Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.51K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
Қазақстан шетел азаматтарының электронды рұқсат алу тәртібін бекітті

Қазақстан үкіметі визасыз елдерден (ЕАЭО елдері, ТМД, АҚШ, БАӘ, Германия, Ұлыбритания азаматтары да бар) келетін шетелдіктердің елге кіруіне мүмкіндік беретін электронды рұқсат алу ережесін бекітті.

Өтініштер елге кірмей тұрып кемінде 72 сағат бұрын арнайы цифрлық платформа (QazETA) арқылы рәсімделеді. Электронды рұқсатты рәсімдеу тегін. 180 күнге жарамды.

Мұндай жүйе 1 қарашадан бастап Ақтау халықаралық әуежайында және жекелеген көлік құралдарын өткізу пункттерінде ("Үрлітөбе", "Ауқатты", "Атамекен және Нұрлы жол) іске қосылатыны хабарланды.

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап оған Астана және Алматы халықаралық әуежайлары қосылады. 2027 жылдың 1 наурызынан бастап жүйе қалған шекара өткізу пункттерінде істей бастайды. 2027 жылдың 1 шілдесінен бастап электронды рұқсат міндеттеледі, ал ондай рұқсаты жоқ шетелдіктер елге кіре алмауы мүмкін.
👍19🔥2
Халықаралық ұйымдар Астананы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды

БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты алалауды жою жөніндегі комитеті (CEDAW) Қазақстанды тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде танитын жаңа заң қабылдауға шақырды.

Халықаралық Human Rights Watch ұйымының жазуынша, 6 қазанда комитеттің есебін қарауы кезінде қазақстандық делегация тиісті заң қабылдауға уәде берген. Бұл жөнінде Human Rights Watch ұйымының 14 қазан күнгі мәлімдемесінде айтылады.
👏9👎5👍4🤔4❤3
Украинада Ресей жағында соғысқан Бангладештің 20 азаматы қаза болды

Украинада Ресей әскері жағында соғысқан Бангладештің 20 азаматы қаза болды. Бангладеш билігі азаматтарды алдап, соғысқа тартқан болуы мүмкін деп күдіктенеді.

14 қазанда Даккада өткен баспасөз мәслихатында Бангладеш полициясының арнайы әрекет ету батальонының командирі Мохаммад Асадуззаман биыл 7 мамырда Ресейге жеткізілген Бангладештің 30 азаматының жоғалуына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Полицияның пайымдауынша, олардың жоғалуына үш ұйымның қатысы болуы мүмкін. Сол ұйымдардың өкілдері азаматтарға Ресейде құрылысшы болып жұмыс істеп, қомақты ақша табуға уәде берген. Алайда Ресейге барған соң, олар әскери бөлімдерге жіберілген.

Асадуззаманның айтуынша, соғысқа жіберілген бангладештіктер бұған дейін әскери қызметте болмаған. Олардың денсаулығы мен физикалық дайындығы да әскери қызметке жеткіліксіз болған. Соған қарамастан небәрі үш апталық дайындықтан кейін майдан шебіне жіберілген.
😱16👍7❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Украина майданда жасанды интеллект басқаратын дрондар мен басқа да соғыс техникаларын қолдана бастады. Әскери шенділер ЖИ-дрондарды қазір адамдар басқарып отыр, бірақ алда өз бетінше әрекет ететін қарулар шығуы мүмкін деп ескертеді.
👍20❤14🔥5💯3
Reuters: Вашингтон «тасадағы флотқа» салынған санкцияны жеңілдету мүмкіндігін қарастырып жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Ресей, Иран және Венесуэла сияқты елдерден мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдайтын «тасадағы флотқа» тиесілі кемелерге салынған санкцияны жеңілдету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттік дереккөзінің айтуынша, талқылау АҚШ-тың бұған дейін санкцияға іліккен кемелермен «заңды» мұнай тасымалдауына рұқсат беру мүмкіндігі төңірегінде өрбіп отыр.

Мәселе Вашингтонның санкциясына ілінбеген мұнай мен мұнай өнімдері туралы сөз болып отыр. Ал Ресей мен Иран мұнайына шектеулер күшінде қалады.

Шенеуніктің айтуынша, бұл қадамның мақсаты — Парсы шығанағынан тасымалданатын мұнай мен мұнай өнімі көлемін арттыру.

Санкцияға іліккен кемелерді пайдаланғысы келетін компаниялар оларды қолдануға рұқсат алу үшін АҚШ қаржы министрлігіне өтініш беруі керек деді шенеунік.

Reuters агенттігінің жазуынша, мұнай мен жанармайдың қымбаттығы Трамп үшін қолайлы жағдай емес. 3 қарашада өтетін аралық сайлауда республикашылдар Конгрестің қос палатасындағы басымдықты сақтап қаламыз деп үміттенеді.

Бұған дейін Трамп ресейлік дизель отынына қатысты санкцияны 2027 жылдың 7 сәуіріне дейін тоқтатқан болатын.

Мұндай шешімді Украина президенті Владимир Зеленский, Еуропа елдері және тіпті АҚШ сенатындағы кейбір республикашыл саясаткерлер сынады.
🤬22😁5❤2💩2
❗️Әуелі мақтайды, кейін даттайды. Орталық Азия басшыларынан культ жасау қалай жүріп жатыр?

Орталық Азияның әрбір елінде президентті жақсы көргені сонша, оған арнап ән шығарып, өлең жазатындар, мадақ айтатындар табылады. Олар әрдайым кімнің "ең ақылды", "ең ұлы" және "ең лайық" адам екенін біледі. Бірақ билік ауысқан бойда, бұрынғы лидер тез арада ұмыт болады. Мұндай елдерде культ қалай жасалады және танымал тұлғалар неліктен билік басындағыларды ұлықтауға құмар?

👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡14🤣9👍4❤2🤮2💯2💩1
Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды

13 қазанда Жамбыл облысында «Қордай» шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстанға кірмек болған ресейлік рэпер Navai (шын аты — Наваи Бахманоғлы Бакиров) есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды. Бұл жөнінде Жамбыл облысының полиция департаменті хабарлады.

Полицияның айтуынша, ол мініп келген көлікті тексеру кезінде есірткі табылып, тәркіленген. Есірткінің қай түрі және қандай көлемде табылғаны айтылмайды. Қылмыстық іс қозғалған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, онымен бірге ұсталған екі адам босатылған.

Рэпердің 14 қазанда Астанада өтуі керек болған концерті өтпей қалды.
👍16❤3🔥2
💬 Reuters: Қазақстанға қатысы бар хакерлер ресейлік мұнай өңдеу зауытына кибершабуыл жасады 💻

Қазақстанда шоғырланған деп айтылатын хакерлер тобы биыл Ресейдің мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасап, сонымен бірге Ресей қалаларының біріндегі әкімдік жүйесін бұзған. Бұл жөнінде зерттеушілерге сүйенген Reuters агенттігі жазды. Ақпарат агенттігі бұл оқиғаны «кішірек көрші елдің Мәскеуге қарсы жасаған кибертыңшылығына сирек мысал» деп сипаттайды. 🛡️

Reuters жазуынша, Cisco компаниясының зерттеушісі Чи-энь Шен мен Recorded Future киберқауіпсіздік компаниясының маманы Джулиан-Фердинанд Фогеле бірлесіп әзірлеген есепте Silent Lynx («Ізсіз сілеусін») хакерлік тобының «Қазақстанда орналасуы ықтимал» екені жазылған. Бұған дейін бұл топ Орталық Азия елдеріндегі мемлекеттік ұйымдардың жүйелерін де бұзған. 🔍

Зерттеушілердің мәліметінше, Silent Lynx көбіне «мақсатты фишинг» (spear phishing) әдісін қолданады. Хакерлер маңызды құжаттарға ұқсайтын тіркемелері бар электронды хаттар жібереді. Пайдаланушы сол файлдарды абайсызда ашқан жағдайда, оның құрылғысына зиянды бағдарлама жүктеледі. 📧

Джонс Хопкинс университетінің Халықаралық зерттеулер жөніндегі жоғары мектебінің докторанты Олег Шакировтың пікірінше, бұл кибертыңшылықпен тек жетекші кибердержавалар ғана айналыспайтынын көрсетеді. «Басқа елдер де өз мүмкіндіктерін біртіндеп арттырып келеді» деді ол Reuters-ке.

👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👍9😁3❤2
Ақтөбеде белсенділердің бейбіт митинг өткізу туралы өтініші мақұлданды. 3 желтоқсанда өтетін шарада қатысушылар азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды, мүгедектігі бар азаматтарды қолдау мәселесін, сонымен бірге демократиялық реформаны жүргізуді қозғамақ. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Мұсағали Дауылов желіде хабарлады.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, Мұсағали Дауылов митинге рұқсат етілгені жөнінде жазба жариялағаннан кейін белсендінің Facebook, Instagram және Threads-тегі аккаунттары бұғатталған.

Кейінгі кезде Қазақстанда әкімдіктердің бейбіт митингілерге рұқсат беруі сиреді. Билік 2020 жылы қабылданған "Бейбіт жиын өткізу тәртібі" туралы заңды "демократияға қадам" деп атағанмен құқық қорғаушылар онда азаматтардың бейбіт жиналу құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін тетіктер сақталып қалғанын айтады.
👍10🤔5❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан экономикасы 4,2 пайызға өскен. Ал халықтың нақты ақшалай табысы екінші тоқсанда 0,7 пайызға артқан. Бірақ бұл өсімді тұрғындар күнделікті өмірінде сезіне ме? Алматы көшелерінде халықтың пікірін сұрап көрдік.
💩17👍5🤔2
Минералды ресурстар, АҚШ мүддесі және Қытаймен бәсеке. Марко Рубио Самарқанға неге келе жатыр?

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 17-22 қазан аралығында Өзбекстан мен Үндістанға бармақшы. Ол әуелі Өзбекстанның Самарқан қаласына ат басын тіреп, аймақтағы бес мемлекеттің министрлерімен бірге "C5+1" форматындағы кездесуге қатысады.

🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12🤔8👍1👏1
Апелляциялық сот белсенді Ермек Нарымбаевтың үкімін өзгертпеді

“Сот шешімін бұзды” деп айыпталған белсенді Ермек Нарымбаевты тамызда Астана соты 2,5 жылға бостандығынан айырып, қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына тыйым салған еді. Белсенді айыппен келіспейді, жақтастары істің саяси астары бар деп санайды.

Азаматтық белсенділікпен айналысып келе жатқанына ширек ғасыр болған Ермек Нарымбаев осы кезең ішінде бірнеше рет істі болып, жауапқа тартылған. Соның төртеуінде билік оған қарсы қылмыстық іс қозғап, өзге істерде әкімшілік заң бойынша жаза қолданған. Ол осымен төртінші рет қоғамдық-саяси қызметі үшін түрмеде отыр деп жазды Адам құқығы бюросы.
🤬17😡6👍1
Қазақстан Әзербайжанмен бірлесіп Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы тасымалданатын қазақ мұнайының көлемін арттыру жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінде (АӨСШК) айтты.

«Каспий теңізі өңіріміздің ғана емес, әлемнің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие болып отыр», – деген Тоқаев теңіз «бейбітшілік пен ынтымақтастық кеңістігі» болуы керек деді Тоқаев Бакудегі жиында.
❤23👏6👍4🤡3😁1
Azattyq - Азаттық
Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды 13 қазанда Жамбыл облысында «Қордай» шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстанға кірмек болған ресейлік рэпер Navai (шын аты — Наваи Бахманоғлы Бакиров) есірткі контрабандасы…
Ресейдің бас консулдығы Қазақстан СІМ-ге нота жолдады

Жамбыл облысында ресейлік рэпер Navai ұсталғаннан кейін Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Бұл жөнінде Ресейдің мемлекеттік Риа Новости ақпарат агенттігі хабарлады.

Дипломаттардың айтуынша, олар оқиғаны ақпарат құралдарынан білген, Қазақстан билігінен ресми ескерту алмаған.
«Нота жолдадық, өйткені бұл — жергілікті билікпен ресми байланыс орнатудың тәсілі. Жағдайды нақтылап, Ресей азаматының қазір қайда екенін, қандай жағдайда ұсталғанын және басқа да мән-жайды анықтауды сұрадық. Қажет болған жағдайда онымен консулдық кездесу ұйымдастыруға рұқсат сұраймыз» деп хабарлады Ресейдің бас консулдығы.

Ресейлік рэпер Navai 13 қазанда Қордай арқылы Қазақстанға кірмек болған кезде ұсталған. Жамбыл облыстық полициясының хабарлауынша, оның көлігінен есірткі табылған. Рэпер есірткі контрабандасы күдігіне ілініп отыр.

15 қазанда сот оны екі айға қамауға рұқсат берген. Адвокаттары шешімге шағым түсірді. Рэпердің 14 қазанда Астанада өтуі керек болған концерті өтпей қалды. Концерттің басталуына төрт сағат қалған кезде ғана шара кейінге шегерілген.
💩25🤡7❤4🤬3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 17-22 қазан аралығында Өзбекстан мен Үндістанға бармақшы. Ол әуелі Өзбекстанның Самарқан қаласына ат басын тіреп, аймақтағы бес мемлекеттің министрлерімен бірге C5+1 форматындағы кездесуге қатысады. Бұл самиттің аймақ елдері мен Вашингтонға маңызы қандай?
❤15🤔8👍2😡1
Мемлекет қолдауына ие екі оқу орнының қожайыны кім? | Зерттеу🔎

2021 жылы спорт пен салауатты өмір салтын дамыту жөніндегі мемлекеттік стратегия негізінде Астанада спорт академиясы құрылды. Ал 2026 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұрындық болуымен жасанды интеллект саласында жаңа бір университет пайда болды.

Азаттық бұл екі оқу орнына мемлекетпен бірге президенттің туысы 23 жастағы Нұрасыл Медеу иелік етіп отырғаны туралы зерттеу дайындап жатқанда, оның өзі мемлекеттік телеарнаға сұхбат берді. Нұрасыл Медеу бұл жетістікке "командасының көмегімен" жеткенін, өзіне ешқандай "артықшылықтар берілмейтінін", ал университеттердің инфрақұрылымы мемлекет меншігінде қалатынын айтты.

🔗Зерттеуді сайттан оқыңыз
📹YouTube-тен көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🤔7🤯5🤮4🤣2❤1🔥1
Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысында журналистер отырған бөлмеде экран істемей қалды

16 қазанда Алматының Алмалы аудандық сотында белсенді Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталуы керек болған. Процесс сағат 10.00-ға белгіленген еді.

Журналистер әдеттегідей бөлек залға кіргізілді, ол жерде процесс экран арқылы көрсетілуі керек болған. Сағат 10.15-ке қарай процестің басталғаны-басталмағаны белгісіз боп тұрды, себебі “БАҚ залындағы” экран істемеді.

Сурет: Азаттық Азия
😁12😡10🤡3🤬2😢1
Azattyq - Азаттық
Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысында журналистер отырған бөлмеде экран істемей қалды 16 қазанда Алматының Алмалы аудандық сотында белсенді Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталуы керек болған. Процесс сағат 10.00-ға белгіленген…
Журналистер отырған бөлмедегі экран істеді, бірақ дыбыстың сапасы нашар. Сотқа қатысушылардың сөздерін ажырату қиын.

44 жастағы Санжар Боқаев наурыз айынан бері қамауда отыр.

Бас прокуратура Боқаев "аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамды теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады" деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Ал Боқаевқа қарсы іс "қолдан жасалған" деп санайтын жақтастары "істің астарында саясат жатуы мүмкін" деп мәлімдеген. Олар наурыздың аяғында Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, Боқаевтың ісін ашық сот отырысында қарауды және тікелей эфирден көрсетуді талап еткен.
🤬24😁2🤡2