Google Women Techmakers International Women’s day Almaty. Live stream here https://www.youtube.com/live/3S9QJI_XiYo?feature=shared
From Askar Aituov
From Askar Aituov
YouTube
Track 1 | WomenInALL | International Women's Day 2024 Almaty
#BuildwithAI
Track 1 | WomenInALL | International Women's Day 2024 Almaty
Мы с гордостью представляем Вам коллаборацию ведущих IT-сообществ, которые объединили свои усилия, чтобы создать уникальное и вдохновляющее событие в честь Международного Женского…

👍2🔥2
Талантливый человек, талантлив во всем
..деген сөз бар орыстарда.
Мен Арман Сүлейменов досымды сондай адамдардың қатарына жатқызамын.
Сұқбат алуы, сұрақты дәл қою білу қабілеті керемет! Енді міне, біздің техно саласында жүоген қаракөз қарындастарымыз туралы тамаша жобасын жариялады.
https://youtu.be/fLf85Q7xzqI?si=dpjh3k9uOYgAvITE

Казашки в Кремниевой Долине (документальный фильм, 2024)
nFactorial Club - это invite-only сообщество предпринимателей, фаундеров, инвесторов, топ-менеджеров и экспертов. Подать заявку: https://nfactorialschool.typeform.com/to/LybSrqwc
nFactorial School - онлайн-университет востребованных ИТ-профессий и актуальных…

👍34🔥5
Мына Devin деген пәлекет ашылғанына 1 ай толмай жатып, $21.000.000.000 қаражат көтеріп тастаған (fundraising).
Өз басым әлі тест жасап көрмедім, бірақ, менің ойымша, RAG арқылы жұмыс істейтін open source LLM сияқты. Қозғалтқышы соншалықты rocket science емес-ау деп болжаймын.
Дегенмен, қазірдің өзінде оның мүмкіндіктері біраз бағдарламашыларды тілсіз қалдырып отыр.
Әрине, бұл computer science немесе programming саласын жоққа шығара қоймас. Дегенмен, NoCode бағыты бұрынғыдай көп клиенттен басы айналып, шікірейе бастаған девелоперларды біраз шайқайтыны сөзсіз.
Салыстыру үшін, дайын скриптер мен сайт-конструкторлар шықпай тұрып, динамикалық сайтты айтпағанда, статик сайт жасау үшін де адамдар миллиондаған теңге алатын. Бизнес иелерінде басқа амал да болмады.
Ал қазір, әрбір декретте отырған жұмыссыз келіншек, көз жұмып қойып лендиң пейдж жасап бере алады. Бар болғаны 20-30.000 теңгеге.
Бұл - бағдарламалау мамандығының қажетсіз боп қалуын білдірмейді. Бағдарламалау - өте көп басқа да күрделі жұмыстар үшін әлі де болса керек-ақ. Бұл - нарықты бөлісу, бәлішті бөлісу деп аталады.
Сондай-ақ, кім бұл пойызға тезірек мінсе, соғұрлым ұтады.
Шамасы, технологияны демократияландыру деген осы болса керек…

👍45
For people who are interested - Google's Global AI hackathon:
https://googleai.devpost.com
https://googleai.devpost.com
Google AI Hackathon
Build a creative app that uses Google’s Generative AI tools. Push the boundaries of what Gen AI apps can do with Gemini!
Жұмыс пен өмірде керек болатын нәрсені Яндекс Практикуммен тегін үйреніп алыңыз.
Мұнда өзіңізді әр түрлі ІТ-мамандықта байқап көріп, практикалық дағды алуға көмектесетін курстар бір бетте жиналған. Бағдарлама жасақтау, деректерді талдау, маркетинг, менеджмент пен дизайн бойынша 17 түрлі курс. Одан өту 2 сағаттан 20 сағатқа дейін уақыт алады.
Мысалы, Java негіздерін оқуға, сынақшыларды іздеу мен жалдауды үйренуге, тағам фестиваліне арналған плакат дизайнын жасауға және тағы басқа нәрселерді байқап көруге болады.
Егер ақпарат қызық болса, толығырақ сілтемеге өтіңіз 👇👇👇
Жан-дүниеңізге сай курсты таңдап, өзіңізді түрлі мамандықта байқап көріңіз!

👍20👎11😢1
Llama 3 шықты
ІТ туралы жаңалықтарды 15 жылдан бері жариялап келемін. Сол кезде, 5 жыл бұрынғы, 10 жыл бұрынғы ІТ жаңалықтарды да қазақша аударып, түсіндіріп, технологиялық жетістік ретінде жеткізе беруші едім. Өйткені, расында солай болатын. Бір техножаңалық шықса, оның жаңалыққа татитын күші жылдарға жететін.
Ал қазір…
Қазір жасанды интеллект даму қарқыны сондай қуатты, 5 жыл тұрмақ, 5 күн бұрын шыққан дүние де жаңалық болмай қалып жатыр. Оның үстіне, жаңалықтардың өзін уақытында айтып отыру мүмкін болмай бара жатыр. Өйткені, тым жедел даму үстінде.
Обшым, Meta өзінің ашық көз Llama3 моделін жариялады. Ол Instagram, Messenger, Facebook, WhatsApp - барлығына кіріктірілмек. Мәселен, АҚШ-та тұратын адам ретінде Facebook мобайл әппта бізге шығып үлгерді.
Бұл интеграция барлық елдерге тарала қоймады. Бірақ, қосылған санаулы елдердің ішінде Пәкістан да бар.

👍19🔥5
Көпшілігі, әсіресе, техникадан алыс адамдар ұқпайтын бір нәрсе бар.
“Неліктен Тимур шетелдік техножаңалықтарды сала береді” дейді.
Былай қарағанда жауабы айдан анық. Алайда, әлеуметтік желідегі әртүрлі айқай тақырыптан басы қатып жүрген адамдар сол қарапайым ойдың жетегінен айрылып қалады.
Техножаңалықтарды салудағы себебім - сіздерге идея беру. “Солай да жасауға болады екен ғой?” деген ой тастау.
Естеріңізде болсын. Әлемдегі барлық техникалық жетістік - қайталаудан, идея ұрлаудан, оны жетілдіруден, өзіңе қарай икемдеуден басталады.
Хенри Форд автомобиль шығарғанда, ол өте қымбат болған. Сондықтан, немістер Volkswagen яғни Фолкс Вагон, яғни “Бұқараға арналған көлік” дегенді шығарған. Идея біреудікі, оны орындау - немісше.
Xerox - қазіргі дербес компьютерлердің прототипін жасаған. Оны Стив Джобс ұрлап, Макинтош деген әлемдегі ең тұңғыш, ең заманауи компьютер жасап шығарды. Одан Билл Гейтс ұрлап, Windows операциялық жүйесін жасады. Ал Xerox - әлем қолданатын операциялық жүйе жасау туралы ойланбаған да еді.
Intel - микропроцессор жасаушы. Ал график бағдарламаларға есептеу жүйесі үшін CPU емес GPU қажет екендігін ұққан Nvidia видеографик жасауды қолға алды.
Әлемді Nokia мен Blackberry билеп-төстеп тұрғанда, адамдарға заманауи мобайл операциялық жүйе қажеттігін ұққан жігіттер Android жасап шығарды.
Ал Instagram мен Snapchat әлеуметтік желінің монстрлары болған кезде, ең басты жетістік алгоритмде екенін ұққан ByteDance TikTok жасап шықты.
Осылай жалғаса береді.
Ал енді заман ЖИ дәуірінде тұр. Демек, алпауыт компаниялар ЖИ модельдерін жасап жатқанда, оның мүмкіндігін пайдаланатын қосымша жасау - сіз бен біздің иелігімізде. Сондықтан, жаңалықты пайдаға асыру жағынан оқыңыздар. Ок?✊

👍71🔥12🤯1
Осыдан 20-23 жыл бұрын болмаған, бүгінде оларсыз өмірімізді елестету қиын технологиялар:
iPhone
iPod
Facebook
YouTube
Twitter
Instagram
Android
Bitcoin
Tesla
TikTok
iPad
Gmail
WhatsApp
Shopify
Netflix streaming
Snapchat
Zoom
Chrome
Etsy
Twitch
Google Maps
Amazon Prime
Airbnb
Uber
Dropbox
LinkedIn
Reddit
Square
SpaceX
ChatGPT
iPhone
iPod
YouTube
Android
Bitcoin
Tesla
TikTok
iPad
Gmail
Shopify
Netflix streaming
Snapchat
Zoom
Chrome
Etsy
Twitch
Google Maps
Amazon Prime
Airbnb
Uber
Dropbox
Square
SpaceX
ChatGPT
👍32🔥5
РОБОТИКАНЫҢ ӘКЕСІ: ИСМАИЛ әл-ЖАЗАРИ (1136-1206)
Исмаил әл-Джазари полимат болды: Месопотамиядағы Жазира Артукидтер әулетінен шыққан ғалым, өнертапқыш, инженер-механик, қолөнерші, суретші және математик.
'The Book of Knowledge of Ingenious Mechanical Devices' — Исмаил жазған ортағасырлық араб кітабы. Джазари XII ғасырда сағаттар, су көтергіш машиналар (қазіргіше айтқанда, сусорғылар), музыкалық автоматтар және гуманоид роботтар сияқты елуден астам механикалық құрылғылар мен автоматтар туралы сипаттаған.
Әл-Джазари әр құрылғыны құрастыру бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар береді және анекдоттар мен тарихи сілтемелерді қамтиды.
Кітап еуропалық сағат жасау өндірісі мен автоматика дамуына айтарлықтай әсер етті және ол ортағасырлық кезеңдегі ислам әлеміндегі күнделікті өмір мен технологиялық жаңалықтар туралы түсінік береді.
Оның бұл кітабы қазіргі заманғы робототехниканың негізгі тұжырымдамаларына әсер еткен.
Міне, мұсылман ата-бабамыздың біз біле жүру керек тарихы осындай.

🔥61👍12
Wow🔥
Бүгін мен 32 bit float-ты 8 бит integer-ге мәппиң жасау арқылы, үлкен тілдік модельдің салмағын 4х-ке дейін сығуға болатынын білдім.
Өзім үшін уау жаңалық болды!

👍35🔥4
Google компаниясы өзінің Python бағдарламашылар департаментін тұтас таратып жіберді деген #техноөсек бар
😁7
Обшым…
Бүкіл АҚШ-тың ІТ мамандары қазір Google неліктен Python департаментін жұмыстан шығарғанын талқылап жатыр.
Ал Реддиттегі мына посты жазған Томас Уоутерс атты инженер өздерінің жалпы немен айналысқанын жазып шығыпты.
Өте қысқа-нұсқа айтқанда, қызметкерлерге саппорт жасаған, дерекханаларды (library) жаңартумен, патчиң жасаумен және басқа тілдегі кодтарды рефакториң жасаумен айналысқан. Толығырақ суреттен оқып аларсыздар.
Себеп?
Себебін ешкім білмейді. Белгілісі: Питон командада 10-шақты адам ғана жасағаны.
Ал техноөсек бойынша,
1) Гугл қымбат инженерлерді жұмыстан шығарып, орнына басқа жерден арзанырақ жұмыс күшін жинақтап жатыр (Мысалы, Мюнихке, Германия департаментті көшіруі мүмкін)
2) Жасанды интеллектке тапсырғалы жатқан болуы мүмкін
3) Rust немесе Go тілдеріне басымдық берілуі мүмкін.
4) Тағы сол сияқты қауесеттер.
Нақтысын ешкім білмейді. Гуглдің өзі де ашық ештеңе айтпаған. Тек қана “Команда тұтас, тіпті бастығыңа дейін жұмыстан босатылдыңдар” деген екен.

👍20