еңсесін тіктеп келе жатыр. Алайда...

Алайда бұл қас-қағым сәттегі бағамы ғана. Жалпы ұзақ мерзімде, айталық жарты жыл, бір жыл мерзіммен қарасақ, бәрібір Әпіл компаниясы нәскидегі ақшаңды сеніп тапсыруға болатын бірден-бір компаниялардың қатарына жатады...

Шыныңызды айтыңыз, нәскиге тыққан ақшаңыз бар ма?:))
👍8😁7
Жақсы жаңалықтың онша емес хабары

Таныстырылымы керемет болған, $3500 (жарайды, $3499) тұратын Vision Pro AR/VR дулығасының АҚШ халқы үшін сатылымы 2024 жылдың басында басталса, келесі жылдың ортасына не соңына таман біздің елдерге де жетіп қалуы ықтималдығы бар. Эээх... Осыны алатын болдым деп қуанып кетіп едім. Шамасы, бұл хабар акционерлерді де қуантпайтын шығар.
Бұл жерде 2 қызық мәселе бар.
1) Әпілдің бұл құрылғысы Meta-ның Oculus шлемі сияқты жай ғана ойыншық емес, ол - толыққанды компьютер, 4K теледидар, үй кинотеатры және әрі VR құрылғы секілді біраз функцияны қатар атқарады. Ең таң қаларлығы, бұл құрылғыны өмірге әкелу үшін Әпіл компаниясы 5000-нан (Иә, бес мың!) астам патент алған.
2) Техкомпаниялар, әдетте, өз өнімдерін жариялаған соң оны жеделдетіп халыққа таратуға тырысады. Өйткені, нарықта first mover advantage яғни нарыққа бірінші шыққан адамның артықшылығын пайдаланады. Сөйтіп, кілегейді сыпырып алуға қатты ұмтылады. Артынан өзгелер ілесе бастағанда, ол енді келесі нұсқасын дайындап отырады. Сөйтіп, технобәйге деген осындай болады. Қызығы сол, Әпіл компаниясы бұл құрылғысын пәшти ышто бір жылға кейінге ысырып, халыққа таратуға асықпағанына қарағанда, өзге компаниялардың бұл бағытта соншалықты бір жаңалығы жоқ, аса бір шаруалар жасалып жатыр деп айтуға келмейтін болғаны.
Әдеттегідей, алдымыздағы айда Samsung деген копикат компаниядан Әпілдің AR/VR құрылғысына қарсылас өнім шығаратынын күтеміз:)) OpenAI-дың ChatGPT-нан кейін алас-қапас жарияланған Bard сияқты бола ма әлде Сәмсәң күшіне міне ме, көреміз...
Біз үшін не? Біз үшін бәсеке рахат! Ол технологияны арзандатады, жеделдетеді және бізді еркелетеді...

Телеграм каналыма жазылып қойыңыздар @timurdaninfo
👍18🔥8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Apple WWDC 2023 шарасында мынадай жаңалықтарды ұсынды:

— Жаңа MacBook Air;
- Mac жүйесіне арналған жаңа процессор - M2 Ultra;
- Жаңа Mac Studio;
- Жаңа Mac Pro;
- iOS 17. Негізгі мүмкіндіктер - қоңыраулар экранын теңшеу және StandBy режимін пайдаланып iPhone-ды төсек сағатына айналдыру мүмкіндігі (әдеттегідей, ту биенің құнына стендті бөлек сатып аласыз);
- iPadOS 17 жүйесінде алғаш рет «Денсаулық» қосымшасы қосылды;
- macOS 14 Sonoma жүйесінде «ойын режимі» қосылады - ол компьютер ресурстарын басқа тапсырмаларға жұмсамай, ойындардағы өнімділікті арттырады;

Кодзима Mac жүйесіне арналған Death Stranding Director's Cut нұсқасын жариялады. Оның келесі ойындары Mac жүйесінде де шығарылады.

@timurdaninfo
👍15🔥4
😂😂😂
😁41