Лекс Фридман құрдасым тағы бір 🔥сұқбатын жариялапты.
ЖИ бүгіні мен ертеңі туралы. Қарап шығыңыздар.
Сіздерге пайдалы болу үшін, сұқбат барысындағы керемет инфокестенің скриншотын жасап алдым. Назарларыңызды аудару үшін.
https://youtu.be/EV7WhVT270Q?si=OPb-t-Lqm59N9aQZ

🔥16
Апта дайджесті:
Moonshot AI Kimi K2.5 шығарды — Opus 4.5 деңгейіндегі ашық модель. 1T параметрдің ішінен 32B белсенді, контексті 256K, нативті видео. HLE, BrowseComp, SWE-bench бойынша SOTA.
Anthropic Claude-қа тікелей чат ішінде істейтін интерактив құралдар қосты: Amplitude, Asana, Box, Canva, Figma. Ішінде — MCP Apps, яғни AI-продукт ішінде интерактивті UI үшін MCP протоколының қосалқысы бар.
OpenAI Prism-ді іске қосты — GPT-5.2 негізіндегі ғалымдарға арналған тегін LaTeX-редактор. AI-ассистент, цитаталарды басқару және черновиктерді диаграммаға конвертациялау бар. Overleaf-ке тікелей бәсекелес.
Google Auto Browse-ты іске қосты — Chrome ішіндегі AI-агент, Gemini арқылы автоном браузинг және split-screen интерфейсі бар.
Cline командасын OpenAI жұтып қойды — олар Codex тобына өтті. Бұған жауап ретінде Kilo Code (Cline форкы) 6 ақпанға дейін бэкендті ашатынын жариялады.
Microsoft Maia 200 AI-акселераторын таныстырды: 216 ГБ жад, FP4 режимінде 10K TFLOPS, Trainium v3-тен 3x жылдам дейді. Қазірдің өзінде GPT-5.2 мен Copilot-ты іске қосып тұр.
ChatGPT контейнерлер — Code Interpreter енді 11 тілді, pip/npm install және файл жүктеуді қолдайды.
OpenAI 13 ақпаннан бастап GPT-4o мен ескі модельдерді алып тастайды (API әзірге қалады).
xAI Grok Imagine API-ді іске қосты — аудиосы бар видеогенерация, 15 секундқа дейін, $4.20/мин. Бірден лидербордтарда #1 орынға жеткен.
Google DeepMind Project Genie-ді іске қосты — мәтіннен нақты уақытта интерактив әлем генерациялайды. Әзірге тек АҚШ-тағы AI Ultra жазылушыларына қолжетімді.
Google DeepMind AlphaGenome жариялады — ДНҚ-ның 1 млн негіз жұбына дейін талдайтын AI. 26 бенчмарктың 25-інде аналогтардан озады. Open source.
Alibaba бірден үш релиз шығарды: Qwen3-ASR (52 тілде speech recognition), TTS-модельдер сериясы және жаңа флагман reasoning-модель — Qwen3-Max-Thinking.
Пентагонмен Claude-ты әскери қолдану төңірегіндегі қақтығыс аясында Дарио Амодей “The Adolescence of Technology” эссесін жариялады: AI демократияларды қорғауы керек, бірақ авторитарлық құралға айналу үшін емес.
Meta AI-шоппинг агенттерін және 2026 жылға үлкен AI-роллаут анонс жасады.
Еврокомиссия Digital Markets Act аясында Google-ға Android-ті бәсекелес AI-ассистенттер үшін ашуға жарты жыл берді.
DeepSeek OCR 2-ні опенсорс етті — 3B модель, визуалды токендерді 16x қысу, OmniDocBench-та 91%.
Mistral Vibe 2.0 шығарды — субагенттері мен кастом скиллдері бар CLI-кодинг агент. Ішінде Devstral 2.
AI2 жеке кодтық базаларға арналған open-source coding-агенттерді және оларды оқыту рецептімен бірге шығарды.
NVIDIA ToolOrchestra жариялады — RL арқылы эксперттік модельдерді координациялайтын 8B «дирижер»-модель. HLE-де GPT-5-тен озады, ал құны 3 есе арзан.
Cursor және серіктестер (Cognition, Vercel, Cloudflare) Agent Trace ұсынды — AI-генерациялаған кодты трассировка жасауға арналған ашық стандарт.
MiniMax Mac және Windows үшін десктоп AI-агент шығарды — файлдар, контент, браузер автоматтандыру. Қазір тегін.
Талдау көрсеткендей, Claude жазылымдары API-ге қарағанда free cache reads есебінен 36x дейін арзан. Sweet spot — Max 5x ($100/ай).
Hugging Face Daggr шығарды — AI-уоркфлоу үшін open-source кітапхана: Python-да пайплайн жазасың, визуалды канвас өзі генерацияланады.
Decart AI Lucy 2 көрсетті — real-time face swap, 1080p 30fps, минималды кідіріс.
TinyFish AgentQL таныстырды — CSS/XPath орнына веб-элементтерге табиғи тілде сұраныс. AI элементтерді мағынасы бойынша табады.
OpenClaw (ex-ClawdBot) — мессенджерлердегі self-hosted AI-ассистент әлеуметтік желілерді «жарды». Осы аптада ғана Anthropic-тің trademark претензияларына байланысты екі рет ребрендинг жасады. Дүкендерде Mac Mini тапшылығы, деректердің жаппай жария боп кетуі байқалды.
👉👉👉 @timurbektur

🤯14
2000 жыл. Универ. Инженер-программист мамандығы.
Оқытушымыз Norton Commander үйретіп жатыр. “Заман - Windows заман. Уақыт құртып не үшін оқып жатырмыз бұл Нортон Коммандерді?” деген сұрағыма “Көп адамдар осымен жұмыс жасағанды ұнатады” деп жауап берді. Мен түсінген адам сияқты “Ааа…” деп қоя салдым. Сол кез есіме түссе әлі жыным келеді.
Арада неше жыл өткеннен кейін барып ол оқытушы басқаша жауап беру керек еді деген ой келіп, Norton Commander не үшін керегін түсіндім. Бірақ тым кеш түсіндім. Қажеті жоқ боп қалғанда.
Ол, негізі: “Сіздер инженер-программиссіздер. Мамандықтарыңызға байланысты үнемі GUI ортада, яғни Windows-пен жұмыс істемейсіздер. Көбінесе командалық жолда, ms-dos-та жұмыс істеуге тура келеді. Сол кезде файлдар, папкалармен көп жұмыс істегенде, NC көмекке келеді. Барлығы көз алдыңда, қол астыңда тұрады” деп жауап беру керек еді.
Мұны не үшін айтып отырмын? Қазір де өте көп адамдар ІТ мамандықта оқып жатыр. Оларға да біздің кезіміздегі сияқты көп нәрсені дұрыс түсіндірмей жатқанына сенімдімін. Ал студент оқытушыдан ең басты “Осының барлығы не үшін?” деген сұраққа жауап алып шығуы керек. Көкейінде “Не үшін?” деген сұрақ қалмаған студенттен жақсы маман шығады. Не үшін оқып жатқанын білмейтін студент те, не үшін оқытып жатқанын білмейтін оқытушы да зиян ғой…

🔥40👍16
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Видеопост қалай сіздерге? Формат ретінде қолайлы ма? Әлде текстпен жаза берейін бе?
🔥28👍12😱3
Қазақстан билігі елдің алтын және валюта резервінен $350.000.000 қаражат бөліп, криптовалюта нарығына шықпақшы.
- Қазақстанның қаржы реттеушілері елдің алтын және валюта резервтерінің бір бөлігін криптовалютаға инвестициялауға бөлу туралы шешім қабылдады.
- Ұлттық Банктің еншілес ұйымы – National Investment Corporation (NIC) – криптонарыққа шығу үшін резервтерден 350 млн доллар алды.
- Алғашқы кезеңде NIC криптовалютаны тікелей сатып алмайды, қаражат хедж-қорлар және венчурлық қорлар арқылы жанама түрде инвестицияланады.
- Бұған дейін Қазақстан билігі көлемі 1 млрд долларға дейін жететін ұлттық цифрлық активтер резервін құру жоспарын жариялаған, оның бір бөлігі тәркіленген және шетелден қайтарылған активтерден құралады.
- Қор криптобиржа ETF-тарына және криптоиндустрияда жұмыс істейтін компаниялардың акцияларына да инвестиция салуды көздейді.
- Бұл ақпараттың негізгі ресми дереккөзі, 350 млн доллар туралы жаңалықты алғаш жариялаған тұлға – Қазақстан Ұлттық Банкінің төраға орынбасары Алиa Молдабекова. Ол бұл туралы Annual Business Review форумы кезінде айтқан.
@timurdaninfo

🤔9🤯6🔥2😱1
Программистер, қайдасыңдар?
Түсіндіруді сұраймын.
Әсіресе, дәл қазір бір компанияда программа жазып жүргендер айтыңыздаршы?
Бүгін тредсте Каспий Тревелге Джун іздегег эйчардың вакансия скриншоты қатты тарап жатыр.
Барлығы “Енді джундарға DSA білу керек екен. Бұл туралы Каспийдің эйчары жазды” дейді.
Ал мен мына жақта түк ұқпай отырмын. Вроде мәліметтер құрылымы мен алгоритмдер деген базаның базасы емес пе? Ол неге жаңалық болу керек?

😁15🤔5
Айтпақшы, осы ред тимде жұмыс істейтіндер, этикал хакерлер бар ма арамызда?
🔥6
Қазақ тілінің жанашырларына!
Мына жақта жігіттер қыруар шаруа жасапты.
“Қазақ тілінің тасымал сөздігі, бастапқы нұсқа, қате жетеді, сын керек” дейді.

🔥11
Оқырман сұрағы:
“ЖИ дамыған заманда ML үйренудің не пайдасы бар?”
Менің жауабым:
1) ML деген де ЖИ саласына жатады.
2) “ЖИ дамыған заманда” деп қара халық айтса болады. Бірақ ІТ мамандар олай айтпауы керек. ІТ “LLM дамыған заманда” деп нақты айту керек.
3) LLM, ол - шоқпар. Сіз шыбын өлтіру үшін шоқпар қолданбайсыз. Сапалақ қолданасыз. Шоқпар - ауыр. Қымбат.
4) ML - сапалақ. Ол - жеңіл. Арзан.
5) Бизнестің көп мәселесін, адамдардың мәселесін шешу үшін үнемі LLM қолдану міндет емес.
6) Бұл өмірдегі ең көп шаруаны ML оңай шеше алады. Мысалы, үй бағасын болжау, көлік бағасын болжау, сегментация жасау, классификация жасау, адами тілді өңдеу, үлкен деректермен жұмыс, өндірістік ақаулардың алдын алу, сырқат жандарға диагноз қою, рентген түсірілімдерін жедел сараптау, т.с.с. шешімдерді ML арқылы жасайды.
7) Сондықтан, ІТ мамандар ML саласын білу керек.

👍33
Қыздар-жігіттер, өтінемін!
Осындай бизнес жасаңыздар.
Қараңыздаршы, жұрт қандай пысық! Шикі мәліметтерді llm түсінетін форматқа ауыстырып беретін сервис жасап қойыпты. Сіздер де дәл осылай жасаңыздаршы. Бүгін бастасаңыздар, 5 жылдан кейін миллионер (доллар) боласыздар. Маған алғыс айтасыздар.
Github-қа барыңыз немесе Microsoft сияқты компаниялар ұсынған PDF 2 Markdown құралдарды Vercel сияқты тегін сервиске деплой жасай салыңыздар. Болды!
Бұл - қазір әрбір компанияға, әрбір адамға керек сервис!

🔥17👍4🤯4😁1🤔1
KazLLM туралы
Nazarbayev University аясында құрылған ISSAI деген ЖИ зерттеу орталығы бар. KazLLM соның базасында жасалды. Кейін ISSAI орталығы KazLLM-ді одан әрі өздері жетілдіріп, Oylan деген мультимодаль ЖИ чатботын жасады.
Енді, өткендегі Президенттің ЖИ Министріне KazLLM туралы сұрағынан кейін ISSAI қызметкерлеріне сын келмесе екен деп уайымдаймын. Негізінде, Президент KazLLM мен ChatGPT-ді тікелей салыстырмауы қажет еді. Оның аузына ол сөзді кім салып бергенін білмеймін, алайда, салыстырмайтын затты салыстырғаны дұрыс болмады. LLM деген ол ядро, ЖИ чатбот деген соңғы өнім.
Неліктен?
Өйткені, KazLLM-ді модель күйінде бір реттік үйретуден кейін ол жоба тапсырылған. Оның иелігі ЖИ министрлігінде. Оны чатбот қып жасау, барша халыққа ұсыну, тіпті тегін ұсыну да ЖИ министрлігінің міндеті еді. Ол үшін суперкомпьютер бар. Мүмкіндік бар. Бірақ, маған белгісіз себептермен, олай жасалмады. Модель Huggingface-те шикізат күйінде ғана тұр. Оған ISSAI қызметкерлері жауап бермейді деген ойдамын.
Алайда, қазір Тредс әлеуметтік желісінде ISSAY-дың өз күшімен жасаған, ЖИ Министрлігінің қатысы жоқ Oylan деген чатботына брутфорс жасап, сынап, скриншот шығарып жатқандарды көріп жүрмін. Соған жүрегім ауырады.
Неліктен жүрегім ауырады?
Өйткені, мейлі жақсы болсын, мейлі жаман болсын, ЖИ модельге файнтьюниң жасау, файнтьюниң жасауды былай қойғанда, тіпті даталейк жасау, оны тазарту, құрылымдау, сұрыптау, яғни толықтай пайплайн жасаудың өзі қыруар жұмыс. Маған сенбесеңіз, өзіңіз қарапайым ғана бір RAG чатбот жасап көріңіз. Инпут 10.000 pdf файл, 20.000 word файл деп есептеңіз. Шақшадай басыңыз шарадай болатынына кепілдік беремін.
Осындай әрекеттер арқылы бізде AI/ML, RAG, LLM мамандар қалыптасады. Беларустың сүтін ішіп, Ресейдің сгущенкасын, Украинаның балмұздағын жеп, Швейцарияның шоколадын, Қытайдың мандаринін, Иранның алмасын, Әзірбайжанның гранатын жей берсек, өзімізде ауылшаруашылық дами ма? Әрине, жоқ!
Дәл сол сияқты, миллиард доллар қаражат құйылған, жүз мыңдаған GPU арқылы, әлемнің мәліметін ұрлап үйретілген ChatGPT-ді қолдансаңыздар қолдана беріңіздер. Бірақ күндердің күні келеді.
"Өзіміздің ЖИ чатбот қайда?" деп жылайтын уақыт келеді. Ол уақыт әртүрлі себеппен келеді. Не саяси, не санкция, не қымбатшылық арқылы. Сол кезде өзіңді қор санап, өзгені зор санағанның көкесін көреміз.
ЖИ Министрлігіне жаным ашып отырған жоқ. Оны тікелей жасауға атсалысқан ғалымдар мен мамандарға сын келмесе екен, олардың энтузиазмы өшпесе екен деп тілеймін.
Өзіңді өзің қолда, қазағым! Кекесін мен мұқасын - бізге қажет емес.

👍48🔥14🤔1