Алтынсарин академиясы
6.34K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
Ы. Алтынсарин атындағы Академия президенті Нәзипа Аюбаева: жасанды интеллект пен тәрбие – оқу үдерісі қалай өзгереді

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуына орай дәстүрлі Әдістемелік-нұсқау хатты педагогтерге, әдіскерлерге және мектеп басшыларына ұсынды.

Академия президенті Нәзипа Аюбаеваның мәлімдеуінше, биылғы құжаттың басты мақсаты – білім сапасын көтерумен қатар, тәрбие мен құндылықтарды сабақтастыру, цифрлық дәуір талаптарына сай дағдыларды дамыту және әр баланың ерекшелігін ескере отырып қолдау көрсету.

«Адал азамат» бағдарламасы барлық пән мазмұнына кіріктіріліп, оқушылардың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді дарытуға бағытталады.

Сонымен қатар, маңызды бағыттардың бірі – Жасанды интеллектіні сабақ барысында қолдану. Бұл мұғалімдерге оқушылардың жеке деңгейіне сай тапсырма ұсынуға, оқу материалын түрлендіріп түсіндіруге, оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Барлық пәндерде функционалдық сауаттылықты арттыруға ерекше назар аударылуда. Мысалы:
• Математикада – логикалық ойлау,
• Жаратылыстануда – тәжірибелік зерттеу,
• Тілдерде – медиасауаттылық,
• Тарихта – сыни ойлау дағдылары күшейтіледі.

Бұл бағыттар оқушыларды өмірде нақты қолдана алатын біліммен қамтамасыз етуге арналған.

Зерттеу мен жобалық жұмыстар оқушылардың шығармашылығын, дербестігін және топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Жаңа оқу жылының негізгі ерекшеліктері:
• 1-сыныптарда оқу жылы – 33 апта, 2–11(12)-сыныптарда – 34 апта;
• «Келешек мектебі» және «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобалары жалғасады;
• «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бейіндік сыныптар ашылады;
• Әр мектепте профориентатор-педагог жұмыс істеп, балаларға ерте кәсіптік бағдар беруге көмектеседі;
• Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері қолданысқа енгізіледі.

Академия президенті Нәзипа Аюбаева педагогтерді жаңа оқу жылындағы маңызды бағыттармен Тамыз конференциясында және өңірлік педкеңестерде таныстырғанын атап өтті.

«Әдістемелік-нұсқау хат – ұстаздарға жол көрсететін сенімді құрал болады деп сенеміз. Жаңа оқу жылы білім беру сапасын арттырып, жас ұрпақтың болашағына сенімді бағдар беруге жол ашады», – деді Нәзипа Аюбаева.
Қымбатты ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар!

Баршаңызды Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1-қыркүйек – білім әлеміне қадам басқан бірінші сынып оқушылары үшін айтулы күн.

«Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» дейді дана халқымыз. Талабы таудай балаларымыз асыл арманын білім жолынан тауып, сапалы білім және саналы тәрбие нәрімен сусындай берсін!

Халқымыздың болашақ зияткерлік қуатын тәрбиелеп жатқан ұстаздар қауымына да қажымас қайрат пен толайым табыс тілеймін!

2025-2026 оқу жылы білім беру сапасын арттыру, оқыту процесіне жасанды интеллект технологиясын енгізу, заманауи форматтағы «Келешек мектептері» жобасын іске асыру және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жұмысымен ерекшеленеді.
Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанды құру жолында жүргізіліп жатқан реформалар білім беру саласына тың серпін береді деген ойдамыз.

Құрметті достар! Жаңа оқу жылында баршаңызға сәттілік, табыс пен жақсылық тілеймін!

Нәзипа АЮБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясының президенті
👏13👍1
«100 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕПТЕР»

📚 Бүгін Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы терең тарихы бар №152 орта мектеп туралы айтамыз.

🏫 Мектептің іргесі 1883 жылы екі кластық түземдік мектеп ретінде қаланды. Бұл – өңірдегі қазақ балаларына алғашқы білім берген ошақтардың бірі.

📖 1912 жылы Бабабек Есенов басшылығымен оқу орны 4 жылдық орыс-түземдік училищеге айналып, жергілікті балалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. 1937 жылы Жөлек 7 жылдық орталау мектебі болып құрылып, 1938 жылдан бастап Шиелі ауданына қарады. Сол кезеңде мектепке жақын ауылдардан 480-ге жуық оқушы қабылданды.

👨‍🏫 Алғашқы директор – Нұрмахан Әбілов. Кейін басшылықты Павел Шевченко жалғастырды. 1967 жылы мектеп 10 жылдық болып, 1968–1969 оқу жылында алғашқы түлектерін ұшырды. 1972 жылдан бастап тек қазақ тілінде білім беретін орта мектеп мәртебесін алды.

🏫1976 жылы мектептің қазіргі екі қабатты ғимараты пайдалануға берілді. Содан бері оқу ордасы білім мен тәрбиені ұштастырып, талай буынға жол ашып келеді.
👍3
📍 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында «География» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында вебинар-тренинг өтті. Іс-шара ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

🗓 Өткен вебинарда педагогтарға оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны таныстырылса, осы жолы Академия мамандары әр мұғаліммен жеке кеңес өткізіп, нақты сұрақтарына жауап берді.

💬 ZOOM арқылы өткен кездесуде педагогтер көкейінде жүрген география пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асырудың ерекшеліктері, практикалық жұмыстар мен әдістемелік тәсілдер туралы сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

👥 Іс-шараға Академияның вице-президенті Ж. Есанова, ОБИ директоры С. Смайлов және Академия қызметкерлері қатысты.
👏1
🔰ВЕБИНАР-ТРЕНИНГ ПО РАЗРАБОТКЕ УЧЕБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО ГЕОГРАФИИ: ОБСУЖДЕНЫ АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ

📍 В Национальной академии образования имени И. Алтынсарина состоялся вебинар-тренинг на тему «Научно-методические основы разработки типовой учебной программы по предмету «География». Мероприятие прошло на платформе ZOOM.

🗓 На прошлой неделе педагогам была представлена структура и содержание типовой учебной программы, а на этой неделе специалисты Академии провели индивидуальные консультации с каждым учителем и ответили на их конкретные вопросы.

💬 В ходе онлайн-встреч обсуждались особенности реализации учебной программы по географии, проведение практических работ и методические подходы к преподаванию предмета.

👥 В работе приняли участие вице-президент Академии Ж. Есанова, директор ИСО С. Смайлов и сотрудники Академии.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы биылғы оқу жылынан бастап меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік мектептермен қатар, 700-ден астам жекеменшік мектепте де тәрбие жұмысы толықтай осы бағдарлама аясында іске асырылуда. Бағдарлама өскелең ұрпаққа жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті, адал азамат қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстандық білім беру ұйымдарында тәрбиенің біртұтас экожүйесін қалыптастыру мақсатында министрліктің ұйымдастыруымен педагогтер үшін семинар-тренигтер ұйымдастырылуда. «Адал азамат» бастамасы бойынша 23 мыңнан астам педагог кәсіби дайындықтан өтті. Бұл іс-шара мектептерді әдістемелік қолдау, жобаның мәнін түсіндіру және өңірлерде тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған.
🤔1
В соответствии с поручением Главы государства, единая программа воспитания «Адал азамат» с начала нового учебного года внедрена во все организации образования Казахстана, независимо от формы собственности.

Сегодня воспитательная работа реализуется не только в государственных, но и более чем в 700 частных школах. Основная цель инициативы — формирование у подрастающего поколения общечеловеческих ценностей, воспитание образованного, трудолюбивого, конкурентоспособного и честного гражданина.

В целях формирования единой воспитательной экосистемы в организациях образования Казахстана Министерство организует для педагогов семинары и тренинги. В рамках инициативы «Адал азамат» профессиональную подготовку прошли свыше 23 тысяч педагогов. Данные мероприятия направлены на методическую поддержку школ, разъяснение сути проекта и обмен опытом между регионами.
📚 Академияда жаңа айдар!

💤Педагогтерге арналған BilimInfo енді Алтынсарин академиясының әлеуметтік желідегі парақшаларында.

💠Бұл айдарда ұстаздарға арналған пайдалы ақпараттар мен кәсіби кеңестер тұрақты түрде жарияланып отырады.

⚠️Бүгінгі тақырып — педагогтердің санатына қарай авторлық материалдар дайындау туралы. Келесі BilimInfo санында авторлық материалдарға қойылатын талаптармен бөлісеміз.
👍2🤔1
📚 Академия имени И. Алтынсарина запускает новую рубрику для педагогов — BilimInfo!

💤В этой рубрике будут регулярно публиковаться полезные материалы и советы для педагогов.

⚠️Сегодняшняя тема посвящена подготовке авторских материалов в зависимости от категории педагога. В следующем выпуске BilimInfo расскажем о требованиях к авторским материалам.
📢 ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА!
🛜 ТІКЕЛЕЙ ЭФИР!

💬 Тақырып: «Сабақта жасанды интеллектіні этикалық қолдану: педагог нені ескеруі керек және балаға әсері қандай?»

🎙️ Спикер: Аида Әбильякимова,
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
Стратегия, анализ және талдау орталығының бас сарапшысы

🗓️ Күні: 14 қараша
⏰ Уақыты: 12:00
📍 Эфир Алтынсарин академиясының ресми парақшаларында өтеді.

🔗 instagram.com/altynsarin_akademiasy

———————————////———————————

📢 🛜 Прямой эфир!

💬 Тема: «Этическое использование искусственного интеллекта на уроках: что должен учитывать педагог и как это влияет на ребёнка?»

🎙️ Спикер: Аида Абильякимова,
ведущий эксперт Центра стратегии, анализа и мониторинга НАО им. И. Алтынсарина

🗓️ Дата: 14 ноября
⏰ Время: 12:00
📍 Эфир пройдёт на официальных страницах Академии Алтынсарина.