Azattyq - Азаттық
✔
10.8K subscribers
11.7K photos
4.51K videos
19 files
24.8K links
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Download Telegram
🟦 НАТО бас қолбасшысы егер Ресей альянсқа шабуылдаса қарымтасы болатынын айтты

НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысы Алексус Гринкевич егер альянс елдеріне Ресей тарапынан шабуыл жасалған жағдайда қандай қарымта шаралар жоспарланғанын айтты. The Wall Street Journal басылымы ондай жағдайда НАТО күштері Калининград облысына, Беларусь аумағына және Санкт-Петербург маңындағы нысандарға соққы жасамақ деп жазды.

Жоспардың негізгі мақсаты – басқыншылықты басталған бойда тоқтату, ал агрессия жалғаса беретін болса, қарсыластың өз әскерін басқару және қамтамасыз ету қабілетін толық жою дейді НАТО өкілі.

"Мен қақтығыс сөзсіз болатын я бұлтартпас жайт деп санамаймын. Бұл олай емес. Әйткенмен саботаж бен өрт қою оқиғаларының ауқымын ескерсек, альянсқа мүше елдердің халқы біршама алаңдап отыр деп ойлаймын. Сондықтан біздің альянстың миллиард тұрғынын сендіргім келеді: біз бұған төтеп береміз" деген Гринкевич Варшавадағы қауіпсіздік форумында.


Ұсынылған стратегияға сәйкес, Ресей шабуылдайтын болса, ауқымды "автономды аймақ" құру қарастырылған. Жоспар бойынша, дрон мен жердегі роботты кешендер одақтас күштер арасындағы шығынды барынша азайта отырып, Ресейдің шабуылын тойтаруы тиіс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯27👍10❤2
💥 Ресей Киев пен Харьковтегі тұрғын үйлерді атқылап, бірнеше адам қаза тапқан

Дүйсенбі кешке Киевтегі 25 қабатты тұрғын үйге ресейлік дрон шабуылдады. Прокуратура мәліметінше, екі адам қаза тауып, тағы жетеуі жараланған.

Соққы салдарынан ғимараттың екі қабатындағы пәтерлер өртеніп, кемінде 12 көлік пен екі мотоцикл жанып кеткен.

Кейінірек Украина президенті Владимир Зеленский зардап шеккендер саны тоғыз адамға жеткенін мәлімдеді.

"Бұл — Ресейге қысымды күшейту керектігінің кезекті дәлелі. Олар қатыгез шабуылдарды әлі де жалғастырып, соғысты созып отыр. Тіпті қазіргі уақытта да АҚШ-тың ұсынысына "шахедтермен" жауап беріп жатыр. Құрама Штаттар Ресейдің осы қадамдарын ескеріп, батыл әрекет етеді деп сенеміз" деп жазды Зеленский әлеуметтік желіде.


12 қазан кешке Харьков қаласы да дрон шабуылына ұшырады. Облыстық әкімшілік басшысы Олег Синегубов бес қабатты тұрғын үйге дрон түсіп, алты адам зардап шеккенін хабарлады.

"Жараланғандар арасында 19 жастағы жігіт ауыр халде, ол қатты күйіп қалған" деді Синегубов.


Ал қала басшысы Игорь Тереховтың айтуынша, Ресей күштері Харьковке "Бандероль" дрондарымен шабуыл жасалған. Кейінгі дерек бойынша, кемінде алты жер үй бүлінген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬31😭5❤1
💻 Францияда хакерлер жүздеген супермаркеттің тоңазытқыштарын бүлдіріп кеткен

Франциядағы жүздеген супермаркет кибершабуылға ұшырап, тоңазыту жүйелері істен шықты. Хакерлік шабуылдан келген жалпы шығын көлемі бірнеше миллион еуроға жетуі мүмкін деп хабарлады BFMTV арнасы.

Басылым дерегінше, дүйсенбіге қараған түні хакерлер даниялық Danfoss компаниясының тоңазытқыш жабдықтарын басқару жүйесіне бұзып кірген. Бұл оларға тоңазытқыштар мен мұздатқыш камералардың температурасын қашықтан өзгертуге мүмкіндік берген.

Соның салдарынан қондырғылар бірнеше сағат бойы +50 градусқа дейін қызып жұмыс істеген. Дүкендер бұзылған азық-түлікті түгелдей дерлік тастауға мәжбүр болған.

Кибершабуылдан Intermarché және Netto желілерінің 300 дүкені, Coopérative U желісінің 100-ге жуық сауда орны зардап шеккен. Ірі бөлшек сауда желілерінен бөлек, хакерлік шабуыл Metro дүкендеріне және жеке сауда орындарына, соның ішінде ет сататын дүкендерге де кері әсерін тигізген болуы мүмкін.

Danfoss компаниясы Bloomberg агенттігіне берген түсініктемесінде кибершабуыл нысанасына негізінен қазіргі кезде бағдарламалары мен қауіпсіздік баптаулары жаңартылмайтын ескі үлгідегі жүйелер алынғанын айтқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬23❤2
🇰🇿 Астана Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты сол елде жүрген қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы үндеу жасады.

Министрлік Сауд Арабиясында жүрген қазақстандықтарға сақтық шараларын қатаң сақтауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауға, адам көп жүретін жерден аулақтау болуға, әуе рейстері жайлы анықтаманы әуекомпанияларынан алдын ала нақтылауға шақырды.

СІМ төтенше жағдайға тап болған ел азаматтарына Қазақстанның Эр-Риядтағы елшілігіне немесе Жиддадағы бас консулдығына хабарласуға кеңес берген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔12👍6💩5
🚨 Ақтөбеде таныс әйелді пышақтап өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталған

Ақтөбе қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласында пышаққа түсіп ауыр жараланған әйел оқиға орнында көз жұмған. Қылмысқа күдікті ретінде Атырау қаласының тұрғыны, 28 жастағы ер адам ұсталған. Жергілікті полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті марқұммен бұрыннан таныс болған.

10 қазан сағат 22:30 шамасында Сәтбаев көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің ауласында болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазақстандық кейбір басылымдар әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбада қас қарайған шақта подъездің алдындағы орындықта отырған әйелдің жанына ер адам келіп, екеуі біраз уақыт сөйлескеннен кейін әйел орнынан тұрып, өзін бөгеуге тырысқан ер адамның қолын қағып тастап, кетпек болғаны көрінеді.

Сол кезде ер адам ту сыртынан әлдебір затты шығарып, онымен әйелдің белінен ұрған сәтте ол бір жағына қарай қисая береді. Әлгі адам оны қапсыра құшақтап, сүйреп алып кеткен.

Полиция дерегінше, ауыр жарақат алған әйел жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱12
🚘 Бәсекелестікті қорғау агенттігі inDrive қызметін ұсынушыға ескерту жасады

Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive қызметіне ресми ескерту жасады. Бұған 11 қазанда "Яндекс Go" қосымшасында ақау пайда болғаннан кейін inDrive тасымалдау құнын күрт өсіретінін хабарлағаны себеп болған.

Агенттік дерегінше, тұтынушылардың балама тасымалдаушы іздей бастауы inDrive қызметіне сұранысты күрт арттырған. Нәтижесінде кейбір бағыт бойынша жолақы құны үш есеге жуық өскен. Мемлекеттік орган монополияға қарсы заң талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында алдын ала ескерту жасап отырғанын нақтылаған.

InDrive платформасының негізін қалаушы Арсен Томский баға өсуін сұраныс күрт артты және бос көлік тапшы деп түсіндірді. Оның сөзінше, сапар құнын жолаушы мен жүргізуші өзара келісіп белгілейді. Компания жағдайды тұрақтандыру үшін 19 қалада жүргізушіден алынатын комиссияны 1 пайызға дейін төмендеткенін әрі саудаласу кезіндегі бағаның шамадан тыс өсуін шектегенін хабарлады. Томский платформаға жаңа жүргізушілер қосылғаннан кейін баға біртіндеп төмендей бастағанын, әйткенмен кей аймақта әдеттегіден жоғары болып отырғанын айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18🤣6❤2💩1
🦭 Маңғыстауда Каспий жағасынан 15 итбалық өлексесі табылды

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағасынан 15 итбалық өлексесі табылған, олардың неден өлгені әзірге белгісіз деп хабарлады 13 қазанда Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі.

Министрлік мәліметінше, "Каспий итбалығы" мемлекеттік табиғи резерваты инспекторлары жануарлар өлекселерін 12 қазанда Түпқараған ауданындағы Баутин ауылының батыс жағалауына мониторинг жүргізген кезде байқаған.

Бұған дейін, 11 қазанда, Ақтау қаласының тұрғыны Баутин ауданы маңындағы ұзындығы 2,5-3 шақырым болатын жағалаудан итбалық өлекселерін көргенін хабарлаған еді. Ол түсірген суреттерін жергілікті Lada.kz басылымына жолдаған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі экология департаментінің мамандары теңіз суы мен топырақтан сынама алғанын хабарлады. Жақын арада санитарлық талаптарды сақтай отырып, жағалауды тазарту жұмыстары жүргізілмек. Сүтқоректілердің нақты неден өлгені зертхана қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

Министрлік көктем мен күз мезгілдерінде соғатын солтүстік-батыс және батыс бағытындағы дауылды жел итбалықтар өлекселерін Қазақстан жағалауына шығарып тастауы мүмкін екенін айтады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬16❤4😢3
📝 Тоқаев Көшербаев пен Тұқымовты елші етіп тағайындады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 13 қазандағы жарлығымен:

Ермек Көшербаев – Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі, оған қоса Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі;

Еркін Тұқымов – Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

61 жастағы Ермек Көшербаев 2025 жылдың 26 қыркүйегінен биыл қыркүйектің басында үкімет ауысқанға дейін Қазақстанның сыртқы министрі лауазымын атқарған.

53 жастағы Еркін Тұқымов 2025 жылғы маусымнан бері Қазақстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔12❤6💩6
☢️ МАГАТЭ сарапшылары Қазақстанның АЭС салуға дайындығын бағаламақ

Астанада 12-15 қазан аралығында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) миссиясы өтіп жатыр. Халықаралық сарапшылар Қазақстанға АЭС құрылысына арналған инфрақұрылымды кешенді бағалауға дайындалуға көмектеседі. Бұл туралы Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі хабарлады.

Сарапшылар елдің өзін-өзі бағалау жөніндегі ұлттық есебін талқылап, ұсынылған деректерді нақтылап, ядролық инфрақұрылымға кешенді шолу жасайтын негізгі INIR миссиясы алдындағы келесі қадамдарды айқындайды.

Бағдарлама ядролық және радиациялық қауіпсіздік, ядролық нысандарды қорғау, заңдар базасы, қаржыландыру, кадр даярлау, электр желілері дайындығы және ядролық отын циклі даярлығы сынды барлығы 19 бағытты қамтиды. Бұл жұмыстарға қазақстандық агенттіктің, "Қазақстандық атом электр станциялары" және "Қазатомөнеркәсіп" компанияларының өкілдері қатысады.

Қазақстан аумағында бірнеше атом электр станциясын салу жоспарланған. Алғашқысы – "Балқаш" АЭС-і Алматы облысының Үлкен ауылы маңында бой көтермек. Құрылыс консорциумының көшбасшысы ретінде ресейлік "Росатом" компаниясы таңдалған.

2026 жылғы 3 қыркүйекте "Қазақстандық атом электр станциялары" компаниясы "Росатомның" еншілес құрылымы – "Атомстройэкспортпен" АЭС құрылысын жобалау, жабдықтау және салу туралы келісімшартқа қол қойған. Жобада ВВЭР-1200 үлгісіндегі екі энергоблок салу көзделген, ал нысан 2035-2036 жылдары іске қосылады деп жоспарланған.
👍10🤔6💩5👎3🔥1
Трамп: АҚШ Украинаға барлау деректерін беріп жатыр

Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский әріптестері ресейлік баллистикалық ракетаның 12 қазанда кешке Киевті соққылауға дайындалып жатқанын ескертпегенін айтқан еді.

“Ресейлік баллистикалық ракетаның жіберілгені туралы барлау дерегі адамдардың өмірін сақтауға көмектеседі, бұл маңызды сұрақтардың бірі” деп жазды Зеленский.

Кейін Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига АҚШ Украинаға барлау деректерін беруді доғармағанын хабарлады.

Politico басылымының дереккөзінің айтуынша, АҚШ “нашар ауа райы жағдайына байланысты” Украинаға соққы жөнінде ескертпеген. Оның сөзінше, Киев мұны толымды себеп деп санамайды.

“Сол себепті көбі мәселе басқада болуы мүмкін деп қауіптенеді” деді басылымның дереккөзі
🤔14🤣6🤬3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әзербайжанда Баку мен тағы бірнеше қала тұрғындары мектепте хиджаб киюге салынған тыйымға қарсылық білдірді. Билік наразы 37 адамның ұсталғанын хабарлады. Әзербайжандағы наразылық жайлы қазірге дейін не белгілі?
👍20👎10🔥8❤2
Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы улану белгілері бойынша ауруханаға түсті. Мектеп уақытша жабылды.

Балалардың ауруханаға түскенін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады. Ведомствоның хабарлауынша, 12 және 13 қазанда балалар инфекциялық ауруханасына ішек инфекциясының белгілері бойынша 47 оқушы түскен.

“Қазір барлығы дәрігерлердің бақылауында. Интернаттың тағы 8 баласы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды” деді басқарма өкілдері.

Мектеп-интернат пен тамақтандыру блогының жұмысы уақытша тоқтатылған. Мамандар тексеріп, зертханалық үлгілер алынған.
😱19🤬6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“Бәсе” арнасының негізін қалаушылардың бірі Наталья Садықова 13 қазанда Варшавада ЕҚЫҰ жиынында Қазақстандағы тәуелсіз журналистикасының ахуалына тоқталды. Одан үзіндіні Respublika.media жариялады.

Жиында Наталья Садықова Қазақстанда тәуелсіз журналистер қысымға ұшырап жатқанын айтты.

“Біздің БӘСЕ медиамыз және “Республикадағы” әріптестерімізге үнемі цифрлық шабуыл жасалады. Авторлық құқықты бұзды деген жалған желеу біздің Facebook, Instagram және YouTube-тағы видеоматериалдарымызды бұғаттау үшін пайдаланылады. Біздің мақалаларымызды өшіреді, аккаунттарымызды шектейді. Өзге де тәуелсіз журналистер қысымға ұшырап жатыр. Динара Егеубаева мен Лұқпан Ахмедияров арандату мен саяси сипаты бар қылмыстық істерге кезігеді. Журналистер кәсіби қызметі үшін түрмеде отырмауы керек. Тәуелсіз БАҚ-тың үнін өшірсе, адамдар еркін әрі тәуелсіз ақпаратқа қол жеткізе алмай қалады” деп Наталья Садықова ЕҚЫҰ-ны шара қолдануға шақырды.

Ол авторлық құқыққа қатысты шағымдарды тәуелсіз журналистиканың үнін өшіру мақсатына пайдалануға қарсы тұруға, журналистердің кәсіби қызметі үшін қылмыстық қудалануына қарсы тұруға, қоғамның еркін әрі тәуелсіз ақпарат алу құқығын қорғауға шақырды.

“Және Айдос Садықовтың қазасын әділ тергеуді талап етуге [шақырамын]. Менің күйеуім өлтірілді, бірақ біздің журналистік қызметіміз жалғасып жатыр. Журналистерді өлтіруге, қылмыстық іспен қудалауға немесе шындықты айтқаны үшін тұншықтыруға болмайды...” деді Наталья Садықова

Журналист Наталья Садықова – Киевте қастандықпен өлтірілген қазақстандық оппозициялық журналист Айдос Садықовтың жесірі және Қазақстанға аса танымал тәуелсіз медиалардың бірі – "Бәсе" YouTube-арнасының редакторы.

Айдос Садықовты 2024 жылғы маусым айында белгісіз біреулер Киевте атып өлтіріп кеткен. Өлімші болып жараланған Садықов аурухананың жансақтау бөлімінде бірнеше күн ес-түссіз жатып қайтыс болды.

Наталья Садықова бұл қылмысқа Қазақстан билігін айыптап, оның өлімі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "пайдалы болды" деген. Астана кісі өлтіруге қатысы жоғын мәлімдеді.

Садықовтың өлтірілгеніне екі жылдан астам уақыт болса да, жақындары мен құқық қорғаушылар журналистің қазасы бойынша тергеу жылжымай жатқанын айтады. Биыл сәуірде Қазақстанның Бас прокуратурасы Айдос Садықовтың өліміне қатысты Азаттықтың сауалына берген жауабында "кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын" хабарлады, бірақ қосымша ақпарат бермеді.
🤬14🔥10❤1🤮1😭1
Құжаттағы орыс тілінің үстемдігі. Ұлттық компаниялар шарты заңға қайшы емес пе?

Қазақстанда мемлекеттік және квазимемлекеттік компаниялар мердігерлермен жасалған келісімшарттарында "дау туған жағдайда қазақ тілінен орыс тілі басым болатынын" атап жазғанын тіл белсендісі Жалғас Ертай көтерді. Мемлекеттік тілді заң жүзінде қолдануда қалыптасып отырған мұндай жайт Конституцияға қайшы емес пе? Азаттық ресми органдарға хат жолдап, жауап алды.

Толығырақ оқыңыз
👍45❤5😱5🤬2🔥1
"Сбербанк" өзінің дата орталығына шабуыл жасалғанын растады

Ресейдің Саратов облысы Балаково қаласындағы "Сбербанктің" дата орталығына дрон шабуылы жасалғанын қаржы мекемесі растады.

“Деректерді өңдеу орталығына шабуыл болғанын растаймыз. "Сбербанктің" барлық жүйесі және барлық қызметі қалыпты жағдайда істеп тұр” деді банктің басқарма төрағасының орынбасары Александр Ведяхин ТАСС агенттігіне.

Өткен аптада Украина Yandex-тің үш дата орталығына шабуылдаған. Компанияның жалпы алты дата орталығы бар.

Бұған дейін Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин Балаково қаласында дрон шабуылы салдарынан бірнеше тұрғын үй бүлінгенін, бір адам қаза болғанын хабарлаған.
🔥22👍13❤3
Үкімет жағдайы жақсы азаматтардың есебінен $5,5 млрд теңге үнемдеуді жоспарлап отыр

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан жәрдемақы төлемдеріне көзқарасты өзгертуді және мақсатты қолдау жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл тәсіл үкіметке 2027 жылы – шамамен 700 миллиард теңге ($1,5 млн) және үш жылда 2,5 триллион теңгеге дейін ($5,5 млрд) үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде 14 қазанда өткен Құрылтай отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазір көпбалалы отбасылар табысы жоғары немесе төмен екеніне қарамастан барлығы мемлекеттен бірдей қолдау алады. "Бұл – әділетті емес".

"Өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар ауқатты азаматтар мемлекет көмегіне сүйенбей, өз күшіне сенуі керек. Мемлекет тек өмірлік жағдайына байланысты өз күнін өзі қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға қолдау көрсетеді және алдағы уақытта да қолдайды" деді Бектенов.

👉Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎16👍4💩4😁3🤔2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Yandex-тегі ақаудан кейін құрылтайда азаматтардың жеке деректерінің басқа елге берілу-берілмеу заңдылығын тексеруді талап етті.
“Бәрімізге мәлім, 11 қазан қазақстандықтар «Яндекс» компаниясының кейбір қызметтеріне қол жеткізе алмады. Компания мұны шетелдегі инфрақұрылымдағы ақаумен түсіндірді. Министрлік қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректері сақталатын серверлер ел аумағында орналасқанын мәлімдегенімен, кейбір компоненттердің Қазақстаннан тыс жерде екенін растады. Күн сайын азаматтардың телефон нөмірі, мекенжайы, жүріп-тұру бағыты мен төлем деректерін өңдейтін сервистің шетелдегі бір ақаудан тоқтап қалуы бұл деректердің нақты қай елде, қандай құқықтық режимде өңделетінін ашық анықтауды талап етеді” деді депутат Ләззат Жылқыбаева.

Украин дрондарының шабуылынан кейін Ресейде, Беларусь, Сербия және Орталық Азияның бірқатар мемлекетінде Yandex-тің кейбір қызметінде ақау пайда болды. "Yandex Go Қазақстан" өкілдері есептеу процестерінің бір бөлігі шетелде атқарылатындықтан басқа мемлекеттегі инфрақұрылымның бұзылуы Қазақстандағы сервистің жұмысына тікелей әсер етуі мүмкін деп түсіндірді.

2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның цифрлық даму министрлігі "Яндекс" компаниясы yandex.kz серверлерін ел аумағына көшіруді аяқтағанын хабарлаған еді. Сол кездегі министр Бағдат Мусин қолданушылардың дербес деректері Қазақстанда өңделеді деп мәлімдеген. Алайда қазіргі кездегі оқиғалардан кейін министрлік дербес деректерді ел ішінде сақтау платформа толық дербес (автономды) жұмыс істейді дегенді білдірмейтінін, ал такси мен жеткізу қызметінің жекелеген құрамдас бөліктері әлі де шетелде орналасқан деп нақтылаған.
👍21🤡7🤬5❤1🤔1
Рубио Өзбекстан мен Үндістанға стратегиялық ынтымақтастықты талқылау үшін сапарлайды ✈️

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 17-22 қазан аралығында Өзбекстан мен Үндістанға сапарлайды. Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесіне қарағанда, Рубио әуелі Самарқанға, ізінше Үндістанның Мумбай және Джамнагар қалаларына барады.
"Өзбекстанда мемлекеттік хатшы Рубио осы дипломатиялық платформа аясында стратегиялық ынтымақтастықтың АҚШ және Орталық Азия елдері үшін бейбіт және гүлденген болашаққа қалай үлес қосатынын атап өту үшін "C5+1" форматындағы министрлердің кездесуіне қатысады" деп жазылған мәлімдемеде.

АҚШ пен Орталық Азияның бес мемлекетін біріктіретін "C5+1" форматы 2015 жылы іске қосылды. Алғашқы кездесу сыртқы істер министрлері деңгейінде өтті және оған сол кездегі АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қатысты. Бұл формат Вашингтон мен аймақ арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастықтың негізгі алаңына айналды.

Былтыр алғаш рет жоғары деңгейдегі келіссөздер өтті: Вашингтонда Орталық Азияның бес мемлекетінің басшылары мен АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқан саммит өтті. Кездесуде аймақ пен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың «жаңа дәуірі» басталғаны айтылды.
👍13🔥4🤔3🤨2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құжаттағы орыс тілінің үстемдігі. Ұлттық компаниялар шарты заңға қайшы емес пе?
👍40🤯4🤬4❤2
SpaceX украин әскеріне арналған Starlink терминалдарының жылдамдығын шектеді

Бұл жөнінде Украина президентінің кеңесшісі Сергей Бескрестнов, ерікті Сергей Стерненко және майдандағы дереккөздерге сүйенген "Украинская правда" хабарлады.

Стерненконың айтуынша, сағатына 160 шақырыммен жүрген кезде байланыс жоғалып кетеді, соның салдарынан “бірқатар маңызды миссияның жұмысы бұзылған”. Ол “SpaceX мұндай шектеуді Трамп әкімшілігінің өтінішімен қоюы мүмкін” деп топшылайды.

Бескрестновтың айтуынша, шектеулер StarShield “әскери пакетіне” қатысты және украин әскеріне ол жөнінде ескертілмеген.

“Бұл кездейсоқ жайт емес және қазіргі саяси ахуалмен байланысты екені анық” деп жазды ол.

"Украинская правда" басылымының жазуынша, қолбасшылардың бірі жіберген видеода “аспанға көтерілген екі украин дронымен байланыс жоғалғаны айқын көрінеді”, осылайша олар миссияларын орындай алмай қалған.
👎25🤬15🔥4❤1