Тимурдан Инфо | it&tech
3.47K subscribers
1.27K photos
109 videos
28 files
709 links
✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.

📬 Сұрақты мында https://t.me/timurdaninfochat қойсаңыздар болады
Download Telegram
ittirlik.pdf
14.1 MB
IT-Tirlik журналының 1-ші саны
🔥5👍3
ITtirlik#2.pdf
24.6 MB
IT-Tirlik журналының 2-ші саны
🔥4👍2
Қызық айтайын ба?

2011-2012 жылдары осы “ІТ-Тірлік” деген технология туралы қазақша журналды шығарып, сайтына материал жазып жүргенде адамдардың көбі Нокиамен, батырмалы телефонмен жүретін кез еді. МайлРудан пошта ашқанды “Сайт аштым” деп түсінетін. МайлРу поштасын тексеру үшін (онда да электронды пошта дегенді қолдана бастағандары) компьютер клубына баратын, өйткені, көбінің үйінде интернет бола бермейтін. Сол барған компьютер клубында поштасын ашып тастап жүре беретін. “Олай істеме, өте қауіпті” десең, “Қоя салшы, несі қаіпті оның? Бәрібір менен ұрлайтын ештеңе жоқ ол жерде” деп өзіңе күлетін.

Айтпағым ол емес.

Ең қызығы, сол жылдары ең көп жұрттан естіген сөзім мынау болатын: “Осы сен қуасың ба? Не фантастика айтып жүрсің? Түкке қажеті жоқ, айдаладағы Америкадағы заттың бізге не керегі бар? Болатын тірлікпен айналыссайшы” дейтін. 😃😃😃

Сондықтан да журналдың да, сайттың да атын АйТи (ІТ) әрі қазақша ит тірлік деп қойған едім;))

Өйткені, қазақтарға ІТ саласын түсіндіру нағыз ит тірлік қой…
😁38👍3🔥3
ІТ-Тірлік жобама қатысты келесі естелік

Бұл жағдайды ешқашан ұмытпаймын!

“ІТ-тірлік” журналын шығарып, сайтын жүргізе бастағанда соңғы шыққан гаджеттерге шолу жүргізуді қолға алдым.

Сол үшін маған ең соңғы технологияларды беретін компаниялар іздегенде, ең бірінші боп сенім білдірген Alser компаниясы болды. Менеджерінің атын ұмыттым, бірақ орыс қыз болатын.

Ойлап қарашы, 2013 жыл. Қазақтар ІТ дегеннің І әрпін де білмейді. Сенің сайтыңды 3 адам ғана оқиды. Біреуі өзің. Екіншісі келіншегің. Үшіншісі, абайсызда кіріп кеткен бір адам. Болды. Басқа адам баласына қызық емес.

Сонда да Alser компаниясы Алматыда бола тұрып, Атырауда жатқан маған технологиясын тест жасауға, анпакиң жасауға, шолу жасауға тегін беретін.

Алматыда Қуаныш Мағзуов деген інім тұрады. Соны жұмсап, Alser-ден техниканы алдырып, осындай қазақша шолулар жасайтынбыз.

Қараңыздаршы, Asus компаниясының әлі күнге дейін өзекті технологиясы: планшет+смартфон!🔥

Рахмет, Алсер!!!

https://youtu.be/p6Z7ESmEd6I?si=qyy-ZYpej3df-Uyq
🔥24👍10🤔1
ЖИ туралы кітап жазып жатырмын.

Мұндай кітап ағылшынша бар шығар, бірақ қазақша түгіл орысша жоқ екеніне бәс тігемін. Сондықтан ЖИ арқылы орысша да аударып жариялайтын болармын.

Мәселе онда емес, мәселе, енді осыны сату процесінде боп тұр.

Сұрақ мынау: бұл кәдімгі кітап. ЖИ тарихы, жалпы ЖИ туралы. Бірақ мен оны виртуал яғни электронды кітап түрінде де жасап жатырмын. Инфографикалар, Интерактив элементтер, Аналитикалық графиктер қосып. Қалай ойлайсыздар, онлайн кітап сатып алушылар табылар ма екен? Мысалы, сіз алатын болсаңыз, қаншаға алар едіңіз?
🔥44👍19
Стартап инвестиция

Маған көп қойылатын сұрақтардың бірі - “Қайдан инвестиция тартуға болады? Жобама ақша салатын адам іздеп жүрмін”.

Ендеше, қабыл алыңыздар. Most деп аталатын қазақстандық венчур инвесторлар платформасы бар. Солар өздерінің кезекті Investment Readiness accelerator шарасына тіркей бастады. Дедлайн: осы жылдың ақпан айының 9-ына дейін.

Сілтеме: https://investready.uz/form
👍11🔥6
ЖИ әлеміндегі текетірес

ЖИ туралы кітап жазып жатырмын дедім ғой.

Содан бір үзінді ой айта кетейін.

Қазіргі таңда бүкіл әлем, яғни ЖИ мамандары, эксперттері, ғалымдарынан басқалардың “Осы, міне, ЖИ” деп жүргендері - үлкен тілдік модельдер. Бұқара халық оған дейінгі жасанды интеллектінің machine learning, deep learning түрлерімен тікелей қарым-қатынасқа түспеген соң, солай ойлауы да заңдылық қой.

Айтпағым, Ян Лекун деген ЖИ атасы бар. Сол кісі “Үлкен тілдік модельдер далбаса. Олар бізді шынайы жасанды интеллектіге апармайды” дейді.

Сөйтіп, ол қазір Мета компаниясындағы ЖИ бойынша вице-президент қызметінен кетіп, өзінің JEPA деп аталатын тым жаңа ЖИ жолын дамытуға кірісті.
🔥22👍9😱1
Вакансия

Жігіттер мен қыздар, міне, нағыз жұмыс!

Ассаламуалейкум

Вакансия: *Middle/Senior ML/AI Engineer,*

(Industrial AI & Enterprise Analytics-приветствуется)

Локация: Гибрид (Астана/Алматы),
Занятость: Full-time

Мы разрабатываем решения на стыке искусственного интеллекта и тяжелой промышленности. Наш фокус - цифровизация процессов для горно-металлургического комплекса (ГМК) и Enterprise-сектора. Продукт решает задачи предиктивной аналитики, оптимизации производства.
В портфеле — действующие контракты с лидерами рынка ГМК и международные проекты в сфере аналитики данных.

Задачи:
-Разработка и внедрение моделей машинного обучения для промышленных задач (прогнозирование, математическая оптимизация технологических режимов).
-Ввод моделей в промышленную эксплуатацию (Inference, оптимизация производительности).
-Участие в R&D (исследование применения LLM-агентов для работы с технической документацией и регламентами).
🛠 Технический стек и требования:
Python: Продвинутый уровень владения.
Classic ML: Глубокое понимание фундаментала и алгоритмов ML (CatBoost, XGBoost, LightGBM) — работа с табличными данными и временными рядами.
Engineering: Опыт работы с Docker, FastAPI, SQL.
Будет плюсом: Опыт работы с LLM (RAG, LangChain) и понимание специфики деплоя на Edge-устройствах.

Заработная плата: обсуждается индивидуально по итогам технического интервью.

Контакты для связи: Резюме и краткое описание релевантного опыта направлять: team@qanysh.kz
🔥13
Тимурдан Инфо | it&tech
Вакансия Жігіттер мен қыздар, міне, нағыз жұмыс! Ассаламуалейкум Вакансия: *Middle/Senior ML/AI Engineer,* (Industrial AI & Enterprise Analytics-приветствуется) Локация: Гибрид (Астана/Алматы), Занятость: Full-time Мы разрабатываем решения на стыке…
Ал қазіргі студенттер мен енді қадам бастап жатқандар, осы бағытта жылжыңыздар. Оқыңыздар. Үйреніңіздер. Осы вакансияда айтылғандарды білсеңіздер, ұялмай кемінде 2-3 млн сұрай беруге болады.
🔥24👍3
PersonaPlex-7B just hit #1 on Hugging Face 🎉

Part of the NVIDIA Nemotron collection of models, PersonaPlex can listen and speak at the same time for fast, natural-feeling conversations. Plus, it’s open so you can tune personas, clone voices, and run it locally.

Check it out 👉 https://nvda.ws/4q187ve
👍3🔥2
Дата аналитика үйренгісі кеп жүргендер бар ма?

Сіздердің басты проблемаңыз неде?

Неліктен Курсерадағы курсты оқымайсыздар?

Неліктен Ютубтағы тегін курсты оқымайсыздар?

Неліктен Степиктегі тегін курсты оқымайсыздар?

Жалпы, интернетте толып тұрған дата аналитика курстарынан бөлек неге тағы да курс іздеп жүрсіздер?

Сұрап отырған себебім, маған “Дата аналитика үйретіңізші, курс ашыңызшы?” деп жиі жазады. Бірақ тегін курстар толып тұрғанда, неліктен адамдар менен курс сатып алғысы келетінін ұқпаймын. Өйткені, дата аналитиканы ауадан алып оқытпаймын, барлық жерде қалай оқытады, солай оқытамын.

Осыны түсінбей жүрмін. Айта аласыздар ма?
🔥20😁10👍7
Data Analytics курсын осылай оқытсам, қалай болар екен?

Өзімдікі, өндірістікі:)))
🔥39👍14🤯4
Түсінгенім, ЖИ өзінің вертикал даму шырқау шегіне жетті.

Ақша тілімен айтқанда, негізі ЖИ көпірік жарылды.

Алайда, бұл салаға тым көп ақша салынып, тым көп жарнама жасалып кеткендіктен оның “жарылғанын” да сезбей жатырмыз.

Енді ЖИ модельдері горизонтал яғни көлденеңінен дамуға кірісті.
🔥29
Қыздар мен жігіттер, әсіресе жастар!

Түсінгенім, ЖИ арқылы бірдеңе жасағыңыз келе ме? Ендеше мен сияқты "Халыққа пайдалы болсын, елге пайдалы болсын, қазақ тіліне пайдалы болсын" деп ұлы мұраттарды мақсат етпеңіздер. Осы жерде кейбір адам дұрыс түсінбей қалмасын. Елді, халықты ойлай беріңіздер. Бірақ, онда мен сияқты жарыққа шықпай қалған, алайда "негізі қазақ халқына 10000% пайдалы дүние" деп ойлаған жобаларыңызға мола қазып жүре бересіздер.

Жассыздар ғой. Кәдімгі "қуғынбай" бірдеңе істеңіздер. Өйткені, қазіргі әлеуметтік желі адамдарына "Ұлт, тіл, дін, діл, намыс, иман" деген сөздер өтпейді. "Басымды қатырмашы, енді сен қап едің" дейді. Сол үшін не керек? Дұрыс. Ең бірінші, массовая аудитория - бұқара қолданушы керек. Ал ол қолданушыны тек қана "қуғынбай" дүние арқылы жинай аласыздар.

Сосын барып екінші деңгейде, ақша мен атақ жинап алған соң, ұлт үшін бірдеңе жасаңыздар.

Мысалы, бір қуғынбай идея. Жасым, атағым, ортама байланысты, өзім жасауға қолым жүрмеді. "Тимур Бектұрдың істеп жүргені осы болса, жастардан не сұраймыз?" дейді. Оны анық білемін. Ал жастарға ондай негатив аздау, әрі өз аудиторияларыңыз да жақсы қабылдайды деген ойдамын.

Ол қуғынбай идея мынау: ағылшын тілін балағат сөз арқылы үйрету бағдарламасы.

Қазір жастардың барлығы ағылшынша үйренгісі келеді. Бірақ бастай алмай жүр. Өйткені, ағылшынша үйрететін бағдарламаның барлығын тым дұрыс адамдар жасаған. Ал жастарға басқаша нұсқа керек. осы жерде сіздің "қуғынбай" бағдарламаңыз жетістікке жетеді.

Қолданушы бағдарламаны ашады, жасын енгізеді, сосын бағдарламамен сөйлесе бастайды:

- I am going бола ма, I am went бола ма?
- Әкесінің құлағы... Жасың болса, 20-да, 2 жасар балаға дейін білетін осы шақ пен өткен шақты әлі үйренбегенсің бе? Соны жаттап алу үшін 20 жыл да жеткіліксіз болды ма? i am going to болады. Енді осыны қайтадан сұрасаң, онда тап аңыраған қаңғыбас есектің қодығы болғаның! Тағы не сұрайсың, айт?

..деген сияқты.

Көрдіңіздер ме, қуғынай бағдарлама жасаңыздар дегеннің өзінде де мен тіл үйрену деген сияқты пайдалы бағытқа кетіп қалдым. Ал шындығында, түкке пайдасы жоқ бағыттарды ойлаңыздар. Мысалы, адамдардың жүктеген суретінің барлығын соған ұқсайтын итке айналдырып беретін бағдарлама. Болды. Оның басқа функциясы болмайды. Тек соны жасайды. Көр де тұр, елдің барлығы қондырып алады.

Әйтпесе, әлемде, әсіресе АҚШ-та жетістікке жеткен көптеген стартаптар мен ірі компаниялардың тарихына үңілсеңіздер, барлығы қуғынбай жобадан шыққан.

Apple-дің тарихы - телеком компанияның алгоритмін бұзып, тегін халықаралық қоңырау шалатын құрылғы жасаудан басталған. Facebook - жігіттер қыздармен танысатын орта жасағысы келетін идеядан шыққан.

Ал, оқырмандарым, кімде қандай қуғынбай идея бар? Біреуі болмаса, біреуі істеп қалар;))
🔥38😁9🤔6