Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Кереметін-ай!

Программалауды ұнатпайтындар мен темір-терсекке, қолмен ұстайтын дүниеге жақын адамдарға, ІТ-дің программалаудан да басқа саласына қызығатындар үшін тамаша мүмкіндік!

The hype is real: Cisco Modeling Labs Free is now available, offering easy, out-of-the-box access to our premier network virtualization platform—without a license. In our latest blog, Joe Clarke, Distinguished Engineer, and Justin Guagliata, Software Engineering Technical Leader, reveal the exciting details of this release, which aims to lower the barrier of entry for tech learners and networking newbies to gain hands-on practice in network design.

🗞️ Read more in Cisco Learning: http://cs.co/6189QRLcS
👍5
Осы жұрттың қыздары не жеп пысық болады екен, ә? :))

Мынаған мән беріңіздерші. Яғни, оқып шығыңыздаршы.

Стартап жасаймын, жасанды интеллект технологиясын реальный секторда қолданып, ақша табамын деген адамдарға арналған керемет жазба!

RIP to RPA: The Rise of Intelligent Automation

https://a16z.com/rip-to-rpa-the-rise-of-intelligent-automation/
👍9🔥1
Регрес! Стагнация! Кері кету!

Жұрт жылдан жылға дамиды, өседі, өнеді, бірақ тек мен емес:))

Мынау - менің Тимурдан Инфо телеграм каналымның былтырғы және биылғы статистикалық қорытындысы.

Қарап шықсаңыздар, барлық параметр: оқырмандар, реакция, пост, коммент, меншн, т.с.с. кері кеткен.

Эхх... Не істейміз енд?

Инстаграмым одан бетер боп жатыр. Биылдыққа Инста жүргізуді толықтай тоқтаттым десем де болады.

Жалпы, уақыт өте адамда (бәлкім тек менде) контент жасаудан да жалығу процесі болады екен. Яғни, өзім үшін контент жасау - бұрын менің басты мотивациям болатын. Жұрттың лайгы, комменті, пікірі, подписщик саны қызықтырмайтын.

Енді өзім үшін де контент жариялауға қызығушылық кетіп барады. Ал жұрт үшін контент жариялауға... оған да мотивация керек. Ондай мотивация сәпсім жоқ))
👍28🤔6🔥3😁1
Қызық...

Бір жігіт еееееееерінбей копайлоттардың ARR-ын есептеп шыққан ғой.

Сөйтсе, ешқандай хайпсыз JetBrains көбірек ақша тауып шығыпты.

Гитхаб Копайлот ақша табу жағынан екінші орында. Жарайды, ол ертерек бастады, көбірек айтылды, түсінікті. Бірақ...

Курсорды қараңыздаршы. Үшінші келеді. $65.000.000 жылдық табыс айналымын (ARR) жасаған.

Несі қызық?

Қызығы сол, қазіргі шығып жатқан проприетар (gpt4o, sonnet, gemini flash) модельдер де, llama3, qween, mistral және соңғы шыққан deepseek деген сияқты ашық көзді модельдер де дәл маған және саған яғни бізге (қазақтарға) осындай құрал жасауға мүмкіндік береді.

Алайда, біз жасамаймыз. Олар жасайды.

Эхх:)))

Сондықтан, осы жерде отырған программист жігіттерге өтінішім, ең болмаса, Python үйрену бойынша Gradio арқылы болсын, Streamlit арқылы болсын, өте қарапайым-қарабайыр түрде, бір не копайлот, не тіл үйрену ассистентін жасаңыздаршы? Оңай ғой?

"Не үшін? VS Code қондырып алсын. Ол жерде Гитхаб копайлот теп-тегін тұр ғой?" десеңіздер, қазақтарға қазақша сөйлейтін бір құрал болсын. Яғни, біздің жастарымызды мәпелейтін:)))
🔥22👍13👎1
Ең маңызды қабілет қандай?

Осы уақытқа дейін анда-мында сұқбат бергенде "Ең маңызды қабілет қандай?" деп сұрайтын.

Шындығын айту керек, өте бір қызық сұрақ қой. Оған әрдайым бір жауап беру қиынның қиыны. Өйткені, қай қабілет маңызды, қай қабілет өте маңызды екенін анықтау немесе айту үшін оған жанына, міндетті түрде, контекст керек. Онсыз "осы қабілет маңызды" деп айтқан, шыбынды айбалтамен қуалап өлтіргенмен бірдей.

Мысалы, артыңнан қабаған ит қуып келе жатса, саған тайм менеджмент қабілеті түкке қажеті жоқ, желаяқтық керек. Ал егер бір Камаз қарбызың әні-міне шіріп кеткелі тұрса, скорочтение яғни кітапты тез оқу қабілеті түкке қажет емес, саған оны тез сату қабілеті, оны қай жерге барып өткізу дегенге жауап таба алатын қабілет керек.

Бірақ...

Мына ЖИ модельдер дамығалы бері, "Оқу-тоқу мен білім алу және өмірде қолданудағы маңызды қабілет қандай?" деген сұраққа жауап таптым. Ол reasoning екен.

Неліктен?

Өйткені, қазіргі генератив модельдердің ең заманауи өлшемі - сол reasining capability боп тұр. Сондай-ақ, gpt4o деген, gemini flash деген сияқты резондау модельдері - ең қымбат модельдер қатарында.

Бұл нені білдіреді?

Шешім қабылдадың ба? Ол шешімге қалай жеттің? Соған өзің жауап бере алуың өте маңызды. Жауап бере алмасаң, қайтадан ойлан. Жауап бере алсаң, демек, солай әрекет ет. Былай қарап тұрсаң, өте банально. Бірақ... қазіргі бүкіл дамыған елдің жасанды интеллектен күтетін нәтижесі осы. Демек, енді біздің балаларымыз да, өзіміз де, осы reasoning қабілетін жақсылап меңгеруіміз қажет екен.

Не үшін?

1) Жасанды интеллектке әрдайым жүгіне бермей, бала-шағамыз тәуелсіз шешім шығарып үйренуі үшін.
2) Жасанды интеллектке жүгінген кезде, оның жауабын түсіну және дұрыстығын мақұлдауымыз үшін. Дұрыстығын мақұлдай алуымыз үшін.

Себебі, естеріңізде болсын, жасанды интеллект модельдерімен қарым-қатынас кезіндегі ең алғашқы бенчмарк - ол біздің өзіміз.
👍22
Стартап идея

Мен кейде “Бүйтіңіздер, сөйтіңіздер” деп жазам ғой. Идеялар тастаймын ортаға. Сол кезде “Күшті болсаң, өзің неге істемейсің?” демеңіздер;)

1) Жалпы адам 40-тан асқаннан кейін шау тартады екен. Бұрынғыдай тарс-тұрс жасап тастау, апталап ұйықтамай идеяның артында оны жүзеге асырғанша жүру деген болмайды екен. Оған өсіп келе жатқан бала-шағаның, қатын мен қазанның қамын қосыңыз.

2) Мен күшті емеспін. Күшті болсам, телеграм канал жазып отырмай, Илон Маск сияқты ғарышқа зымыран ұшырып отырар едім. Өйткені, мына заманда ол да әркім жасай алатын шаруа. Ол үшін кубсат деген тақырыпты қаузап көріңіз.

3) Стартап жасайтын идея тым көп. Оның барлығын жасай беруге бір адамның өмірі жетпейді. Сондықтан, бәлкім біреуің іліп әкетерсіздер деп ой тастаймын ғой.

4) Мысалы, Каспий Дүкенде тұрған мына дүниені қараңыздаршы? Кәдімгі қарапайым диктофон. Кредитка сияқты. ChatGPT-ге АРІ арқылы қосылған. Оның өзін айына 40.000 теңгеге сатады. Құрылғы 160.000 теңге тұрады. Бар қызметі: жиналыс, кездесу, келіссөз өткізгенде немесе өзің бірнәрсені аудио қылып жазғанда, соны транскрибация жасайды. Қаласаң ары қарай мәтіндік манипуляция жасай беруге болады.

Айталық: саммари, буллет пойнтс, әкшн пойнтс, негізгі инсайттар, т.с.с.

Алайда, осы жерде үлкен мүмкіндік жатқанын көруге болады:

1) Сұраныс бар. Яғни, нарық қажет етеді
2) ChatGPT қазақша істей алса да мына құрылғы оны программалық тұрғыдан дұрыс промптиң жасамаған. Тиісінше, сіз алдын орап кете аласыз
3) Бұл 160.000 теңгеден, қызмет бағасы 40.000 теңгеден сатылып тұрса, ары қарай “Қаншадан сатсам болады?” деп ойланып та қажет емес. Кемінде 2 есе арзан сатсаңыз да мүлдем ұтылмайсыз.
4) Әрі қарай агенттер арқылы өзге де шаруаларды автоматтауға жетілдіре беруге болады.

Тек таң қалатыным… Менікі сол баяғы шалдардың әңгімесі: “Осы күнгі жастар неге істемейді екен? Барлығы даяр тұр ғой?” деген…

Не дейсіздер, аааа?;)
👍38
Қазақстандағы ІТ саласының дамуы

Boston Consulting Group деген атақты әлемдік зерттеу институты бар. Сол мекеме жасанды интеллекті дамыту және оны экономиканың әртүрлі секторларына енгізу бойынша адаптация жасап жатқан елдерге классификация жасап шыққан.

"Ойбай, біз кереметпіз!" деп жүрген Қазақстанды тауып алыңыздар ішінен... Ең болмаса, Эфиопия мен Нигерия жақты іздеп қараңыздар...
👍14🤯6
“6 ел, 1 миллион пайдаланушы:

1Fit негізін қалаушылардың вирустық маркетинг құпиялары мен Мексикаға дейін жету жолы!”


Invest Dala Podcast жаңа эпизодты тыңдауға шақырады!

Қонақта – Қазақстандағы ең табысты стартаптардың бірі - 1Fit негізін қалаушылар Мейір Әділжанов пен Асқар Ақшабаев.

🔹 Мейір Әділжанов (Chief New Markets Officer): 1Fit-тің Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан нарықтарына қалай шыққанын айтып береді.
🔹 Асқар Ақшабаев (Chief Technical Officer): платформаның техникалық іске қосылуы мен жетілдіру құпиялары жайлы бөліседі.

Негізгі тақырыптар:
✅ Фаундерлер достықтарын сақтап қалуға не көмектесті?
✅ Неге Мейір мен Асқар бір-біріне ренжіді?
✅ Вирустық жарнама қалай іске асады?
✅ Мексикадағы алғашқы ақшалай табыс қанша болды?
✅ Халықаралық команданы кім басқарады?

EA Ventures by EA Group венчурлік бөлімінің басшысы Әділбек Камиевпен әңгімелесу барысында Мейір мен Асқар 1Fit-тің құрылу тарихын айтып берді. Одан бөлек, платформаның маркетингі қалай жұмыс істейтіні және фаундерлерге достық пен 1Fit-ті сақтауға не көмектескені туралы әңгімелесті.

1Fit және стартап туралы білгіңіз келсе, бұл шығарылымды өткізіп алмаңыз!

📺 Толық бейне YouTube-та: Сілтеме
🎧 Аудио нұсқасы: Сілтеме

Көп сұраққа жауап тапқыңыз келсе – қазір басып, тыңдаңыз! Бәлкім, 1Fit оқиғасы сізге де көмектесер;)
👍17
Наша первая Ask me anything сессия! У Мадины Абдрахмановой мы зададим вопросы как создавали первую казахстанскую LLM (KAZ-LLM) и про будущее ИИ в регионе. Это всего два вопроса я придумал. Если сообщество в комментах никаких больше вопросов не напишет.

Мадина является Deputy Director of Product and External Affairs, Senior Data Scientist at Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence - Nazarbayev University Регистрация здесь! https://gdg.community.dev/events/details/google-gdg-cloud-almaty-presents-ask-me-anything-session-with-madina-from-issai-nu-kaz-llm-development/

Ақпарат: Асқар Айтуов (Фейсбук акаунт)
👍6
Мына видеоны Computer science немесе ІТ саласында оқып жатқан әрбір студент көріп шыққаны абзал.

Ең керемет видео🔥🔥🔥

https://youtu.be/CxGSnA-RTsA?si=kDoUNDzvoNQM8VGl
🔥7👍1
Қолыңыздағы кітапты не үшін жаздым?

“Әуелі осы сұраққа жауап берейін.

Бұл кітапты білек сыбана жазуыма түрткі болған бірнеше себеп бар.

Өзге мамандықтарға қарағанда IT жаңа сала. Елімізде енді етек ала бастағандықтан, бұл сала жайлы қазақ тілінде жазылған кітаптар жоқтың қасы.

Байқауымша, мектеп қабырғасында, әсіресе ауыл-аймақтағы мектептерде бұл сала туралы оқушыларға кеңінен ақпарат айтылмайды. Сәйкесінше ауыл балалары арасында ақпараттық технологияға түсем деушілер аз. Келесі себеп, көп жеткіншектен “бағдарламалауды меңгеру қиын”, “код жазу қолымнан келмейді”, “IT маманы болу үшін ерекше дарынды болу керек шығар” деген пікірлерді жиі естимін. Шын мәнінде IT маманы болу үшін вундеркинд болудың қажеті жоқ. Бағдарламалау - бұл ядролық физика ғылымы сияқты тым күрделі мамандық емес. Тіпті ақпараттық технология саласын бітірді деген дипломның да қажеті шамалы. Бәрі қабілетіңізді қаншалықты жетілдіргеніңізге байланысты. Табиғаттан берілген талантты табанды адамның еңбекқорлығы жеңіп кетуі әбден мүмкін екенін естен шығармаңыз.

Бастапқыда бағдарламалаумен айналысу қиын боп көрінуі мүмкін. Алайда барлық нәрсе басында қиын. Мәселен, жаңа аспапта ойнауды меңгеру, жаңа тіл үйрену, қарапайым жаңа ойынның өзін түсінуге шамалы уақыт жұмсаймыз ғой. Сол сияқты бағдарламалауды да араға аз-кем уақыт салып үйреніп алуға болады. Маған сеніңіз!

Бағдарламалауды үйренудің мүмкіндіктері көп. Өзіңнің қалаған ойыныңды, анимацияларды, веб-сайттарды тіпті, автономды жүргізуші автокөлік жасай аласың. Бастысы, осы салада дамуды тоқтатпасаңыз, келешекте үлкен жобаларға жетекші болып, әлемдік нарыққа қажетті бағдарламалардың авторы болуыңыз да мүмкін. Қазір әлем сапалы қызмет жасайтын, қабілетті IT мамандарға мұқтаж. Көптеген қызмет түрлері электронды нұсқаға ауысуына байланысты біздің де елімізге білікті бағдарламалаушылар қажет.

Байқасаңыздар киім-кешек, тұрмыстық заттар, косметика, кітап, тіпті азық-түліктің өзін қосымшалардың көмегімен онлайн тапсырыс беру күннен күнге дамып келеді. Міне, сондай қосымшалар мен бағдарламаларды жасайтын IT мамандары. Өз ісін жақсы меңгерген мамандар үшін әлемнің кез келген елінде есік ашық екенін ұмытпаңыз.

Мәселен, Google, Yandex, Facebook, Twitter, Booking, Opera сынды алпауыт компанияларда жұмыс жасап жүрген қазақтың қыз-жігіттері жетерлік.

Осы кітап арқылы қазақ жастарына IT саласының мүмкіндіктерін насихаттап, бағдарламалаудың алғашқы сатысын үйреткім келеді. Осы саланың қыр-сырын меңгерген маман ретіндегі ақылымды қабыл алыңыз, оқырман!” дейді Нұрәділ бауырым.

Meta (оның ішінде WhatsApp) компаниясында жұмыс істейтін Нұрәділ Қожахмет деген бауырым Python бағдарламалау тілінің әліппесін жазып шықты. Қабыл алыңыздар!

👉 https://docs.google.com/document/d/1uo0TfjhSPDE-oVvVLRPTEgDktMIeyOIwaQvq8iHoOi4/edit
🔥15👍9👎1
Жігіттер, ChatGPT деген жақсы.

Бірақ Мета өнімдерін жатып алып зерттеңіздер. Нағыз революцияны жасауға олар да өте үлкен үлес қосып жатыр.

Мета-ның OpenAI-дан айырмашылығы - Линукс пен Уиндоус сияқты.

Уиндоус - керемет операциялық жүйе. Бірақ ол проприетарлық. Ал Линукс - әлемдік инфраструктураны ұстап тұрған әупінсорс платформа.

Мета - әупінсорс арқылы болашақтың инфраструктурасын қолына ұстайтын болады. Ақшаның барлығы сол жерде.

Датацентрлер, серверлер, сайттар, маршрутизатор - барлығы-барлығы Линукс білетін адамның бітпейтін табыс көзі болса, енді робототехника, смарт гаджеттер, заттар интернеті - барлығы-барлығы Метаның llama-сын конфигурация жасай білетін мамандардың нанына айналады.
👍27
Марк Цукерберг

..деген жігітті барлығыңыз білесіздер. Сол жігіттің қазақ көршілері бар екенін білесіздер ме?

Қазіргі таңда АҚШ-та, Майкрософт, Мета, Амазон, Гугл тәрізді әлемдік техно-компанияларда біраз қазақтар жұмыс істейді.

Сондай-ақ, дәл сол компаниялар топтасқан Кремний Алқабында бүкіл Орта Азияның стартапшыларын қолдау орталығы да бар. Оны біздің Әсет Абдуалиев деген жігіт негізін құрған. Silkroad Innovation Hub деп аталады. Әгәрәки, АҚШ-қа, оның ішінде Калифорния жеріне бара қалсаңыздар, міндетті түрде соға кетіңіздер.

Сол Әсеттің жұбайы, журналист Ақсәуле Әлжан мен Гугл компаниясында қызмет еткен Арай Сабыржан қарындасымыз екеуі “Цукербергтің көршілері” атты тамаша подкаст бастады.

Қазірдің өзінде 5-6 эпизоды шығып үлгерген бұл подкаста біздің қаракөз қыздар мен жігіттер істеп жатқан жұмыстарын, тәжірибесін бөлісіп, дүниежүзілік трендтер бастауынан хабар жеткізеді.

АҚШ-қа барып оқып келдім ғой, қанша дегенмен индивидтің жетістігін біреудің көлеңкесінде қалдыруды құптамаймын. Яғни, Ақсәуленің бастаған подкастын Әсет арқылы жеткізгеніме бола, қазақ қыздарының қоғамдағы рөлін төмендеткенім емес. Жай ғана, күйеуі де, келіншегі де Америкада құр жатпай, қазақ технобағытының дамуына отбасылық тұрғыда үлес қосып жатқанын айтқым келді. Тіпті, осы подкастың өзі де дәл сол Silkroad Innovation Hub шаңырағында жазылып жатыр. Меніңше, тамаша симбиоз!

Обшым, Америка деген, алпауыт технокомпанияларға жұмысқа тұру деген, ол жерде халықаралық деңгейде зерттеулер жасау дегеніміз - алынбас қамал емес екенін біліп, ол жақтағы жастарымыздың ой-пікір, көзқарастарын білгілеріңіз келсе, осы подкасты тыңдауға шақырамын.

https://podcasts.apple.com/us/podcast/%D1%86%D1%83%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B3%D1%82%D1%96%D2%A3-%D0%BA%D3%A9%D1%80%D1%88%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96/id1777542191?i=1000675417326
👍32🔥6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мұндай да болады екен;))

“Өнер-білім бар жұрттар, Тастан сарай салғызған” деп Ыбырай атам айтпақшы, ана тілінде проблема жоқ, контент тапшылығы жоқ, өмірі жайлау елдердің адамдары ерігіп отырып видео-ойынды PDF-ке айналдыра салады екен.

Бір қуғынбай Doom деген ойынды толықтай PDF-ке айналдырып шығыпты. Это полностью рабочая версия игры. Ол үшін С кодын Emscripten арқылы asm.js-ке компиляция жасап шыққан дейді. Ал ойынның сорскоды ретінде doomgeneric форкын қолданған.

Қатырады, ә?
👍9
AliExpress сайтынан Android құрылғылар мен құрамалар алғанда байқау керек екен. Істеп жатқандарын қараңыздаршы;((
😱6👍3
Google Ads қолданатындарға тамаша жаңалық!

Енді онда Уатсапқа тікелей жіберетін кампания жасауға болады.

@timurdaninfo
👍10