Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
710 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
ІТ саласынан басқа мамандар да өзара осылай қырықпышақ болар ма екен?;))
😁30
Құрбан айт құтты болсын, Әхли Сунна уәл-Жамаға!
🔥38👍16
Құбыжық

No code бағытына еш қарсылығым жоқ. Керісінше, қолдаймын. Алайда… мынадай құбыжық жасауды түсіне алмайды екем. Сіздер қалай ойлайсыздар?;))
😁7🤔3
Builder AI деген үнділік компанияның 700 “жасанды интеллектісінен” кейін ;))
😁25
Apple ғой… Керемет қадам жасапты.

Edge AI деген осы. Біртіндеп-біртіндеп non-API AI яғни local AI қатты дамитын болса керек. Open Source LLM жасаушылар да сол бағытқа қатты күш салып жатыр. Google-дің өзі жақында осыған ұқсас функция жасады.

Cursor дегендерге әупінсорс локал модельмен қосылып вайбкодтай берсек, бұлардың бизнесі әлі талай жаңаша бағытқа ирелеңдеп бұрылатын сияқты ғой…
👍7
Лучший способ понять, что вам нравится, — просто попробовать.

В Яндекс Практикуме в Казахстане почти у каждого курса по программированию есть бесплатная часть. На ней можно попробовать себя в роли фронтендера, тестировщика или разработчика. Платить или привязывать карту не нужно.

Переходите в каталог курсов и выбирайте то, что вам откликается. Если не понравится одно, можно попробовать себя в чём-то другом. Занятия ведут эксперты из Яндекса и других IT-компаний — лидеров.

Используйте промокод KZ2025, чтобы оплатить любой курс Яндекс Практикума в Казахстане со скидкой 12%.

Партнёрский материал
👍7👎7🔥2😢1
Вайб-кодиң

Сіздер де мен сияқты Sonnet-ке біресе алғыс айтып марқайып, біресе қарғыс айтып қырылысып жүрсіздер ме?;))
2030 жыл. Сен – әлемге танымал AI әзірлеушісің.

Бірақ бәрі қайдан басталды?..

Tomorrow School-дан!

Astana Hub ұсынған алғашқы жасанды интеллект мектебі.
ТЕГІН оқуға түсіп, 6 бағыттың бірін таңдадың…

🔹 Киберқауіпсіздік
🔹 Блокчейн
🔹 Ойындар
🔹 Full Stack
🔹 Жасанды интеллект
🔹 Мобильді қосымша жасау

18 ай – шынайы жаттығу алаңы!

50+ жоба, 20+ тіл, тірі лекциялар, атмосфера – 🔥

Оған өту үшін тест емес. Когнитивті ойыннан өтуіңіз керек. Сондай-ақ, 4 апталық интенсив.

Ендеше, ерекше болуға дайынсың ба?

Онда өтінімді осы сілтеме арқылы жібер.

Болашағың қазірден басталады!

⸻
@timurdaninfo
🔥17
Таң қалмасқа қоймайтын сөз…
👍14🔥4
ChatGPT-ді (2025 жылғы маусымда) қалай дұрыс пайдалану керек?

Көбі өз тапсырмаларына сәйкес ЕМЕС модельдерді пайдаланып жүр, сосын нәтижесі неге нашар шықты деп таң қалады…

Міне, сіздің уақытыңыз бен жүйкеңізді үнемдейтін толық нұсқаулық:

1. GPT-4o
Қайда қолдану керек: Жылдам әрі жалпы мақсаттағы тапсырмалар
Неге: Найзағайдай жылдам, күнделікті қажеттіліктің 90%-ын орындай алады
Мысал: Жарнамалық мәтін жазу (сатуға итермелеп, көмектесетін)

2. o3 (Жыртқыш)
Қайда қолдану керек: Күрделі логика немесе маңызды бизнес шешімдер
Неге: Баяулау, бірақ ең ақылды көмекші (жалпы, ассистент деген мағынада) секілді ойлайды
Мысал: Шынайы логикаға сүйенетін стратегиялық бизнес жоспарлау

3. GPT-4.5
Қайда қолдану керек: Креатив жазбалар мен батыл идеяларды зерттеу
Неге: Идеяларды тереңдете дамыта алады, бренд стиліңізді сақтайды
Мысал: Бірінші жолдан-ақ оқырманды баурап алатын видеоскрипт жазу (VSL дейді)

4. GPT-4.1
Қайда қолдану керек: Жылдам код жазу және деректерді талдау
Неге: Жылдамдық пен техникалық шеберліктің мінсіз балансы
Мысал: Бұзылмайтын лендинг беттерін жасау

5. Терең зерттеу функциясы (Deep Research Feature)
Қайда қолдану керек: Көп дереккөздерден кешенді зерттеу
Неге: Ғылыми зерттеушідей деректерді біріктіреді
Мысал: 20+ бәсекелес бойынша әртүрлі дереккөзден ақпаратты жинақтап, талдау

⚠️ Мыналардан Аулақ Болыңыз:
→ o4-mini, o4-mini-high, o1 pro mode, GPT-4.1-mini
(Бұлар көп “алжиды” яғни галлюцинация жасайды)

Оны осылай елестетіңіз:
• 4o = сіздің көмекші-интерн (тез әрі қабілетті)
• 4.5 = сіздің шығармашылық жетекшіңіз (креатив данышпан)
• o3 = сіздің серіктес-атқосшыңыз (стратег әрі байсалды)
• 4.1 = сіздің бағдарламашыңыз (кодинг пен операция)
• Deep Research = сіздің аналитигіңіз (ақпарат синтезінің шебері)

Ақпарат пайдалы болса, бөліс.
Маған жазыл: @timurdaninfo
👍40🔥8
5 жыл бұрын алған Макбук Про 16” еді ғой.

Әпілдің М процессоры шығып жатқанда, олаоға Уиндоус қондырылмайтын болған соң, Интел ала салғам. Яғни, Макбук Пролардың ішіндегі ең мықты сериясының ең соңғы сериясы. Жедел жадысы да осал емес, 16 гектар. Қатты дискісі 1 Тб. Бағасы да аз болмады. 1 500 000 болған сияқты.

Процессоры і9 болған соң деседі білгіштер, әйтеуір, тоққа тоймайтын жалмауыз. Жалғыз ғана кемшілігі сол боп тұр. Оның үстіне мен бұл бейшараны 10 браузерде 1045 бет ашып қойып, оның үстіне әртүрлі бағдарламалармен қатар жұмыс істеп қинаймын ғой. 2-3 сағаттан аспай өледі де жатады.

Жан-жақтан анталаған қоңырау, Уатсап, Телеграм хабарламалардан құтылып, енді жұмыстың қызығына кіре бергенде қуаты бітеді де қалады. Отыоасың сосын омалып.

Сөйтсем, “Жап-жаңа, күні кеше алған Макбук қой” деп жүрген машинамның көзді ашып-жұмғанша 5 жыл ескіріп қалғанына мән бермеппін.

Содан жанталасып жаңа ноутбук іздедім. Шыны керек, Уиндоус жүйесін сағыныңқырап қаппын. Ал кеп ізде…

Бақсам бақа екен демекші, бұл әлем ЖИ деп жүріп, дені дұрыс ноутбук шығарудан қапты. Асус-масустарды місе тұтпадым. Ал Хуауей, Шаоми ноутбуктер ұялмай Макбуктың бағасын сұрап тұр. Жұрт мақтаған Майкрософт Сөрфейске көзім түсті. Керемет құрылғы. Алайда, тестен өткізушілер “бәрібір Макбук сияқты емес” дейді.

Қайтадан Макбукке келсем, ұзақ салыстырулардан соң ұққаным, қазіргі таңдағы ең үздік ноутбук биыл шыққан, М4 процессоры бар Макбук Эйрдің 15-тік түрі екен. 32GB жедел жады, 1 Тб түрін алсам, кемінде 5 жыл тағы алаңсыз ноутбук мәселесін ұмыта берсем болатын сияқты.

Обшым…
👍29🔥11
AI Summer School 2025

халықаралық жазғы мектебінің ресми ашылуына арналған баспасөз конференциясына шақырамыз.

2025 жылғы 23 маусым күні сағат 09:00-де Astana IT University-де өтеді.

Бұл іс-шара жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшылардың басын қосатын, Орталық Азия кеңістігіндегі маңызды білім беру платформаларының бірі болып табылады.

Аккредитация үшін:
Сандуғаш Сүндетбай
📞 +7 707 575 1089
👍2🔥2
Қызық айтайын ба?

Біздің кезімізде, 2000 жылдары, “Айтишник” дегенде бағдарламашыларды мүлдем есепке алмайтын. Ал қазір маған ақыл-кеңес сұрап жазатын жастар мен ата-аналарға қарасам, бүгінгі қоғам “айтишник деген - тек қана программист” деп түсінеді екен.

Бәлкім, соңғы 10-15 жылда программалаудың қарқын алғанынан болар. Немесе, темір-терсек (хардуар) айналасындағы айти мамандардың сөзге сараң, пиарға жоқ, өзін көпшілікке көрсете алмауынан да болар.

ІТ саласы жалпы хардуардан басталады ғой. Өзегі де, негізі де сол. Софтуар - бәлкім ІТ-дің соңғы инстанциясы шығар. Егер OSI моделіне қарайтын болсақ.

Сондықтан, бізге жүйелік админ, желілік архитектура, серверлер мен телеком һәм киберқауіпсіздік, ІТ инфраструктура, ІТ менеджмент жағына да қатты уағыз-насихат керек-ақ.

Мынау - дата центрде немесе кейбір компаниялардың өзінің арнайы сервер бөлмесінде тұратын сервер шкафы, server ruck дейді.

Менің осы жолдарды жазып отырғаным да, сіздің оны оқып отырғаныңыз да, барлығы осындай сервер қондырғысының арқасы.
👍25🔥4
Оқырман сұрағы:

менде осындай сұрақ бар,осы қазақша ИТ контент дамыту жайлы айтылады ғой, бірақ неге қазақша контент өте аз көрілім жинайды немесе мен қатты қателесемін бе? Кімде осы жайлы аналитика, деректер бар? Мен көбіне ютубты меңзеп отырмын және жеке бір арнаға қатысты емес

Менің жауабым:

Бұл феномен. Қазақи феномен. Қазақтар бірдеңе іздегенде ешқашан қазақша іздемейді. ЕШҚАШАН! Мысалы, "ІТ мамандықтар" деген запрос олардың миында жоқ. ІТ профессий, ІТ специалист деп іздейді. Біздің қазақтың бағы да, соры да, оның мультитілді екендігінде. Яғни, ақпаратты екі тілде де түсінеді, бірақ орысша іздейді. Бұл тек ІТ саласына қатысты емес. Тенгриньюс деген сияқты қарапайым күнделікті жаңалықтар парақшалары мен сайттарын қараңыз. Қазақ журналистерінде оқырман да, көрілім де аз. (өсек, төсек туралы емес, маңызды нәрселерді айтатын). Өйткені, қазақтар қарапайым жаңалыққа дейін орысша оқиды. Себебі, 70 жыл Кеңес өкіметі мен соңғы 30 жылдағы орыс тіліне басымдық бізді орыс тілінің тұтынушысына айналдырған. Яғни, біз орысша ақпарат тұтынғанды ар-намыс санамаймыз. Керісінше, тек қана қазақша ақпарат тұтынғаннан намыстанамыз. Артта қалған сезінеміз. Содан келіп контент жасаушылардың барлығы орысша контент жасауға көшеді.
🔥43👍14🤔6
Windsurf қолданатындарға

Тек менде ме әлде барлығыңызда солай ма?

Gemini Pro - бір айтқанын, бір ойын жүз рет айтып қуады.

Ал BYOT арқылы қосылатын Sonnet 4 Time Limit Token Error боп тежеліп қала береді.
🔥7
Қазақ тілін жетік білетін ЖИ

Менің ойымша, қазақ тілін ең жақсы білетін онлайн һәм тегін LLM-дер:

1) Gemini
2) Claude
3) ChatGPT
4) Copilot
5) Grok
6) Deepseek

Meta Llama да жақсы біледі. Әсіресе, біздің файнтьюниң жасаған Til-Qazyna Llama 3.1 8B Instruct. Бірақ Meta Llama өнімдерін қолдану үшін не АРІ сатып алу керек, не өз GPU серверіңе (локал не бұлт) қондыру машақаты бар. Сондықтан тізімге қоспадым.

Кімнің қандай ойы бар?
👍15🔥5
Фулстак жігіттер мен қыздар, қалайсыздар?;))
👍34😁14🔥2😱2
Өлгенше күлдім-ау, хехехе;)))
😁24