Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
🔥🔥🔥 Android Baklava

Google компаниясы Android 16 операциялық жүйесін таныстырып, бірнеше қызық жаңалықтарын көрсетті.

Маған ең қатты ұнағаны: енді біреумен қосылып кино көріп, подкаст тыңдағанда аудионы блютуз арқылы бөлісуге болады 🤯🤯🤯

Баклава десе баклава!
👍14
ІТ саласында, әсіресе, программалауда жүрген жігіттер, айтыңыздаршы?

Қазіргі алапат өзгерісті бақайшағыңызға дейін сезініп жатырсыздар ғой, иә?

Мысалы, өз басым шынымен депрессияға түсіп барам. Мына америкалық компаниялар мен олардың технологиялық отчеттарын, күн сайын ойлап тауып жатқан технологиялық стектері мен методикаларын көріп. Біреуі llm-дерді квантизация жасап жатыр, тағы бірі cpu-ге llm жүктеуді зерттеп жатыр, тағы бірі вектор датабейсті жетілдіріп жатыр, енді бірі іздеу функциясының (search functions) мутант түрлерін ойластырып жатыр, енді бірі әупінсорс ллмканы алып медицина саласында файнтьюниң жасап тастаған, тағы бірі тағы бірдеңе дегендей.

Қанша жерден "Учи матчасть!" десек те, мыналар хайп қой десек те, жылдамдықтары мен істеп жатқандары сұмдық қой. Біз әлі мәліметтер құрылымы деген не, датабейс таңдағанда ескюел керек пе, монго керек пе деген сияқты деңгейде жүрген сияқтымыз.

Мысалы, Клодтың компьютерді басқару агентін алайықшы. Былай қарасаң, шикі, ол арқылы істегенше өзің жаза салмайсың ба деген сияқты ой тудыруы мүмкін. Алайда, мұның барлығы ертең келе жатқан цунамидің алғашқы толқындары деп білем. Осыларды ойласам... ақылымның жетпейтінін, ІТ саласындағы жастарымыздың марғаулығын ойласам, басым ауырып кетеді.

Біз ғой кезінде интернет жоқ дедік, ағылшынша білмейміз дедік, анау дедік, мынау дедік, қазіргі адамдарда барлығы бар ғой. Тек отырып оқу керек, жасау керек, миға салмақ салу керек. Бірақ, ең болмаса дап-дайын әупінсорс репозитерийлерден елге пайдалы бір продукт неге жасай қоймайды деп уайымдаймын.

Анау хардуар, робототехника, iOT жағын айтпай-ақ қойдым. Он жыл бұрын лего құрастырып жүр едік, әлі сол лего құрастырып жүрміз. Ардуино темасы енді келе бастады. Ал әлем қазір Ардуинодан асып, 3D арқылы роботтың моторикасы, сенсорикаға дейін кетіп қалды.

Бүкіл республикалық бір жаппай қозғалыс жасау үшін не істеуге болады өзі?

Жақында бір ІТ шараға қатыстым. Сол кезде фрилансер биржамен айналысатын жігіттің сөзіне сенсек, кіп-кішкентай Беларустың өзі (9-ақ млн халық) ІТ қызмет көрсетуді экспортқа шығарудан бізді екі орап алады екен.

Біздің ақылымыз да бар, интеллектіміз де бар, миымыз да бар, сонда не жетпейді өзі?
👍30😢6
Ойдың жалғасы:

Мысалы, қарап отырсам, product shipment дегенді үйрету керек болар, бәлкім?

Програмалауды үйрене бер, код жазуды меңгере бер. Бірақ, продукт жасап үйрен деу керек болар?

Айталық, бір продакт бета релиз жасауға бір ай жеткілікті деп ойлаймын. MVP күйінде.

1) 1 апта идеяция үшін молынан жетеді. Мыс, онлайн курс, сабақ, тағы бірдеңелер көрсетуге қазақша скрин рекордиң продукт жасау. Топ боп жиналып, әбден ақылдасуға жетеді.
2) Технологиялық стекті ақылдасу. Гитхабтан әупінсорс аласың ба, басқа бір дайын технологияны wrap жасай саласың ба, барлығы бар.
3) Onrender, replit, aws, GCP, Azure немесе сол Гитхабтың өзінде, құрығанда Google Chrome экстеншн түрінде платфрма қолдана салу
4) 4-ші апта Тиьда бар, статик html бар, басқа да толып жатқан онлайн генераторлар арқылы қисық-мисық қылып лендиң жасай сал да өнімді жариялап жібер.

Не керек басқа? Прям Amazon-ның маркетплейсіне жаңа функция енгізетін, phd деңгейіндегі ml-инженер болу міндет емес шығар? Ол міндет болса да өмірінде продукт шипмент жасамаған адам, 4 жыл бойы бакалаврда мәліметтер құрылымы мен датабейстен аспаған адам, не контейнеризацияны білмейді, не докерді білмейді, қашанғы жүреді сонда?
👍11
Ойдың жалғасы - 2:

Жақында Astan Hub басшысы Мағжан Мадиевпен кездестім. Шаршап отыр кәдімгідей. "Мен білмеймін енді не істеу керегін!" дейді.

Google-мен қосылып стартап акселерация жасап жатыр, стартаптарға тегін офис ұсынып отыр, әрдайым инвесторларды шақырып демодейлер өткізеді, теп-тегін заманауи курстар ұсынады, тіпті "Көке, әке, өтінемін, барлығын біз төлейміз, қалтаңнан бір тиын шықпайды, АҚШ-қа жібереміз" деп Draper University сияқты компаниялармен бірлесіп жобалар жасап жатыр, Николя Садиракпен бірлесіп жасанды интеллект бойынша курс ашып жатыр. Барлығы тегін. Жоқ... Біздің жастар қозғалмайды.

Қашан барсаң да сол бір 20 адам отырады соткаларын шұқып. 20 млн халықтан 0,1% - 20.000 адам емес, 0,01% - 2000 адам да шықпайды соған қатысатын. Біз сондай халықпыз ба? Не істеу керек енді?
👍26🤔5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазіргі робототехника бағыты.

Бұл - лего құрастыру емес. Бұл - сенсорды Ардуино платаға жалғай салу емес. Биосенсорға, жаңа материалға өтіп жатыр
🤔8👍6😱3🔥2
Sora-ны leak жасап жіберді деп бүкіл АҚШ шулап жатыр
👍5
Рас-өтірігін білмедім.

Бірақ Ресей Президенті В.Путиннің Қазақстанға ресми іссапармен келу құрметіне Ресей туы көрсетілген Астана қаласындағы ЛЕД экранға хакерлік шабуыл жасалып, орнына Украина жалауын қойып кетіпті.

Ақпараттық, виртуал соғыс деп осыны айтады.

Егер бұл рас болса… онда не порт ашық тұрды не стандарт зауыттық админ пароль тұрды деген сөз.

Ал ол - біздің ЛЕД экрандарға кез-келген мақсаттағы пропаганданы әркім жасай алады дегенді білдіреді.
😁21👍8
Осындай әзілдер сұмдық өтеді өзіме;))
😁23🤔2
3 минут ойланып барып қатты да қалды. Бар болғаны бір абзац промпт жазғам.
😁12
ChatGPT- осы заманның айфоны.

Ал OpenAI компаниясы - Apple секілді.

Неліктен?

Өйткені, техно-әлемде 1-ші болу - өте маңызды. Ең қызығы - бұл компаниялар сол біріншілікті ұстап келе жатқанында.

Қазір енді нарықтағы ірі екі өзге ойыншы - Meta мен Google - қуғыншы рөлін атқарып келеді.

Мәселен, Apple компаниясы жаңалығын жарияласа, артынан Samsung жариялайды. Бірақ, оны ешкім елемейді (әдетте).

Қазір OpenAI компаниясы 12 күн қатарынан 12 жаңалық жариялаймыз деді. Бұған дейін ондай тарихта болмаған. Ойлап қараңызшы, 12 күн бойы 12 жаңалық. Әдетте, OpenAI ChatGPT-ге қатысты бір жаңалық жарияласа, артынша не Google, не Мета компаниясы іле-шала өздерінің қалтасында бар бір дүниені жариялайтын. “Біз де құр жатқан жоқпыз” дегендей.

12 күндік жаңалықтың алғашқы күні OpenAI компаниясы ChatGPT-дің о1 деген моделін preview деңгейінен шығарды да соған арнап ChatGPT Pro деген айына …$200 АҚШ теңгесі тұратын тарифін ұсынды. Әрине, эксперимент жасап көрмекке далада жатқан $200 жоқ (Ұлттық банкімізге мың алғыс!), жұрттың көкезу боп мақтап жатқанына ғана сенуге тура келеді. Айтуларынша, әлемде бұрын-соңды болмаған, ғаламдық деңгейдегі ЖИ боп шыққан.

Бүгін 2-ші күні олар мына суретте көрсетілгендей, “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” демекші, әркімнің файнтьюниңге таласы барын бақылап, программист емес қаражаяу кез-келген адам файнтьюниң жасай алатындай функцияны іске қосқанын айтты. Яғни, білімі мен білігіне, тәжірибесі мен резюмесіне қарамай, енді әрбір пенде тек өзінің бір қажеттілігіне бағытталған модельге қойны-қонышында бар мәліметті енгізіп жіберіп, өзінің төл моделін оқытып-тоқыта алады.

Басында айтқанымдай, OpenAI компаниясының әр қадамын қарап отыратын Мета компаниясы алғашқы күнгі жаңалыққа орай өздерінің Llama 3.3 70B деп аталатын жаңа моделін таныстырды. Айтуларынша, бұл - Llama 3.1 405B моделімен парапар деңгейде қуатты.

Қызықтың көкесі енді басталды. Google мен Meta-ның 12 күндік жаңалығына басабас жариялайтын 12 жаңалығы қоржындарында бар ма екен? Болса, былтырлары “Хайп осымен аяқталды” деген әңгіменің шеті келесі жылы да тоқтамайтын сияқты…

А, иә, бір жарым ғасыр бұрын “Өнер-білім бар жұрттар…” деп тамсанғанымыз секілді, біздің халықтың маңдайына біткен дүние - елге тамсанумен ғана өтетін сияқты…

@timurdaninfo
👍15😢5
ChatGPT ішінде файнтьюниң жасау мүмкіндігі
👍5
ChatGPT ішінде енді жоба үшін бөлек меню, бөлек қалта жасау арқылы жинақы ұстауға болады
🔥9
Великолепная четверка

Бұл үздік төрттіктің қайсысын қолданып жүрсіздер?

Әлде барлығын әр кезде ме?

Қалай қолданып жүрсіздер?
👍8🔥4
Вакансия

Ескерту 1) Маған орысша келді. Қазақша аударуға энергия жоқ

Ескерту 2) Сұрақты маған қоймаңыздар

Вакансия «Бизнес-аналитик»
 
Компания «Beyond Tech Ltd.» (www.beyondtech.partners) в поисках «Бизнес-аналитика».
Обязанности:
- коммуникации с клиентами и структурными подразделениями для анализа бизнес-потребностей и функциональных требований с целью подготовки соответствующей технической документации по разработке решений;
- полное сопровождение работы по разработке и развертыванию решений, в т.ч. подготовка технических спецификации‌, технического задания и другой документации;
- подготовка технического задания;
- разработка дорожной карты проекта и ведение бэклога проекта;
- консультирование клиентов;
- эффективное взаимодействие с отделом продаж для сопровождения продаж.
 
Требования:
- аналитическое мышление;
- навыки управления проектами (проектного менеджмента);
- понимание технических процессов, требований и спецификаций;
- способность к критическому мышлению;
- умение работать с UML и BPMN;
- умение вести переговоры и убеждать;
- умение создавать User Stories;
- навыки работы с Jira;
- навыки работы с документацией (Business Requirements Document, Market RequirementsDocument, Product Requirements Document, Software Requirements Specification, Project Scope Document, Functional Specification Document).
- профессиональное владение английским языком.
 
 
Условия:
1. Работа в офисе компании по графику 5/2 с 09.00 до 18.30 в г. Астана;
2. Заработная плата по результатам собеседования в зависимости от уровня кандидата;
3. Оформление по ТК РК (отпуск 24 дня).
 
Контакты:
Мобильный: +7 705 292 46 62, Абилкаир
@GreatLegolas
👍3
Tesla Robot

сатып алып, қасапшылыққа үйретіп, адам қасапшымен жарысқа шығарып, ІТ-соғым фест ұйымдастырмаған соң…

“Не ол ЖИ деген? Жейтін зат па? Ол тамақ бола ма?” деп кекетіп жүргендерге сабақ үйретіп жіберсе…
😁18😢5🔥3👍1
Кеше Гугл компаниясы Willow деп аталатын, кванттық компьютерге арналған чипті жұртшылыққа жариялады.

Қызық факт 1:
Бұл кванттық компьютер чипі қазіргі уақыттағы ең заманауи суперкомпьютер 10 септилион (1-ден кейін жиырма төрт 0 қоясыз) жыл шығаратын есепті 5 минутта шығарған.

Қызық факт 2:
Оны жасаушы Гуглдің инженері “Бұл чип арқылы жұмыс істеу барысында бізден басқа да әлем барына көзіміз жетті” дейді. (Exact word by Google engineer: “We live in a multiverse”).

Google Quantum AI негізін қалаушы Hartmut Neven деген жігіт өзінің блогында “this chip was so mind-boggling fast that it must have borrowed computational power from other universes” яғни “Бұл чиптің таң қаларлық жылдамдығы сондай, ол өзінің компьютерлік есептеу қуатын бөгде әлемдерден алған болуы керек” дейді.

Тимурдан Инфо
🤯16👍5🤔5
Forwarded from Kazakhstan CP Federation
🎥 Northern Eurasia Finals 2024 тікелей эфирі қазақ тілінде!
⠀
14–15 желтоқсан күндері сіздерді ICPC жартылай финалын тікелей эфирде тамашалауға шақырамыз! Бұл контестте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның үздік командалары финалға өту үшін күш сынасады.
⠀
💡 Эфирде не болады?
• Контесттің өту барысын тікелей эфирде бақылау мүмкіндігі.
• Трансляция кезінде сүйікті командаңыздың кодын көру мүмкіндігі.
• Трансляцияны сіздің қалауыңызға сай ету мүмкіндігі — қай команданы көргіңіз келетінін комментарийлерде жазыңыз, біз оны міндетті түрде көрсетеміз!
• Спорттық бағдарламалау әлемінің беделді сарапшы спикерлері.
⠀
📌 ICPC World Finals 2024 кезінде қазақ тіліндегі трансляция көрілім саны бойынша үздік 2 қатарына кірген болатын. Бұл жолы да қазақ тіліндегі контенттің дамуына бірге үлес қосайық!
⠀
📍 Трансляция сілтемесі: https://youtube.com/live/cGH7kNebSL8?feature=share
🚀 Қосылыңыз және сүйікті командаларыңызды қолдаңыз!
👍5🔥3
🔥🔥🔥 Бүгінгі күннің керемет жаңалығы

ChatGPT өзінің көп күткізген тікелей режимде камера арқылы сөйлесу функциясын жарыққа шығарды.

Бұл енді келесі деңгей.

Қолданып көріңіздер ме? Таң қалдыңыздар ма?
👍14🔥7
Forwarded from AITU Career and Employment (Madina Mukaliyeva)
🚀 Стажировка в Министерстве цифрового развития! 🚀

Министерство цифрового развития РК объявляет набор студентов на стажировку на позицию помощника заместителя председателя Комитета.

🔍 Что вас ждет?

Уникальный опыт работы в госструктуре.
Участие в цифровых проектах и инициативах.
Развитие навыков аналитики и делопроизводства.
Наставничество от профессионалов.
📋 Обязанности:
Подготовка документов и аналитических материалов.
Организация встреч, совещаний и мероприятий.
Взаимодействие с коллегами и внешними организациями.
Выполнение поручений руководства.
💼 Требования:
Студенты выпускных курсов или выпускники (IT, менеджмент, гос. управление и др.).
Ответственность, внимание к деталям и желание развиваться.
Владение казахским и русским языками (английский приветствуется).
Знание продуктов MC.
💰 Условия:
Оплата: договорная основа.
Гибкий график с учетом учебы.
Срок стажировки обсуждается.
📅 Срок подачи заявок: до 20 декабря 2024 года.
📧 Отправьте CV: E.aktaev@mdai.gov.kz
Не упустите шанс начать карьеру в цифровой сфере! 🌐✨
👍5😁1