Алтынсарин академиясы
6.35K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
Фестиваль «Город рабочих профессий» стал платформой для 250 новых партнерств предприятий и колледжей – Гани Бейсембаев о развитии технического и профессионального образования

В столице завершился Фестиваль «Город рабочих профессий», проходивший с 11 по 15 февраля в рамках объявленного Главой государства Года рабочих профессий. С приветственным словом к участникам и гостям мероприятия обратился министр просвещения Гани Бейсембаев.

За пять дней Фестиваль привлек более 50 тысяч человек со всех регионов страны. Гости могли познакомиться с более чем 200 рабочими специальностями, погрузившись в их атмосферу на 8 тематических улицах и 40 интерактивных площадках.

Особое внимание на Фестивале было уделено школьникам и их родителям. Более 30 тысяч учеников прошли профессиональную диагностику, которая помогла выявить их навыки, интересы и способности, что станет важным шагом в выборе будущей профессии.

«Фестиваль «Город рабочих профессий» стал не просто масштабным событием, а важной точкой роста для развития технического и профессионального образования. Одним из ключевых результатов стало подписание около 250 меморандумов о сотрудничестве между колледжами и предприятиями. Отрадно, что работодатели активно включаются в этот процесс. Наш главный приоритет – подготовка конкурентоспособных специалистов, востребованных на рынке труда. Для этого мы усиливаем взаимодействие с бизнес-сообществом и инвесторами, в рамках которого планируется обновление материально-технической базы более 270 государственных колледжей, а также увеличение числа шефствующих над колледжами предприятий до 4 тысяч», – заявил Гани Бейсембаев.


В завершение министр просвещения выразил благодарность всем министерствам, акиматам, национальным компаниям, предприятиям, колледжам, представителям средств массовой информации за вклад в организацию фестиваля и содействие в повышении престижа рабочих специальностей.
👍4
​​👩🏻‍🏫 Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті?

🏫 Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 300 мыңға жуығы аттестация қорытындысы бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы алады.

💰 2020 жылдан бастап Президент тапсырмасына сәйкес, педагогтердің айлық еңбекақысы 100%-ға өсті. Сондай-ақ 2023 жылдың қыркуйегінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына кәсіпорындардан тартылған мамандарға 30-35 % көлемінде үстемеақы қосылды.

📚 «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданғаннан кейін, мұғалімдердің жалақысының мөлшері білімінің, санатының (шебер, зерттеуші, сарапшы, модератор) деңгейіне және еңбек өтіліне, жүктеме көлеміне, сондай-ақ еңбек ету жағдайына байланысты қосымша төлемдер, академиялық дәрежесінің болуы (10 АЕК), тәлімгерлік етуі, сабақтан тыс спорттық дәрістер беруіне (базалық лауазымды еңбекақыдан 100%) байланысты қалыптасады.

📊 Осылайша, түрлі санаттарының болуына байланысты педагогтерге келесідей үстемеақы төленеді:
• Педагог-шебер – 50%
• Педагог-зерттеуші – 40%
• Педагог-сарапшы – 35%
• Педагог-модератор – 30%

❗️ Ауыл мұғалімдеріне ерекше көңіл бөлінуде – олардың жалақысы қалалық әріптестеріне қарағанда, кемінде 25%-ға жоғары.

🔹 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, ал ауыл мұғалімдері үшін 435 мың теңгені құрады. Бұл ретте Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, еліміздің педагогтерінің жартысы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс жасап, айына орташа 581 мың теңге жалақы алады.

⚡️ Сонымен қатар, Қазақстан білім беру ісіндегі жетістіктері, олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны және мемлекеттік наградаға ие болғаны үшін ақшалай сыйақымен марапаттауды үрдіске айналдырған санаулы елдердің бірі. 2023 жылы 89 педагог мемлекеттік сыйақының лауреаты атанды, сыйақы көлемі 3,6 млн теңгені (1000 АЕК) құрады. Марапатталушылардың арасында – Еңбек ерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздары, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары бар.

✔️ Осылайша, соңғы бес жылда Қазақстан айлық жалақының өсуін ғана емес, үстемеақы төлеу және ынталандыру жүйесін қамтамасыз ету арқылы педагогтердің мәртебесі мен қаржылық әлеуетін көтеру бағытында маңызды бастамаларды жүзеге асырды.
👍7
📍 В Северо-Казахстанской области прошёл слёт молодых педагогов в рамках проекта «Жас маман – жаңа қадам»

С 20 по 21 июня в Северо-Казахстанской области прошёл слёт молодых педагогов в рамках проекта «Жас маман – жаңа қадам». Уже четвёртый год подряд мероприятие объединяет энергичных и талантливых молодых специалистов региона.

👩‍🏫 От Национальной академии образования имени И. Алтынсарина в работе слёта приняла участие М.С. Умиралиева, которая провела мастер-класс на тему: «Педагогические лайфхаки: уверенный старт и рост в профессии». В рамках сессии были затронуты темы чёткого планирования, эффективного управления временем, рефлексии и самодисциплины. Участники получили практичные шаблоны, чек-листы и советы по ведению отчётной документации.

🎯 Главная цель мероприятия — повышение престижа педагогической профессии, а также раскрытие профессионального и творческого потенциала молодых специалистов.

💬 Кроме того, в рамках слёта участники обсудили актуальные темы антикоррупционной культуры и качества образования.

🚀 Слёт молодых педагогов стал очередным ярким этапом профессионального роста — с акцентом на качество, наставничество и развитие.
📍 Солтүстік Қазақстан облысында «Жас маман – жаңа қадам» жобасы аясында жас педагогтердің слеті өтті

2025 жылдың 20–21 маусымы аралығында Солтүстік Қазақстан облысында «Жас маман – жаңа қадам» жобасы аясында жас педагогтердің слеті өтті. Шара төртінші жыл қатарынан өңірдің жігерлі және талантты жас мамандарын біріктіріп келеді.

👩‍🏫 Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-нан жас педагогтер слетіне М. Умиралиева қатысып, «Педагогикалық лайфхактар: мамандықта сенімді бастау және даму» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Онда нақты жоспарлау, уақытты тиімді басқару, рефлексия және өзін-өзі тәрбиелеу талқыланып, қатысушылар практикалық шаблондар, чек-парақтар және есеп беру құжаттамасын жүргізу бойынша кеңестер алды.

🎯 Шараның басты мақсаты – ұстаздық кәсіптің беделін арттыру және жас педагогтердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін ашу.

💬 Бұдан бөлек, шарада қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен білім беру сапасының өзекті тақырыптарын талқылады.

🚀 Жас педагогтер слеті сапаға, тәлімгерлікке және дамуға баса назар аударылған кәсіби өсу жолындағы кезекті жарқын кезең болды.
📌 ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГ ДАЯРЛАУ: ЖИ ҚҰРАЛДАРЫН БІЛІМГЕ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Назипа Аюбаева Астанадағы Халықаралық университеттің президенті Серік Ирсалиев және ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаевпен кездесті.
✔️ Жиын барысында педагогтерді білім беру процесінде жасанды интеллект құралдарын қолдана алатын құзыретті маман ретінде даярлау мәселелері талқыланды.
💬 Серік Ирсалиев ЖИ-құзыреттерді қалыптастыруға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі Ұлттық академияның стратегиялық рөлін атап өтті.
👤 Жомарт Карамбаев ЖИ-ді оқу үдерісіне енгізу бір реттік эксперимент емес, оқытудың жаңа жүйелі тәсілдеріне тән болуы керектігін жеткізді.
📎 Тараптар әдістемелік материалдар әзірлеу, пилоттық жобаларды іске асыру және ЖИ-ді мектеп пен педагогикалық білімге енгізу бойынша сараптамалық қолдау көрсету сияқты бірлескен жұмыс механизмдеріне тоқталды. Мұндай бастамалар білім мазмұнын жаңғыртуға, мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға және оқушылар үшін сапалы білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.
📌 Диалог алаңдары білім беру жүйесін жаңа деңгейге шығаратын ынтымақтастықты нығайтудың нақты қадамдары болып табылады.