Алтынсарин академиясы
6.34K subscribers
1.78K photos
191 videos
10 files
345 links
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы

Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина
Download Telegram
📌БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР
👍4
📌 ОТВЕТЫ НА АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ О НОВОВВЕДЕНИЯХ В СИСТЕМЕ ОЦЕНИВАНИЯ
👍1
♟️ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп, «Келешек мектептері» білім алушылары арасында республикалық командалық шахмат турнирін өткізеді.

Турнир оқушылардың логикалық және стратегиялық ойлау қабілеттерін дамытуға, зияткерлік әлеуетін арттыруға және «Келешек мектептері» арасында шахмат қозғалысын қалыптастыруға бағытталған.

📅 Өңірлік кезеңдер 1–15 қазан аралығында өтеді:

• 1 қазан – Ақмола, Атырау, Жетісу облыстары, Алматы және Шымкент қалалары;
• 2 қазан – Ақтөбе облысы;
• 3 қазан – Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары;
• 7 қазан – Батыс Қазақстан облысы;
• 8 қазан – Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары;
• 9 қазан – Павлодар, Ұлытау, Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары;
• 10 қазан – Абай облысы және Астана қаласы;
• 15 қазан – Қарағанды облысы.

🏆 Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары 6–7 қарашада Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды.

Барлық қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!
👍2