Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
Beeline Bootcamp 2025:
Қалай өтті және қандай нәтиже берді?

Жасанды интеллектпен танысқан, шабыт алған, жұмыс іздеушілер өз орнын тапқан күн 

Астана. Назарбаев Университеті. 17 сәуір.

Beeline ұйымдастырған Bootcamp 2025 шарасы IT әлеміне енді қадам басып келе жатқан жастар үшін нағыз даму нүктесіне айналды. Бұл - жай бір жиналыс емес. Бұл - жасанды интеллект, Big Data және болашақ технологиялармен бетпе-бет келу, оларды құр есту емес, сезіну сәті болды.

Кешегі Nazarbayev University-де болған айтулы шараға барып қайттым. Сол жиыннан аз-кем ақпарат бере кетсем деймін. 

Бұл шара неге ерекше болды?

ЖИ трендтерімен бетпе-бет:

ChatGPT мен Midjourney жай ғана қызық ойыншық емес екенін білдік. Олар — бизнес, медицина, білім, өнер салаларын түбегейлі өзгертетін құралдар. Ал Bootcamp осы технологияларды қолмен ұстап көретін алаңға айналды. Мысалы, маған “ЖИ детектив” ойыны ұнады. 

Воркшоп пен тәжірибе:

Жастар өз қолымен сценарий жасап көріп, өз идеяларын сынады.

Резюмеңді “прожаркаға” салдың ба? Ар жағы roast деген сөзден шыққан ғой. Мен “қуыру”, “шыжғыру” деп жүрмін. Бұл этапта әр қатысушы өз түйіндемесін өткізіп, нақты, пайдалы фидбэк алды. Нәтижесі? Дереу LinkedIn жаңарту, бірден жұмыс берушіге дайын болу!

Networking ≠ тек визитка:

Beeline топ-менеджерлері ешқандай "қол жетпес биікте" емес. Олармен сөйлесу, кеңес сұрау, тіпті бірге кофе ішу — осы шарада мүмкін болды. Шынайы, ашық, пайдалы. Тіпті, Beeline CEO-сы да шараның басынан бастап жүрді.

Шараның басты кейіпкерлері — спикерлер: Олар – жай “сахнада сөйлейтіндер” емес. Олар – жол көрсетушілер.

Евгений Настрадин, Beeline Kazakhstan CEO — өз тәжірибесіндегі  жеке «фейлдарын» бөлісті
 Тахмина Кодири, Chief People Officer — жас маманға өзін қалай табуға болатынын айтып берді 

Бұл кімге керек?

– Жоғары сынып оқушысысың ба? Болашақ мамандығыңды дәл қазір анықтайтын уақыт келді. 
– Студентсің бе? Теориямен қоса, практикалық қабілет жинайтын уақыт. 
– NEET жастың бірісің бе? Бұл шара – "бәрі кеш" емес екенін көрсеткен нақты дәлел. 
– Жұмысың бар, бірақ ішің пыса ма? Демек, IT әлемі сені де шақырып тұр. 

Beeline Bootcamp – бұл жастардың өзіне деген сенімін қайта оятатын алаң. Және иә... келесі Bootcamp-ке сен де кел! Қазірден дайындал, түйіндемеңді ретке келтір, GPT қолдануды үйрен, код жазуды баста — және дәл сол жерде кездесеміз!

#BeelineBootcamp2025 #AI #BigData #ITкарьера #BeelineҚазақстан #ЖИ
👍8🤔1
Ищем AI/ML-специалиста в HealthTech-стартап PulseGuard
Задачи:
• Определить болезни и параметры диагностики
• Обучить модель предсказания рисков
• Интегрировать в backend через API
• Настроить систему рекомендаций
• Тесты, доработка, улучшения

Нужен опыт с ML, Python, API и интерес к теме здоровья.

Формат: удалённо
Оплата: обсуждаем
Пиши в тг: bekiskhakov
WhatsApp: +996997777565

#вакансия #ML #AI #стартап #удалёнка #ищуработу #ищуработника
👍6
🔥Жігіттер мен қыздар, аққулар мкн қаздар!

Мынау бір өте керемет breakdown 🤯

Бұл жерде API сатып алған жақсы ма, чаттардың өзін сатып алған дұрыс па әлде GPU hardware сатып алып, open source llm модельдерді қолданған дұрыс па, жоқ па деген сұраққа егжей-тегжейлі арифметикалық есептеу жүргізен.

Өте-мөте пайдалы видео. Қараңыздар. Әсіресе, MLOps жасайтындар мен LLMOps жасайтындар қараңыздар.


https://youtu.be/SmYNK0kqaDI?si=SKgLB7DejhSy6TKN
🔥17
Қыздар мен жігіттер, Claude инженерлері Claude Code-ты қалай қолданатынын, модельдегі контекст терезе мен кэшті дұрыс қолдану, агенттер мен субагенттерді, құралдар мен плагиндерді қалай қолдануды үйренгілеріңіз келсе, мына бір тамаша мастер-класты қарап шығуға кеңе беремін.

https://youtu.be/shZgedW15vg?si=QeXsP9hcjPhNPczX
👍18