Erteńmedia
11K subscribers
3.4K photos
1.21K videos
1 file
3.08K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️ «Әшкере» деген атты ұнатып-ақ едік. Бірақ өзгеретін уақыт келді. Енді бұл арна Ertenmedia.

Арнаның аты ауысса да, ашық ақпаратқа, анық сөзге адалдығымыз айнымайды. Қанымызда қайнаған «әшкерелік» мінез ешқайда кетпейді.

Ertenmedia атауының өзі айтып тұрғандай, ертеңге көз тігеді. Құлаққа жағымды, көңілге қонымды.
Ертеңнің оқиғасын бүгіннен бастап тарқатамыз, бүгін айтылмағанды ертеңге қалдырмаймыз.

Сіздер де сол қалпысыздар, біз де сол баяғышамыз. Өзгергені атауы ғана.

Ал, кеттік!

@ertenmedia
👍77❤14👎7🔥6👏5💩2🙏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жамбылдағы беспредел: көлік инспекциясының маманы Тоқаевтан көмек сұрады...

Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Нұрсұлтан Болатбеков президент Тоқаевқа үндеу жолдап, басшылықтың жемқорлық әрекетін жайып салды деп жазады Ertenmedia.

Оның сөзінше...

инспекция басшысы Ерлан Ермекбаев пен бөлім жетекшісі Ербол Күлімбет "крышавать ету", пара алу, пара беру, қызмет бабын асыра пайдалану мен жүйелі жемқорлық әрекеттерге жол беріп отыр.


Нұрсұлтан Болатбеков мұндай заңсыз схемаларға қатысудан бас тартқаны үшін қысымға ұшырап жатқанын мәлімдеп отыр. Ақордадан араша сұрап, бұл мәселеге Тоқаевтың араласуын өтінуде.

Ertenmedia Нұрсұлтан мырзаға хабарласып, даулы мәселені толықтыруға тырысады. Бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/ertenmedia
💯167👏45🔥7😱6❤4👍3
⚡️Перизат Қайраттың ақырғы аялдамасы: атышулы іске нүкте қойылды...

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы істің нүктесі қойылды. Сот екеуіне де нақты мерзімге жаза кесті деп жазады Ertenmedia.

Перизат Қайратқа алаяқтық жасап, миллиардтаған теңгені заңсыз иемденді және аса ірі көлемде қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастырды деген айып тағылған еді. Ол қазақтар зардап шеккендерге көмек ретінде жинаған қыруар ақшаны жеке басының игілігіне жұмсаған.

Сот шешімімен Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылса, оның анасы Ғайни Алашбаеваға 7 жыл түрме жазасы кесілді.


Прокурор бұған дейін Перизатқа 10 жыл, анасына 8 жыл жаза сұраған болатын.

Судья Сабыржан Кәрімов сот үкімін оқып, Перизат Қайратты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Алаяқтық») және 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы («Аса ірі көлемдегі қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыру») бойынша кінәлі деп таныды.

Сот үкімі жарияланған бойда екеуі де қамауға алынды.

Сондай-ақ соттың шешімімен Перизат Қайрат мемлекет тарапынан берілген «Шапағат» медалінен айырылды. Іс бойынша тәркіленген барлық мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалады.


Іс материалдарында айтылғандай, Перизат Қайрат жиналған қаржыға элиталы тұрғын үйлер, қымбат автокөліктер мен зергерлік бұйымдар сатып алған. Сот процесі ішінара жабық форматта өтті.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍106❤14🔥4👏1🤔1💯1
⚡️ "Путин үшін жан пида". Ресей сапында соғысып жатқан Базарбай, Жансерік және Өркен туралы не белгілі?..

2025 жылдың алғашқы 6 айының өзінде Кремль Украинаның топырағын тыңайту үшін Қазақстанның кемінде 529 азаматымен контрактіге отырған.

Бұл туралы "Хочу жить" жобасының мәліметінде айтылған деп жазады Ertenmedia.

Соның алдында ғана жоба Украинаға қарсы Ресей әскерінің сапында соғысып жүрген 661 қазақстандықтың есім-сойын жариялаған-ды.

Осы мәселеге орай СІМ өкілі Бауыржан Бегәлімов Украинадағы әскери тұтқындар мәселесімен айналысатын штабпен кездесіп, ел ішінде түсіндіру жұмысын күшейтіп, жалданған азаматтарға қатысты тергеу жүргізілетінін мәлімдеген.

Солай бола тұра, Ресей рекрутерлері Қазақстан азаматтарын "вербовать" етуді доғарар емес.


"Жалданғандардың көпшілігі 2 мың доллардың айналасындағы ақшалай сыйақыға алданып, Ресейдің империялық амбициясы үшін жат жерде жан тапсыруда. Путин? Оған екі қойың, бір сом. Мәскеу қаза тапқан басқыншылардың орнын Орта Азияның тұрғындарымен толтырып, әбден дәнігіп алды", - дейді "Хочу жить" жобасының зерттеушілері.

Айтуынша, Ресей генералдары майдан даласындағы қазақстандықтарды "тірі қалқан" ретінде пайдаланып, санаулы күндердің ішінде құрбан етуде.

Украина тарапы қазақ билігінен Ресей әскеріне жалданып жатқан Қазақстан азаматтарының әрекетіне тосқауыл қоюды сұрап отыр.


Ertenmedia Ресей әскерінің қатарында соғысып жүрген Қазақстан азаматтарының тізімін шолып шақты. "Хочу жить" жобасы жария еткен 529 адамның арасында қазақтар да жетіп артылады екен.

Кремльмен контрактіге отырған Базарбай, Жансерік, Өркен дейтін азаматтарды көзіміз шалып қалды. Көпшілігі сол кеткеннен мол кеткен...

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱40👎36❤26😡15👍4🤡2
⚡️ Перизат пешкі ғана. Негізгі фигуранттар тасады қалды - қоғам белсендісі

Қайырымдылық қорына жиналған миллиардтарға тағы кімдер ортақтасты? Атышулы Перизат Қайраттың соты осы сауалдың басын ашық қалдырды деп жазады Ertenmedia.

Елорда соты Перизатты 10 жылға, анасын 7 жылға бас бостандығынан айырды. Қызы мен анасының тандемі жұрттан жиналған садақаны элиталы ЖК, қымбат көлік және басқа да сән-салтанатқа жаратып жіберген.

Қоғам белсендісі Аружан Саин бұл оқиғаның түбінде тереңірек астар жатыр дейді. Оның пікірінше, үш жыл ішінде 3,5 миллиард теңге жинаған қордың әрекеті ешқандай логикаға сыймайды.

«Үш жылда 3,5 миллиард теңге жинау қиял ғажайыппен пара-пар жағдай. Ел ішіне аса танымал емес, желөкпе, жаңадан пайда болған еріктілердің әкімшілік ресурстың қолдауынсыз мұндай көлемде қаржы жинауы мүлде мүмкін емес.

Менің анық көз жеткізгенім қордың артында Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясы тұрды. Аймақтарда партияның отырыстарында қорды қолдау қажеттігі ашық айтылғанын сот кезінде де естідік.


Осындай үндеулерден кейін кәсіпкерлер мұны міндет деп қабылдағаны сөзсіз», – деген екен Саин Informburo-ға берген сұхбатында.

Сөзінше, қор пандемия кезінде кең танылған «Biz Birgemiz» ұранын қолданған соң, халық оны билікпен байланысты деп ойлап, шүбәсіз сенген.

Қоғам белсендісі 9 сыныптық білімі бар Перизаттың жалғыз өзі осыншама күрделі операцияны ұйымдастыруы екіталай дейді.

Оның пайымдауынша, бұл жерде одан әлдеқайда ықпалды адамдардың көлеңкесі көрінеді.

«Жас қыздың анасымен бірге істі болып отырғанына қарап, бұлардың артында өзге де қолдаушылар бар деп білемін.

Егер Перизат осы жүйенің қалай жұмыс істегенін, ақша қайда, кімге кеткенін, кіммен қалай бөліскенін ашық айтса, тергеудің ары қарай жылжуына мүмкіндік туар еді.


Бұдан пайда көрген негізгі бенефицарларды анықтауға болады. Мені алаңдататыны нақты ұйымдастырушылардың тасада қалып қоюы», – дейді Аружан Саин.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱106💯49❤15🔥7👏5🤔3😢2
⚡️ Кремльден комплимент жауған күн: Мәскеу неге Тоқаевты мақтай бастады?..

Президент Тоқаев болашақта Ақ үйдің және бірқатар Батыс елдерінің демеуімен әлемдік деңгейдегі халықаралық ұйымның басшылығына барып қалуы мүмкін.

Белгілі журналист Бигелді Ғабдулин соңғы кезде Тоқаевты тоқтаусыз мақтап жатқан ресейлік сарапшылардың әрекетін осымен байланыстырыпты деп жазады Ertenmedia.

"Күні кешеге дейін Кремльдің сарапшылар пулы Қазақстанды сенімсіз одақтас деп сынап, қит етсе Ақорда Батысқа қарай ойысып барады деп байбаламға басатын.

Соңғы кезде бұлардың сөз саптауы күрт өзгеріп, президент Тоқаевты "әлемдік деңгейдегі саяси тұлға" деп дәріптей бастады.


Соған қарағанда Мәскеуге Тоқаевтың әлемдік деңгейдегі беделді ұйымға басшы болатыны туралы қаңқу жеткен болар", – деп тұспалдайды Ғабдулин.

Журналистің пайымынша, Қазақстан президентінің халықаралық аренадағы саяси беделінің жоғары екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Ол бес тілді жетік меңгерген, дипломатия майданында әбден ысылған, төселген кәнігі маман, тәжірибелі тұлға.

"Мұндай беделді саясаткерге әлемдік ауқымдағы ұйымның жұмысын сеніп тапсыру барлық жағынан қисынға келеді", – дейді автор.

Айта кетелік, бұған дейін бірқатар ресейлік сарапшылар Ақорданың ішкі-сыртқы саясаттағы шешімін оң бағалап, Тоқаевтың ел мүддесін үнемі бірінші сапқа қоярына екпін берген.

"Ол үнемі қазақтардың ұлттық мүддесіне сай әрекет етеді. Қазақстанға Ресейдің сөзін сөйлемеді деп айып тағудың жөні жоқ. "Сатқындық" туралы сөз қозғау да сірә артық. Бұл қараңғы бөлмеде қара мысықты іздегенмен бірдей. Қазақстан ешкімнің қолшоқпары болмайтынын Тоқаевтың өзі де бірнеше мәрте шегелеп айтқан", - деген болатын Виталий Млечин мен Константин Калачев секілді сарапшылар.

Бигелді Ғабдулиннің пікірінше, Ресейдің Тоқаевтың қадірін түсініп, бағалай бастауының астарында әккі дипломатиялық есеп жатыр.


Мәскеу алдағы уақытта халықаралық аренада салмағы арта түсетін тұлғаның көңілін тауып, бұған дейін орынсыз қылықтарын жуып-шаюға тырысуда.

"Кремль идеологтарының Тоқаевқа мейірлене қарап, жаппай мақтай жөнелуі тегін емес. Саясатта ештеңе себепсіз болмайды. Әзір бұл тек болжам ғана. Әліптің артын бағайық", – дейді әріптесіміз.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍102❤34😁18🤔8🔥6👏6🤮6
⚡️ Берденовке атылған оқ: Шымкенттегі шабуылдың шын мотиві қандай?..

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасады деп айыпталған Ернар Жиембайдың ісіне қатысты сот процесі басталды деп жазады Ertenmedia.

Әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің директоры қызметін атқарған Жиембайдың қылмысқа баруына не себеп болғаны тергеу материалында егжей-тегжейлі баяндалды.

Еске салсақ, 21 сәуір күні кешке әкімдік ғимараты алдында атыс болып, қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов ауыр жараланған еді.

Айыпталушы Ернар Жиембай екі баланың әкесі, бұрын жауапты қызмет атқарған. Тергеу мәліметіне сәйкес, қанды оқиғаға Берденовтің бұйрығы бойынша Жиембайдың жұмыстан қуылатыны туралы хабар түрткі болған.


«Жұмыстан босайтынын естіген Жиембай қатты күйзеліске түседі. Көңіл-күйі алай-түлей қалпында бір шөлмек шарап сатып алып, оның көлігінің ішінде тауысады. Кейіннен үйінен аңшы мылтығын алып, әкімдік ғимаратының алдына келіп, көлікте күтіп отырған. Берденов сыртқа шыққанда Жиембай оған қарай беттеп, бес рет оқ атқан», – деді прокурор айыптау актісін оқи отырып.

Жерде жатқан Берденовке алтыншы рет оқ атпақ болып оқталған Жиембайды әкім орынбасарының жүргізуші көлікпен қағып, тоқтатқан. Берденов ауыр жараланып, көп қан жоғалтқандықтан, дәрігерлер оның өмірі үшін бес сағаттан астам уақыт бойы күрескен.

Оқиға орнында ұсталған Жиембайдың әрекетіне қатысты бастапқыда басқа нұсқа тараған еді. Полицияның әуелгі ақпарында мұндай қылмысқа баруға қызғаныш себеп болғаны айтылған болатын.

Алғашқы нұсқа бойынша Жиембай Берденовке мылтық кезеніп, «ол менің әйеліме көз қырын салды» деп айғайлаған.


Алайда кейіннен Жиембайдың жұбайы шенеунікті мүлде танымайтынын мәлімдеді. Күдіктінің әкесі Жиембай Пірәлиев те келінінің бұл іске қатысы жоқтығын айтып, бұл іске әулет мүшелерін араластырмауды сұрады.

Не де болса, қылмыстық істің ақ-қарасын сот анықтайды. Ұзақ емделген қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтен сотта бірінші болып жауап алынбақ.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍73🔥20❤9🤔8👎2
⚡️ Кремль пропагандасы Қостанай көшелерінде жаймашуақ серуендеп жүр...

Қостанайдың қақ ортасында бір топ адам Ресейдің әскери-теңіз күштері күнін атап өтіп, ән шырқап, би билепті.

Ақсақаловтың көз алдында бөтен елдің туын көтеріп, бөгде елдің әнұранын айтып жүргендерді жергілікті акимат "аңғармай" қалған екен.


Қостанай қалалық идеология бөлімінің басшысы Олжас Дүйсековтің айтуынша, әкімдікке әлгіндей шара өтетіні туралы хат-хабар түспеген. "Жиынға қатысқан қауымға түсіндіру жұмысын жүргіздік, ұйымдастырушы әкімшілік жазаға тартылды" дейді Дүйсеков. Іс-шараға ұйытқы болған тұлғаның аты-жөні туралы әкімдік тіс жармай отыр.

Үстеріне көк ала мәйкі бір топ адам Ресейдің әскери-теңіз флотына ода арнап, Кремльдің даңқын аспандатқанға ұқсайды.

Ресейдің мемлекеттік мерекесін Қазақстан аумағында беймарал атап өткен "моряктардың" әрекеті жергілікті идеологиялық жұмыстың әлсіздігінен хабар береді.

Кремль пропагандасы Қостанай көшелерінде жаймашуақ серуендеп жүргені көрініп-ақ тұр.


"Ақсақалов әкімдігі "түсіндіру жұмысын жүргіземіз" дегеннен әрі аса алмай қойды. Қостанай кері кетіп барады. Ертеңгі күні қала көшесінде Путиннің пәртретін көтеріп шықса "түсіндірумен" ғана шектеле ме?", - деген пікір білдіруде желідегі жұрт.

Елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігі "түсіндіру" емес, нақты шешім, батыл әрекет арқылы сақталатынын Қостанай билігі әлі де ұғынбағанға ұқсайды.

Айта кетелік, Ресейде Әскери-теңіз флотының күні шілденің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Биыл бұл күн 27 шілдеге тұспа-тұс келген.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯49😱39👍26🤬21❤19🔥3💩3🤯1
⚡️Бектеновтің маңында қауіпті элементтер жүр! Депутат Әбенов дабыл қақты...

Депутат Әбенов үкіметті шикізат олигархтарына жақтасып, отандық бизнесті тұншықтырып отыр деп айыптады деп хабарлайды Ertenmedia.

Айтуынша, биліктің пәрменімен ҚТЖ ірі тау-кен металлургия кәсіпорындарына жүк тасымалына келгенде қомақты жеңілдік жасауда. Нәтижесінде, көмір, руда мен металл Ресей және Қытайға өте төмен тарифпен тасымалданып жатыр. Жеңілдіктің қызығын шетелдік кәсіпорындар көруде.

Қазақстандағы шағын-орта бизнес керісінше, өз елімізде өндірілген шикізатты қымбатқа сатып алуға мәжбүр, кейде тіпті оған да жарымай қалады.

"Қарағанды металлургия комбинаты (ҚарМет) тауарын ел нарығында сатпайды, толығымен экспортқа жөнелтеді. Соның кесірінен Қызылордадағы стадион құрылысына Қытайдан әкелінген металды пайдаланып жатыр. Ал өзіміздегі ірі кәсіпорын шикізатты түгелдей шетел асыруда", – дейді депутат.


Әбеновтың пікірінше, әлгіндей жеңілдік "ескі Қазақстанның" дәуірлеп тұрған тұсында экс-елбасының айналасындағы атышулы бизнесмендерге берілген. Ең қызығы, Бектенов үкіметінің қатарында олигархтарды қорғаштап отырған шенділер шоғыры бар.

"Жеңілдіктер бұрынғы жүйе кезінде экс-президенттің жақын адамдарына берілген болатын. Өкінішке қарай, қазіргі үкіметте осы жеңілдіктерді сақтап қалуға мүдделі тұлғалар бар", – дейді мәжілісмен.

Оның сөзінше, осының кесірінен ҚТЖ қып-қызыл шығынға батқан. Компания басқа тұтынушылар үшін тарифті көтеруге мәжбүр. Салдарынан орта және шағын бизнес өкілдері зардап шегіп жатыр.

Әбенов мәселені шешудің төте жолы шикізатты ел аумағында өңдеп, дайын өнімді экспортқа шығару деп есептейді. Осы арқылы елде жаңа жұмыс орнын құрып, әл-ауқатымызды арттыруға болатынын алға тартып отыр.

Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат "Бектеновтің маңында олигархтардың сөзін сөйлеп, сойылын соғатын лоббистер болуы мүмкін" деп топшылайды.


"Олжасқа сенуі сенемін. Елге әділ қызмет еткісі келетіні байқалады. Бірақ осы проблеманы әлі толық назарға алмаған тәрізді. Айналасына абай болса дейсің, командасын тағы бір мәрте сүзгіден өткізгені жөн. Жанында олигархтардың пайдасына жұмыс істейтін элементтер жүрген болуы мүмкін. Олар тек материалдық мүддемен шектелмейді", – дейді Әбенов.

Депутат бұл мәселені алдағы уақытта Мәжілісте көтеріп, нақты тексеріс жүргізуді қолға алмақшы.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯87👍59❤17😱17👏10🔥2🤡1
⚡️Кремльдің "құбырынан" құтылу: Тоқаев Ресейсіз маршруттың негізін қалауда...

Президент Тоқаев Түркия сапары барысында бірсыпыра маңызды келісімге қол қойып, мұнай экспортында Кремльдің құлдығынан құтылу бағытында батыл қадам жасады деп хабарлайды Ertenmedia.

Анкарада өткен Қазақстан Түркия стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің мәжілісінде тараптар 20-дан астам өте-мөте маңызды құжатқа қол қойды.

Тоқаев негізгі тезисті мұнай экспортын әртараптандыру мен Транскаспий бағытын дамытуға арнады.

Қазақ мұнайын Ресей арқылы тасымалдауға тәуелділікті азайту үшін Баку–Тбілиси–Жейхан (БТЖ) құбырының потенциалын кеңейту мәселесіне акцент берілді.


Президент Тоқаев Қазақстан әлгі құбырмен Түркияға қазірдің өзінде жылына 1,4 млн тонна мұнай тасымалдап отырғанын бірнеше рет қайталады. Биылғы жарты жылдың өзінде осы бағыттағы мұнай экспорты 12 пайызға ұлғайып, 785 мың тоннаға жеткен.

Бірақ, бір нюанс бар. БТЖ-ның мүмкіндігін рахаттанып пайдалануға келгенде кібіртіктеп қалатын мәселелер кездеседі. Соның бірі Ақтау портын кеңейту. Қазіргі инфрақұрылым толық қуатында жұмыс істеп тұр, сондықтан порттың әлеуетін арттырмай, мұнай экспортының көлемін ұлғайту қиындау.

Екінші мәселе БТЖ арқылы жіберілетін мұнай сапасына қойылатын талаптың жоғары болуы. Қазақстан мұнайы құбыр стандартына әрдайым сәйкес келе бермейді.

Осы түйткілді шешу үшін Бектенов үкіметі Транскаспий мұнай құбырын салу мен Каспий теңізінің қазақ және әзербайжан жағалауында теңіз терминалдарын тұрғызуды көздеп отыр.

Елдің 2029 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес, Транскаспий мұнай тасымалын жылына 20 млн тоннаға жеткізу көзделген. Әзір Ресей аумағын айналып өтетін экспорт көлемі мардымсыз, жалпы тасымалдың небәрі 5,9 пайызын (32,6 млн тонна) құрауда.

Ердоған да Тоқаевпен қойын-қолтықтасып жұмыс істеуге кет әрі емес. Анкара Астанамен сауда айналымын жылына 15 млрд долларға жеткізуге ниеттеніп отыр.


Түріктердің бізге құйған инвестициясы 5 млрд доллардан асса, қазақ компаниялары Түркияға шамамен 1,5 млрд доллар инвестиция салған. Түрік мердігерлері Қазақстанда 30 млрд доллардан астам қаражатқа 500-ге жуық жобаны іске асыруда.

Келіссөзде бұдан бөлек көлік-логистика саласындағы әріптестікке те екпін берілді. Әйгілі Орта дәліз, Қазақстан аумағы арқылы Каспий теңізін, Әзербайжан, Грузия мен Түркияны кесіп өтетін транзиттік дәліздің мүмкіндігі ерекше талқыланды.

Қысқасы, Қазақстан алдағы уақытта порт инфрақұрылымын жаңғырту, мұнай сапасын арттыру және жаңа инвестиция тарту міндетін тездетіп шешуі тиіс.

Бұған Turkish Petroleum және SOCAR сияқты түрік-әзербайжан компанияларының қатысуы жобаға жан бітіре алады. Әзірше БТЖ бағытындағы тасымал көлемі Ресеймен салыстырғанда көп төмен. Орыстың құбырынан "құтылу" уақытты да, қомақты инвестицияны да талап етеді.

Мәскеу? Кремль БТЖ-ның потенциалын кеңейтуге тырмысып жатқан Тоқаевтың әрекетін құптай қоймасы анық. Тасымал бағытына ықпал ету үшін әкімшілік және техникалық (тіпті провокациялық) тетікді де қолдануы әбден мүмкін.


Бейжің Тоқаевтың жүрісін оң бағалайды, себебі Қазақстан арқылы өтетін тың маршруттар Қытай тауарын Орта дәліз арқылы Еуропаға жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді. Батыс елдері де Астананың амбициясына қолдау білдірмесе, қарсы келмейтіні анық. Транскаспий маршрутының өрісін кеңейту Ақорда үшін өмір мен өлім мәселесі.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍100❤56🔥6👏4💯1
⚡️ "Каспий құбырына тәуелділіктен құтылу керек". АҚШ-тың жаңа елшісі Астанаға нақты миссиямен келе жатыр...

Әмірика Қазақстандағы ықпалын күшейту үшін әккі дипломат Жули Стафтты елші ретінде жібермек. Стафттың көздегені Ақорданы Мәскеу мен Бейжіңнің орбитасынан алыстатып, жаңа экономикалық және стратегиялық әріптестіктің жолын ашу деп хабарлайды Ertenmedia.

Жули ханымның АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі лауазымына ұсынылуы Орта Азиядағы ойын ережесін өзгертуі мүмкін. АҚШ Сенатында өткен тыңдауда Стафт Қазақстандағы басты миссиясына егжей-тегжейлі тоқталыпты (видеосы).

Дипломат Ресей мен Қытайдың ықпалына қарсы тұруды, Қазақстанға инвестиция тартуды және мұнай экспортында Мәскеуді айналып өтетін тың маршруттарды дамытуды көздеп отыр.

"Әмірика үшін Қазақстанның тұрақты, тәуелсіз әрі экономикалық тұрғыдан қуатты болғаны керек", – депті ол.


🗽АҚШ-тың соңғы 30 жылда еліміздегі түрлі салаға миллиардтаған доллар инвестиция салғанын еске салған Стафт Уашингтон мен Астана әріптестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайын екенін атап өткен.

Жули Қазақстанның әлемдік уран нарығындағы көшбасшы екенін, ірі мұнай экспорттаушы әрі стратегиялық минерал қорының иесі екенін ескеріп, әлгі ресурстар АҚШ үшін аса құнды екенін шегелеп өтіпті.

Елші болған жағдайда Стафт энергетикаға, жаңа технология мен инфрақұрылымға инвестиция тарту, қорғаныс саласындағы әріптестікті кеңейту, сондай-ақ экспорт бағыттарын әртараптандыруға қолдау көрсетпек.

Соңғы пункт Ақорда үшін ерекше маңызды, себебі экспортқа шығатын мұнайдың 80 пайызы Кремль бақылайтын КТК арқылы өтеді. Мәскеу оны кез келген уақытта саяси мақсатқа пайдаланып, бітеп тастауы мүмкін.


"Уашингтон Қазақстанды қатардағы әріптес емес, аймақтағы арқасүйер тірек деп санайды", – дейді ол.

Әмірикалық дипломаттың айтуынша, Қазақстанның Каспий құбыр консорциумына тәуелділігі үлкен сын-қатер. Осыған байланысты АҚШ бізге балама жолдарды іздеуге жәрдемдеспек. Бұл Әзербайжан, Түркия, Иран және Қытай арқылы өтетін маршруттардың дамуын жеделдетіп, теміржол мен порт инфрақұрылымына инвестиция салуға түрткі болмақ.

Экспорттың әртараптануы Ақордаға Кремль тарапынан төнетін провакацияға төтеп беруге мүмкіндік береді.

Стафт біздегі уран, литий секілді сирек кездесетін маңызды минералдарға ерекше екпін беріп отыр. Әмірика бұл сегментте Ресей мен Қытайдың рөлін төмендетіп, Қазақстанды өз жеткізу тізбегіне қосуға мүдделі.

Дипломат тек экономикалық ынтымақтастықты ғана емес, қорғаныс және әскери әріптестікті де назарға алған. Осы бағытта 🦅 НАТО-ның оқу-жаттығуына қатысу, қауіпсіздік саласындағы жаңа бағдарлама және С5+1 форматындағы (АҚШ пен Орта Азия елдері) байланыс күшеюі мүмкін. Оның айтуынша, мұндай жағдайда Астана Ақ үйге арқа сүйеп, іргедегі көршілермен тең дәрежеде сөйлесе алады.

Солай бола тұра Ақорда Стафттың мәлімдемесіне еліп ете қалмасы анық. Тоқаев үшін Уашингтон, Мәскеу мен Бейжің арасында дипломатиялық тепе-теңдікті сақтау маңызды. Не де болса, уақыт көрсетеді.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍93👏45❤17🔥3🙏2💯2
⚡️ Экспаттарға ерекше жағдай жасаған Назарбаев мектептері Смайыловтың сынына ұшырады...

Назарбаев мектептерінде жұмыс істейтін шетелдік мұғалімдердің жалақысы жергілікті ұстаздардан 5 есе көп болып шықты.

Аталған жайт Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.

2024 жылғы бюджеттің орындалуын қадағалау барысында Смайыловтың "сарбаздары" жергілікті және шетелдік мұғалімдердің жалақысы арасындағы жер мен көктей айырмашылықты анықтаған.

Былтыр қазақ ұстаздардың орташа жалақысы 508,1 мың теңге (шамамен 934 доллар) болса, шетелден келген мұғалімдердің орташа табысы 2 млн 281 мың теңгені (шамамен 4195 доллар) құраған.


Аудит барысында шетелдік мамандардың жалақысынан бөлек, олардың баспана шығыны мен әуе билетіне дейін мектеп есебінен төленетіні белгілі болды.

Шетелдік мұғалімдер білім сапасын жақсартуға нақты қандай үлес қосқаны әзірге белгісіз. Соған қарамастан, соңғы бес жылда НИШ шетелден келген 643 ұстазға 31,2 миллион доллардан астам қаржы жұмсаған.

Тексеру кезінде кадр қабылдауда да көптеген олқылық анықталыпты.

Мәселен, 254 мұғалім ешқандай конкурссыз, тікелей қабылданған. Салдарынан жұмысқа қабылданған ұстаздардың 20,4 пайызы тиісті біліктілік талабына сәй келмейтіні белгілі болған.


Ақылы бөлімге оқушы қабылдау ісінде де заңбұзушылық жетіп артылады екен. Мектеп басшылығы оқуға қабылдау конкурсын формалды түрде өткізген. Нәтижесінде, ақылы бөлімде білім алатын оқушылардың үлгерімі грантпен түскендерден айтарлықтай төмен екен болып шыққан.

Сонымен қатар, ата-аналарға қаржылық қолдау көрсету мақсатында мемлекет бюджетінен 162 миллион теңге (шамамен 298 мың доллар) бөлінген. Алайда соған қарамастан, НИШ оқу ақысын төмендетпеген.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤86👍49👏5🔥3💯2
⚡️Мәсімовтің үйіндегі төрт кісілік төсектің құпиясы...

Қазақстан билігі КНБ-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі Астанадағы зәулім вилланы әлі күнге дейін сата алмай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia Bloomberg-ке сілтеп.

Басылым журналистері Кәрім Қажымқанұлының зәулім үйі не себепті өтпей тұрғанын зерттеген екен. Жалпы ауданы 2878 шаршы метрлік вилланың бағасы бастапқы құнынан 40 пайызға төмендеген.

Соған қарамастан, үйге "құда түсушілер" жоқтың қасы. Басылымның дерегінше, аталған виллада диско-бар, джәкузи, бәссейн, жеке театр және 30 бөлме бар.


Бір қызығы, жатын бөлмелердің біріндегі төсектің өзі бірден төрт адамға арналған екен.

"Үйдің бағасы бастапқыдан 3 миллион долларға арзандаса да, саудасы жүрмей тұр. Биыл мамыр айында үшінші рет өтпей қалды. Активтерді басқару компаниясы зәулім үйден тезірек арылудың амалын іздеуде", – деп жазады Bloomberg.

Басылымның пайымдауынша, қалталы қауым Қаңтармен байланысты аурасы ауыр үйді алуға құлықсыз.

"Коттеджі сатып алған адам бірден көптің назарына ілігеді. Оның үстіне, қазіргі жағдайда мұндай соманы жылжымайтын мүлікке салу да тиімді емес. Астананың тұрғын үй нарығы тұралап тұр, инвестициялық тартымдылығы төмендеген. Қымбат үйлерге деген сұраныс бұрынғыдай емес", – дейді Bloomberg.

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Мәсімов отанға опасыздық жасады деп 18 жылға сотталған. Оның үйін тінту кезінде 17,2 млн доллар қолма-қол ақша, алтын-күмістер, қымбат сағаттар және жапондық катанаға дейінгі суық қару түрлері тәркіленген. Тәркіленген мүліктің қатарында осы вилла да бар.


Әңгіме тек бағада емес. Сарапшылардың айтуынша, үйді сатып алатын кез келген адам "мұрттының" таныстарының назарын аударуы немесе арнайы қызметтің бақылауына ілігуі ғажап емес.

"Ақыр соңында, билік мұндай мүлікті әкімшілік ғимарат немесе балабақша ретінде пайдалануды ұйғаруы мүмкін», – деп болжам жасайды Bloomberg.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍107❤32🤔7🔥4👏2
⚡️Қашағандағы күкірт компроматы...

Қазақстан билігі мен шетелдік инвесторлар арасындағы дау күтпеген сценариймен аяқталды.

Сот NCOC консорциумын айыппұлдан арашалап қалыпты...

Толығырақ: https://ertenmedia.kz/qashaghan-dawynyng-kwlminaciyasy-sot-ncoc-konsorciwmyn-ajyppuldan-arashalap-qaldy/
2😱32👍5❤4👎3😢2🤔1
⚡️ Қазақ шенділерінің ұртын майлаған Rolls-Royce: АҚШ билігі британдық компанияны қалай жазалады?..

Уашингтонға арнайы барған қазақстандық делегация АҚШ-тың жемқорлықпен күрестегі құпия тәсілдерімен танысып, таңдай қағып қайтты деп жазады Ertenmedia.

Біздің шенділерге әлемге әйгілі адвокат Стивен Кон дәріс оқып, коррупцияны әшкерелеуде информаторларды ынталандыру жүйесі өте-мөте маңызды екенін түсіндіріп берген екен.

Конның айтуынша, бұларсыз парақорларды анықтау мүмкін емес. 🗽 АҚШ-та 40 жыл бұрын іске қосылған "жасырын куәгерлер" жүйесі жемқорлықпен күресте аса тиімді механизмге айналған.

Әмірика заңы бойынша жемқорлық дерегін хабарлаған куәгерге өте ірі көлемде сыйақы беріледі екен. Құпия куәгердің аты-жөні де толық қорғалады. Ақша мемлекет емес, жемқорлықпен ұсталған компанияға салынған айыппұлдың есебінен өтеледі.

Қазақстан делегаттары осы детальға ерекше назар аударыпты. Кон осы тарапта АҚШ тәжірибесіндегі бірнеше қызықты оқиғаны мысалға келтірген.

Айталық, жемқорлық фактісі туралы хабарлаған жансыздарға сот процесінен кейін 40 миллион, тіпті кей жағдайда 90 миллион долларға дейін сыйақы төленген.


Уашингтон жемқорлықпен күресте жер таңдамайды. "Шетелдік жемқорлыққа қарсы күрес" (FCPA) дейтін қуатты заң әлемнің кез келген ірі компаниясына қарсы қолданылады.

Соған сәйкес әмірикалық инвестор шет елдегі кез-келген ірі компанияға қаржы құйған болса, ол автоматты түрде әмерикалық құқық қорғау органдарының орбитасына өтеді. Компанияның қай елде орналасқаны маңызды емес, жемқорлыққа барғаны расталса, Әмірикада сотталып, миллиардтаған доллар айыппұл арқалайды.

Бұған дәлел, 2009–2012 жылдары ірі келісімшартты жеңіп алу үшін "ескі Қазақстанға" 5,4 млн доллар пара берген әйгілі Rolls-Royce компаниясы әлгі әрекеті үшін миллиард долларға жуық айыппұл төлеген.


Әлемдік криптобиржа Binance та осыған ұқсас тәсілмен құрыққа ілініп, АҚШ тарапы компанияға 5 млрд доллар айыппұл салған. Екі істі де жасырын информатор әшкерелеген.

Конның пікірінше, АҚШ заңдары жемқор шенеуніктерді ғана емес, олардың ұртын майлайтын компанияларды жазалауға бағытталған. Жүйенің ұтымды тұсы да осы.

"Информаторға берілетін сыйақы парамен ұсталған компаниядан өндірілген айыппұлдан төленеді, мемлекеттік бюджетке бір тиын салмақ түспейді. Коррупциямен күресте ескі сүрлеумен жүре бермей, осы тәсілді де сынап көрген жөн", – дейді Стивен ақсақал.

Әміриканың жемқорлыққа қарсы методикасы енді Қазақстанда да сыналуы әбден мүмкін.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍92👏27❤25🔥3
⚡️ Құлыбаев иемденіп алған жер телімдері бірінен соң бірі мемлекет меншігіне қайтуда...

Ресейлік "СИБУР" мен Тимур Құлыбаевқа қарасты Almex Petrochemical бірлесіп иелік ететін "Атырау Мұнайхим" компаниясы құны 1,6 млрд теңге тұратын жер учаскесін мемлекетке қайтарып берді деп жазады Ertenmedia.

106 гектар аумақ "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркіне" тиесілі болғанымен, ұзақ уақыт бойы игерілмеген күйі иен жатқан.


Ақыры міндеттемесін орындамаған "Атырау Мұнайхим" арнайы экономикалық аймақтың қатарынан шығарылып, сенімгерлік келісім бұзылды.

Прокурорлардың айтуынша, тексеріс барысында жалпы аумағы 31,4 мың гектарды алып жатқан тағы 16 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Олардың нарықтағы бағасы 200 млн теңгеге жетіп жығылады.

Ал "Атырау Мұнайхимнің" екі қожайыны бар.

Бірі ілгерідегі "СИБУР", екіншісі Almex Petrochemical. Almex-тың иесі Joint Technologies компаниясы, оның тізгіні атышулы "Кипрос" ЖШС-ның қолында. Дәл осы "Кипросты" Құлыбаев бақылайды.

Тимурдың уысынан сусып шыққан жер телімі жалғыз бұл емес. "Кипрос" әлгінде ғана Атыраудағы тағы бір құйқалы учаскіден айырылды деп естідік.


Аймақ прокуратурасының дерегінше құны 250 млн теңге, аумағы 3,46 гектар учаскі кезінде пирс тұрғызуға берілген екен. Күйеубаланың компаниясы жерді игерместен босқа ұстап келген.

"Тимур мен оның командасының өрісі одан сайын тарыла түседі" дейді жағдайдан хабардар қауым.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍97👏29❤13🔥2
⚡️ Маңғыстау туризмі: АҚШ-тың ішкі саяхат феномені қазақ даласына келе жатыр...

Үкімет Маңғыстау туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын бекітті деп хабарлайды Ertenmedia.

Президент Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған бастама алдағы бес жылды қамтиды. Жоспарға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.

Құжат бойынша, 2025–2029 жылдары өңірде жүзден астам іс-шара атқарылады.

Туризмнің түйткілін тарқататын 9 бағыт айқындалған: инфрақұрылым, логистика, цифрландыру, қауіпсіздік мәселелері, кадр даярлау және инвестор тарту соның негізгілері.


Үкіметтің хабарлауынша, өңірдегі туризмнің тынысын ашатын негізгі нысан Кендірлі аймағы болмақ. Мұнда инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, туристік орындарға электр қуаты мен су жеткізіледі. Жол қатынасы реттеледі.

Бұған қоса, Кендірлі ауылында инвесторлар мен эко-белсенділердің ұсынысымен әуежай салынбақшы.

Ақтауда халықаралық деңгейдегі теңіз вокзалы мен заманауи стадионның құрылысы қолға алынады. Сонымен қатар, өңірде мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіледі. Мұның барлығы туристерді тартуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған қадамдар.

Шағын және орта кәсіпке серпін беру мақсатында «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының желісімен жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылады.

Үкімет есебінше, 2029 жылға қарай өңірге келетін ішкі турист саны 430 мыңнан 520 мыңға, ал сырттан келетін саяхатшылар 89 мыңнан 143 мыңға жетеді.


Туризм саласында еңбек ететіндердің қатары мың адамға көбейіп, 2,7 мыңға жетпек. Өңір экономикасындағы туризмнің үлесі 3,6%-ға дейін өсіп, жеке инвестициялар көлемі 198,9 млрд теңгеге ұлғаяды деп күтілуде.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍58👏17❤9🔥3😁2
⚡️Астана Мәскеудің ықпалынан баяу әрі сенімді түрде алыстап барады...

Соңғы үш жылда Қазақстан теріскей көршіге тәуелділікті азайтуға бағытталған бірсыпыра маңызды жүріс жасады деп жазады Ertenmedia.

Астана Мәскеумен арадағы байланысты ушықтырмай-ақ, Кремльден іргесін аулақ салуда. Осы аралықта Бейжің, Анкара, Уашингтон және Еуроодақпен қарым-қатынас күшейіп, сыртқы саясатта альтернатива көбейе бастады.

Маңызды бір жайтты атап өту керек, біздің ел Мәскеумен арадағы байланысты өздігінен әлсіреткен жоқ. Еуразиялық одақ пен ОДКБ аясындағы міндетін адал орындап отыр. Көршінің қыршаңқы мінезі мен санкциялық қысым күшейген сайын Тоқаевтың төңірегі сақтық амалын ойластыруда.


Экономикадағы негізгі өзгерістің бірі мұнай тасымалы.

2022 жылдан Ақтау – Баку – Тбилиси – Жейхан бағыты (Транскаспий дәлізі) басты приоритетке айналды. Екі жыл бұрын осы бағытпен 1,3 млн тонна мұнай тасымалданса, биыл мұны 2 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Ақтау портына ақша құйылып, Бакумен арадағы интеграция жандануда үстінде. Бұрын басты маршрут болған КТК бірнеше рет "бітеліп" қалғандықтан, сенімді деп саналмай отыр.

Ақорда Ашқабадпен де балама бағыт ашуға талпынуда. Күні кеше Авазада өткен БҰҰ конференциясында 🇰🇿 Тоқаев Түркіменстанның экс-басшысы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовпен жабық есік жағдайында кездесу өткізді.


Бізге жеткен мәлімет бойынша, кездесуде Түркімен аумағы арқылы Иран бағытын да қосып, оңтүстік балама жолдарды ашу мәселесі талқыланған.

Қазақстан Кремльдің бастамаларына бұрынғыдай бас шұлғи салмайды. 2023 жылы ОДКБ-ның Беларусте өткен жаттығуынан бас тарттық. Еуразиялық одақтың интеграциясын тереңдетуге қатысты ұсыныстар да Сауда министрлігінің тартпасында шаң басып жатыр. Бірлескен медиа алаң құруға үгіттеген Мәскеудің идеясын да кері итеріп тастадық.

🏛 Кадр саясатында да өзгеріс бар. Ресей ықпалы басым институттармен тығыз байланыстағы адамдардың орнына Батыс елдері, Түркия және Қытаймен жұмыс істеген мамандар келуде.

Соғысқа қатысты Қазақстанның позициясы әуелден анық. Ел аумағын санкцияны айналып өту үшін пайдалануға рұқсат жоқ екені ресми түрде айтылған. Есесіне Түркия, Израиль және Оңтүстік Корея секілді елдермен әскери ынтымақтастық кеңею үстінде.

Ішкі саясатта қазақыландыру үрдісі күшейіп келеді. Мем. мекемелердегі іс-қағаз, жарнама, сандық қызмет қазақ тіліне басымдық беріп жатыр. Орыс тіліне ресми шектеу қойылған жоқ, алайда мемлекеттік деңгейде біртіндеп қазақшаға ауысу үрдісі айқын байқалады.

Сыртқы саясатта Бейжіңмен логистикалық интеграция күшейіп, «Бір белдеу бір жол» жобасына жан біте бастады. 🇹🇷 Ердоғанмен «Орта дәлізді» дамытуға басымдық берілуде. Еуропамен сирек металдар бойынша контрәктілер бекітіліп жатыр. Елімізге елші болып келеді деген әккі дипломат Жули Стаффт Уашингтонның Қазақстанға балама тасымал жолдарын табуға көмектесетінін ашық айтты.

Әлбетте, Мәскеу мұның бәрін көріп-біліп отыр. Тоқаевтың екпінін тежеу үшін түнеукүні Новороссийск портындағы қазақ мұнайына тосқауыл қойып, жаңа талапты алға тартты. Кремльдің логистикалық блокадасы Ақордаға одан сайын ой салуда.

Былтырдан бері ресейшіл медиада бізге қарсы ақпараттық шабуыл жиілеп кетті. "Одақтастың опасыздығы", "Батыспен ауыз жаласу" секілді айыптау көбейіп, ішкі ахуалға ықпал ету әрекеті байқалады. Тоқаев бұған қандай да бір антиресейлік риторикасыз, құқықтық жолмен тойтарыс беруде.

Тоқ етерін айтқанда, Ақорда теріскейден төнетін қауіп пен қысымды бәсеңдету үшін жүйелі жұмыс жүргізуде.


Сыртқы саясаттағы көпвекторлықтан бөлек, ішкі саясатты тәуелсіздендіру процесі жүрдек жүріп жатыр. Астана Кремльмен қабақ шытыспай-ақ, Мәскеудің орбитасынан баяу әрі сенімді түрде алыстап барады.

Бұл жайлы тағы бір тың материал дайын тұр. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏98❤31🔥8👍7🤔3🙏1
⚡️ Берденовке мылтық кезенуге қызғаныш себеп болды. Ернар Жиембай сотта сөйлей бастады...

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот ісі басталды. Айыпталушы Ернар Жиембай шенеунікке мылтық кезеніп, оқ атуының себебін егжей-тегжейлі баяндап берді деп жазады Ertenmedia.

Жиембай оқиғаның жұмысқа түк қатысы жоғын, бәрі де жеке бастың мәселесінен, нақтырақ айтқанда қызғаныштан туындағанын мәлімдеп отыр.


"Қоғам мұның ақ-қарасын білгені дұрыс. Мұны ел естісе екен деймін. Оқиғаның астарында қызметке қатысты ешқандай дау жоқ, бәріне қызғаныш түрткі болды", – деп мәлімдеді ол сотта.

Жиембай осы оқиғаға қатысты әлемжеліде тарап жатқан әртүрлі алып-қашпа әңгімені толықтай жоққа шығарып, отбасылық жағдайын ашып айтты.

"Жұбайыммен алтыншы сыныптан бірге өстік. Ол өнегелі, тәрбиелі әулеттен шыққан адам, әлемжеліде жазылғандай жеңіл жүріске жақын емес. Өз басым ешқашан бөтен еркектермен сөйлескенін көрмеппін", – деді айыпталушы.

Айтуынша, үйдің тұңғышы аутизм диагнозымен дүниеге келген. Осы себептен әйелі дәл сондай диагнозы бар бала тәрбиелеп отырған көрші жанұямен тығыз араласқан екен. Әлгі отбасы Руслан Берденовтің туыстары болып шыққан.


"Әйелім осы отбасымен жақын араласып, балаларды дамыту орталығына бірге апаратын еді. Кейде дастарқан басында да кездесіп жүрді. Осындай басқосуларға Руслан Берденов те жиі келетін. Тіпті сол отырыстарда олар "қара касса" деген ойын ойнаған", – дейді ол.

Жиембайдың айтуынша, күндердің күні жұбайының телефонына Руслан Берденовтен "сен сұлусың" деген хабарлама келген.

"Бұдан бөлек суретіне де лүпіл басқан екен. Әуел баста бұған аса мән бермедім. Мұндай мақтауды қарындастарыма өзім де жиі айтатын едім. Бірақ кейін бір жағдай мені ойландырып тастады...", – деді ол сотта.


Айыпталушының сөзіне қарағанда, оқиғадан бір күн бұрын Берденовтің қабылдауына баратын болып, әйелінен кәстүм-шалбарын дайындап қоюды өтінген. Үйіне оралғанда жұбайы киімін дайындап үлгермегенін, оның үстіне көйлегінің жеңін үтікпен күйдіріп алғанын байқайды.

"Кездесуге кешігіп жатқан едім. Осы сәтте әйелім аяқ астынан Берденовтің қалай киінетінін, оның құны 5 миллион теңгеден асатын кәстүмдерді ұнататынын егжей-тегжейлі айта бастады. Келіншегімнің өзі сөзі менің ашуымды келтіріп, оған (Берденовке) мылтық кезенуге себеп болған шығар деп ойлаймын", – деді Жиембай.

Сот процесі мемтілде өтіп жатыр. Ertenmedia сот процесінен жедел хабар таратып отырады. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍74😱24❤14🤡7🔥3💯2😁1🤔1
⚡️ "Берденов сені о дүниеден алып шығады". Ернар Жиембай сотта тосын мәлімдеме жасады...

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасамақ болды деген айыппен сот алдында отырған Ернар Жиембай тағы бір тосын мәлімдеме жасады деп жазады Ertenmedia.

Жиембайдың айтуынша, оған әлдекімдер шығып, осы оқиғаға жоғары лауазымды шендінің қатысы бар деген жалған айғақ беруін өтінген.

"Ең қызығы, менен осы істі біреудің бұйрығымен жасадым деп көрсетуді сұрады. Әкім өзінің орынбасарын "тапсырыс" беріп өлтіртпек болды деген жалған нұсқаны айтқызғысы келді. Сөйтіп мені әлдебір киллер ретінде көрсетуге талпынды. Оның өтеуі ретінде түрмеде ұзақ аялдамасымды айтып, "Берденов сені о дүниеден де алып шығады" деді", – деген Жиембай ойын аяқтап үлгермеді.


Айыпталушының сөзін жол ортадан киліккен прокурор бөліп жіберді.

"Құрметті төраға, Жиембай іске қатысы жоқ қай-жайдағы нәрсені қаузап кетті. Егер басқа уәжі жоқ болса, сұрақ-жауап бөліміне көшуді сұраймын", – деп өтініш айтты прокурор сот төрағасына.

Ertenmedia сот процесінен жедел хабар таратып отырады. Бізге тіркеліп алыңыз 👇

📱 Erteńmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱75👍36❤11🔥2😁1🤔1💯1