👋 Қазақстанның IT мамандарына үндеу!
Сәлем әріптестер!
Мен IT терминдердің Ағылшын-Қазақ сөздігін жасау үстіндемін. Алғашқы нұсқасы дайын, бірақ ілгері дамыту үшін бұл істе маған көмек аса қажет.
Біздің мақсатымыз - Қазақстанның IT саласының тілін Қазақ тілі қылу. IT-мамандар жұмысында Қазақ тілінде емін-еркін түсінісу, сөйлеу үшін Қазақ тілін заманауи технологиялар аясында өзекті әрі функционалды ету.
Жобаға аудармамен, білімімен көмектесуге дайын энтузиастарды іздейміз. Барлық ұсыныстар қаралады.
Бастамамызға қосылып Қазақстанның барлық IT-мамандары үшін негіз болатын сөздікті жасауға көмектесіңіз. Осы жазбаны қатысуға ниет білдірер әріптестеріңізбен бөлісіп қазақ тілін жоғары технологиялар әлемінде насихаттауға бірге атсалысайық!
Мұқаммедәли Мұратқан
Сөздіктің сілтемесі:
https://github.com/son-of-Altay/eng-kk-tech-dictionary
Атсалысқысы келетіндер үшін:
https://github.com/son-of-Altay/eng-kk-tech-dictionary/blob/main/CONTRIBUTING.md

GitHub
GitHub - son-of-Altay/eng-kk-tech-dictionary: IT терминдер бойынша Ағылшын-Қазақ сөздігі
IT терминдер бойынша Ағылшын-Қазақ сөздігі. Contribute to son-of-Altay/eng-kk-tech-dictionary development by creating an account on GitHub.
🔥50👍17
Мен сіздерге бір пәлсапалық әзіл айтқым кеп отыр.
Алайда, мен оны сіздерге не үшін айтуым керек? Жалпы әзіл айтудың мәнісі неде? Комедия не үшн пайда болған? Мұның барлығы не үшін керек өзі?

😁16🔥5👍4
Forwarded from Astana Hub ️
🌟 19-20 маусымда Астанадағы Ritz Carlton қонақ-үйінде өтетін Space Days Kazakhstan конференциясында әлемдік көшбасшылар алдында өз жобаңызды қорғаңыз!
🌌 Space Days Kazakhstan конференциясы стартаптарды озық жобаларын таныстыруға шақырады. Іс-шарада ғарыш саласының жергілікті, өңірлік және халықаралық компанияларының 400-ден астам қатысушысы жиналады.
👩🏻💻 Дедлайн: 24 мамыр
🎯 Егер жобаңыз келесі критерийлерге сәйкес келсе, конференцияға қатысуға өтініш бере аласыз: инновациялық тәсіл, конференция тақырыбына сәйкестігі, нарықтытағы әлеуеті, презентация сапасы, ауқымы және даму әлеуеті.
🥇Үздік 4 стартап таңдалады!
Cілтеме арқылы іс-шараға тіркелуге асығыңыз.
〰〰〰〰〰〰〰
🌟 Представьте свой стартап перед мировыми лидерами в индустрии на конференции Space Days Kazakhstan, которая пройдет 19-20 июня в отеле Ritz Carlton в Астане!
🌌 Space Days Kazakhstan приглашает стартапы продемонстрировать свои передовые проекты на предстоящей конференции. На мероприятии соберутся более 400 участников из местных, региональных и международных компаний космической отрасли.
👩🏻💻 Дедлайн: 24 мая
🎯 Подать заявку на участие в конференции можно, если ваш проект отвечает следующим критериям: инновационный подход, актуальность для темы конференции, рыночный потенциал, влияние и воздействие, качество презентации, масштабируемость и потенциал роста.
🥇 Будут отобраны 4 лучших стартапов!
Спешите зарегистрироваться по ссылке.

👍3
Forwarded from Akzholtay
Бәріне сәлем!
Фронтенд саласына қызығасыз, бірақ жұмыс таба алмай жүрсіз бе?
Онда, сізге керемет жаңалығым бар. Осы жылдың 1-маусымынан бастап, стажировка басталайын деп жатыр.
⏱ Стажировка 3 айға жалғасады.
💵 1 айдан соң, минималды айлық төленеді.
📈 Ал 3 айдан кейін джуниор фронтенд болып жұмысқа орналасуға толық мүмкіндіктеріңіз бар.
Стажировканың шартары мынадай:
💼 Офлайн түрде болады, компанияның офисына шығу;
📍 Алматы немесе Астана қаласында тұру;
🎓 Программалау мамандығын бітірген/оқып жатқан студент болу
💡 Келесі технологиялармен жұмыс істеп көрген болу: HTML/CSS, JS, TS, React, Next, git
Жалпы 8 ғана стажер алатындықтан, біз конкурс өткізетін боламыз.
📌Конкурс 3 этаптан тұрады.
📝Қатысу үшін мына сілтемемен өтіп , анкетаңызды толтырып қойыңыз.
❗️Анкеталарды 20-мамырға дейін қабылдаймыз.

Google Docs
Frontend developer кандидаттарына(стажер) арналған сұрақтар
2024 жылдың 1-маусымнан бастап фронтенд саласында стажировка басталады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Іріктеуге қатысу үшін осы анкетаны толтырыңыз:
👍12
Қайырлы таң баршаға!
Осымен, АҚШ-тың айтулы университеттерінің бірінен магистрлік дәрежемді алып, оқуымды аяқтап, дипломымды алдым!
Осында келіп жетілдірген білімімнің жемісінен бір парасын сіздер де көрдіңіздер деген ойдамын.
Барлық қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз!
Сіздерге де, бала-шағаларыңызға да жұғысты болсын!
Әр қазақ техносауатты болсын✊

👍168🔥58
ChatGPT-дің жаңа версиясын қолданып жүрсіздер ме?
Қазақшасы керемет!
Тіпті таза қазақша сөйлесуге болады.
Толығырақ менің Инстаграм парақшамда👇
https://www.instagram.com/reel/C7TEVNwAL7N/?igsh=MTRwNnA4dDd0aXVpbg==

🔥16👍5
Блоггерлер заманы
Ютубта атақты техно-блоггер бар. Маркес Браунли (Marques Brownlee) деген. MKBHD деген никпен жүреді барлық жерде.
Осыдан 10 шақты жыл бұрын үйінде отырып қолға түскен галжеттерге шолу жасай бастаған ол осы күні Метаның бастығы Марк Цукерберг, Гуглдың бастығы Санлар Пучай деген кісілер келіп сұқбат беретін, әлемдік технобрендтер ең әуелі, жұрттан бұрын, әлі бұқараға шығып үлгермеген техникасын осы жігітке шолу жасатып алатын дәрежеге жеткен. Оның өзінде бұл жігіт шолу жасайтын дүниені мақтауға уәде бермейді. Барынша шынайы жасайды. Сондықтан да әлеуметтік желілерде оның жазылушылары өте көп. Миллиондаған оқырманы бар.
Тіпті, бұл жігіт жасаған шолудың нәтижесінде “нашар” баға алған техникалар сатылымсыз қалатын да деңгейге жеткен. Сол себепті, кейбір техногаджет жасаушылар бұл жігіттен қорқасоқтайды.
Мәселен, ЖИ арқылы істейтін Humane.AI секілді гаджетке “Бір қайнауы ішінде” деген баға бергені үшін Инстаграм, ТикТоктағы оқырмандары “$500 долларымды сақтап қалғаның үшін рахмет. Алайын деп жүргем” деп жатады. Инфлюенсер деген осындай болса керек.
Айтпағым ол емес.
Айтайын дегенім, осы жігітті кеше өзі оқып кеткен Stevens университетінің Технологиялық мектебін бітірген түлектер алдында сөйлеуге шақырған. АҚШ-та белең алған, тіпті кейде шоуға айналған бұл дәстүрді commencement деп атайды. Айталық, Steve Jobs комменсменті ютубтағы ең көп қаралған сөйлеуге жатады. Бұл да бір өте үлкен құрметке жатады.
Сол кеше бұл жігітке түлектер алдында сөйлеген сөзінен кейін университеті “Құрметті профессор” атағын беріп, мантия кигізген. Иә, бұл академиялық дәреже емес. “Мақтау қағазы” секілді шартты дүние. Дегенмен, “Құрметті профессор” атағын да екінің біріне бере бермейді. Ал бұл жігіт әлемге блоггерлік үстемдігін жүргізіп отырған соң беріп отыр.
Осыған дейін блоггерлік жасағаны үшін құрметті профессор атағын алған жағдайды кездестірмеген сияқтымын. Өте қызық жағдай…

👍52🔥11
👇👇👇
Сенбейсіздер ғой.
Бірақ қызығы сол. Әлемде генератив жасанды интеллект жасайтын ақпарат таусылып қалған. Open AI, Google - барлығы-барлығы бүкіл интернеттің мәтіндік контентін парсиң жасап, сарқып болған.
Сол үшін енді Reddit сияқты әлеуметтік желілердің комменттеріне дейін сатып алған. Мәселен, Google компаниясы Gemini деп аталатын генератив жасанды интеллектісін дамыту үшін Reddit комменттерін парсиң жасауға $60.000.000 АҚШ теңгесін төлеп рұқсат алған.
Әрине, комментарийлердің барлығын сұрыптап, дұрыс-бұрыстығын анықтап отыруға уақыт жоқ. Оны data preparation дейді data engineering тілінде. Өйткені, OpenAI, Meta, Mistral, Microsoft сияқты компаниялар жеп бара жатыр күннен-күнге.
Нәтижесінде?
Нәтижесінде, адамдар Gemini арқылы алған сұрақтарына күлкілі жауаптар ала бастаған. Мысалы, “Пиццаның бетіндегі сыр жылжып кетпеу үшін қайтпек керек?” деген сұраққа “Желімдеп тастаңыз” деген жауап алған. Өйткені, Reddit желісіндегі бір комментарий иесі солай деп қалжыңдап жазған.
Қазір АҚШ-та осы мәселе қызық боп жатыр…
Дейтұрғанмен, күлмей тұра тұрыңыздар, қазақтар. Бізде ондай да генератив ЖИ жоқ. Ал ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Қателік - кез-келген әрекеттің ажырамас бөлігі. Google бұл қателіктен сабақ алып, жұмысын ертең-ақ жөндейді. Ал біз күліп-күліп, дымсыз қала береміз;))
Обшым, қателіктен қорықпайық, бастысы әрекет жасайық.

👍42🔥8🤔4😁2
The asymmetry in human/AI capabilities is fascinating.
We’re all blown away when AI is able to generate photorealistic images in seconds… but then puzzled that AI still struggles with seemingly basic tasks.
Take driving as an example.
An 18-year-old can learn to drive a car with about 10 driving lessons.
Maybe 100 hours on the road to become a decent driver.
Yet despite 100,000s of hours of training data, huge investments, major computer vision breakthroughs, and decades of pioneering research… we are still not close to true L5 autonomous driving.
Or take basic chores in the house…
You can teach a 10-year-old to clear the dinner table and fill the dishwasher in minutes.
… yet, despite years of headlines with ‘the humanoid robots are coming’, we’re still nowhere near having machines who can do this.
Great slide from Yann LeCun to cut through some of the current AI hype.

👍6
Қазақтар, осындай керемет шарадан қалып қоймай, қалайда барыңыздаршы?
Әйтпесе, менің еститінім, “Сенің қазақтарың қозғалмайды!”.
Барып жатсаңыздар, бір-біріңізбен танысып, “Тимур арқылы келдім” деп айта жүріңіздер.
27 июня Yandex Qazaqstan проведет свой первый фестиваль технологий 🔥
Будет четыре ключевых трека, посвященных языку, бизнесу, городу и культуре. Трек про язык откроет участник группы Ninety One ZaQ, про бизнес — предпринимательница и блогер Асель Машанова, про культуру — режиссер Канат Бейсекеев.
В интерактивных зонах вы сможете познакомиться с роботами-доставщиками, создать картину с помощью нейросети, пройти школу безопасного вождения на самокатах, заглянуть в дата-центр, посетить умную юрту и попробовать управлять ею с помощью Алисы. Чистая техномагия, которую можно потрогать своими руками.
Завершит фестиваль концерт с участием казахстанских музыкантов 🎶
Место встречи — живописный Медеу 🏔
Для всех участников мы организуем бесплатный трансфер и обед. Участие бесплатное, регистрация здесь: https://yandex.kz/qday/
До встречи на фестивале!
Zhanar Makhmetova, CMO Yandex Cloud KZ

Yandex Qazaqstan Day
Первый фестиваль технологий Яндекса в Казахстане: анонсы новинок, эксперты и сервисы, которые можно опробовать прямо на месте.
👍13👎3
Қанды қырғынды ұмытпайтын, соған сай әрекет ететін шенеунік керек.
Қазақ халқына жанкештілікпен қызмет ететін шенеунік керек.
31 мамырда бір пост жазып құтылып кететін, басқа уақытта қазақ деген халықтың мұң-мұқтажын, діні мен ділін, тілі мен рухын ұмытып кететін шенеунік қажет емес.
Бүгін атаулы күн емес! Бүгін, әрбір қазақ үшін әрекет етіп жүрген шенеуніктің “Мен қазақ халқы үшін не істедім?” деп өзіне жауап беруді еске салатын күн.
Қазақтың потенциалын оятуға одан әрі әрекет ету үшін жігерді қайрайтын күн!

🔥63👍22
Қайғы-программист
немесе
ChatGPT бағдарламашаларды жұмыссыз қалдыра ма?
Қайғы-программист деген мен. Яғни не программист емеспін. Программист емес те емеспін.
Иә, қайталап оқыңыз;) Таза жаңылтпаш. Мен кәдімгі қолында дипломы бар, университетте 5 жыл оқыған инженер-программистпін. Бірақ, программист емеспін. Яғни, программист боп жұмыс істемеген, істесе де келістірмеген адаммын.
Оған 2000 жылдардағы біресе Ассемблер, біресе Вижуал Бейсик деп бас қатырған, шала-шарпы оқытқан университет оқытушыларын да кінәлауға болады. Немесе, программистікті де, сисадминдікті де оқытқандықтан, не әрі емес, не бері емес боп шыққан өзімді де кінәлауға болады.
Әңгіме онда емес. Әңгіме ChatGPT және программистер туралы ғой.
Обшым, қазір барлығы, тіпті Nvidia сияқты үлкен компанияның бастығына дейін “Ойбай, программалауды оқытып қажет емес. ChatGPT шыққан соң, енді ол білімнің қажеті жоқ!” деп үзілді-кесілді шешіп жатыр. Соған өз ойымды тағы бір айта кеткім келген.
Бірақ, дереу қысқа қайырсам, программалауды оқыту керек!

👍26😁3