Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Қырғыздар жиналып талқылау өткізіп жатыр.

Күн тәртібінде: “ChatGPT-ге қырғызша контент көп жүктеу”.

Айтылған мәселе: “ChatGPT-ге қырғызша сұрақ қойсаң, жартылай қазақша жауап береді. Мына түрімізбен жақын арада қазақ боп кететін түріміз бар…”

Мұндай да болады екен…
😁60🔥9👍1
Cursor AI студенттерге бір жылға тегін болады дегенді естіп қуанып қалғам.

Сөйтсем тек ақ адамдарға арналған промо екен ғой. Қазақстандық білімгерлерге ондай батпан құйрық жоқ :(
😢16
Beetech Conf 2025 – Технология төрінде, сен де бол!

Неге бару керек?

1.
Бүгінгі болашақ
Жасанды интеллект, LLM, deepfake, киберқауіпсіздік, қазақстандық ІТ өнімдерін экспорттау – осы және басқа да маңызды тақырыптар.
Сахнада – Apple, Yandex Qazaqstan, QazCode, Beeline секілді компаниялардың мықты мамандары. Олар нақты жобалармен бөліседі.

2. Бұрын-соңды болмаған форматтар
📌 Квартирник – ашық пікірталас
📌 Speed-менторинг – қысқа жеке кеңес
📌 Воркшоп – бірден іс жүзінде үйрену

3. Барша ІТ мамандарына пайдалы
Тек бағдарламашылар емес, продакт, аналитик, QA, скрам-мастер, agile-коучтарға да арналған.

4. Таныстық пен шабыт
Жүздеген қатысушы, жаңа байланыс, идеялар мен даму мүмкіндіктері.

📍 Алматы, NARXOZ
🕘 Тіркеу 9:00
🎟 beetech.kz сайтында
👍5🔥5
Кітап оқу туралы…

Жас кезімізде кітапты кемірдік қой.

Бірақ жасым 40-тан асқанда ұққаным, ең басты қателігім - жадымда сақтау болған екен.

Осы жерде кітап оқитын жастар болса, айтар ақыл-өсиетім: жадыңа ешқашан сенбе!

Жас кезіңде, жадыңда ақпарат аз кезде, мойныңда жауапкершілік жоқ немесе көп емес кезде, оқыған-тоқығаныңның барлығы әрдайым есіңде қалатындай көрінеді.

Бұл - сенің миыңның ең үлкен алдамшы қармағы. Сен солай тұзаққа түсесің.

Оның үстіне, жүз жерден жадың мықты, 40 емес, 60-қа келгенде де 10 жаста оқыған кітабың есіңде тұратын болса да, адам жадындағы ақпаратқа рефлекция жасай алмайды.

Ал осы бастан әрбір оқыған кітабың туралы ойыңа келген идеялар мен әртүрлі пікіріңді түртіп қойсаң, уақыт өте одан құнды бір нәрсе шығаруға болады.

Құрығанда, бала-шағаңа тастап кете аласың.

“Әке-шешем осы кітапты оқыпты. Осылай ойлапты. Осындай тұжырымға кепті” дейтін болады.
🔥44👍26🤔4
Не деген размах жігіттерде, ә? 🙂
🔥15😁10
Дәл қазір немен айналысып жүрсің деген сұраққа жауап.

ЖИ Агенттермен бас қатып жүр.

Бас қатқанда қалай, аласың да жасайсың ғой. Бірақ мәселе… бұл бағытта күн сайын емес, секунд сайын революция боп жатыр. Жасамақ түгіл, жаңалықты оқып үлгермей жатырмыз.

Мысалы, OpenAI-дың фанкшн коллиң дегенін үйрене бастап едім, Claude MCP дегенді шығарды. Оны игере бастап едік, Google A2A дегенді шығарды. Әлі тың бағыт қой, қайсысы дефакто нарықта орын алып, қожайын стандарт боп қалады, белгісіз.

Бірақ, осы сәтте барлығын да оқып, үйреніп, игеріп үлгерсек, 1-2 жылдықта нақты, орнықты дүниелер жасай бастайтын болармыз, иншаллаһ.
👍26🔥2🤔1
Sell Then Build. A Founderʼs Guide.pdf
1.9 MB
🔥🔥🔥

Жігіттер, кім стартап бастағысы кеп жүр?

Кәдімгідей қиылып, өтініп, соңғы сөзімді айтып жалынып сұраймын. Мына гайдты оқыңыздаршы.

Стартап бастауда көп жылдық тәжірибесі бар, 2 жылда 0-ден $2 млн долларға стартап жасаған жігіттің фаундерлерге арналған нұсқаулығы.

Мұны интернеттің бір жерінен қазып алып, өзім оқып, осыған дейін стартаптар туралы оқыған миллион кітаптан да пайдалы нұсқаулық екенін сезініп жіберіп отырған мен үшін оқи салыңыздар.

Бұл нұсқаулық сіздердің кемінде 10 жыл өміріңізді, 20 жылдық жүйкеңізді, миллиондаған теңге қаражатыңызды сақтайды. Сақтап қана қоймайды, миллиондаған доллар табуға көмектеседі.

Мысалы, осында жазылған сөздерді осыдан 10 жыл бұрын оқығанымда, көп дүниеден кешігіп қалмас едім.
🔥32👍7🤔1
Америкалық іскерлік деген бөлек қой, шіркін.

Ойлап қараңызшы, сіздің кофеханаңыз не донерханаңыз бар делік. (Бұдан бөлек қазақша бизнес есіме түспей қойды, мысалға алайын десем).

Сіздің жаныңыздан не қарсы беттен тағы бір кофехана не донерхана ашылды. Тікелей бәсекелесіңіз боп саналады. Соған инвестиция жасай аласыз ба?
👍17🔥5
☝️☝️☝️

ЖИ әлемінің Әпілі…

2016 жыл. OpenAI компаниясы енді құрылған сәт. Грэк Брокманның пәтерінде (иә, офис жоқ, пәтерінде) компанияның негізін қалаған 7 жігіт отыр. Қалтада $0. Ал мақсаттары сұмдық - $90 млрд кэші бар Google компаниясын ЖИ жасауда басып озу.

Ақшадан бөлек, Google компаниясының DeepMind деп аталатын ЖИ бөлімінде әлемдегі ең мықты ЖИ ғалымдардың жартысы жұмыс істейді.

Алайда… арада 5-6 жыл өткенде… OpenAI компаниясы революция жасады. Техномамандар армандамақ түгіл, ойлаудың өзіне қорқатын Google-ден үстем шықты.

1-ші болу және сол біріншілікті ұстап тұру - әркімнің қолынан келе бермейді.

OpenAI - генератив жасанды интеллект әлемінің Apple компаниясы. Өйткені, ГенЖИ бағытындағы жаңа технологиялардың барлығы бенчмарк ретінде ChatGPT-ді көрсетеді.

Ал енді ойлап көріңіз.

2015 жылдары “Біз әлемдегі ең алғашқы AI-First компания боламыз” деген Google 2025 жылы өзін стартаппен салыстырып жатыр…

Обшым, кеше Google I/O болып өтті. Сол жерде Gemini 2.5 Pro моделінің DeepThink атты терең ойлау жүйесін жариялады. ChatGPT o3-ке қарағанда мықтымыз дейді;))
👍19🔥7😁3
Осында тру программистер отырсыздар ғой, айтыңыздаршы?

Microsoft басшысы Сатя Наделла өткенде Марк Цукербергпен кездескенде компаниядағы кодтың 30%-ын ЖИ жазады деді.

Ұзынқұлақтың айтуы бойынша, содан кейін ұсақсофтағы 7000 прогерді жұмыстан қуғалы жатыр екен.

Айтыңыздаршы дегендегі сұрағым, осы туралы не ойлайсыздар? ЖИ соншалықты деңгейде мықты код жаза ма? Әлде Майкрософтың сол ЖИ жазатын 30% кодын қызметкерлер жай жүрген, пайдасы жоқ қызметкерлер лас қылып жазды ма екен?

Сұрап отырған себебім, өз басым қанша жерден ЖИ дегенді жақсы көрсем де корпоратив деңгейдегі бағдарламаны ЖИ-ге тапсырып қоятындай сенбейді екем. Күнделікті бір тапсырма бергеннің өзінде былықтырып жібереді, ал MS Office, Azure сияқты продуктілердің кодын қалай сеніп тапсыруға болады?

Әлде бұл жігіт тестировканы айтты ма екен? Обшым, бәрібір таң қалып жүрмін…
👍10🔥4
Бүгін елдің барлығы шулап жатқан ақпарат:

Осы біз отырған Telegram мессенджері 2024 жылы $1.4 млрд кіріс жасап, $540 млн таза табыс жасаған. Ал компанияда бар болғаны 60 адам жұмыс істейді.

Гений деген Дуров қой, ә?
🔥42👍7🤯7👎1
Обшым…

“Майкрософт ЖИ құралдарын код жазуда қалай қолданады екен?” деген сұрақ қойып едім. Сөйтсем, күні кеше өздері соған жауап беріп тастапты.

Видеоны көріп шығуға ерінетін адамдар үшін қазақша қысқа да нұсқа жазып кетейін:

Microsoft әзірлеушілері жасанды интеллектіні нақты бағдарламалау процесінде бірнеше бағытта қолданып жатыр. Міне, соның негізгі қолдану салалары:
• Идея ойлап табу (Ideation): Жасанды интеллект құралдары идеяларды жылдам ойлап тауып, әртүрлі тәсілдерді зерттеу үшін қолданылады [1-3]. Бұл әзірлеушілерге “суперқабілет” сыйлайды — олар өздерімен және жасанды интеллектімен параллель түрде бірнеше диалог жүргізе алады [3, 4]. Бұл нөлден бастап алғашқы нұсқаны жасауға көмектесіп, әрі қарайғы әңгімеге және идеяны дамытуға мүмкіндік береді [3, 5].
• Кодты автоматты түрде толықтыру (Ghost Text): Жасанды интеллект бағдарламашы IDE-де код жазып жатқан кезде толықтыру нұсқаларын ұсынады, бұл уақытты үнемдейді [6-8].
• Құжаттама және кодқа түсініктеме жазу: ЖИ әдістер мен API-лерге арналған XML түсініктемелер сияқты құжаттамаларды автоматты түрде жасайды [9-13]. Бұл көпшілік бағдарламашылар үшін жалықтыратын жұмысты автоматтандырып, бос парақтан бастау қиыншылығын жеңуге көмектеседі [12, 14]. Сонымен қатар, код құрылымына негізделген құжаттама кестелерін де жасауға болады [15, 16].
• Код генерациясы: ЖИ қарапайым функциялардан бастап күрделі іске асыруларға дейін код жасай алады [17-19]. Мысалы, Shuffle және Take сияқты LINQ әдістерінің іске асырылуын немесе нақты синтаксисті талдай алатын regex-терді құру [17, 19, 20; 21-23]. ЖИ ерекше жағдайларды да ескеріп, орта айнымалыларды дұрыс өңдеуге арналған кодты да жаза алады [24, 25].
• Тестілеу: ЖИ тест кодтарын және ерекше жағдайларды қамтитын тест сценарийлерін жасай алады [26-29]. Сонымен қатар, жаңа функцияларды қамтитындай етіп бар тесттерді өзгертуге көмектеседі [30, 31].
• Жөндеу және қате талдау: ЖИ тест сәтсіздіктерін талдап, қателіктің негізгі себебін анықтап, ықтимал шешімдер ұсына алады [32-35]. Бұл әзірлеушілерге уақытты үнемдеуге және логтар мен дамптарды қолмен қарауға кететін еңбекті азайтуға көмектеседі [32, 36].
• Кодқа шолу (Code Review): ЖИ кодтағы ықтимал қауіпсіздік, өнімділік немесе ағын мәселелерін анықтап, шолуға көмектеседі [37-39]. Сонымен қатар, код құрылымын қарап, проблемаларды белгілеуі мүмкін [38, 39].
• Ұсақ-түйек тапсырмаларды автоматтандыру: ЖИ әзірлеушілердің жақсы білетін, бірақ істегісі келмейтін, қайталанатын және көп уақыт алатын тапсырмаларды автоматтандырады [16, 40]. Бұл күрделірек немесе құнды жұмыстарға уақыт бөлуге мүмкіндік береді [40].
• Кодты жетілдіру және оңтайландыру: ЖИ кодты жүзеге асыру үшін тиімді алгоритмдер мен әдістер ұсына алады [20, 41]. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер мен басқа жүйелердегі тәжірибелерге сүйене отырып, оңтайландыру мүмкіндіктерін көрсетеді [42, 43].
• Ескі кодты түсіну және сақтау: ЖИ түсініксіз, мұрағаттық кодтарды талдап, оларға түсініктеме немесе сипаттама жасау арқылы оны түсінуге көмектесе алады [9, 10, 44].
• Ашық мәселелерді шешу: Copilot сияқты құралдардың көмегімен ЖИ репозиторийдегі ашық мәселелерді шешіп, қажетті код өзгерістерін енгізіп, pull request жіберуге мүмкіндік береді [45-47].

Маңыздысы — сарапшылар ЖИ әрқашан 100% дұрыс бола бермейтінін және адам бақылауын қажет ететінін атап өтеді [11, 22, 35, 48]. ЖИ жасаған код әдетте бастама немесе жобаның негізі ретінде қарастырылады және оны әзірлеушілер қарап, түзетіп, сынақтан өткізуі қажет [11, 19, 22, 27, 35, 49]. Жасанды интеллект әзірлеушілерді толық алмастырмай, олардың тиімділігі мен өнімділігін арттыру құралы ретінде қарастырылады [16, 27].

@timurdaninfo
👍10🤔2
“Күлетін жері қайс?” десе,
“Designers should code” және “engineers should design” деген жерін айтар едім 😃

Өзіміз тақырып аясында жүргесін, барлығы қалыпты дүние сияқты боп көрінеді. Мынаған қарап отырып, былайғы жұрттың басы қататындай бар екенін енді ұғып жатырмын;))
👍13😁1
Обшым…

ЖИ әлеміндегі тартыс деген осындай болады екен.

Алдында OpenAI gpt 4.1 моделі мен Deep Research, Codex шығарды.

Кеше Google Gemini 5.5 пен Deep Think, т.с.с. шығарды.

Ал бүгін Anthropic күрделі жұмыстар үшін Opus 4, күнделікті шаруалар үшін Sonnet 4 және Claude Code шығарды.

Америкалықтарша айтқанда, what a time to be alive!
👍21🤯7
🆘 Әкелер;))

12 және 13 жастағы ұлдар өсіріп жатқандарыңыз бар ма?

Тәрбие жағын не істеп жатырсыздар? Әсіресе, Алматы, Астана сияқты қиындау қалаларда тұратындар?

Сосын өзің ІТ маманысың. Балаларыңды ІТ саласына қызықтырып жатырсыңдар ма?

Обшым… “Бала өспей ме, көкейді теспей ме?” дегендей, мен АҚШ деп, магистратура деп, анау деп, мынау деп жүргенде ұлдарым өсіп кетіпті…

Біз баяғыда адыраспан сияқты өзіміз өсіп едік. Қазіргілерді күтіп-баптап, бағбан болмасаң, болмайды ма, бірдеңе екен ғой;))
🔥29😁18
Ищем AI/ML-специалиста в HealthTech-стартап PulseGuard
Задачи:
• Определить болезни и параметры диагностики
• Обучить модель предсказания рисков
• Интегрировать в backend через API
• Настроить систему рекомендаций
• Тесты, доработка, улучшения

Нужен опыт с ML, Python, API и интерес к теме здоровья.

Формат: удалённо
Оплата: обсуждаем
Пиши в тг: bekiskhakov
WhatsApp: +996997777565

#вакансия #ML #AI #стартап #удалёнка #ищуработу #ищуработника
👍6