Жезқазған қаласының білім бөлімі
2.61K subscribers
592 photos
56 videos
17 files
52 links
Новости
Download Telegram
ҚР Оқу-ағарту министрлігі: оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды


ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ каникул кезеңдерін нақтылады.

Оқу процесі 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады.

Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күнді құрайды.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.

Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.
Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ, ГЕОЛОГИЯ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ОРНАЛАСҚАН «ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №12 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНЕ ЖҰМЫСҚА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
* Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары -1 бірлік
* Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-1 бірлік
* АӘД пәні мұғалімі -1 бірлік
* Әлеуметтік педагог -1 бірлік
* Педагог психолог – 1 бірлік
* Логопед – 1 бірлік
* Тәлімгер -0,5 бірлік
* Кітапханашы -0,5 бірлік
* Лаборант -4 бірлік
* ПӘН МҰҒАЛІМДЕР -20 бірлік (бастауыш сынып және барлық пән мұғалімдері)
* Іс қағазын жүргізуші 1 бірлік
* Бухгалтер – 1 бірлік
* Экономист – 1 бірлік
* Шаруашылық бойынша меңгеруші -1 бірлік
* Инженер техник- 1 бірлік
* Техникалық қызметкерлер 11 бірлік
* Жұмыскерлер – 4 бірлік
* Күзетші – 3 бірлік
* Вахтер – 2 бірлік
* Аула сыпырушы – 1 бірлік
* Гардеробщик -1 бірлік
Жоғарыдағы вакансия орындарға ТҮЙІНДЕМЕНІ (РЕЗЮМЕ) Жезқазған қаласының білім бөліміне Жезқазған қаласы Ғарышкерлер көшесі 35 ғимаратында (АМАНАТ ) 1 кабинетке немесе Геология елді мекені Шамшырақ -25 мекен жайында орналасқан Жезқазған қаласының білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебіне өткізулеріңізге болады. Байланыс телефон: 87770724528
Жұмыс уақыты 9.00-18.30. түскі ас уақыты: 13.00-14.30
🎄 Қазақстандық оқушылардың қысқы демалысы – 10 күн
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қазақстандық мектеп оқушылары үшін қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жалғасып, он күнді қамтиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқушылардың қысқы демалыс кезеңіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шараларды өткізу көзделіп отыр.
Демалыс уақытында балаларға:
• кітап оқу;
• музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару;
• спорттық ойындарға қатысу, коньки және шаңғы тебу;
• қайырымдылық акциялары мен өзге де әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қатысу ұсынылады.
Сонымен қатар мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы түрлі іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылады.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болуы тиіс. Осы орайда ата-аналармен бірлесіп жол-көлік жарақаттарының алдын алу, мектептің ішкі тәртібін сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап өтіледі.