Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Forwarded from ENERGY ANALYTICS
🟥 Бүгінгі Energy Podcast жаңа эпизодымызда еліміздегі атақты ІТ-ағартушы, қазақ тіліндегі ІТ саласының жанашыры, көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман Тимур Бектұр мырзамен саланың басты ерекшеліктерін талқыладық.

🖥 Қонағымыз ауылдан АҚШ-тың Бостон университетіне дейінгі оқу және мансап жолының қыр-сырын бөлісті. Сонымен қатар, жасанды интеллект, продукт менеджмент, BigTech компанияларының қызметі, бизнесті цифрлы дамыту бойынша пайдалы ақпарат айтылды. Елімізде кәсіпкерлер технологиялық трендтерді қалай игеріп жатыр? Жастардың мамандық таңдаудағы басты қиындықтары қандай? Неге ІТ мамандарының жалақысы жоғары? Қазақ тіліндегі терминология соншалықты қиын ба? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін эпизодымызды тамашалауға шақырамыз.

🎙Түсірілім қонағы:
Тимур Бектұр - ІТ және жаңа технология саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар білікті ағартушы маман, көптеген ІТ бағыттары бойынша бизнес-консультант, Timur Academy мектебінің негізін қалаушы, Boston University түлегі

🎙Подкаст авторы:
Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Мұнайгаз саласының аналитигі, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы

⏸Тайм-кодтар:
2:35 Спикермен танысу
3:39 Болашақ бағдарламасы бойынша оқу - life long learning ұстанымы
5:27 Gap year маңызы туралы
08:48 Грантқа оқуға түсе алмадым
11:07 Алғаш компьютермен танысу - жұмыс тәжірибиесінің бастамасы
13:24 АҚШ-та оқуды неге таңдадым және не көңілімнен шықпады?
17:06 Қазақстандық оқу орындары АҚШ-тан не үйрене алады?
20:47 IT саласын қазақ тілінде жеткізу - ағартушылық жол
22:31 Біздің халықтың потенциалы зор - артқа тартатын сөздер айтпау маңызды
24:03 "Ойжұмбақ" анимациялық фильміне пікір
25:51 Қазақ жастарының үрейі қандай?
29:08 ІТ саласының қазақша терминологиясы туралы
33:28 Аударма жасағанда барлығы бірдей жауапкершілік алу керек
37:19 Бізге генератив жасанды интеллект тренді дұрыс емес жеткен
40:53 GPT продукты қалай жұмыс істейді?
44:23 BigTech компаниялары арасындағы бәсекелестік
52:18 Жасанды интеллекттің "өкіл әкесі" не деді?
56:07 Ақпарат, инженерлер ұрлау процесіне тарихи шолу
58:07 Ал BigTech компаниялары арасында қалай?
1:02:19 Google офисінің қарапайымдылығы
1:04:53 Timur Аcademy оқыту орталығы туралы
1:07:31 Мамандықты жан-жақты игеру маңызы - көпмодельді ойлау
1:11:29 Контентке фильтр қалай жасалады?
1:13:56 Мамандық таңдау - бұрын қалай, қазір қалай?
1:19:39 Бизнесті цифрлық дамыту және технологиялық трендтер туралы
1:22:20 Кәсіпкерлердің технологиялық көштен қалуы
1:26:02 IT саласында неге жалақы жоғары?
1:31:12 Әрбір азамат жан-жақты сауатты болуы қажет
1:34:13 АҚШ-та жүріп, отандық кітаптарды сағындым
1:37:33 Адамның назарының ұзақтығы және қандай кітаптар оқу керек?
1:40:43 Ең көп инстаграм қолданатын елдер және біздің елге әлеуметтік желінің әсері
1:44:00 Әр адам дамытуы тиіс топ-5 дағды қандай?
1:46:00 Қорытындылау

💬 https://t.me/EnergyAnalytics
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23🔥5
ЖИ бойынша кезекті онлайн курс ашылыпты, аты eurekalabs.ai, курс контенті толығымен мәтін ретінде гитхабта болатын сияқты. Әзірге гитхаб жобада ридми файлдан басқа ештеңе жоқ. Оның өзінде ридмидің ішіндегі сілтемелер 404 қайтарып жатыр. Бірақ репозиторидің уже 18мың жұлдызы бар. Неге дейсіз ғой. Өйткені курстың авторы Karpathy, оның репутациясы соншалықты мығым
👍10
Single point of failure

ІТ қауіпсіздікте, киберқауіпсіздік саласында жұмыс істегенде single point of failure деген термин бар. Бір ақаудың жаппай мәселе туындатуы жағдайын айтады.

Дәл қазір АҚШ бойынша, ішінара әлем бойынша банктер, телевидениелер мен әуе операторлары Microsoft Windows операциялық жүйесінің ақауына байланысты жаппай қызметін тоқтатуға мәжбүр болды.

Осы жерде қанша мен оны жақсы көрсем де Қазақстандағы мүйізтұмсық Kaspi компаниясы көз алдыма келеді. Біздің елдегі single point of failure осы компанияның жүйесі деген ойдамын.

Не істеу керек? Білмеймін.

Windows жалғыз. Сол сияқты Kaspi де жалғыз. Бәлкім, альтернатив жасау керек болар. Бәлкім, уақытша қолайсыздыққа “норма” деп сабыр сақтау керек болар. Бұл енді ІТ саласынан бөлек: риск менеджмент тақырыбы;)
👍18
Хехе
😁13
;))
😁30👍4🔥1
OpenAI is testing SearchGPT, a prototype designed to enhance AI-powered web search by providing fast, relevant answers with clear sources.
This temporary prototype aims to improve the search experience by combining AI's conversational capabilities with real-time web information.
Currently available to a small group of users and publishers, feedback will help refine features for future integration into ChatGPT.
Sign up for the waitlist to try it out -> https://openai.com/index/searchgpt-prototype/
👍3
😀😀
😁30
Ұл-қыздарыңызды құттықтап қоярсыздар

Тарата отырыңыздар. Грант тізімі шықты. Жеделдетіп қарап алыңыздар;)

Күні кеше мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық комиссия жұмысын аяқтады, грант иегерлерінің тізімін жариялады. Ол тізімді төмендегі сілтеме арқылы көруге болады. Конкурстық іріктеудің нәтижелерін, сондай-ақ, Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасынан және mapp.kz студенттерге арналған порталынан таба аласыздар.

Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес білім беру гранттары конкурстық негізде тағайындалады.

Көптеген талапкер:

«Педагогикалық ғылымдар»,
«Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты мамандықтарды таңдаған.

Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындары қауымдастығының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

Ұмытпаңыздар: университтерге құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Грантқа іліккендерді құттықтаймыз!

Тізім: https://t.me/SayasatNurbek/8467
👍19
Жаңа сөз

Бүгін мен ағылшынша жаңа бір сөзді үйрендім. Sabbatical деген.

“Демалыс алу” дегенді білдіреді екен. Сөйтсе, қарапайым айлық демалысқа (vacation) қарағанда, бұл 7 жыл үздіксіз жұмысқа 1 жыл тұтастай берілетін, адам “өртеніп” кетпеу үшін алатын ақылы демалыстың түрі дейді.

Обшым, OpenAI басына бұлт үйіріле бастады ма білмеймін, бірақ:

1) OpenAI компаниясын құрушылардың бірі Илья Суцкевер жұмыстан шығып кетті.
2) OpenAI компаниясын құрушылардың бірі Джон Шульман жұмыстан шығып кетті.
3) OpenAI компаниясын құрушылардың бірі Грег Брокмән ұзақ ДЕМАЛЫСҚА шығып кетті.
👍15
Подкастың потологы!

Мынау менің жанымда тұрған жігіт - легенда!

Лекс Фридман деген жігіт. МІТ университетінде жасанды интеллект саласында зерттеуші боп істеген. Кэмбриджде болатын түрлі шараларға барғанда жиі кездесетінбіз. Өте қарапайым кісі. Өзі менің түйдей құрдасым.

Бұл жігіт - керемет интервьюер. Ютуб арнасына 4.000.000 астам адам жазылған. Сұқбаттарын миллиондаған адам тыңдайды/көреді.

Сұқбат алған адамдары:

Сэм Олтман (ChatGPT)
Джеф Безос,
Омар Сүлейман,
Ян Лекун,
Марк Цукерберг,
Уолтер Айзексон,
Эндрю Хубермән,
Марк Андрисен,
Мэтью Макконахи,
Стивен Вольфрам,
Mr Beast,
Бен Шапиро,
Кэни Уэст,
Джордан Питерсон,

…деп кете береді.

Осы жігіт кеше 4 күн бұрын Илон Маск пен оның Неуралинк деп аталатын адамның миына чип енгізетін командасындағы мүшелермен біріккен сұқбат жасады. 4 күнде 2 млннан астам қаралым жинаған бұл сұқбат… 8 сағат 30 минутқа созылады!

Подкастың потологы деген осы болар…

Не деген адамдар, ә?;))
🔥46👍10
Тимур Бектұрмен ТЕХНО-тур 🧑🏻‍💻🇵🇹

Жылдың айтулы IT оқиғасы - Лиссабондағы Websummit 2024!

📅 2024 жылдың 10-16 қарашасы

Әлемдегі ең ірі IT-шарада инновациялар әлеміне еніңіз!

Сізді не күтіп тұр?
✨ Әлемдік IT көшбасшыларының сөйлеген сөздері
✨ Мастер-класстар мен семинарлар
✨ Үздік IT мамандарымен байланыс
✨ Соңғы трендтерді табу

Тур бағдарламасы:
1-күн: Лиссабонға келу, қонақүйде тіркелу, серуендеу
2-5 күн: Вебсаммитке қатысу
6-күн: Лиссабон орталығында демалып, серуендеу.
7-күн: Үйге қайтамыз.

Тур құны: 1 980 000 теңгеден бастап
(Early Bird бағасы 12 шілдеге дейін)

Бағаға кіретін қызметтер:
✈️ Астана - Лиссабон (Ыстамбұл арқылы)
🏨 Қонақ үй + таңғы ас
🎟 Websummit-ке кіру билеті
🚍 Трансферлер
🗺 48 сағаттық Лиссабон пассы
📋 Визалық қолдау
💉 Медициналық сақтандыру
🗣 Гид қызметтері

Қосылмағаны:
🍽 Тамақ
💰 Виза алымы (80 евро)
💵 Қалта шығындары

Бізге қосылыңыз және IT болашағының бір бөлігі болыңыз! 🌐

📩 Брондау үшін +77477900090 жазыңыз!
👍13🔥2