Астананың тергеу соты “сот үкімін орындамағаны үшін” (430-бап) белсенді Ермек Нарымбаевты екі айға қамады. Ол тергеу жалғасқанша 3 сәуірге дейін қамауда болады. Бұл жөнінде адвокаты Василий Садықов Азаттыққа хабарлады.
– Ермек Нарымбаев қызына, немерелеріне бару үшін 1 ақпанда Алматыдан Бішкекке ұшқан. 3 ақпанда күндізгі сағат 12-де Қырғызстанның ішкі істер полковнигі және подполковнигі оны ұстады. Одан кейін оны қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекетіне алып келіп, сол жерде Қазақстан жағына тапсырды. Қордайдан Балқаш одан әрі Қарағанды арқылы Астанаға жеткізді. 4 ақпанда ол Астанада болды. Кеше түнгі сағат бірге дейін отырдық. Тергеу болды. Сот оны екі айға қамады, – деді адвокат Василий Садықов.
Адвокат бұдан басқа ақпаратты айта алмайтынын жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎23🤬4❤1
Қазақстан Конституциясына ауқымды өзгерістер енгізуді жұрт әлеуметтік желіде қызу талқылап, үкімет жариялаған жобаны сынға алған пікір жиілеген тұста, оны қолдап сөйлегендер саны да арта түсті. Қолдағандардың кейбірі бір-бірінің мәтінін айна-қатесіз көшірсе, енді бірі жасанды интеллект көмегімен жазғанын сол қалпында желіге жариялады.
🔗Толығырақ оқыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔16🔥5💩3❤1👎1🤬1
Бұл жөнінде "Белсенділер экстремист емес" тобы хабарлады.
Белсенді Елдос Досановтың Азаттыққа айтуынша, Нұржан Сембаевты 3 ақпанда арнайы жасақ жұмыс істеп жатқан жерінен алып кеткен.
"Таныс жігіттің цехында жұмыс істеп жатқан екен. Арнайы жасақ жүгіріп келіп, арасында полицейлер бар дейді, қолын қайырып, ұстап алып кеткен. Не үшін ұстағанын түсіндермеген. Мемлекет тағайындаған адвокат хабарласып, "405-бап ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу") бойынша ұстады"деп айтты" деді Елдос Досанов 5 ақпанда.
Сурет: "Белсенділер экстремист емес" тобы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬21🤔3👎2
🚕Yandex прокуратураға жүргізушілердің табысы жайлы ақпарат беріп отырмақ
Алматы қалалық прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan алимент төлеуден жалтарғандарға қарсы және бала құқығын қорғауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, Yandex Qazaqstan өзге мәліметтермен қатар жүргізушілердің кірісі жайлы да ақпарат беріп отырмақ

👎22💩6👍4❤2🤣2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Желіде түрлі пікір жазылып, Конституция жобасының айналасында дау-дамай жүріп жатқанда Азаттық алматылықтардың пікірін сұрады.
👎14🔥4💯2
"Мекеме өкілдерінен "оң мінездеме" жоғы айтылды. Оны жібергісі келмей отырған сияқты. Не үшін жібергісі келмей отырғанын барлықтарыңыз біліп тұрған боларсыздар. Сот қаулысы әлі қолымызға тиген жоқ" деді Мейіржан Досқараев Азаттыққа.
Былтыр да сот белсендінің "түзелмегенін", "теріс қимыл-әрекеттері барын" алға тартып, өтінішін орындамаған еді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬13
Астанада кейінгі уақытта мәнерлеп сырғанау спортына қызығушылық артып келеді. Қымбат әрі элиталы спортпен денсаулығы, жан рахаты үшін айналысып жүргендер де, кәсіби шұғылданатындар да бар. Бұған Денис Тен жеңісінің эффектісі әсер етті ме? Мәнерлеп сырғанауға қызығушылыққа не түрткі болды? Азаттық Миландағы қысқы олимпиада қарсаңында Астанадағы мәнерлеп сырғанау мектебінің бапкерімен бұл спорттың дамуы жайлы сөйлесті.
🔗Толығырақ көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤4
Алматы облысында бір үйдің төрт адамы өлі күйде табылды
Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында бір үйдің төрт адамы қаза болды, арасында 1,5 жасар нәресте де бар. Бұл жөнінде Qonaev TV хабарлады.
Әзірге толық емес мәлімет бойынша, отбасы мүшелері ыстан уланып, мерт болуы мүмкін.
Отбасы ауылдан қашық жердегі қыстауда тұрған. Туыстары екі күн бойы оларға хабарласа алмай, ізінше үйіне барғанда төрт адамның мерт болғанын көрген. Осылайша полицияға хабар берген.

😱18😢11❤3
"Холодомор". Аязда тоңған украиндар | Репортаж
Ресей әскерінің жаппай шабуылынан кейін Киевтегі ахуал әлі де күрделі. Энергетиктер күшейтілген режимге көшіп, күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Қаланың әр бөлігінде жылжымалы бекеттер қойылған. Жұрт жылынып, ыстық тамақ іше алады. Сондай орынның бірі – Мызғымастық вагондары.

🙏23🤬4❤1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында тіл мәселесі айтылғанмен қоғамда қызу талқыланып жатқан 9-бапқа қатысты дау айтылмады. Негізінен бұрынғы Конституция тілінің күрделі жазылғаны, калька көп болғаны сөз болды. Айтуларынша, қазіргі нұсқада Конституция мәтінінің оқылымы едәуір жеңілдеген.
Ол қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін әуелі Ата заң ұғынықты жазылуы керек деді. "Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп, ұрандатудан емес – осындай көзге көріне бермейтін, күрделі маңызды жұмыстан басталады" деді.
“Конституциялық комиссия құрылған кезде «оның құрамында тіл мамандары мен журналистер не істеп жүр?» деген сын да айтылды. Бұл ретте, тіл мамандары мен журналистер Ата Заң мәтінінің сапалы әрі түсінікті жазылуына зор үлес қосып жатыр” деді мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Ол қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін әуелі Ата заң ұғынықты жазылуы керек деді. "Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп, ұрандатудан емес – осындай көзге көріне бермейтін, күрделі маңызды жұмыстан басталады" деді.
🤮19😁9💩4❤2🤣2
Қазақстан Пәкістанмен сауда көлемін 1 млрд долларға ұлғайтпақ
Қазақстан Пәкістанмен арадағы сауда көлемін 1 миллиард долларға дейін ұлғайтпақ. Бұл жөнінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадқа мемлекеттік сапары кезінде мәлім етті.
Тоқаевтың сөзінше, әлемдік мұхитқа шығатын жолы жоқ Қазақстан Пәкістанның транзит әлеуетіне көп мән береді. Сондықтан ол Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз кезінде бұл елдің Карачи және Гвадар порттарының мүмкіндігін пайдалану жайын да сөз еткен.

🤔10👎6👍5💩4😁1
❗Қысқы Азиада аяқ-асты неге Алматыда өтпек?
2029 жылғы қысқы Азиада Алматыда өтетін болды. Бұл жарыс Сауд Арабиясының жаңадан салынып жатқан Неом қаласында өтуі керек еді. Бірақ қаңтарда Сауд Арабиясы қысқы Азиаданы өткізе алмайтынын мәлімдеді. Ал 5 ақпанда Миланда ҰОК президенті Геннадий Головкин мен Азия олимпиада комитеті (АОК) басшысы Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани Азиаданы өткізу туралы құжатқа қол қойды.
🔹Азиада өткізетін ел табу қиын
АОК үшін Қысқы Азия ойындарын өткізетін ел я қала табу кейінгі кезде қиынға айналды. 1986 жылдан 2011 жылға дейін Қысқы Азияда тек Жапония (үш рет), Қытай (екі рет) және Оңтүстік Кореяда (бір рет) өтіп келген. Ал 2011 жылғы Азиаданы Астана мен Алматы қабылдаған.
Азия құрлығында қысқы Азия ойындарын өткізуге табиғат мүмкіндік беретін ел аз. Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Қазақстаннан басқа елдерде қысқы жарыс өткізетін инфраструктура, база жоқ.
🔹Алматыға Азиада керек пе?
Спорт журналисі Ақырыс Сейітқазы Алматыда инфрақұрылым болғанымен, елде экономикалық жағдай қиындап бара жатқанда Азиада өткізудің қажеті жоқ деп санайды.
- Алматыда 2011 жылғы қысқы Азиада мен 2017 жылғы қысқы универсиададан қалған инфраструктура, спорт кешендері бар. Бірақ дәл қазіргі экономикалық жағдайда Азиада өткізудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл жарысқа деп бюджеттен көп ақша бөлінеді, жұмыс тобы құрылады. Ал елде бюджет тапшылығы бар, салық өсіп, азық-түлік қымбаттап жатыр. Сондықтан Қазақстан Азиада қабылдайтын жағдайда емес деп санаймын, - дейді ол Азаттыққа.
Ал ҰОК басшысы Головкин Миландағы рәсімде Азиаданы өткізу Қазақстанда қысқы спорт түрлерінің жаңа серпін береді деп мәлімдеді.
«Азия ойындарын, ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыру ел үшін стратегиялық маңызы бар. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген жоғары сенімін білдіреді. Сондай-ақ еліміздің осындай деңгейдегі турнирлерді қабылдауға толық дайын екенін көрсетеді» деді ол.

🤔11👍7👎5💩5🔥3❤2
Белсенділерді қамау, Конституция жобасын сынау, "Атажұрт" соты — AzatNEWS l 05.02.2026
🔹 Қазақстанда жаңа Конституция жобасы талқыланып жатқан тұста белсенділер қамала бастады.
🔹 Талдықорғанда тіркелмеген "Атажұрт"ұйымының белсенділеріне қатысты сот жалғасты.
🔹 Тәжікстанда тұрғындар қажылыққа жинаған қаражатын үкіметке берген.

👎10👍9🤬3🔥2❤1
Ресей тұтқынынан босап шыққандар арасында Украина қарулы күштерінің 150 әскери қызметшісі және 7 азаматтық тұлға бар. Олардың көбі Мариупольді қорғау кезінде басқыншылар қолына түскен.
"Бүгін бостандыққа шыққан 139 украин азаматы 2022 жылдан бері Ресей тұтқынында болды. Ең жас қорғаушы 23 жаста. Ол 19 жасында Мариупольді қорғау кезінде тұтқынға түскен. Ресей соты жас жігітті "өмір бойына қамау" туралы заңсыз үкім шығарған. Тұтқыннан бүгін босап шыққандардың ең үлкені – 63 жаста",
– деп хабарлады бейсенбі күні Украина тарапы.
Ресейлік ТАСС агенттігі Украина тұтқынынан босап, елге қайтарылған ресейліктер арасында Курск облысының үш тұрғыны бар деп жазды.
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👍3🙏2
Коробов пен "Прощай, оружие!" ресейлік дезертирлер қауымдастығы сот шешіміне келіспейтіні жөнінде жоғары тұрған сот орындарына шағым беруге ниетті.
Былтыр қыркүйекте Қазақстанның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы да Евгений Коробовқа босқын мәртебесін беруден бас тартқан. Мекеме оның Ресейде қандай да бір "пікір-ұстанымына, соның ішінде саяси көзқарасына бола қудалануы мүмкін деп қауіптенуіне негіз жоқ" деп есептейтінін мәлімдеген.
Ресейдің әскери оқу орнын бітірген Евгений Коробов Сириядағы әскери операцияларға қатысқан кәсіби офицер. Ол Ресей Украинаға қарсы бастаған кең ауқымды басқыншылық соғыстың алғашқы күндері Киев облысындағы шайқастарға қатысқан 15-мотоатқыштар бригадасында қызмет атқарғанын айтады. Оның сөзінше, кейін өзі аяғын атып, әскери бөлімінен кетіп қалған, ал 2023 жылғы қаңтар айында Қазақстанға қашып келген. Ресейде оның үстінен әскерден қашты (дезертир) деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏9🤔6🤬4
"Келіссөз тобының Киевке келіп, толық есеп беруін күтіп отырмын – көп мәселені телефонмен талқылау мүмкін емес. Қазірдің өзінде айтуға болатыны – жақын уақытта келесі кездесу өтеді деп жоспарланып отыр. Америкада өтуі мүмкін",
– деді Зеленский.
Украина президенті кездесулердің құрамы мен форматын нақтыламады, бірақ өз елі "бейбітшілікті шынайы жақындата алатын және оны сенімді әрі ұзақ мерзімді ететін, Ресейді соғысты жалғастыру ниетінен айыратын барлық жұмыс форматына" дайын екенін айтты.
"Бұл соғыс Ресей өз агрессиясы үшін олжалы болмайтындай етіп аяқталғаны маңызды. Бұл – шынайы қауіпсіздікті қайтаратын және оған кепілдік беретін негізгі принциптердің бірі",
деді Зеленский.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15👍11🤝2🔥1
Әскери сот бес адам - ТҚР-дың бұрынғы президенті Араик Арутюнян, ТҚА армиясының бұрынғы қолбасшысы Левон Мнацаканян, қолбасшының бұрынғы орынбасары Давид Манукян, ТҚР парламентінің бұрынғы спикері Давид Ишханян және ТҚР-дың бұрынғы сыртқы істер министрі Давид Бабаян өмір бойына түрмеге қамалсын деп үкім шығарды.
Ал ТҚР-дің тағы екі экс-президенті – Аркадий Гукасян мен Бако Саакян – 20 жылға сотталды. Әзербайжан заңына сәйкес, үкім шығарылған сәтте екеуінің жасы 65-тен асқандықтан, оларға өмір бойына түрмеге қамау жазасы қолданылмаған.
Мадат Бабаян мен Меликсет Пашаян – 19 жыл, Гарик Мартиросян – 18 жыл, Давид Аллахвердян мен Левон Балаян – 16 жыл, ал Василий Бегларян, Гурген Степанян және Эрик Казарян 15 жыл мерзімге бостандығынан айырылды.
Үкім жариялау жалғасып жатыр. Іс бойынша барлығы 15 адамға айып тағылған. Бұлардың бәрі 2023 жылы Қарабақ аумағы Әзербайжанның әскери операциясынан кейін Бакудің қоластына қайтарылған соң ұсталған. Оларға тағылған айыптар арасында агрессиялық соғыс дайындау және жүргізу, соғыс заңдары мен ережелерін бұзу, геноцид, терроризмді қаржыландыру, билікті күшпен басып алу және адам өлтіру айыбы бар.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19🔥5
Иран билігі өкілдері бұл екі танкер кейінгі айларда жанармай контрабандасымен айналысқан желі құрамында болғанын және ұсталған сәтке дейін оларды бақылағанын мәлімдеді.
Бұл оқиға Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс күшейген сәтте болып отыр. Бұған дейін 3 ақпанда Тегеран өкілдері америкалық танкерді басып алуға әрекет жасағаны туралы ақпарат тараған. Сол күні АҚШ-тың F-35C жойғыш ұшағы Араб теңізінде америкалық "Авраам Линкольн" ұшақ тасығыш кемесіне жақындаған ирандық дронды атып түсірген.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤7🔥2
Оның айтуынша, бұл шабуыл Украина жасап шығарған, алысқа ұша алатын қару құралдарының, мысалы FP-5 "Фламинго" қанатты зымыранының көмегімен жасалған.
"Полигондағы кейбір ғимаратқа түрлі дәрежеде зақым келді, ангарлардың бірі айтарлықтай бүлінді, ал қызмет көрсететін құрамның бір бөлігі эвакуацияланды"
, – деген Украина армиясы бас штабы.
Ресей тарабы бұл ақпаратқа байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
🔗Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👍12❤4
⛸️Қысқы олимпиада-2026. Сіз білу керек негізгі деректер
Бүгін Италияның Милан және Кортина қаласында 25-қысқы олимпиада ойындары басталады. Азаттық олимпиада жайлы жанкүйерге қажетті негізгі сұрақтарға жауап береді.
🔹Қазақстаннан неше спортшы қатысады?
Қазақстаннан 36 спортшы жолдама алды. Ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайлшы Аяулым Әмренова ұстап шықпақ. Ұлттық құраманың орташа жасы – 25 жас. Бұл – Қазақстан тарихындағы олимпиадаға қатысатын «ең жас» құрама.
🔹Қай спорттан жүлдеге таласады?
Қазақстан спортшылары мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру, фристайл акробатика, фристайл могул, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы спортынан олимпиадаға қатысады.
🔹Олимпиаданы қай арналар көрсетеді?
Қазақстанда қысқы олимпиаданы көрсету құқығын «Қазақстан», «Қазспорт», «Хабар» және «Жібек жолы» телеарналары алған. Барлық жарысты осы төрт арна бөліп көрсетеді. Олимпиада ойындарын өткізу құқығын әр ел Халықаралық олимпиада комитетінен сатып алады. Қазақстан телеарналары олимпиада көрсету құқығына қанша қаржы жұмсағанын ашық жарияламайды.
🔹Қазақстан хоккейшілері олимпиадаға қатыса ма?
Қысқы олимпиада әлем көз тігетін жарыстың бірі – шайбалы хоккей. Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы да олимпиадаға қатыспайды. Қазақстан ерлер құрамасы іріктеуде Словакия, Австрия, Венгрия бар топта Словакияға жол беріп, жолдама иелене алмаған. Олимпиадаға Словакия лицензия алған еді.
Ал әйелдер құрамасы екінші іріктеу кезеңінде Словакия, Словения, Исландия бар топтан екінші орын алып, іріктеудің шешуші кезеңіне шыға алмаған.
Қазақстан ерлер құрамасы 1998, 2002, 2006 жылғы олимпиадаға қатысқан.

❤9😁2🤬1